Студопедия — Дәріс 6. Тақырыбы: Физикадан оқушылардың алатын білімдері мен дағдыларын тексеру және ұйымдастыру.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 6. Тақырыбы: Физикадан оқушылардың алатын білімдері мен дағдыларын тексеру және ұйымдастыру.






Дәріс мазмұны:

Оқыту процесінде мұғалім жағынан оқушылардың таным-дық іс-әрекетін мақсатты басқару жүзеге асырылады. Оқушылардың үлгерімін тексеруді дұрыс ұйымдастыру олардың жұмыстарына бақылау жасау үшін қажет. Ол оқушылардың ой-өрісінің дамуына, олардың ойлауы мен сөйлеуіне әсер тетеді, олардың білімдерін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздерінің оқу еңбегіне есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке тәрбиелейді.

Физикадан үлгерімді тексеруге – білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексерудегі негізгі талаптарға – тексерудің жүйелілігі және бағаның әділ қойылуы жатады.

Оқушылардың физикадан білімін ауызша және жазбаша, ал іскерліктер мен дағдыларды эксперименттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және лабораториялық жұмыстардың көмегімен тексереді. Оқушылардың білімін тексерудің ең кең тараған түрі – ауызша тексеру. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімді ауызша тексеруді сабақтың барысында, қайталау уақытында және жаңа материалды оқып үйренуге дайындық кезінде, сабақтың соңында өткізуге болады.

Білімді ауызша тексеру тәсілі екі формада: жеке және жаппай өтеді.

1)жеке дара сұрауда оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заңды немесе құрылғының, приборлардың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибелер жасайды.

2)білімді жаппай тексеруді сабақтың кез-келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену процесінде және т.б.

Білімді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстарын, тест тапсырмаларын өткізу жолымен жүзеге асады. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін: 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Бір сағаттық бақылау жұмысын бір тоқсанда бір-екі рет өткізеді.

Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі.

Жеке-дара практикалық тексеруде оқушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, приборлардың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды. Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады.

Физика бойынша оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бағалау Оқушыладың білімі бес балдық жүйемен бағаланады. Бағаларды қою кезінде мұғалім анықталған критерийлерді жекетшілікке алады, оларға білімдердің тереңдігі, көлемі және меңгерген білімді жалпылай алу мен талдай білу, алған білімдерін танымдық және практикалық іскерліктерге қолдана білу жатады.

Білімдерді бағалау кезінде мұғалім физика бойынша жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген білімдерді бағалау нормаларын басшылыққа алады. Бағдарламада бағалау кезінде қолданылатын білімдер мен іскерліктер ажыратылып көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

Физикалық құбылыс жайында:

1.Құбылыстың белгілрі, оның анықтамасы.

2.Оның өту мен байқалу шарттары.

3.Ол құбылысты қазіргі заманғы ғылыми көзқарас тұрғысынан түсіндіріп, дәлелдеу.

4.Оның басқа құбылыстармен байланысы.

5.Құбылыстың практикада ескерілуі.

Физикалық шама жайында:

1.Физикалық шамамен сипатталатын құбылыстың қасиеттері.

2.Бұл шамамен басқа шамалардың арасындағы байланысты көрсететін формула.

3.Физикалық шаманың анықтамасы.

4.Оның өлшеу бірліктері.

5.Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері.

Физикалық заң жайында:

1.Физикалық заң қандай шамалардың арасындағы байланысты тағайындайды.

2.Заңның тұжырымдамасы.

3.Заңды дәлелдейтін тәжірибелер мен эксперименттік факт.

4.Заңды осы заманғы ғылыми теориялар негізінде түсіндіру.

5.Заңды практикада қолданудың (ескерудің) мысалдары.

Нысан жайында:

1. Нысанның жалпы сипаттамасы.

2. Пайда болу шарттары.

3. Нысанның физикалық қасиеттері.

4. Сапалық сипаттамалары.

5. Модель.

6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.

7. Оның мүмкін күйлері.

8. Практикада пайдаланылуы.

Тәжірибе жайында:

1. Тәжірибенің мақсаты.

2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы).

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Тәжірибенің қорытындысы.

Приборлар жайында:

1. Құрылғының қызметі.

2. Құрылғының сызбасы (схемасы).

3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.

4. Қолданылуы.

Бағалауға келесі іскерліктер жатады:

- табиғат пен техниканың құбылыстарын түсіндіру үшін ұғымдарды, заңдарды және теорияларды қолдану;

- оқулықпен өзбетінше жұмыс істеу;

- белгілі заңдар мен формулалар негізінде есептерді шығару;

- физикалық шамалардың анықтамалық кестелерін пайдалану.

Лабораториялық жұмыстарды бағалау кезінде келесі іскерліктер ескеріледі:

- тәжірибені жүргізуді жоспарлау;

- схема бойынша қондырғыны жинау;

- өлшеуіш приборларды қолдану;

- бақылаулар жүргізу, өлшеуіш приборлардың мәліметтерін алу, шамалар тәуелділіктерінің кестесін құру және графиктер тұрғызу;

- өлшеу нәтижелерін бағалау және өлшеу қателіктерін есептеу (жоғарғы сынып үшін);

- істелеген жұмыс бойынша қысқаша есеп беру және қорытынды жасау.

Бағдарламада оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау нормасының мысалы келтірілген.

«5» бағасы қойылады, егер оқушы:

- қарастырылған құбылыстардың және заңдылықтардың, заңдардың мен теориялардың физикалық мәнін дұрыс түсінгенін білген кезде, негізгі ұғымдарға, заңдарға және теорияларға дұрыс анықтама бергенде, сондай-ақ физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерін және өлшеу тәсілдерін дұрыс анықтағанда;

- алынған жауаптың сызбаларын, схемаларын және графиктерін дұрыс орындағанда;

- жауапты жеке жоспар бойынша құрғанда, баяндау барысында жаңа мысалдарды қолданғанда, практиалық тапсырмаларды орындау кезінде жаңа жағдайларға білімдерді қолдана білгенде;

- физика курсы бойынша меңгерілген және бұрын меңгерілген материал, сондай-ақ басқа пәндерді игеру кезінде меңгерілген материал арасында байланыс орната білгенде;

- қателіктерді дұрыс талдағанда.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2250. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия