Студопедия — Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мәшһүр Жүсіп Көпеев






1858-1931

 

Қазақтың көрнекті ақыны әрі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырушы.

1858 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданының аумағында өмірге келген. Әдебиетке деген құмарлығы тым ерте оянған. Мәселелн, ол тоғыз жасқа келгенде «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» тәрізді қазақтың эпостық жырларын жатқа айтатын болған. Он бес жасқа келгеннің өзінде ауыл-аймаққа аты танымал бола бастайды. Ауыл молдасынан араб әліпбиі арқылы хат танып, одан ары сауатын нығайта түсуге талпынады. Соның нәтижесінде 1870-1875 жылдары Бұхара қаласындағы Көкелдаш медресесінде оқып, сол кездегі өлшеммен алып қарағанда, жоғары мұсылмандық білім алып шығады. Бітірген жылы еліне оралып, өзі туған өңірде молдалық құрып әрі бала оқытқан.

Жазу-сызуға ынталы көзі ашық жас жігіт ел ішінде осындай пайдалы қызмет істей жүріп, сол кезде қазақ даласына кең тараған «Дала уәлаяты» газетімен тығыз қарым-қатынаста болады. Алғашқы өлеңдері де осы газетте жарияланған. Сонымен бірге осы газеттің шығарушыларына түрлі хабарлар жазып, журналистік қырын да көрсете білген. Сөйтіп жүріп өз жанынан шығарған өлеңдері де туған өлкесіндегі жұртшылықтың арасына тарап, аты шыға бастаған. Жүсіп Көпеев жастайынан-ақ аз уақытта жан-жағына кеңінен танылып, «Мәшһүр» атанады. Жас ақынды ұнатқан жұртшылық осындай қосымша есім қояды. Кейін өзі де өз атына осылайша «Мәшһүр» дегенді қосып жазатын болады.

Ол өзінің туған халқының тарихын, шежіресін, фольклорын, ақындар шығармашылығын, көркем әдебиетін жинастырып, зерттеумен айналысады. Ақын медреседе алған білімін, істеп жүрген қызметін қанағат тұтып, туған ауылының шегінде қалып қоймайды. Ел аралап, халықтың жағдайымен таныса жүруге бейім болып, ынта білдіріп отырады. Осындай мақсатпен 1887-1890 жылдары туған еліне алыс сапарға шығып, ел аралайды. Атап айтқанда, бұл сапардың кезінде ол Орта Азияның Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Түркістан сияқты қалаларында болады. Сол саяхатының барысында халықтың тұрмыс-тіршілігімен бірге оның рухани мұрасымен де танысады, Фирдауси, Ибн-Сина, Науаи шығармашылығына ден қойып, бойына сіңіреді.

Осындай ел аралау кезінде көзіқарақты ақын жігіт атақты түрколог, этнограф В.В.Радловпен танысып қалады да, екеуінің әңгімесі жараса кетеді. Ескіше сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу жігіттің көзқарасы мен дүниетанымының қалыптасуына Радловтай ғалымның оң ықпал жасағаны сөзсіз. Осыдан кейін ол ел ішіндегі ауыз әдебиеті үлгілерін, ескі аңыз-әңгімелерді жинастыра жүреді. Тек қана жинастырып қана қоймай, оларды жүйеге түсіріп, кітап етіп бастырып шығару мәселесін де қолға алады.

Ресейде 1905 жылғы алғашқы орыс революциясы М.Ж.Көпеев шығармашылығына да қатты әсер еткен. Соған орай ол «Қанды жексенбі» деп аталатын саяси тақырыптағы өлең жазған.

Ол заманда кітап шығарудың оңайшылыққа түсе қоймағаны белгілі. Соған қарамастан, М.Ж.Көпеев бұл іспен түбегейлі түрде шұғылданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алған. Атап айтқанда, ол «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907), «Хал-ахуал», (1907), «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) дейтін кітаптарын шығарады. Бұлар негізінен өлең кітаптары болатын. Олардың бәрін ақын ағайынды Хұсайыновтардың баспасынан шығарған.

М.Ж.Көпеевтің артында қалған мұрасы өз қатарластарымен салыстырып қарағанда аз деуге болмайды. Оның көптеген өлең-жырлары өзінің көркемдік жағымен ғана емес, айтар ойының тереңдігімен де назар аударады. Атап айтқанда, «Өнерге ғылым, білім болсаң жүйрік», «Қазақтың осы күнгі қылып жүрген жұмысы», «Жалғанда таппай бір жар жалғыз жұрдім», «Сәлем хат», «Анама» тәрізді өлеңдері айтар ойының айқындығымен, шымыр жазылуымен назар аударады. Ол – Кеңес өкіметі орнамай тұрып-ақ жазған өлеңдерінде туған елдің бостандығы мен теңдігі, бұқара халықтың еркіндігі сияқты қоғамдық мәні зор мәселелерді өз өлеңдеріне арқау ете білген, сөйтіп бұл тарапта батылдығымен көрінген ақын. Сонымен бірге оның шығармашылығында имандылықты, адамгершілік пен шариғатты дәріптеу сарынында жазылған өлеңдері де елеулі орын алды. Кеңес дәуірінде ақынның бұндай бағыттағы туындыларын ескілікті аңсау, кертартпалық деп бағалаушылықтың болғанын ашып айтқан жөн. Бірақ бүгінгідей ой еркіндігіне мүмкіндік берілген жағдайда бұндай мазмұндағы өлең-жырлар мен дастандарының ешқандай регресстік сипаты жоқ екендігін, керісінше, оқырманды жақсылыққа үндеуде елеулі жүк көтеретінін мойындауға тура келеді.

Мысалы, М.Ж.Көпеевтің Ислам дініне, Шариғат шарттарына қатысты ой-пікірлері, осы тақырыпқа арнаған өлең-жырлары бүгінгі ой еркіндігі заманында керісінше бағаланып, оның аадам тану бағытындағы философиялық позициясынан хабардар ететіндігі туралы оң пікірлер қалыптасуда. Бүгінгі зерттеушілер оның бұл бағыттағы шығармашылығын мәдениет пен діннің келісімі ретінде қарастырып, ақын шығармашылығындағы адамтану идеясының тереңдігіне мән беруде. Мысал үшін алғанда, «Жер мен көк» поэмасында ақын өзінің «Құран» мен Мұхаммед пайғамбардың ұстанымын қалай түсінетіндігі көркем түрде көрініс тапқан. Философиялық мағынасы терең бұл шығарманың діни тағылымдық мәні де зор. Жалпы мұсылман қауымның қасиетті кітабы «Құран Кәрімді» оқырманға түсінікті тілмен талдап көрсетуі оның бірнеше өлеңінде кездеседі.

Жекелеген өлең-жыраларының мазмұнына қарағанда, ақын Ислам дінімен бірге Христиан дінінің де басты канондарын жақсы білген деуге болады. М.Ж.Көпеевтің артында қалдырған дастандарының тақырыптары мен мазмұндары да өзіне тән сипаттарымен қазақ поэзиясына үлес болып қосылған. Атап айтқанда, «Шайтанның саудасы», «Жарты нан хикаясы», «Бұлбұл мен қаршыға», «Екі жас бір кәрі», «Аңқау адам» тәрізді поэмаларында айтылатын ойлардың өнегелік сипаттары айқын. Ақын дастандарының бір парасы араб, парсы әдебиетінде кездесетін сюжеттердің негізінде жазылған. Олай болудың қисыны да бар еді. Өйткені М.Ж.Көпеев араб, парсы тілдерін жақсы білген. Бұлардың мазмұнында Ислам дінін уағыздауға бейміділік байқалады, оқырман көңіліне жағымды әсер ететін жерлері де аз емес. Атап айтқанда, «Гүлшат-Шеризат», «Ғибрат-нама», «Баян-нама» дастандарында осындай сарын бар.

Сонымен бірге ақынның ел ауызындағы көркем сөз үлгілерін жинастырудағы еңбегі де өз алдына бір төбе деп есептеуге болады. Ол әсіресе аңыз әңгімелер, дастандар, тарихи жырлар, шежірелер мен айтыс үлгілерін жинастырып отырған. Ақын өзінен бұрынғы Бұқар, Үмбетей сияқты жыраулардың, Көтеш, Шөже, Шернияз сияқты ақындардың да мұраларын естіп, хатқа түсірген. Тіпті жасы өзінен кіші болса да, өмірден ерте озып кеткен С.Торайғыровтың да жекелеген шығармаларын жазып алғандардың бірі – осы М.Ж.Көпеев. Атақты «Көрұғылы», «Ер Сайын», «Ер Көкше» тәрізді дастандардың да нұсқалары М.Ж.Көпеевтің жазып алуымен сақталып қалған. Осынау жинастырушылықтың арқасында аталған шығармалар мен көрсемсөз қайраткерлерінің біраз шығармалары бүгінгі күнге жетіп отыр.

Кейінгі ұрпаққа жартылай жұмбақ болып көрінген М.Ж.Көпеев 73 жасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылдан 80 шақырымдай жерге қойылған. М.Ж.Көпеев – он тоғызыншы-жиырмасыншы ғасыр әдебиетінде елеулі із қалдырған дарын иелерінің бірі. Ақынның әдеби және ауызша шығармашылығын зерттеушілер қатарында М.Әуезов, С.Мұқанов, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Тәжібаев, Ә.Қоңыратбаев, Д.Әбілев, Б.МИайтанов, С.Дәуітұлы, Н.Жүсіпов және басқалары бар.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2648. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия