Студопедия — Ахмет Байтұрсынов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ахмет Байтұрсынов






(1873-1938)

XIX ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай негізін салған демократтық, ағартушылық бағытты жалғастырып, XX ғасыр басында оны отаршылдыққа, патшашыл езгіге қарсы күреске ұластырған қайраткерлердің алдыңғы легінде Ахмет Байтұрсынов тұрды. Ол 1973 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай өңірінде туған. Әкесі Байтұрсын еліне беделді, қиянатқа қарсы тұратын намысқой адам болыпты. 1885 жылы қазан айында ол елге лаң сала келген ояз бастығы Яковлевті соққыға жығып, інісі Ақтаспен екеуі 15 жылға Сібірге айдалған. Ахаңның кейін күрес жолына түскенде:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам. Алданып тамағыма оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі харам. Адамнан туып, адам ісін етпей, Ұялмай не бетіммен көрге барам, –

деп еске алатыны осы.

Әуелі ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғайдағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын мектепте оқып, білім алған. Одан кейін (1895-1909 жылдары) Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарған. Алайда ол таза мектеп мұғалімі болып қалмай, елдің саяси өміріне араласады, қоғамдық қызметке бет бұрады.

Бұл жылдары патша өкіметі Ресейдегі халық толқуын басу үшін жерсіз шаруаларды Қазақстанға әкеп қоныстандыру шараларын жүргізді. Қазақ шаруаларының жері тартып алынып, олар құнарсыз жерлерге ығыстырылды. Патшалық тарапынан іске асқан шексіз қанау онсыз да асқынып тұрған жағдайда, бұл шаралар халық наразылығын тіпті күшейтіп жіберіп еді. Ел ішінде болып, қарапайым халықтың жүдеу, сауатсыз, надандық пен қараңғылықта отырғанын көрген Ахмет мына жағдайларды тіпті ашына қарсы алды. Әртүрлі төңкерісшіл толқуларға қатысып, отаршылдыққа қарсы үн көтерді, оқу-білімді насихаттады. 1905 жылғы Қарқаралыдағы толқуға қатысып, патшаға шағым жазғаны үшін алғаш түрмеге түскен оның соңына жандармерия бақылау қойды, талай рет абақтыға жапты. Ақыры 1910 жылы Орынбор қаласына жер аударды.

Патша отаршылдығына қарсы күресу оқу-білімсіз мүмкін емес екенін ұғынған Ахмет халықты ояту үшін ағартушылық жолды таңдады. Мектептегі қызметіне көркем әдебиетті, баспасөзді қоса пайдаланды. Осы мақсатпен ол И.А.Крылов мысалдарын аударып, өзі де елді ояту үшін өлеңдер жазды. 1909 жылы Петербургте "Қырық мысал", 1911 жылы Орынборда "Маса" деген кітаптарын бастырды. Орынборда орныққаннан кейін М.Дулатовпен бірігіп (ол да қудаланып келген) 1913 жылдан "Қазақ"газетін шығарысты. Патша

өкіметіне жақпайтын сөздер жариялағаны үшін талай рет түрмеге отырып, ақшалай айып төлеген.

Ахметтің ақындығы "Қырық мысалдан" басталады. Бұл Ахметтің тәуелсіздік жолындағы күресін алғаш жария еткен еңбек болды. Аудару мерзімін Ахаңның өзі кітапта "1901-1904 жылдар" деп көрсеткен. Орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаз балаларды оқытуға, оларды жаңаша тәрбилеуге әдебиетті пайдалана отырып, отаршылдық езген халықтың жай-күйін тұспалдап айту арқылы әділетсіздікке қарсы үн көтеруге әдебиет, оның ішінде мысал жанры қолайлы деп ұқты. Сондықтан да ол аудармаларын мектеп бағдарламасымен шектемей, қалың қазаққа арнайды, қараңғылық пен езгіге қарсы күресуге, елді білім, ғылым жолына үгіттеуге пайдаланады. "Қырық мысалдың" ел ішіне кең тарап, Ахметтің атын да шығаруға себеп болғаны осыдан. "Қырық мысал" әдебиет тарихына жай қатардағы аудармалардың бірі ғана емес, жаңа мағынадағы салмақты, салиқалы ойымен, жарқын көркем бейнелерімен тың еңбек болып кірді. М.Әуезовтің оны "Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі" дейтіні де осыдан болса керек.

Бүгін осы аудармаларды қарап отырсаң, Ахаңды орыс ақынның аудармашысы ғана деп қарау тіпті жеткіліксіз сияқты. Мысалдың дүние жүзілік тарихы, үлгілері, әр елде өз классиктері барын ескерсек, сол жанрды аудару арқылы дамыту, тереңдету, өз ұлтының төл әдебиетінің дәрежесіне жеткізу арқылы атағы шыққан мысалшылардың қатарында тұруға Ахаңның да құқығы бар екенін көреміз. Эзоптен Лафонтенге, Лафонтеннен Крыловқа ауысқан сюжеттер әр халықтың ұлттық характерін аша білуімен төл шығарма боп қабылданды. Крыловты Лафонтеннің аудармашысы деп караушыларға қарсы В.Белинский тіпті де олай емес екенін дәлелдеп, оның характерлерінің ұлттық сипатын, сөз образдарының таза орыстық мән-мағынасын ашып көрсеткен еді. "Крылов өлеңдеріндегі көп жолдары мақал-мәтелге айналып кетті. Солар арқылы дамуды шешуге де өз ойыңды қайдағы бір теориялық дәлелдеуге бармай-ақ, дұрыс жеткізуге болады... Крыловтың тәуір мысалдарында аю да, түлкі де жоқ, олар аң болып көрінгенімен, шын мағынасында адамдар, оның үстіне, орыс адамдары", – деп жазды ол (Белинский В.Г. Собр. соч. в 3-х томах. Москва 1948. т. 2 с. 715).

Ахаң еңбегін осылайша бағалайтын болсақ, оның мысал мазмұнын Крыловтан алғанмен, аңдарды бейнелеу әдісі мен көркем тіл жүйесін түгелдей өз халқының даналығынан алып, пайдаланғанын көреміз. Крылов суреттеген қоғамдық әділетсіздікті, адамдар бойындағы озбырлық пен сұрқиялықты ол қазақтар бойынан табады. Соны қазақы сөзбен ашып, қазақтың ұлттық психологиясын, мінез-құлқын бейнелейді. Оқиғаны баяндаудан соң айтар ғибратына ауысады. Бұған дәлелді кез келген мысалдан алуға болады.

Мысалға "Қасқыр мен қозыны" алып қарайық. Осындағы қозы да, қасқыр да таза қазақтың қозысы, қазақтың қасқыры. Қасқырдың сылтау тауып, қозыға тиісуі, мүсәпір қозының қорқьп жалтаруы, қасқырдың қалай ақталса да, құтқармай, оны жеуге ниет қылуы, арсыздығы – бәрі қазақ ұғымына тән. Бұлаққа су ішуге жалғыз келген козының катерге ілігуін "Бөрі жоқ десең, шығар бөрік астынан" деп Ахмет те қазақ мақалымен түсіндіреді. "Әкеңді алдыңдағы танимысың?" "Мойныңды қазір жұлып алайын ба?" деген қасқыр сөзі де әлділердің әлсіздерге көп қолданатын тіркесі.

Ол саған әлде күйеу, әлде құда, Сүймейді қой атаулы мені жүдә, Я бөлең, я жиенің, я нағашың, Әйтеуір саған ұқсас еді о да.

Бұл жолдарда да қазақтың туыстық қарым-қатынасының сырлары ашылады.

Мысал идеясы ашық.

 

Осындай жазықсызды жазғыратын

Әр жерде күштілер де бар ғой қалып....Нашарды талай адам талап жеп жүр, Бөріден артық дейміз оның несі?...

Мұның несі Крылов? Бұл жолдарды оқығанда, Крылов ұмыт қалып, көз алдына Ахмет қана тұрады. Таза қазақы өлең. Ахмет пайдасына шығатын тағы бір факт – оның Крылов өлең жолдарын жолма-жол аударып отырмай, мазмұнын алып, өзінше қара өлең үлгісімен, өз сөзімен жаңа өлең жасауында. Сондықтан кейде автор оқиғаны баяндауға өзіндік жол тауып, өлең көлемі орысшамен дәлме-дәл келмей, бірде кеміп, бірде өсіп отырады. "Жарлы мен бай" мысалында байлықты армандаған кедейдің қиялын Крылов орыс ұғымьна сәйкес қысқа ғана жеткізсе, Ахмет оның қиялына тастан үй салдыруды, киер киім, ішер асты аямай жұмсауды қосады. Қонағына жұмсар жылқысын, қымызын, қойын, күнде той, күнде қызық ойын-сауығын санамалап өтеді. Бұл да қазақы түсініктен, ұғымнан туған образдар.

Ойды түюге қазақы мақал-мәтелдерді пайдалану, тың сөз тіркестерін табу да Ахметте жиі кездеседі. "Алланың адам басы добы деген", "Жазмыштан озмыш болмас" деген сөзді, "Күнәлі біреу ойдан, біреу тілден", "Бұлттай жерге жаумай, суға жауған", "басыңнан бақыт құсы ұшқан күні құл-құтан басынады, малайың да", "Асылды жасықпенен айырмайтын, сынынан сақта, Алла, надандардың", тағы басқа жолдар да қазаққа ғана тән ұғым-тіркестер.

Осылардың бәрі Ахметті Крылов мысалдарының аудармашысы ғана емес, қазақтың төл мысалшысы, ұлттық әдебиетте мысал жанрын туғызушы және дамытушы ретінде бағалауға дәлел бола алады.

"Маса" жинағы Ахметтің әлеуметтік шындықтың ақыны екенін көрсетті. Оған кірген өлеңдерде Ахмет ойшыл суреткер есебінде дәуірлік құбылыстарға ой көзімен қарайды. Бұл оның "Қазақ салты", "Қазақ қалпы",

"Жиған-терген" сияқты өлеңдерінде айрықша танылады. Бұларда Ахмет ең алдымен өз заманының тың сөзін айтқан, замандастарының жаңа бейнесін ашқан жаңашыл ақын боп көрінеді.

 

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,

Сахара көлге қонып салқындаған.

Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнімізде шарпылмаған.

("Қазақ салты")

Қалтылдақ қайық мініп, еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып, кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру Болғандай табан тірер еш нәрсе жоқ.

("Қазақ қалпы")

Осы жолдардағы бейнелілікке көңіл аударып қарайықшы! Сахараның көлге қонып салқындап, еркін ұшқан қазы өртке душар болып, тәнінде шарпылмаған жер қалмаған! Отаршылдықтың өрті ғой бұл! Осыған қарсы тұрар кім бар, өрт сөндіре алар күш қазақта бар ма? Екінші өлеңде "Қалтылдақ қайық мініп, теңізде жүрген" халықтың күйі суреттеледі. Ақынды осылар ойландырады. Ол тарихтың осындай қиын-қыстау кезінде -алаш азаматының бәрін – "таразыға тартып", сыннан өткізеді. "Тықылдап құр пысықсып сөйлейтіндер" ("Екпіндеп ұшқыр атша қарқындаған"), "Бос белбеу, босаң туған бозбалалар" ("Киіздей шала бықсып қарпылмаған"), "Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар", "Қайырсыз сараң байлар", "Жарқылдаған түймеге сатылған" басшылар – бәрі де өлең жолдарына сыйған. Осыны ойлаған ақын қазақтың қазіргі күйін "қасірет" деген сөзбен түйіндейді. "Байға – мал, оқығанға – шен мақсұт болған" заманда "қазақ азған" дегенді айтады. Күйініп, ызаланып айтады. Ақын халықтың ынтымақсыздығын, берекесіздігін өткір сынайды. "Жат жақты жаратқанға күзеттіріп жақынмен ырылдастық, иттей үрдік!" – дейді. Қандай образ! "Жаратқанға күзеттіруде" бүкіл қазақтың әрекетсіздігі, бейқамдығы жинақталып айтылған.

Ахмет халқына ызалана, күйіне отырып, оның болашағы, азаттығы, елдігі жолына бар тіршілігін арнайды. Көкейдегі көңілді ойын халқына жеткізуді мұрат тұтады. Бұл тұрғыда оның "Жиған-терген" деген өлеңінің мәні ерекше. Бұл өлең жаңа бір дәуірде туған, Ұлы Абайдың арман-мұңын аса бір қажет тұста қайталап қазағына қайта жолдаған "Сегіз аяқтың" жалғасы, жаңа көрінісі сияқты. Ахмет те "Қиырдан қиып", "Құрап", "Сөз терген" тіл мен жақты халқына жұмсайды: "Тасалама ойыңды, жүрегіңнің жарасын көрсет – бәрі қарасын!" – дейді, бірақ сөз үқпайтын жерлестері, өзгермеген дүние тағы да алдын орап, жанын жейді. Күйінген Ахмет Абайша қайғырып, Абайша толғанады. "Жартасқа барып, күнде айғай салып", тек жаңғырығын естіп қайтқан Абай орнында "Қарқылдар қарға, шиқылдар арба, бой сүйсінер сазы жоқ" деп түңіліп отырған Ахметті көреміз. "Ұқтыра алмай сөз әуре, тек құра алмай біз әуре", – дейді. Сөз тағы да айналып келіп ұйқышыл қазаққа тіреледі.

Осыларға күйіне отырса да, Ахмет туған халқынан күдер үзбейді, оларды оятудан үміттенеді.

 

Қазағым, елім! Қайқайып белің! Сынуға тұр таяньп, Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып. Қанған жоқ па әлі ұйқың? Ұйықтайтын бар не сиқың!

деп тіл қатады.

Ахмет өлеңдерінің күрескер геройы бойына төзімділік, қайсарлық, қиындыққа шыдамдылық сияқты қасиеттер тән.

 

Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,

Жарым жолдан қайытпаспын, қарындасым! –

дейді ол Назипа Құлжановаға арнаған өлеңінде. Ең бастысы – ол өзі ұстанған жолына сенімді. Ісінің оң екенін түсінеді.

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес – бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін.

Ахметтің "Масасы" талай елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар ұстаз ағасының ісін жалғастырып алып кетті. Қазақтың ағартушылық, демократтық әдебиеті жаңа заманның талап-тілегіне орай толыса кеңейе түсті. М.Дулатов, М.Сералин, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, С.Дөнентаев, т.б. әр салада қызмет етті. Жаңа жанрларды туғызды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров тәрізді жастар әдебиетке келді. Бәрі бірігіп әдебиеттің ізденісін, тақырыптық ауқымын көтерді. Ендігі жерде Ахметтің олармен жарысып, поэзияда қызмет етуі де қажет болмай қалды. Мұны ол түсінді. Өзін басқа саладағы еңбекке жұмсады. Ұлылықтың өзі де осындай көрегендікте жатыр.

Ахметтен қалған әдеби мұрада оның көптеген публицистік, ғылыми мақалалары, қазақ тілінен оқулықтары ("Оқу құралы", "Әліп би", "Тіл құрал", "Тіл жұмсар", т.б.), "Әдебиет танытқыш" атты теориялық еңбегі бар. Ол "Ер Сайын" жырын (1923), "Жоқтау" (1926) өлеңдерді жинап бастырған. Қазақтар көп жылдар пайдаланған араб әліпбиіне реформа жасап, "төте жазу" нұсқасын кіргізген.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Ахмет оқу-ағарту комиссары болып істеп, жаңа мектеп ашу ісіне пайдалы еңбектер жасаған. Қазақ академиялық орталығының жетекшісі болған. Жоғарғы мектепте сабақ берген.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1851. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия