Студопедия — Дәріс №3. Тақырып: Физиканы оқытудың ауызша баяндау және проблемалық әдістері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс №3. Тақырып: Физиканы оқытудың ауызша баяндау және проблемалық әдістері.






Дәріс мазмұны:

Физика пәнінен оқытудың ауызша баяндау әдісі немесе сөздік әдіс деп мұғалімнің білімді окушыларға сөз арқылы физикалық құбылыстарды демонстрациялап көрсетіп, графиктерді тұрғызып және талдап, кестелер арқылы жұмыс істеп, есептер шыгарып және оны талдай отырып немесе көрнекі кұралдарды көрсете отырып жеткізуі.

Сөздік әдістер мұғалімнің материалды баяндап беpyi (дәріс, әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу), оқушыларды кітаппен (оқулықтар мен оқу құралдары, аныктама және баска әдебиеттер) жұмыс iстеуге үйретеді.

I.Әңгімелесу – мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық, тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушылардың жаңа білімдерді түсінуге алып келетін оқыту әдісі.

Материалды әңгімелесу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибе жасап көрсетіп нсмесе мектеп окушылары орындайтындай тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Оқып үйретілетін материал бойынша қойылатын сұрактар оқушыларды талдау жасауға ынталандыратындай, дәлелдеуші, ізденуді және өз бетімен қорытынды жасай алатындай, сұрақтардың тұжырымдамасы қойылуы жағынан нақты, мағынасы жағынан айқын, әpi қысқа болуы керск.

7-9 сыныптарда физиканы окытуда қолданылатын әңгімелесу әдісі-жаңа материалды оқып үйренудің және оқушылар білімдерінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің 6ipi. Оны мынадай жағдайларда колданады:

1) физикалық заңдарды демонстрациялық экспериментпен және жеке оқушылардың фронтальдық эксперименттерімен ұштастыра оқып үйренген кезде.

2) физикалық, құбылыстардың мәнін ашып -айқындау кезінде (тәжірибелермен ұштастыра);

3) физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында (тәжірибелерді демонстрациялау мен көрнекі құралдарды пайдаланумен ұштастыра);

4) жаңа материалды оқып үйрену процесінде оқушыларды белсендіру үшін бұрын өтілген материалды кайталау кезінде;

5) алға қойылған проблеманы шешу жолдарын анықтау кезінде;

6) сол сабақта оқып - үйренген материалдың меңгеру сапасын тексеру кезінде;

Көрсетілген жағдайда әңгімелесу әдісі - негізі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда, оқушыларда оқып үйренетін мәселеге деген ынта - ыкыласын тудыруға, олардың ойлауың күшейтуге жақсы мүмкіндік тудырады.

Әңгіме - бұл мұғалімнің материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, диалогпен үзбектемей, баяндап бepyi, оның қолданылатын мақсаты мынандай:

1)оқушыларды өнер-табыстардың және физикалық зандарды ашудың тарихымен аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардыц өмірбаянын айтқанда;

2)ғылым мен техниканың жетістіктерімен және даму болашағымен таныстырған кезде;

3)оқып үйренетін физикалық құбылыстармен заңдардың, құралдар мен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылуын окып үйренгенде;

5)табиғат пен техникалық қондырғыларда бақыланатын құбылыстарды сипаттағанда.

Әңгіме айқын, логикалық жағынан дәйекті, бейнелі, эмоциялы болуға тиіс. Баяндаудың дәйектілігі мен айқындылығы ұқыпты ойластырған жоспар немесе конспект арқылы қамтамасыз етіледі, ал бейнелік пен эмоцияның елеулі дәрежеде мұғалімнің эрудициясына, оның сөз мәні мен сөйлеу өнерін қалай меңгергеніне байланысты, әңгіме барлық сыныптарда қолданылады.

III. Түсіндіру –бұл мұғалімнің курстың күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беруі.

Түсіндіруге пайымдау, ой қорыту, дәлелдеу сияқты белгілер тән. Бұл әдісті дәлелдеу, түсіндіру, негіздеу қажет болғанда пайдаланады.

Физиканы оқытуда түсіндіру әдісін төмендегідей оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:

1) физикалық құрал-жабдықтар мен машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін оқып үйренген кезде;

2) физикалық құбылыстардың мәнін неғұрлым жалпы физикалық теориялар негізінде ашқан кезде;

3) денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық – молекулалық құрылысы туралы түсініктер мен электрондық теориялар негізінде ашқан кезде;

4) физикалық құбылыстар мен заңдарға негізделген технологиялық процесстердің мәнін оқып үйренген кезде;

5) физикалық теорияның мазмұнын айтып берген кезде;

Түсіндіруді көрнекілік құралдарын қолданумен қоса қабат жүргізілген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді.

Түсіндіру көбінесе әңгімелесу әдісімен ұштастырылып отырады. Мұғалім оқушыларға өз пікірлерін айтып, өзінше түсінік беруді ұсынады. Ол оқушылардың зейінін аударып, ойлау барысында түсіндірілетін нәрсені қалай ұғатынын тексеру үшін оларға сұрақтар қояды.

IV. Дәріс. Дәріс әңгіме және түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Дәріс әдісін негізінен жоғарғы сыныптарға қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғары дәрежелерде дамыған абстрактілі ойлауды, барысында негізгі идеяларды, қорытындыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларда жазып отыру шеберлігін талап етеді.

Физика пәнінен 11 сыныптың соңғы тоқсанында «Әлемнің қазіргі замандағы бейнесі» және «Физика және ғылыми – техникалық прогресс» атты тақырыптарға дәріс оқуға болады. Мұқият дайындалып, демонстрациялық тәжірибелері жақсылап таңдалған, іскерлікпен өткізілген дәріс оқушыларға көптеген заңдар мен идеяларды, тұжырымдарды жаздырумен айналысқан мұғалім, оқу үрдісіне зиянын тигізеді. Себебі ұзақ уақыт бойы айтып жаздырту оқушыларды жалықтырып жібереді, әрі сабақты қызықсыз етеді, әрі анықтамалар мен тұжырымдамалар оқулықта бар.

Физиканы оқыту барысында барлық сөздік әдістер физикалық экспериментпен бірге қолданылатындықтан, мұғалім әрі дәріс оқушы, әрі демонстрация жасаушы болғандықтан, оның іс-әрекетіне бірнеше талаптар қойылады. Демонстрация жасап көрсету кезінде мұғалімнің әңгіме айтуы, тәжірибенің өту шапшаңдары сәйкес келуі керек. Мұғалім өз әңгімесін үзбей, тәжірибенің тиімді әсері, мұғалімнің көтеріңкі көңіл-күймен баяндауына сәйкес келуі тиіс. Мұғалім әртүрлі қосалқы сөздерді қоспай, анық және нақты сөйлесуі керек.

Тақтаға жазу және сурет салу мұғалімнің оқу материалын баяндауына қосымша жүреді. Ол оқушылардың сабақтың мазмұнындағы басты нәрсеге зейін аударуға, сондай – ақ саралау мен түсінуге, материалды ұғуға және бекітуге көмектеседі.

Мұғалімнің тақтадағы дұрыс және ұқыпты жазылған жазуы және суреті, оған сабаққа өтілетін үлкен материалды бөліп түсіндіруге және одан негізгісін бөліп алуға, көрнекі және анық баяндауға көмегін тигізеді. Сонымен сабақта кесте, схема, плакат, эпи – және диапроектрлерді қолдану, тақтаға жазу және сурет салу қажеттігін болғызбай тастамайды.

Тақтаға не жазу керек? Сабақтың түрі және мазмұнына байланысты негізінен мыналар жатады:

- сабақтың тақырыбы және жоспары;

- сурет, схема, графиктер;

- формулалар және олардың қорытулары;

- сыныпта жасалатын тәжірибелердің сандық нәтижелері;

- есептер шығару;

- физика және техниканың тарихынан қысқаша мәліметтер;

- жаңа терминдер және олардың қысқаша сипаттамалары;

- фронталь зертханалық жұмыстардың жоспары;

- үйге берілген тапсырмалар жазылуы керек.

Мұғалімнің тақтаға, ал оқушылардың дәптерлеріне жазылған жазулардың көлемі және жазу шапшаңдығы жоғары сыныпқа көшуге байланысты артып отырады. 9-11 сыныптарда алдымен мұғалімнің айтуымен, кейіннен өздігінен оқушылар сабақта анықтамаларды және қорытындыларды дәптерлеріне жазып отыруы керек. Осылайша маңызды оқыту тәсілі – конспект жазудан басталады, сондай-ақ дәптердегі жазу оқулықты алмастыра алмайды.

Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім тақтаға сызылатын жазу және суреттерді қалай орналастыратынын ойластырып қояды. Тақтаға жазуды үлкен әріптермен жазудың қажеті жоқ, олардың биіктігі 3-5 см, ал жолдардың арасындағы интервалдың арасы 4-6 см болса жеткілікті. Негізгі формулапларды астын сызып немесе рамаға алып коюға болады.

Соңғы жылдары проблемалық оқыту әдісін қолданып білім беру іске асуда. Себебі оқушыларды өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істетіп, білім беру үрдісі, саралып оқыту технологиясына байланысты көптеп қолданылады. Мұнда білім беру оқушылардың логикалық ойлауы және іздену іс- әрекеттерінің заңдылықтарына байланысты құрылады. Проблемалық оқыту әдісі дамыта оқыту бағытына сәйкес, оқушылардың шығармашылық және өздігінен танып білу қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Проблемалық оқыту – жалпы оқыту атаулы сияқты екі жақты үрдіс. Ол бір жағынан проблемалық сабақ беруді(мұғалімнің қызмет аймағы), екінші жағынан проблемалық оқуды (оқушылардың қызмет аймағы) қамтиды.

Проблемалық сабақ беру (оқыту) – бұл мұғалімнің оқу проблемаларын алға қою және проблемалық жағдай жасау, оқушылардың оқу проблемаларын шешудегі оқу қызметін басқару жөніндегі қызметі.

Проблемалық оқу – бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде ұйымдастрылған қызметі, бұл қызмет барысында оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемаларлың шешімін табуға қатысады.

Проблемалық оқытуды ұйымдаструдың мектеп оқушыларының ойлауын дамыту үшін зор маңызы бар, өйткені проблемалық жағдай ойлаудан басталады.

Проблемалық жағдайды – оқушылардың өтілетін материалдарға байланысты таңдандыру, болжау, дауласу, сәйкессіздік, анықтамағандық, қарама –қайшылық жағдайлары арқылы қоюға болады.

Таңдандыру – құбылыстар мен фактілерді келтіре отырып, күнделікті көріп жүргеннен өзгеше проблемалы мәселеге қатысты ой туғызу арқылы оқушыны таңдандыру. Мысалы, сәуленің сынуы, жылы бөлмедегі судың қатуы, суыту арқылы судың қайнауы және т.б.

Болжау – оқушыға өтілетін материалға байланысты әртүрлі болжамдар келтіре отырып, оларды өздігінен ізденуге үйрету. Мысалы, электрмагниттік индукция құбылысы өтер алдында Эрстед тәжірибесін көрсетіп, электр тогының айналасында магнит өрісі болатынын дәлелдеп, енді керісінше магнит өрісін электр тогына айналдыруға бола ма? – деген болжам арқылы электрмагниттік индукция құбылысын түсіндіруге болады.

Дауласу және пікір таластыру – оқушыларға қандай да бір идеяның дұрыс емес екендігін дәлелдеуді ұсыну. Мысалы, мәңгі қозғалтқыштардың ұсынылған жобаларының дұрыс емес екенін дәлелдеуді ұсыну.

Сәйкессіздік – оқушылардың күнделікті өмірден көріп – білген фактілерін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге сәйкес келмеуі. Мысалы, денелердің еркін түсуіндіргенде, барлық денелердің бірдей үдеумен түспеуін(тек вакуумда ғана орындалады) алуға болады.

Анықталмағандық;– оқушыларға тапсырма бергенде тек бір ғана шешуі емес, бірнеше шешімі болатын, орындау кезінде қосымша іс –әрекеттерді, шамаларды өздері табатындай тапсырмалар ұсыну. Мысалы, геометриялық оптикада жарықтың шағылу құбылысын өткен кезде “Cyретті 6ip жағы ақшылданған әйнекпен жапсақ сурет көpiне ме?” Бұл жағдайда әйнектің ақшылданған кедір-бұдыр жағымен бе, әлде тегіс жағы мен жабылатыны айтылмайды. Оқушылар тәжірибе жасау кезінде оны өздері табады, әpi неге олай болатынын талдау арқылы жарықтың толық шағылу құбылысымен танысады.

Қарама-қайшылық — жағдайы физикалық теорияны және негізгі тәжірибелерді окытуда кеңінен қолданылады. Физиканың даму тарихында физикалық теориялардың пайда болу кезінде қарама-қайшылық жағдайы қайталанып отырады. Мысалы, электрдинамиканың заңдарына Майкельсонның тәжірибесінің сәйкес келмеуі.

Проблемалық оқытуды жүзеге асыру үшін төмендегі шарттар қажет:

1)оқу материалдарында оқушылар үшін проблемалар бола алатын есептердің, мәселелердің, тапсырмалардың болуы;

2) мұғалімнің проблемалық жағдай жасай білу шеберлігi;

3) оқушылардың бойында проблемаларды ашу мен тұжырымдау және оны шешудің тәсілдерін өздігінен табу шеберліктері мен дағдыларын біртіндеп жоспарлы дамыту;

4 мұғалімнің оқу материалындағы проблемалық мәселелерді ажыратуға бағытталған сабаққа әзірленуінің арнайы жүйесі болуы керек.

Оқу материалын бұлайша даярлау үшін мұғалім оны әртүрлі көзқарас тұрғысынан: ғылыми (негізгіұғымдарды бас-басына ажырату, олардың өзара байланыстары), психологаялық (көтерілген проблемаларға сынып пен жекелеген оқушылардың қалай қарайтынын алдын-ала болжай білу), логикалық (мәселелерді, міндеттерді, тапсырмаларды, оларды үйлестіру жүйесін белгілеудің дәйектілігі), дидактикалық (проблемалық жағдай жасаудың қажетті әдістерін таңдау) талдап шығаруы тиіс.

Mұғалімнің проблемалық жағдай жасау жағдайындағы оқушының әрекеттi төмендегідей логикалық дәйектілікпен жүргізіледі

1) проблемалық жағдайды талдау;

2) проблеманың қойылуы немесе мұғалімнің тұжырымдауын түсінyi және қабылдауы;

3) проблеманы шешу, ұйғарымдар жасау, болжамды негіздеу (ұйғарымдардыңішінен проблеманы шешудің ықтимал жолы ретінде біреуіндәлелге сүйеніп таңдап алу), болжамды дәлелдеу (теориялықнемесе эксперименттік), шешімнің дұрыстығын тексеру.

Оқуда танып-білуде проблемалар ұсынудың бірнешітәсілін пайдалануға болады. Олардың кейбіреуінен қарастырып көрелік.

1) Жаңа құбылыстарды оқып-үйренумен бұрынғы түсініктердің (немесе теориялардың) шеңберіне симайтын жаңа эксперименттік фактілерді анықтаумен байланысты проблемалар ұсыну. Мысалы: индукциялық, токтың пайда болуын классикалық электрондық теория тұрғысынан түсіндіру.

2) Оқушыларға бұрын алған білімдері негізінде түсіндіруге болатын құбылысты, оқып-үйрену негізінде тәжірибе көрсету кезінде проблема ұсыну. Мысалы: сұйық түбіндегі қысымды көрсететін құрал, түбі түсетін цилиндр арқылы тәжірибе жасап, талдау.

3) Физикалық шаманы өлшеудіңжаңа әдісініздестіруге байланысты проблеманы ұсыну.Мысалы: суы бар мензурка арқылы ағаш шариктің массасын анықтау.

4) Құбылыстардың немесе құбылысты сипаттайтын шамалардыңарасындағы байланысты анықтауды талапететінпроблемалықсұраққою. Мысалы: өткізгіштің кедергісін амперметр, вольтметр, ток көзі, кілт арқылы немесе микромер, өлшеуіш лента көмегімен қалай табуға болады?

5) Проблемалық сұрақты оқушылардың алған білімдерін практикалық сипаттағы есептерді шығаруға қатыстыру мақсатымен қою. Мысалы: тоңазытқыш болмаса жаздыгүні сүтті салқындатып қою үшін не iстеу керек?







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 3476. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия