Студопедия — Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.






1.Орта және орта факторлары, оларды топтау. 2.Ағзаға орта факторларының әсері етуінің кейбір жалпы заңдылықтары. 3.Адаптация биологиялық құбылыс ретінде.4.Тіршілік ету ортасы.

1.Мекен ету ортасы деп, әдетте ағзалардың табиғи денелермен және құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз.

2.Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді.

1.Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар тәулік уақытының уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.)

2.Маусымдылықсыз әсер етуші факторлар - кейбір уақыттарда қайталанады-ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.

3.Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, тар. бетпақталада т. б.).

4. Белгісіз әсер етуші факторлар-бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестіктері үшін өте қауіпті.

Жарық және мінез-құлық бағдарлануы. Жануарлардың мінез-құлығындағы бағдарлануы жарық әсері өте маңызды. Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз.

Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу. Температура мен ылғалдылықтың әсер етуі. Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өзгеруінің дене температурасын реттей алмайды, және пойкилотермдік жануарлардеп аталады. Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермдік деп атайды. Қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне өте төзімді жануарлар эвритермдік, ал тек белгілші температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.

Биотикалық факторларға адаптация. Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар. Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузорилер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.

3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.

Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін. Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес. Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

Бақылау сұрақтары:

1.Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?

2.Экологиялық фаткорлар дегеніміз не?

3.Экологиялық фаткорлардың жіктелуін көрсетіңіз.

4.Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?

5.Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз.Адамның ағзаларға және қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?

6.Қандай ағзалар стенобионтты, ал қандай ағзалар эврибионтты деп аталады?

 

17. “Гүлді өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігі” деген тақырып бойынша дәріс беру әдістерін түсіндіріңіз.

Дәріс – басқа әдістермен айырмашылығы құрылымы өте күрделі түсіндіруіне де, ақпаратқа да өте бай. Түсіндіру белгілі бір жүйелік сипатпен жүреді, мектеп дәрісі белгілі бір күрделі құбылыстардың, процестердің аралығында, байланыстардың себептерін түсіндіру кезінде пайдаланылады. Көлемі жағынан сабақ уақытын толық пайдалануға дәріс жоспарын нақты бөліп жасап көрсету.

- Тақырыпты атап, оның жоспарын мақсаты мен міндетін оқушыларға хабарлап айту керек;

- Жоспар бойынша барлық пунктерін белгілі бір деңгейде, белгілі бір ретпен мазмұндау;

- Әрбір пунктті мазмұндап тіркегеннен кейін қысқаша жалпы қорытындылау;

- Дәрістің бір бөлімінен екінші бөліміне көшерде арасындағы логикалық байланысына көңіл бөлу.

- Мазмұндау барысында дәрістің проблемалық жағы және оқытушының сезім әсері (эмоция);

- Тілі, мысалдар, фактілер, салыстырмалылығы;

- Аудиториямен байланысы, оқушылардың тыңдау, ойлау қабілетінің қызметін дұрыс басқара білу;

- Дәрістің маңызды жерлерін жан жақты ажыратып, айқындай түсіндіру;

- Мазмұндау темпі, дәрістің негізгі басты-басты жерлерін конспектілеу;

- Кейбір кезекті жерлерін бөліп, оны жазуға мүмкіндік беру;

- Көрнекті құралдарды пайдалану арқылы оқу материалын оңай қабылдап, оны түсінуге жеңілдік жасау.

Талқылау сабағы жаңадан пайдаланып келе жатқан әдіс. Белгілі бір мәселе проблема бойынша пікір алмасу болып есептеледі. Осы әдіс арқылы оқушы жаңа білім алады. Оның пікірін ойын дамытады және соны жақтауға тырысады. Ол үшін алдын ала, өте ұтымды жан-жақты дайындық жасау керек.

Көбею мүшелері – гүл, жеміс, тұқым арқылы жүзеге асады. Гүл деген – көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл –тек гүлді өсімдіктерге ғана тән, адам жеміспен тұқым дамиды.

Гүл бөлімдері – гүл сабағы, гүл табаны, тастағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады.

Гүл сағақ – Жапырақ сабағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері.

Гүл табаны – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сабағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша – жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады.

Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады.

Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аналық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады.

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Шірнеліктер – гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында да болады.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 2455. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия