Студопедия — Омар (Ғұмар) Қарашев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Омар (Ғұмар) Қарашев






(1876-1921)

 

Қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Шығармашылықпен он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдар аралығында айналысқан. Кеңес дәуірінде оның шығармашылығы көп уақыт бойы оқырман назарына ұсынылмай келді, сирек жарияланды. Бірқатар өлеңдері 30-40 жылдары орта мектеп оқулықтарына енді, орыс тілінде шыққан “Қазақ поэзиясының антологиясында” (1958 ж.) жарияланды. М.Мағауин құрастырып, Ленинградтан 1978 жылы шыққан “Поэты Казахстана” жинағында Вс.Рождественский аудармасы арқылы алты өлеңі Одақ оқырманымен табысты.

Омар Қарашев 1876 жылы Ішкі Бөкейлік жеріне қарасты Қарақұдық деген жерде (қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының аумағы) дүниеге келген. Болашақ ақын жеті жасында әкеден жетім қалады. Әуелі ауыл молдасынан хат таныған. Ол оқуды указной молда Ғұмар Жазықовтан оқып, кейін Ысмағұл Қашғари мектебінен білім алады. Ғұбайдолла Ғалікеев хазіретпен иршат (куәлік) алғаннан кейін шамамен 1902 жылдары ақынның өзі де ұстаздық қызметке кіріскен.

Қаламгердің негізгі шығармалары – “Әділ мен Шандаз” (новелла, 1909), “Ойға келген пікірлерім” (философиялық трактат, 1910), “Тұрмыш” (өлеңдер жинағы, 1911), “Қарлығаш” (өлеңдер жинағы, 1911), “Бала тұлпар” (1911), “Өрнек” (философиялық шығарма, 1911), “Бәдел қажы” (1913), “Аға тұлпар” (өлеңдер жинағы, 1914), “Тұрымтай” (өлеңдер жинағы, 1918), “Педагогика” (1918).

Діни мектептен білім алғаны, дін жайында жазғандары Кеңес дәуірінде Омар Қарашев жайлы діншіл ақын деген ұғым қалыптастырды. Ақын 1917 жылы Орынборда алашордашылар өткізген съезге қатысып, дін мәселесін басқаруға атсалысқан болатын. “Тұрымтай” өлеңдер жинағындағы және “Сарыарқа” газетіндегі ұлтшылдық сарында жазылған бес-алты өлеңдері үшін 1946 жылы Омар Қарашев қазақ әдебиеті тарихынан шығарылып тасталды. Осындай көзқарастың салдарынан 1957 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің “Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеуді сын тұрғысынан қарап, пайдаланудың жайы және соларды жақсарту шаралары туралы” қаулысы шыққанға дейін Омар мұрасының қадірі түсіп, жоғалып, құрып кетуіне себепші болды.

Шығыстық, исламдық біліммен бірге Омар Европа жазушы-философтарының шығармаларымен таныс болған. Оның “Ойға келген пікірлерімде” атты мақаласында Лев Толстой философиясын талдап, “Педагогикада” неміс фашизмінің идеологиясына өзек болған Артур Шопенгауэр идеяларын сынға алған. Лермонтовтың “Қашқын”, Некрасовтың “Соғыс қаһары” өлеңдерін аударып, Шәңгерей екеуі жинастырған «Көкселдір» жинағына енгізді.

Омар – кітаби ақын. Өлеңдерін он бір буынды қара өлең үлгісі, дәстүрлі ұйқаспен жазған. Солай бола тұра ол орыс ақындарының өлеңдерін ырғақ иірімін барынша сақтап, әрі түсінікті аударды. Көзі тірі кезінде Қарашев аудармалары, философиялық тақырыптағы мақалалары жиі жарияланып тұрған. Ол он жыл ішінде бірнеше кітап шығарып үлгерген. Кейінірек “Қазақстан” атты газет шығаруға мұрындық болды. Бірақ бұл басылымды түрлі себептермен қазақ даласына кеңінен тарата алмаған. Осы газеттің бетінде жарық көрген “Қауышбай мен Гернштейн” атты фельетонымен Қарашев қазақ сатирасының негізін қалады деуге негіз бар.

1913 жылмен 1917 жыл аралығындағы О.Қарашевтың көп кітабы да шыққан жоқ. 1914 жылы Орынборда “Аға тұлпар” өлеңдер жинағы жарық көрді.

Революция басталған кезде Омар Қарашев Уфада муфтиятта қызмет атқаратын еді. Қазақ жеріне ақын 1917 жылдың мамыр айында оралады.

Алашорда автономиясының құрылуына, Қазақстанның болашақта тәуелсіз ұлттық, демократиялық мемлекет болуына ақын қуанышты сезіммен қарап, басқа мемлекеттермен терезелері тең құқықтық дәрежеде болуын аңсайды. Сөйтіп осынау ұлы мақсатқа жету үшін бүкіл қазақ халқына үндеу тастады. Мысалы, «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Ұран», «Алашқа», «Алаш азаматтарына» деген өлеңдерінде ұлттық езгі мен империялық басқаншылықтан әбден азап көрген елін құлдық пен отарлық бұғаудан босануға шақырады.

 

Құның жоқ, құлдықта өліп ең,

Терезең төрімен болды тең.

Намыстан, қайраттан, қатарға ен!

Басқадан кем болған сенің нең!

 

Ұраным, қорғаным, сен, Алаш!

Жолыңа құрбандық малмен бас!

Өнер тап, өрге шап, қару ап!

Аллалап, алға бас! Алла! Алаш!

 

1918 жылы “Тұрымтай жинағында” ұлтшылдық сарындағы “Көреміз бе?”, революциялық сарындағы “Келер ме екен?!” тәрізді деген өлеңдерін жариялайды.

1918-1919 жылдары Омар Қарашев педагогикалық қызметпен белсене шұғылданады. Орда қаласында жаңадан ұйымдасып ашылған педагогикалық оқу орнында дәріс береді.

1918 жылы 24-қыркүйекте Бөкей губерниялық І мұғалімдер съезінде О.Қарашев оқу ісін ұйымдастыру және оған қаржы сметасын жасау комиссиясының төрағасы болып сайланды. Ол 1918 жылы сәуірде өткен Бөкей облыстық І Советтер съезінің, сол жылғы қыркүйектегі екінші, 1919 жылғы майдағы үшінші, 1920 жылғы мамырдағы төртінші съездің делегаты болған.

«Дұрыстық жолы» газеті 1919 жылдың алғашқы айларынан бастап жарық көрді. Бұл газеттің тұңғыш номері шыққанда, бас мақала орнына Омар Қарашевтың «Дұрыстық жолы» деген өлеңін жариялаған:

 

Қызыл ту ерлер қолға алған жолы,

Ондықтан жарып тіке салған жолы.

Жер бітіп, су аққалы адам ұлы

Жете алмай, қарап көзі талған жолы.

Төр – талқан, есік – ойран мұның үшін,

Қымбатты құрбан талай шалған жолы.

Еңіреген соры арылмай еңбекшінің,

Екі иіні көке жетіп қалған жолы.

Бірігіп бейнетқорлар ерік алып,

Шамшырақ бастарына жанған жолы.

Басында біздің қазақ үрписе де,

Осы күн анығына қанған жолы.

 

«Дұрыстық жолы» газетінде жарияланған мақалаларынан, өлеңдерінен ақын оның Кеңес өкіметін дәріптегені, оның келешегінен көп үміт күткені анық байқалады.

1920 жылы 21-маусымда ІІ Бөкей губерниялық партия конференциясында губком пленумының мүшесі болып сайланған Омар сол жылы І пленумда губерниялық партия комитетінің үлгі-насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітіледі. Осы қызметте жүріп, 1921 жылдың көктемінде қаскүнем жауыздардың қолынан қазаға ұшырайды.

 

Елсізде жатқан жым-жырт иесіз ғана,

Қызғалдақ айналасы қызыл ала.

Сыр айтар, сыбырласар сырласы жоқ,

Жапанда жатқан жалғыз тек бір мола.

Алаштың түзде жатқан бір баласы,

Бойында жаудан алған бар жарасы.

Ақырғы демалыста жатып өзі,

Түсірген ақ қағазға айтқан сөзі...

 

– деген өлеңін қаза болар алдында жазған деген болжам бар.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1605. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия