Студопедия — Дәріс 15. Тақырыбы: Физикадан жалпылау сабақтарын өткізудің әдістемесі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 15. Тақырыбы: Физикадан жалпылау сабақтарын өткізудің әдістемесі.






Дәріс мазмұны:

Жалпылау сабағы оқу пәнінің бөлімі, тарауы бойынша алған бідімді бекіту және жүйелеу мақсатында өткізілетін сабақ. Мұндай сабақтың, әсіресе, қорытынды қайталау, сондай-ақ емтиханға дайындық кезінде маңызы зор.

Қазіргі кезде оқушылардың білімін белгілі бір жүйеге түсіріп, жалпылау оқу үрдісінде көптеп қолданылуда. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және білім сапасын көтеруге байланысты. Оқу үрдісінде оқушылардың білімдерін жалпылау екі мақсатты көздейді: алған білімдерін тереңдету және есте сақтау, сонымен бірге белгілі бір ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Жалпылау сабақтарында оқушылар мұғалімнің басшылығымен (көмегімен) өздерінде бар білімдерді қайталайды және бекітеді.

Жалпылау сабақтарының құрылымы мынандай болып келеді:

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жайында мұғалімнің кіріспе сөзі;

2. Өтілген материалды жалпылап қайталау;

3. Мұғалімнің қорытындысы.

Бұл сабақта қарастырылатын сұрақтарды сабақ басталғанда айтып кеткен жөн. Жалпылау сабақтары негізінен әңгімелесу түрінде өтеді. Сонымен қатар диапозитивтерді және оқу фильмдерін көру мен талдау, жалпылау кестелері мен сызбаларын құру, зертханалық жұмыстар қолданылады. Кей жағдайда (емтиханға дайындық кезіндегі қорытынды қайталауда) жалпылау сабақтары қысқаша шолу-дәріс түрінде өткізіледі. Жалпылау сабақтары оқушыларды бар білімдер негізінде құрылады және оған дайындалу үшін үлкен көлемдегі материалдарды арнайы қайталау талап етілмеуі тиіс.

Оқу материалдарын жалпылау үрдісінде оқушылар алған білімдерінің белгілі бір жүйеге түскенін, яғни оқып-үйренген ұғымдарының арасындағы байланысты, заңдар мен теорияларды, олардың қолданылу шекарасын, әр түрлі құбылыстардың ерекшеліктерін анық айыра алады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре біледі.

Алған білімдерін жалпылау кезінде оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттері дамиды, мынандай ойлау операциялары: талдау, іріктеу, абстракциялау, нақтылау және тағы басқалары орындалады. Бұл оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырудың кең мүмкіндіктерін ашады, қазіргі кездегі әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыруды аяқтауға мүмкіндік береді, оқып үйренген әрбір теорияның алатын орнын көрсетеді, теория және практика жүзінде алған білімдерін белгілі бір жүйеге түсіреді.

Оқушылардың білімдерін жалпылау сабақтарында ғылымның пайда болу және даму үрдісімен және ғылыми таным әдістерімен таныстыруға болады. Қарастырылған сұрақтарға байланысты оқушылар физика тарихындағы ғалымдардың өмірімен және еңбектерімен танысады, яғни өнегелі тәрбие алады.

Білімді жалпылаудың екі бағытын: негізгі білімдерді жүйеге келтіру; қолданбалы білімдерді жүйеге түсіруді көрсетуге болады.

Негізгі білімдерді жалпылауды әр түрлі деңгейлерде (фактілер, ұғымдар, заңдар мен теориялар деңгейінде) іске асыруға болады. Мысалы, теориялық алған білімдерін жүйеге келтіру, немесе физикалық теорияның құрылымы бойынша, немесе әлемнің физикалық бейнесінің негізгі элементтері (материя, оның құрылымдық деңгейлері, т.б.) бойынша жүйелеуге болады. Білімді жалпылау деңгейі бөлімді оқыту кезеңдеріне байланысты анықталады. Тақырыпты өткеннен кейін жалпыласақ, онда ұғымдар мен заңдар деңгейінде, ал бөлімді біткеннен кейін жалпыласақ, онда теориялық деңгейде өтеді. Мысалы, идеал газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі және күй теңдеуінен кейін жалпыланады, ал «Молекулалық физика» бөлімін оқып үйренгеннен кейін білім молекула-кинетикалық теория бойынша жалпыланады. Ал физика бөлімін оқып біткеннен кейін білім әлемнің физикалық бейнесі деңгейінде жалпыланады. Қолданбалы білімдерді жүйелеу ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттары: механикаландыру, электрлендіру, энергетика, ақпараттандыру айналасында болады.

Білімді жалпылау сабақтарын әр түрлі формада өткізуге болады. Бұрын дәріс түрінде өткізілетін, мұнда оқушылардың танымдық белсенділігі төмен болғандықтан қазіргі кездегі семинар немесе конференция түрінде өткізіліп жүр. Мұнда оқушылардың өз бетімен оқу әдебиеттерімен жұмыс істеуіне, баяндамалар мен рефераттар жазып, әр түрлі хабарламалар мен баяндамалар жасауына, семинардағы әр түрлі сұрақтарға байланысты пікір-таластарға қатысуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың білімін жалпылауда кешенді семинарлар немесе пәнаралық семинарлар өткізу тиімді. Мұндай семинарлар оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін, яғни әр түрлі құбылыстардың байланыстарын, денелердің қасиеттерін, құбылыстардың болмысын әр түрлі пәндерден алған білімдеріне сүйеніп тереңірек түсінеді. Мысал ретінде «Қазіргі кездегі әлемнің физикалық бейнесі» семинарын айтуға болады.

Семинарлардың алдында оқушыларға арнайы тапсырма беріледі (әлемнің физикалық бейнесін жасауға үлес қосқан ғалымдардың өмірі туралы оқып білуге).







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2459. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия