Студопедия — Тарау Жалпы рецептура
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тарау Жалпы рецептура






Фармакологияның бір басты саласына фармация жатады, зерттейтін саласына фармацевтикалық химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді.

Фармацевтік химия – бұл дәрілік заттардың химиялық құрлысы мен қасиетін, сонымен қатар препараттардың емдік ықпалын алу үшін биологиялық маңызды зататрды зерттейтін ғылым.

Фармакогнозия – табиғи өсімдік, жануарлар мен минералды өнімдердің биологиялық белсенділігін, яғни алғашқы өндеулерден алынған дәрілерді зерттейтін ғылымның саласы.

Рецептура – бұл дәрілік түрдің рецептте жазылу ережесі туралы фармация бөлімі. Рецептура дәрігерлік және фармацевтік болады. Дәрігерлік рецептура, препаратты алу үшін дәрігердің дәріханаға жүгіну мақсатына тағайындалған. Фармацевтік рецептура, технолог-фармацевт үшін фармакопия негізінде зауыттарда препараттарды дайындау.

Фармакопея – дәрілік препараттарды дайындаудың және олардың міндетті түрде белсенділігі анықталумен болатын бірыңғайландырылған ережелері бар арнайы кітап. Онда препараттың сапасын анықтайтын стандарттар жиынтығы мен нормалар келтірілген. Сонымен қатар физико-химиялық қасиеттері мен улы және күшті әсер ететін заттар мен басқа да көрсеткіштердің балалар үшін бір реттік және тәуліктік мөлшері кесте түрінде берілген. Мемлекеттік фармакопия ретінде РФ Х және ХІ (1 және 2 том) фармакопиясы қолданылады.

Дәрі-дәрмектерді рецептте жазудың бірнеше түрлері бар:

1. Официнальды немесе ресми (латын тілінде officina – дәріхана) өндірісте шығарылатын, тұрақты құрамы бар, фармакопея мақалаларында келтірілген дәрілік заттар.

2. Магистральды (латын тілінде magister – оқытушы) дәрігердің нұсқауы бойынша жасалатын дәрілер.

Сонымен қатар, рецепттің жазылу мынандай болады:

1. Қарапайым, емдік әсері бар бір препарат жазылады.

2. Күрделі – емдік әсер бар бірнеше препараттар

3. Қысқартылған түр.

4. Кең түрдегі.

5. Мөлшерленген және мөлшерленбеген.

Рецепт - дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі, онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген, жазбаша нұсқауы мен жолдамасы. Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат. Рецептура бланктерінің түрлері, олардың қолданылуы және есепке алынуы, сонымен қатар рецептураға қатысты басқада сұрақтарды 2008 жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 289 бұйрығында көрсетілген. Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің үш түрі бар: дәрілерді толық құнына беретін (кәдімгі бланк), дәрілерді жеңілдікпен беретін (жеңілдік бланк), наркотикалық және соларға теңелген препараттарды беретін бланк түрі. Дәрілер тегін келесі жағдайларда жазылып, босатылады: Ұлы Отан соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне, 3 жасқа дейінгі балаларға, көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін, экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді. Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады: қатерлі ісік пен қан аурулары, қант диабеті, психикалық аурулар (І-ІІ топтың мүгедектері), мерез, туберкулез, алапес, ИЖПС, АИВ-инфекциясы. Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін (ресми бланк) бланкты толтырған, соңында дәрігердің қолы, жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек. Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.

Дәріхана – дегеніміз тез бұзылатын қарапайым дәрілерді (ерітінділер, қайнатпа, тұндырма, тұндырма ж.т.б.) дайындайтын, сонымен қатар фармацевтикалық өндірістерде дайындалған дайын дәрілік препараттарды сақтау мен науқастарға дәріні босататын медициналық мекеме. Сол сияқты, дәріхана халықты санитарлық және гигиеналық нәрселермен, танатын материалдармен және басқа да медицина тауарларымен қамтамасыз етеді.

 

Дәрілерді мөлшерлеу. Дәрі – дәрмектер негізінен белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып, жіберіліп отырады. Сондықтан, дәрілер әр түрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіштік мөлшерлерімен дайындалады.

1) рецептте 1 грамм дәрінің салмақтық саны 1,0 (грамм) – 1000 мг (миллиграмм).

2) 0,1 г – 100 мг (миллиграмм).

3) 0,01 г – 10 мг.

4) 0,001 г – 1 мг

5) 0,0001 г - 100 мкг (микрограмм).

6) 0,00001 г - 10 мкг

7) 0,000001 г - 1 мкг

8) 0,0000001 г – 100 нг (нанаграмм).

9) 0,00000001 г – 10 нг

Дәрілердің шоғырлауы (топтаулы түрде тұратын заттарды айтады), бұларды үш тәсілмен белгілейді.

1) Пайыздық;мөлшер – дәрілік заттың 100 мл-дегі құрамы, масылы, 3% тетрациклин майы, бұл 100 мл-де 3 г дәрілік зат болады; 0,05% прозерин ерітіндісі - 100 мл-де 0,05 г болады.

2) Қатынастық; мөлшер – дәрілік заттың салмағын 1 граммда алады, кез келген көлемде (1:10, 1:100, 1:1000). Мысалы, 200 мл суда 1:10 емен қабығының қайнатпасы, яғни 200 мл-де 20 г бар.

3) Салмақтық-көлем қатынаста (мысалы, 20,0 — 200 ml, яғни 200 мл-де 20г дәрілік зат бар).

4) Биологиялық; әсерлі мөлшер (дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлері, мұны ЕД (Еденица действия - әсерлік бірлігі) және МЕ (Международная единица –халықаралық бірлік) ББ (Биологиялық бірлік). Мысалы, Окситоцин – 5 ЕД гормоналдық дәрі (5 реттік толғақтық күші бар), жүкті әйелдерге босану кезінде қолданылады.

Дәрі-дәрмектердің жіктелуі мен атаулары:

1. Химиялық, мысалы фенотиазин туындысы – хлорпромазин немесе метилксантин – кофеин және басқалары.

2. Фармакологиялық, ағзаның мүшелер мен жүйелеріне әсер ететін заттар. Мысалы, жүрек қан-тамырларына әсер ететін дәрілер, бұған кіретін бөлімдерге: аритмияға қарсы, кардиотропты және басқалары, сонымен қатар нысана нүктелері. Мысалы, кальций түтікшелерінің тежегіштері және басқалары жатады.

3. Фармакотерапевтикалық, көбінесе дәрігерлік тәжірибеде қолданылады. Мысалы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларын емдеу үшін қолданылатын дәрілер және т.б.

Дәрі-дәрмектердің атауы әсер ететін заттың химиялық құрылысын сипаттайды – ол Әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен қабылдаған Халықаралық патенттелмеген атауымен (ХПА) және оқу мен ғылыми әдебиетерде қолданылады. Қолайлық үшін белгілі фармакологиялық топтарға жатқызылуы бойынша препараттардың сәйкестендірілуі жүргізіледі. Әсер етуші затты фармацевтикалық фирма қабылдаған басқа патенттелген коммерциялық атауы да бар. Сондай әсер етуші дәрілік заттан тұратын, бірақ басқа фирмада, басқа атаумен шығарылатын препарат, дәрі-дәрмектердің синонимі болып келеді. Ораманың сыртында жақша ішінде әсер етуші зат көрсетілуі тиіс. Патенттелген коммерциялық атауын өндірушілер препараттардың нарықты маркетинг мақсаттары үшін қолданады, ол жерде олардың бәсекелестілігі анықталынады. Фирмалар – халықаралық патенттелмеген атауларды «дженериктерді» қолданатын өндірушілердің жаңартылған дженериялық препараттары деп аталады. Аталған препараттар халық үшін арзанға түседі.

Дәрі-дірмектер ретінде қолданылатын жеке химиялық қосылыстар дәрілік зат деп аталады. Емдік ықпалға және алдын алу шараларына қол жеткізуге қажетті, тәжірибеде қолдану үшін қолайлы дәрі-дәрмектерді дәрілік түрлер деп аталады. Белгілі түрде дайындалған дәрі-дәрмектер, дәрілік препараттар деп аталады. Дәрілік өнім ретінде әртүрлі заттарды қолданады: өсімдік (жүрек гликозиді ж.т.б.), жануар (қалқанша безінің гормоны ж.т.б.), минерал (кальций препараттары) бактериялық (антибиотиктер) және химиялық синтез жолымен (фенобарбитал).

Дәрілерді қолдануға ыңғайлы болу үшін және шикі заттарға дұрыс қолайлы түрдің берілуімен, қалыптасқан ресми түрінде шығарылатын дәрілік түрлер болады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:

1. Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, капсула және т.б.

2. Жұмсақ дәрілік түрлер: май, паста, балауыз және т.б

3. Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, тұнба, қайнатпа, тұндырма, сығынды, микстура, экстракт, линимент және т.б.

4. Егуге арналған дәрілік түрлер: ампула мен флакондарда шығарылатын сұйық және ұнтақ түріндегі дәрілер.

5. Басқада дәрілік түрлер: баллондағы аэрозольды, көз қапшықтары және т.б.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1233. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия