Студопедия — Сұрақтар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сұрақтар






1. Хирургиялық бөлімдерді жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіздер?

2. Хирургиялық бөлім қандай бөліктерден тұрады?

3. Хирургиялық бөлімнің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?Басқа бөлімдердің қабылдау бөлімшесінде хирургиялық аурулдарды қабылдауға бола ма?

4. Аурухана корпусында хирургия бөлімі дұрыс орналасқан ба?Хирургиялық палата бөлімін қандай жерде орналастыру ұсынылады? Олар өтпелі болуы мүмкін бе?

5. Палаталық хирургиялық бөлімнің құрамында қандай бөлмелер болу керек? Есептегі бөлмелер құрамы талаптарға сәйкес келе ме?

6. Таза және ірінді ауруларды бір бөлмеде орналастыруға бола ма? Берілген есепте осы талаптар сақталған ба? Талаптардың орындалмау неге әкеп соғуы мүмкін?

7. Көпшілік палаталарда талаптар бойынша қанша төсек болу қажет? 1 және 2 төсектік палаталар қанша болу керек? Еепте бул талаптар орындалған ба? Палаталардағы төсек санының көбеюі неге әкеп соғуы мүмкін?

8. Төсектердің және төсек пен қабырғаның аралықтары жеткілікті ме? Қандай болу керек?

9. Медбикенің орны қай жерде орналасу тиіс, неліктен? Есепте дұрыс берілген бе?

10. Дәліздер неге кең болу керек? Есептегі ені дұрыс па?

11. Есептегі сан. жүйенің орналасуы дұрыс па?

12. Оперблок қай жерде орналасуы қажет? Таза және іріңді аурулар үшін бір опер блокты пайдалануға болады ма? Есептегі берілген оперблок гигиеналық талаптарға сәйкес пе?

13. Тазалық дәрежесі бойынша оперблокта қандай зоналарды бөліп көрсетеді? Есепте қандай кемшіліктерді байқадыңыздар?

14. Бір столға есептелген операциялық бөлменің ауданы қандай? Бірнеше столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па немесе бір столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па?

15. Операциялық бөлмелердің биіктігі неге 3,6 м болуы тиіс? Операциялық бөлменің терезелерін қай бағытқа бағыттайды? Неліктен?

16. Операциялық бөлмеде табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар сақталған ба?

17. Операциялық бөлмеде желдету қалай ұйымдастырылуы тиіс және неге олай? Кондиционирлеудің артықшылықтары мен кемшіліктері? Есептегі желдетудің ұйымдастырылуы гигиеналық талаптарға сәйкес келе ме?

18. Операциялық бөлмелердегі дезинфекциялық өндеу дұрыс жүргізіледі ме? Есепте ол қаншалықты тиімді, оның тиімділігі туралы сіз қандай көрсеткіштер бойынша пікірге келесіз?

19. Залалсыздандыру үшін қанша БУВ-30 шамдары керек, және оны қанша уақыт жүргізу керек?

20. Есептегі операциялық бөлмелер мен палаталардағы микроклимат жағдайына қанадай баға беруге болады?

21. Ауруханаға берілетін су қауіпсіз бе? Қандай көрсеткіштері юойынша қауіпсіз?

22. Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың және аурухана ішілік ішек инфекциялардың көбеюнің себептері қандай деп ойлайсыздар?

23. Хирургия бөлімінің жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайын жақсарту туралы шараларды ұсыныңыз?

Есеп

Облыстық аурухана құрамына кіретін перзентхана жеке 2 қабатты ғимаратта, негізгі емдеу корпусынан 10м қашықтықта және шаруашылық алаңынан 20м қашықтықта орналасқан. Ұзындық осі бойынша ғимарат батысқа бағытталған, басқа ғимараттардан 3м қашықтықта отырғызылған ағаштардың жасыл жолағымен қоршалған. Перзентхананың акушерлік бөлімінде 40 төсек, жүкті әйелдердің патология бөліміне 20 төсек және гинекология бөлімінде 40 төсектік орын бар.

Перзентханаға босанатын әйелдер бас есіктен кіреді, вестибюльден қаралу кабинетіне бағытталады, ол жерден дәрігер тексергеннен және туу жоспарын жасағаннан кейін санитарлық өңдеуге бағытталады, содан кейін физиологиялық немесе обсервациялық бөлімге түседі. Обсервациялық бөлімге дене қызуы көтерілген және терінің іріңді аурулары бар, сонымен қатар жұқпалы ауруларға күдікті босануға келген әйелдер бағытталады. Негізгі кіретін есік арқылы гинекологиялық бөлімге де аурулар түседі. Босанған әйелдерді перзентхананың физилогиялық және обсервациялық бөлімінен шығару бір бөлмеде жүргізіледі. Обсервациялық бөлімі бірінші қабатта, физиологиялық екінші қабатта орналасқан. Бір бөлімнен екінші бөлімге өту үшін баспалдақ немесе лифт пайдаланылады. Бұл бөлімдердің әрқайсысының құрамына босану алдындағы палаталар, босану блогы, операция блогы, қарқынды терапия палаталары, босанғаннан кейінгі палаталар және қосалқы бөлмелер кіреді. Емдік-диагностикалық және қосалқы бөлмелер екі бөлімге де бірдей, бірақ график бойынша әртүрлі уақытта қолданылады. Медицина персонал әр бөлімге қатал бекітілмеген. Әр бөлімде, 4 төсекке есептелінген, ауданы 4м2 босану алдындағы бір палатадан бар. Босану залы мен операциялық блогы бір бөлікте орналасқан, босанғаннан кейінгі палаталардан кеңдігі 1,5 м коридормен бөлінген.

Босану залының ауданы 36м2, биіктігі 2,7м, босану 2 креслода кезекпен жүргізіледі, бұл креслолар әрбір босанғаннан кейін жуу ерітіндісі бар сумен өңделеді. Босану залы мен операциялық блоктағы операция жасайтын бөлме батысқа бағытталған. ЖК 1:7, ЖЖК -1,3%. Люминисцентті шам есебінен жасанды жарықтануы 300 лк. Жаз мезгілінде ауа температурасы – 29 Сº. Желдетілу- таза ауаны төменнен беріп кондиционерлеу арқылы жүргізіледі. Ауа алмасу еселігі -+5/-5. Ауысым соңында ылғалды жинаудан кейін БУВ-30 2 экрандалмаған шамдарымен 15 мин бойы зарарсыздандырды.

Ауданы 20м2 босанғаннан кейінгі палаталарда әр палатада 4 босанған әйелдер нәрестелерімен орналасады. Палаталардың толтырылуы босанатын әйелдердің түсуіне байланысты жүргізіледі. Терезелері шығысқа бағытталған. Ауа температурасы - 29-30 ºС, желдетілуі табиғи фрамуга арқылы табиғи түрде күшейтіп жүргізіледі. Ауа алмасы еселігі 2-ге дейін жетеді. Палаталарды зарарсыздандыру аптасына 1 рет концентрацияланған хлорамин ерітінділерімен өңделеді, кейін сумен жуады. Күніне 2 рет босанған әйелдердің және жаңа туған нәрестелердің болуы кезінде әрбір палатада бір шамнан орнатылған БУВ-30 экрандалған шамымен зарарсыздандыру жүргізіледі. Босану залының ауасында СО2 -1,8%. Ауысым басталарда жалпы микроорганизмдер саны -500, ауысым соңында 1500, соның ішінде алтынды стафилокок пен гемолитикалық стрептококк жұмыс басталар алдында 1м³ -қа 0 және 1 сәйкес болған, ауысым соңында 5 және 10. Сумен қамтамасыз ету апаттық жағдайлар болып тұратын жергілікті су құбырымен қамтамасыз етіледі.

Су сапасының анализі:

Жалпы микроб саны- 130

Колиформды бактериалардың жалпы саны 100 мл -2

Нитраттар- 45мг/л

Тотықсыздануы – 5мг/л

Хлоридтер -450мг/л

Сульфаттар -380 мг/л

Жалпы тұтқырлығы -7,5 ммоль/л

Дәмділігі -2 б, Иісі- 3 б, Түстілігі -20 град.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1118. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия