Студопедия — Бұқар жырау Қалқаманұлы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бұқар жырау Қалқаманұлы






(1693-1787)

Бұқар жырау Қалқаманұлы 1693 жылы Баянауыл өңірінде, Долба тауының баурайында (қазіргі Павлодар облысы) дүниеге келген. Арғын руының ішіндегі ішіндегі Қаржастың Алтынторы деген атадан шыққан ақын ұзақ ғұмыр жасайды. Бейіті өз елінің Далба тауында. Арғын руының қабырғалы билерінің бірі болған Бұқар – Абылай хан төңірегінде біраз болып, ел басқару ісіне де белсене араласқан көреген жырау.

Қазақ әдебиетіндегі жекелеген ақын-жыраулардың аттары белгілі бола бастаған кезең Бұқар жырау поэзиясынан бастау алады. Кеңестік дәуір тұсында ол «феодалдық қоғамның мүддесін көздеп, жырын жырлаған» ақын ретінде біржақты бағаланғаны белгілі. Тәуелсіздік тұсында Бұқар мұрасы көркемдік эстетикалық талап тұрғысынан қайта қаралып, өзінің әділ бағасын алды. Ақын мұрасы бүкіл әдебиетші қауымның зерттеу нысанына алынды. Оның туындылары С.Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1-жинақ, 1931 ж.), С.Мұқановтың «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1-бөлім, 1942 ж.) атты кітаптарда және «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармалары» (1962 ж.), 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» («Жазушы»), «Алдаспан» (1971), ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған екі томдық «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1989), «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинақтарымен бірге «Бұқар жырау Қалқаманұлы. Шығармалары» (1992), атты жинақтарға енді. Бір ескеретін жайт, кеңестік цензураның салдарынан алғашқы жинақтарда «Құран», «Аллаһ» сөздерінің көпшілігі қысқартылып, бір тармақтар редакцияланса, енді бірі қысқаруға түсіп отырған. Сондықтан, соңғы жылдары шыққан «Шығармалары» мен соңғы жинаққа сүйенген жөн. Бұл жинақтарға оның бұған дейін жарияланбаған бір топ толғаулары енген.

Бұқар жырау шығармаларының жиналып, хатқа түсуіне, зерттелуіне, ғылыми айналымға түсуіне біршама ғалымдар үлес қосты. Олардың қатарында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншіәлиев, М.Мағауин, Ы.Дүйсенбаев, Қ.Мұхамедханов, М.Жармұхамедовтарды атауға болады. М.Жармұхамедов 1992 жылы шыққан жинақты әзірлеп, алғы сөзі мен түсініктерін жазды. Сол түсініктерден ақын шығармалары туралы толық мағлұмат алуға болады.

Қазақ халқын имандылықтың таза жолына шақырған Бұқар жырау әрбір сөзін «бисмиллаһтан» бастайды. Оның:

 

... Кемелді етіп санатпен,

Саулық берген тәңірді айт.

Аузыңа иман үйірткен,

Ғалиассалам Мұхамметті айт.

 

Мұсылман болсаң алдымен,

Іншаллаһи, бисмиллаһты айт.

Таңертең азан шақырған,

Дауысы сұлу молланы айт

 

– деп сөздің басын «Ғалиассалам Мұхаммет» пен «бисмиллаһтан» бастауы да содан болса керек. Ол өзінің әрбір толғауында имандылықтың мәні мен мазмұнын ашып түсіндіріп отырады. «Ей, айташы, аллаһты айт, Аты жақсы құдайды айт. Төрт шарияр Мұстафа, Мұсқап ашқан ғалымды айт» деп басталатын толғауда ол Аллаһ кітабы құранның аты – Фұрқан екендігін, Аршы мен Күрсі Аллаһ Тағаланың ең үлкен жаратылысы екендігін, «Лаухұл махфуз» барша жаратылыстың пайда болған кезінен бастап, қияметке дейін тағдыры жазылған кітап екендігін айта келіп, сол кітапты жазу үшін Аллаһ Тағаланың қаламды бірінші жаратқанын да түсіндіреді. Жыраудың осы толғауының астарында үлкен мән жатыр. Ол біріншіден, Аллаһқа деген үлкен сенім болса, екіншіден, жазу-сызудың да сол Аллаһ Тағаланың құдіретімен келгендігі. Оның «Аллаһ деген ар болмас, Ақтың жолы тар болмас», «Хақтың үйі мешіт-ті, Ақты құдай шешіпті» деген жолдарының астарында да үлкен-үлкен мәселелер жатыр. Осылайша Бұқар жырау әрбір толғауында имандылықтың ақ жолын жадында ұстап отырған. Оның «Бірінші тілек тілеңіз» деген толғауында айтып отырған он бір тілегінің ішінде өмірге керек асылдардың бәрі де бар.

 

Бірінші тілек тілеңіз:

Бір Аллаһқа жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз:

Әзәзіл, пасық залымның

Тіліне еріп азбасқа,

 

– деп басталатын толғаудағы он бір тілектің бәрі де бірінен-бірі құнды. Бірінші тілегінің өзін Аллаһтың атымен бастаған ол имандылық болған жерде жаман іс-әрекет, теріс пиғыл, жөнсіз қиянат болмайтындығын білген жырау ә, дегеннен оқырманын имандылыққа шақыра білген. Сонымен бірге «Үшкілсіз көйлек кимеске», «Бес уақыт бес намаз Біреуі қаза қалмасқа» деп мұсылманның барар жері мен парыздарын да жадында ұстап отырған. Залымның тіліне ермеу, төрде төсек тартып жатпау, жау келгенде сасып тұрмау, төреңнің тақтан таймауы, анаңның аңырап қалмауы, жарыңның жесір қалмауы сынды өсиеттердің бәрі де адам баласы үшін бірінші кезекте тұратын қағидаттар. Оның қай туындысын алсаңыз да осындай үлкен-үлкен өзекті мәселелердің топтап-топтап айтылатынын, оларды бір жерге топтай білетінін байқауға болады.

Ол жырау болғандықтан көбіне толғау түрін пайдаланған. Оның философиялық терең ойға құрылған «Айналасын жер тұтқан», «Ай не болар болар күннен соң», «Ақсаңнан биік тау болмас», «Қара арғымақ арыса», «Құбылып тұрған бәйшешек», «Қорғанды шаһар қаласын», «Асқар таудың өлгені», «Жал, құйрығы қаба деп», т.б. толғауларында шешендік ойлар, тұрақты афоризмдер көптеп кездеседі. Жырау өмірден көргені мен білгенінен философиялық түйін жасап, оны оқырман қауымға ұсынады. «Айналасын жер тұтқан айды батпас демеңіз» деп басталатын толғауында ай артынан күн туарын, өмірдің өзгеріп тұратын динамикалық күйін, ешнәрсенің де мәңгілік еместігін түсіндіреді де одан философиялық түйін жасаса, енді бірде «Жаулық жолын сүймеңіз, Мынау жалған сұм дүние, Өтпей қалмас демеңіз» деп жырлайды. Сондықтан да оның толғауларының тәрбиелік мәні өте күшті.

Мәселен:

Құрсағы құшақ байлардан

Дәулет таймас демеңіз.

Жарлыны жарлы демеңіз:

Жарлы байға тең келіп,

Жайлауға жарыса көшпес демеңіз,

 

– деген жолдарынан бай мен билерге деген ескерту мен бірге жарлы-жақыбайларға деген жұбату мен болашаққа деген үміт отын тұтандыруды көруге болады. «Ай не болар күннен соң?» – өмірдің динамикалылығын танытар толғау. Оның «Етекті кессең, жең болмас», «Ежелгі дұспан ел болмас», «Екі жақсы қас болмас», «Екі жаман дос болмас» деген тіркестері тұрақты афоризмге айналып кеткен. «Жал-құйрығы қаба деп» деп басталатын толғауының әрбір тармағын жеке-жеке мақал-мәтел, тұрақты афоризм, өсиетнама ретінде пайдалануға болады:

 

Жал-құйрығы қаба деп,

Жабыдан айғыр салмаңыз!

Қалыңмалы арзан деп,

Жаманнан қатын алмаңыз!

...Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат тумас...

Жаманнан қатын алсаңыз,

Топқа түсер ұл тумас...

Жаманнан жақсы туса да,

Жақсыдан жаман туса да,

Тартпай қоймас негізге.

 

Осылайша ол өмір құбылыстары мен табиғат заңдылықтарын, қоғамдық және әлеуметтік сан-қырлы мәселелерден түйген философиялық түйіндерін көркем поэтикалық бояумен бейнелей білді. Аз сөзге көп мағына сыйғызып, сөздің мәйегін орнын тауып қолдана білген ақын қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді.

Қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихында адамның жас ерекшелігіне қатысты жыр жолдары көптеп кездеседі. Осындай өлең жолдары Бұқар шығармашылығында бар. «Балалық он жасыңыз», «Жиырма деген жасыңыз», «Атам болған жиырма бес», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда» деген өлеңдерінде адамның жас ерекшелігіне байланысты үлкен-үлкен айырмашылықтарды нанымды бейнелеген. Мұнда қырыққа дейінгі асау тұлпардай құлшынған жастық жалынның елу мен тоқсан арасындағы сүреңсіз сұрғылт шақпен салыстыруға келмейтіндігі нанымды бейнеленген:

 

Жиырма деген жасыңыз

Ағып жатқан бұлақтай,

Отыз деген жасыңыз

Жарға ойнаған лақтай,

Қырық деген жасыңыз

Ерттеп қойған құр аттай,

Елу деген жасыңыз

О да бір көшкен ел екен,

Алпыс деген жасыңыз.

Қайғылы-мұңлы күн екен,

Сексен деген жасыңыз

Қараңғы тұман түн екен,

Тоқсан деген жасыңыз

Ажалдан басқа жоқ екен.

 

Ақын тұтастай он жыл бедерін бір тармақпен көркем бейнелей білген. Осындағы бұлақ, лақ, құр ат, көшкен ел сынды теңеулер өлеңнің ұлттық бояуын қанықтыра түскен.

Бұқар жырау тек жыр-толғау айтумен ғана шектелмей, «аузы дуалы» билердің бірі ретінде ел басқару ісіне де белсене араласты. Ол қазақтың тұтастығын, ел бірлігін сақтауға баса көңіл бөлген. «...Жаулық жолын сүймеңіз, Мынау жалған сұм дүние, Өтпей қалмас демеңіз», не болмаса «Мұсылманның баласы, Сірә, бір кеңес құрыңыз, Бір ауызды болыңыз» деген жолдарынан елді бірлікке, ынтымаққа шақырғанын көреміз. Оның «Керей, қайда барасың» (соңғы жинақта «Садыр, қайда барасың» деп берілген) деп басталатын толғауынан екі ру арасындағы түсінбеушіліктен туған кикілжіңді көрсек, оны сөзбен басатын да жырау. Осындағы «Сен – бұзау тері шөншіксің, Мен – өгіз терісі талыспын» деген жолдардан ақынның қазақ поэзиясына жаңа тіркестер мен ұйқастарды алып келгенін ерекше атаған жөн. Қазақ поэзиясына Бұқар жырау алып келген мазмұн, түр жаңалығы оның осындай айшықты да бейнелі образдарынан танылады.

Көпті көрген көреген қарт керек жерінде Абылай ханның өзіне де сын айтып, оған ақыл-кеңес беруден жалықпаған.

 

Ал, тілімді алмасаң,

Ей, Абылай, Абылай!

Сені мен көргенде

Тұрымтайдай ұл едің.

Он бес жасқа келгенде,

Арқада Әбілмәмбет төренің

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атың жоқ еді,

Сабалақ атпен жүр едің,

 

– деп, басталатын толғауында жырау Абылай ханның кешегі өткен өмірін есіне сала отырып, оған болашақта ел бірлігін сақтау керектігі жөнінде ақын кеңес береді. Келтірілген тармақтардан Бұқар жыраудың Абылай ханның өзіне батырып айта алатындығын аңғаруға болады. Ол – керек жерінде ханға да тілін батыра алған «дуалы ауыз» жырау. «Құбылып тұрған бәйшешекте» ол «Ханның жақсы болмағы – Қарашаның елдігі. Қараша халық сөйлесе, Алтыннан болар белдігі» деп ханның қараша халықпен бірге болу керектігін, халық сырт берсе, кімге хан болатындығын ашық айтып, оған ақыл-кеңес береді. «Қазақтың ханы Абылай» деп басталатын толғауында қазақтың Қанжығалы Бөгембайдай батырынан айрылғанын естіртіп, ханға көңіл айтады. Атақты батырынан айрылған ханның елінің алдында өзіне бекем болуын талап еткен қарт жырау Бөгембайдай батырдың ел мен жер үшін жасаған жанкешті ерліктерін тілге тиек етеді.

ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардың тоғысында жасап, тарихи оқиғаларға куә болған жырау сол тұстағы ел бірлігінің жыршысы болды. Ол «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ей, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Қалданменен ұрысып», «Басыңа біткен күніңіз», «Құбылып тұрған бәйшешек», «Ханымыз отыр аһ ұрып», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» сынды толғаулары арқылы Абылай хандай тарихи тұлғаның көркем бейнесін қазақ поэзиясына алып келді. Аталған туындыларында Абылайдың жас кезінен бастап, өсу, толығу кезеңдерін көруге болады. Ел басқарған ханға жырау керек жерінде ақыл-кеңес берумен бірге оны түзу жолға да салып отырған. Ханның күні қарашамен тығыз байланысты екендігін оның есіне сала отырып, ел басқарудың негізгі тенденцияларын да аша түскен. Қазақтың батырларын мақтан тұтқан жырлары жерді жаудан қорғауда оларға күш-қуат берді. Қазақ поэзиясын мазмұн, түр жағынан байытқан ол ұлттық сөз өнерін соны бейнелі тіркестермен, философиялық толғаулармен жаңа биікке көтерді. Сондықтан да ол жаңа поэзияның бастаушы ретінде тарихта қалмақ.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2481. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия