Студопедия — Кіріспе.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе.






Гигиена- адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін аурулардың алдын алу мақсатында, медицинаның алдын алу жөніндегі негізгі пән болып табылады. Қоғамның денсаулығы қазіргі жағдайда оның санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығымен және азаматтардың қауіпсіз тіршілік етуіне құқықтылығымен анықталады. Қоршаған орта мен адам ағзасының ортасында өзара тығыз қарым-қатынас бар, ортаның қолайсыз факторлары үнемі әсер етіп отырған жағдайда, сонымен қатар, әсіресе,адамға қауіпті болып табылатын қазіргі уақытта жаңа техногенді факторлардың аумағы кеңейген сәтте, сыртқы орта қарқынды ластанған кезде тұрғындар денсаулығының төмендеуіне және көптеген аурулардың дамуына себепкер болады. Аурулардың даму қаупін төмендету, популяцияның денсаулығын сақтауға тек алдын алу шаралары ғана көмек бере алады, себебі, емдеуге, яғни дамыған ауруды емдеуге қарағанда, сырқы ортаның зиянды факторларын жою және олардың әсерін төмендету жолы арқылы аурулардың алдын алуға бағытталған. Осы шаралардың ғылыми негізін адам ағзасы мен қоғам денсаулығына сыртқы орта факторларының әсерін зерттей отырып, гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді дайындайтын гигиена ғылымы болып табылады.

Алдын алу шараларын тек қана гигиенист дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, гигиенаның ғылыми негіздерін жақсы білуге міндетті емдеу бағытындағы емдеу дәрігерінің де жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Дәрігердің гигиеналық білімділігі оған алдын алу жұмыстарын білімді түрде жүргізуге және тиімді атқаруға мүмкіндік береді, ортаның әртүрлі теріс факторларының адам ағзасына әсерін біле отырып, емдеу-диагностикалық шараларды дұрыс жүргізе алады, сонымен бірге, тұрғындардың гигиеналық білімділігін жоғарылата отырып, сауықтыру шараларды тиімді жүргізе алады.

2.2. Пәнді оқыту мақсаты:

Медициналық қызметкерлерге, оның келешектегі кәсіптік жұмыстарының барлық аспектілеріне қажетті аурудың алдын алу жөнінде ойлауын қалыптастыру.

Тек қана жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен қатар, дұрыс диагноз қою, ауруларды адекватты емдеу және қалпына келтіру, халықтың гигиеналық салауаттылығын арттыру үшін де қажетті гигиеналық білімдерінің негізін қалыптастыру.

2.3. Пәнді оқыту міндеттері:

· Адамның тіршілігі мен өндірістік жұмыс жағдайындағы қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығына және қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты туралы түсінікті қалыптастыру.

· Аурулардың алдын алу, сау адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімді қалыптастыру.

· Аурулардың этиологиясы немесе қауіп-қатер (риск) факторы ретінде қоршаған орта факторларының рөлін атап көрсетуді және бұл білімдерін өзінің кәсіптік жұмысында қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық сұрақтар жөнінде жаңа ақпараттар табуды және оны нақты кәсіптік міндеттерін шешу үшін қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық білімдерін халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қолдану дағдысын қалыптастыру

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білімдерін қалыптастыру:

1. Ауаның гигиеналық маңызын. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерінің, табиғи химиялық және биологиялық құрамының және ластануының адам ағзасына әсерімен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды.Ауа райы мен климат жағдайларының адамның денсаулық жағдайына әсерін.

2. Әртүрлі бағытта жұмыс істейтін жабық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар. Қолайсыз микроклимат жағдайының, ауаның химиялық, бактериялық ластануының ағзаға әсер етуін алдын алу жөніндегі шараларды.

3. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың және олардың алдын алу жөніндегі гигиеналық шараларды

4. Жеке және ұжымдық рационалды тамақтану мен оған медициналық бақылау жүргізудің гигиеналық негіздері.

5. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайларының мәселелері. Балалардың денсаулығының жоғарғы деңгейі мен дұрыс дамуын қамтамасыз етудің гигиеналық негіздері.

6. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығындағы жұмыс үрдістері мен жұмыс ортасының ең көп таралған зиянды факторларының гигиеналық сипаттамасын. Өндірістегі кәсіптік патологиялардың, өндірістік жарақаттанулардың алдын алу және жалпы ауру-сырқауды төмендету жөніндегі шараларды.

 

Дағдыларын қалыптастыру:

1. Тұрғын және қоғамдық үйлердегі микроклимат параметрлерін, ауа ортасының сапасын, желдетуді, жылытуды,жарықты зерттеуді және бақылау жүргізуді.

2. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының және топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу жөнінде шаралар жүргізуді.

3. Суды зарарсыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың дозасын есептеуді және зарарсыздандыру жүргізуді.

4. Жеке адамның және халықтың ұйымдастырылған топтарының тамақтануы ұйымдастырылуын және құндылығын бағалауды және оларға медициналық бақылау жүргізу және дозиметрлерді қолдануды орындай алуы тиіс.

5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дене дамуының жағдайын бағалауға, күн тәртібін ұйымдастыруға, оқу-тәрбиелік үрдісіне медициналық бақылау жүргізу.

6. Кәсіптік зияндылықтардың адам ағзасына әсер ету қауіпін бағалауды, қажетті алдын алу шараларын ұсынуды

 

2.5. Пререквизиттер: экология, медициналық биофизика, химия, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология.

2.6. Постреквизиттер: эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, еңбек гигиенасы, нутрициология, коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны.

Гигиена қоршаған орта нысандарының (ауа, су, топырақ, тағамдық азықтар, өндіністік ортаның) табиғи және антропогендік факторларын және осы факторлардың адам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Алынған мағлұматтардың негізінде ол адамды қоршаған ортаны-тіршілік ортасын және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған, солар арқылы адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындайды.

Қазіргі гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің, радиациялық, әскери, әлеуметтік гигиена, т.б. кіреді. Гигиена барлық клиникалық пәндермен тығыз байланыста, себебі денсаулық жағдайын бағалауға арналған өзінің зерттеулерінде ол клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының (барысы) сипаты туралы мағлұматтарды кеңінен қолданады. Сонымен қатар, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу медицинасының барлық емдеу-алдын алу жұмыстары оның негізі болып табылады.

Рбір сабақтың (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтардың, өзіндік жұмыс, оқыушының студенттермен өзіндік жұмысы) тақырыптарының, түрі мен ұзақтығының тақырыптық жоспары







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1123. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия