Студопедия — Басты талаптары қандай?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Басты талаптары қандай?






Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді.

Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры.

Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты.

Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан оның бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге болады. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар.

Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.

Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі.

Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізінде қалыптастыруда мектептердегі білімнің маңызы зор.

Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.

Биологияны лқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі қазіргі қоғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынандай элементтерінен тұрады.

1.ғылыми дүниетанымды қалыптастыру;

2.патриоттық тәрбие;

3.еңбек және экологиялық тәрбие;

4.гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;

5.эстетикалық және әдептілік тәрбие;

40. Бинарлы және полинарлы әдістер және оны қолдаушы ғалымдар жайлы айтып беріңіз. Дидактикалық мақсатқа байланысты екі әдістер тобын бөліп қарауға болады:
1. Оқу материалын алғаш игеруге мүмкіндік жасау әдісі.
2. Алған білімді тиянақтау және жетілдіруге мүмкіндік жасау әдісі (Г.И.Шукина, И.Т.Огородников). Бірінші топқа жататындар: ақпаратгы-дамытушы (ауызша мазмұндау, әңгіме, кітаппен жұмыс істеу), ізденіс (эвристический, әңгімелесу, диспут, лабораториялық жұмыс), ғылыми зерттеу әдісі.
Екінші топқа жататындар: жаттығу жұмысын орындау (үлгі бойынша, жаттығудың комментариясы, вариативті жаттығулар т.б.), практикалық жұмыс. Бинарлы және полинарлы әдістердің түрлерін құрастырудың қолдаушылар бар. Мысалы, М.И.Махмутов бинарлы әдісті жасады:
1.оқыту тәсілі;
2. оқу тәсілі.

Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз – оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі.
Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар екендігін байқауға болады. Оларды кейбір белгілеріне қарай отырып, былай топтастыруға болады.
Дәстүрлі сабақ беру әдістері, ол сол ертедегі философтар мен педагогтардың сабақ беру жүйелері болып есептеледі. Бұл әдістегі ең басты мақсат оқушыларға білім берудің қайнар көзіне, білімді қалай, қайдан алу әдістері бойынша қолданады. Бүл әдіс бойынша білімнің қайнар көзі үшеу деп көрсетеді: практика, көрнектілік, сөз. Соңғы кездерде тағы бір әдістер қосылды, ол – оқулық және әртүрлі техникалық жүйелер. Сондықтан бұл топтан бес әдісті бөліп қарауға болады: практикалық, көрнектілік, сөйлеу, оқулықпен жұмыс жүргізу, техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану. Осы әдістердің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар.
Атқарылатын міндетіне қарай топтастыру әдістері. Сабақты өткізу процесінің жүйелілік кезеңіне байданысты топтастыру. Ол мынандай әдістерден тұрады:
а) білімді игеру;
ә) шеберлігі мен дағдылығын қаяыптастыру;
б) білімді іс жүзінде қолдану;
в) шығармашылық қызметі;
г) алған білімді бекіту, баяндау;
ғ) білімін, шеберлігін, іскерлігін тексеру.
Осы айтылған әдістердің басты ерекшеліктерінің бірі оқу процесін ұйымдастырудың классикалық схемаларына сәйкестелінген, ұстаздарға оқу-тәрбие жұмысын іске асыруға үлкен көмегін тигізетіндігі айқын.
В.Ф. Паламарчук және В.М.Паламарчук полинарлы әдісті ұсынады.
6. Дидактикадағы соңғы кездегі ең көп тараған әдістердің бірі және соңғы он жыл бойы пайдаланылып келе жатқан әдістің бірі Ю.К.Бабанский ұсынған әдіс, онда үлкен үш топ әдістерге бөледі:
1. Оқу-танымдылық қызметін ынталандыру-дәлелдеу (мотив).
2. Оқу-танымдық процессінің тиімділік қызметін бақылау және өзіндік бақылау.
3. Оқу-танымдылық процессін ұйымдастыру жәңе іске асыруқызметі.
Сонымен, әрбір әдісті алсақ та оның басты мақсаты оқу-тәрбие процесінде мынандай қызметтерді атқаруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу, дәлелдеу және бақылау. Осы әдістерінің нәтижесінде әрбір ұстаз және шәкірт алдына қойған мақсаттарына жетеді. Әдістердің атқаратын қызметіне байланысты біреуінің функциясы жоғарыласа, екіншісі төмендеуі мүмкін.
2.2 Жаңа материалды оңытудың методтары

 

 

  Биологиядан сабақ беруде оқушылардың шеберлігін арттыру әдістерін атап, анықтамасын жазыңыз

Оқушының білім сапасына және оқу тәрбие процесін жетілдіруге қойылатын талаптарды оныі білімі мен шеберлігін бақылау арқылы арттыруға болады. Мұғалім осындай жолмен алынған мәліметтердің нәтижесіне сүйене отырып, оқу үрдісін басқарады. Одан әрі қарай оқушының білім алу бағытын қадағалап білім беру әдісі мен мазмұнына өзгерістер енгізеді. Бұрынғы алған білімі мен жаңадан алған білімі арасындағы байланысты анықтайды. Бақылаудың басты қызметі оқушының білімі мен дағдысын шеберлігін анықтаудағы басты мақсат, оқушы білімінің базалық деңгейін анықтау. Сонымен қатар биологиялық білім мазмұнының міндетті базалық деңгейін анықтап, ғылыми көзқарасын әдептілік, экологиялық, гигиеналық, еңбекқорлық қасиетін анықтау. Білімділік және дамытушылық қызметі оқушы оқу үрдісінің: жалпы ғылыми, интеллектуалды және практикалық сияқты бірнеше түрлерін меңгертуге бағыттайды. Ал тәрбиелік жағына қарай оқушының оқуға деген жауапкершілігіне үйренуі күнделікті берілген тапсырмаларды бір жүйелілікпен орындауы, білімін бақылауға барлық уақытта дайын болуы.

Оқытушы оқу материалдарын жаңа мәліметтермен толықтыру керек. Осының нәтижесінен оқушынынң сол пәнеге деген қызығушылығы артады. Бірақ та, оқушының білімін тексеруді базалық деңгейде алған біліміне қарай бағалау керек. Ал жоғары деңгейде бағдарламадан тыс материалдарға жауап беруді оқушының өзінің тілегіне байланысты жасауға болады.

Оқушының білімін, шеберлігін бақылау барысында оқытушы мына мәселелерге көңіл бөлуі тиіс: а. Фактілерді саралау, қорытындылау, шеберлігін қалай игерген; ә. Ағзалардығ жеке жеке бөліктеріне мән бере отырып осы процестер біртұтас ағзада болатындыған қалай қорытынды жасап тұжырымдау керек.

Оқушының білім сапасының жоғары болуының тағы да бір себеп салдары табиғатта,ы тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін салыстырып, тұжырым жасау шеберлігіне де байланысты.

Оқушының практикалық шеберлігін дамытуды ағымдағы білімін бақылау кезінде емес, қортынды білімін тексеру барысында да тексеру керек. Сондықтан бұндай бақылауды белгілі бір жүйемен үздіксіз бақылауға алынғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Тағы бір көңіл аударарлық мәселелердің бірі оқушылардың оқулық пен ғылыми шығармашылық әдебиеттермен жұмыс істеу қабілеті. Олар көп жағдайларда оқулықты ұқыпсыз оқып, оқығандарын есте сақтай алмай оның ішінен ең бастысын оқып ала алмайды. Осыған орай оқушыларды әдебиеттермен жұмыс істетуге үйрету керек.

42. К.Бабанский ұсынған әдістің ерекшелігі туралы жазыңыз. Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр. “Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.”(Ю.К.Бабанский).

Оқыту әдістердің ең кең тарағандары - И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг т.б. ұсынған оқыту әдістерінің жүйеленуі. Ю.К.Бабанский өзінің 1988 жылы шыққан оқулығында оқыту әдістерін әрекет, амалға негізделген жүйе бойынша береді. Олар:

а) оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. Оған сөздік (әңгіме, лекция, семинар, кеңесу, кітаппен жұмыс), көрнекілік (иллюстрация, демонстрация, теледидар, оқулық, кино, практикалық және лабораториялық жұмыс), индуктивті, дедуктивті, репродуктивтік, проблемалық немесе өз бетінше ізденіс әдістері жатады.

б) оқыту процесінде оқытудың іс-әрекетін ынталандыру әдістері. Бұл топқа: оқу кезінде мотивтің рөлі, танымдылық ойындар, оқу кезінде қолайлы ситуация туғызу, өмірден алынған ситуацияны талдау, жауапкершілікке және парызға жүгіну, баланы оқуға ынталандыру (оқудың қоғамға, баланың өзіне пайдасы), оқушыға қажетті талаптарды қоя білу, мадақтау немесе жазалау жатады.

в) оқыту процесіндегі оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістеріне: ауызша тексеру, жазбаша тексеру, лабораториялық тексеру, машинамен тексеру жатады.

Сонымен, әрбір әдісті алсақ та оның басты мақсаты оқу-тәрбие процесінде мынандай қызметтерді атқаруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу, дәлелдеу және бақылау. Осы әдістерінің нәтижесінде әрбір ұстаз және шәкірт алдына қойған мақсаттарына жетеді.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1090. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия