Студопедия — Хакімжанова Мариям
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Хакімжанова Мариям






(1906-1995)

Қазақ поэзиясына артынан бір топ сіңлілерін ертіп, ақындық мектебімен келген ақын қыздың бірі – Мариям Хакімжанова. Ол 1906 жылы 15-қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды селосында туған. 1931-1932 жж. Рабфакта оқыған ол ғұмыр бойы баспасөзде жауапты қызметтер атқарды. Қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, «Еңбек Қызыл Ту», екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. Қазақ поэзиясын әр жылдары «Ана махаббаты», «Ана көктемі», «Таңдамалы», «Таңдамалы өлеңдер» сынды жыр жинақтарымен байыттты. Аталған жинақтарында ақын туған жердің бай табиғатын, ана мен бала махаббатын, Отан-ананың шаттығын, еңбек күйін, отты жылдар сырын жырға қосты. Басқа ақындар секілді замана сырын жырға қосқан ақынның поэзиясын кеңестік дәуірмен бірлікте қараған жөн.

Ақын поэзиясы – өз өмірінің антологиясы. «Ұрпақ үні» атты өлеңінде «Шаңырағыңды Алтынсарин көтерсе, Мен сол шалдың жалғасымын, тілімін» деп Алтынсариннің тікелей ұрпағы екенінен хабар бере отырып, «Туған елім, туған жерім, мектебім, Алдыңнан сенің басымды имей өтпедім» деп туған жерге тағзым етеді. «Мұз жалап, тас кеміріп отыз бірде, Жесірлік арқалатты ауыр жүгін» деп отыз бірінде жесір қалған келіншекке балаларын аяққа тұрғызудың оңай болмағанын «Балаларға табам ба деп қыстық азық. Жарылып екі қолым күс боп кетті» деген жыр жолдарынан табамыз.

ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаларды жырға қосуда ол да өз заманының жыршысы болды. Туған жер туралы өлеңдерін сөз еткенде кіндік қаны тамған Мезгілден бастап, Қостанай өңіріндегі Меңдіғара, Арақарағай, Аманқарағай, Тобыл, Обаған, Әйет сынды жерлердің бәрі де ақын назарынан тыс қалмағанын көруге болады. «Маған қымбат, туған жерім, тозаңың», дейтін ақынға туған жердің тозаңы да шаңы да қымбат. Сондықтан ақын «Туған жерім, топырағың мен суыңды Өлеңге орап, өзегіме сақтадым» деп оның тасын да, суын да, нуын даа, құмын да жырға қосты. «Бажырақта» «Арқамнан қағып айдыны, Сүйді басып төсіне» деп табиғат ананың перзентіне деген сүйіспеншілігін көрсетсе, «Тобылда» сол жерден шыққан Ыбырай, Нұржан, Әліби, Аманкелді, Естай сында тарихи тұлғалардың ісін мақтан ете отырып, «Батырың майдандасып, жауын жеңсе, Еліңді нұрға бөледі еңбек ерің» деп жырға қосты. Қостанайдың әрбір жетістігі мен жаңалығын жырға арқау еткен ақын туған жердің өсіп-өркендегеніне көңілі марқайып, «Тұлғасы туған жердің сөзге сыймай, Күн болды маңдайымның терін төккен» дейді.

Туған жерге деген ыстық сезім Мезгілден бастап Алматы, Қазақстан, Отан деген ұғымдарға ұласты. Сондықтан да ол алтын аймақ атанған Қазақстанымен мақтанады, шаттанады. «Отан – жерім, Отан – суым, отан – қуат, нәр береді. Отан – ұран, Отан – туым, Отанды ер көгереді!» дейтін ақын жырларының басым бөлігі туған жер мен Отанға арналған. Ақынның Лениннің туы астында теңдікке қол жеткізген қазақ халқының бар табысын ленинзм, сталинзм ұғымымен бірлікте қарауы заңды.

«Жібек заводы», «Ұршық», «Кестешіге», «Пішенші», «Еңбек күйі», «Қырман басында», «Тасқын жыры», «Тың қопарған жастарға», «Кенші жыры», «Жарқылдайды ақ орақ» сынды өлеңдерінде еңбек майданында жүрген еңбекшілердің ерлік істерін «Адал еңбек куәсі, Аққан тері – нұр бұлақ» деп шаттана жырлады. «Маржан болды жауған жаңбыр, төккен тер, Сол маржанды бізбен бірге теріңдер» деген ақын тың жерді игерген еңбекшілердің табысын да жадында ұстап отырды. «Миллиард деген жалғыз сөз Мың мәртебе толғантты» деп Отанға миллиарда пұт астық тапсырған Қазақстаннның жетістігін «Туған жердің топырағын, Торқа десем болғандай» деп асқақ пафоспен жырлады.

Кеңестер Одағының тыныштығын бұзған фашистік Германияға «Жауыздыққа жалындатып, Жаудырам оқ жырдан өткір» деп жырдан оқ жаудырды. 1941 жылы Кеңес жауынгерлеріне оптимистік рухта жыр жолдаған ақындардың алғашқыларының бірі де Мариям Хакімжанова. «Аттандық біз майданға» атты жырында лирикалық кейіпкер басқыншы жауды жеңбей тынбайтынынан хабар берсе, «Қақ, жеңістің дабылын» атты жырында Алматыдан жасақталған генерал Панфилов дивизиясының Москва түбіндегі жанкешті ерлігін жырға қосты. Отанның жүрегін жау оғынан арашалап қалған Берлинге ту тікпей қайтпау керектігін баса айтты. Ақын айтса, айтқандай, осындай отты жырмен рухтанған жауынгерлер Жеңіске жетіп, Берлинге ту тікті. Отан үшін жан қияр осындай отты өлеңдер майдандағы жауынгерлерге отаншылдық рухпен бірге күш-қуат бергені де жасырын емес. Олай болса, ақынның қаламынан туған жыр жолдары майданға жөнелтілген рухани оқ-дәрі еді.

Майданға аттанған жауынгерлердің тылдағы жарына «Сағынарсың, сарғаярсың, Бірақ, сәулем, күт мені» деген сөзі қуат берсе, олардың сағынышын орамалға салған кестемен бейнеледі. Майданда жүрген жауынгердің дұшпанды жеңуінің басты себебін Отанға деген махаббатпен көрсеткен ақын оны туған жерге деген сағынышпен жеткізді. «Батыр қызда» «Көк темір асынғаны тал бойына, Жүктелді ауыр міндет ер мойнына. От шашып екі көзі жарқылдайды, Жұлдыздай сүңгіп шыққан бұлт қойнына» деп Әлия Молдағұлованың ерлігін жырға қосса, Мәншүк Маметова туралы «Мәншүк» поэмасын жазды. «Харьков азат болғанда», «Мерген қыздың анты», «Сұлтан», «Жайықта туған жайсаңдар» – Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін паш еткен дүниелер. Ұзаққа созылып, елді титықтатқан соғыстың Жеңіспен аяқталғанын елімен бірге ақын да қуана қарсы алды. Ұлы Жеңіске Мариям да жыр шашуын шашып, сөзден зер соқты.

Мария ақын – бала тәрбиелеген ана. Сондықтан да «Ана махаббаты», «Ана көктемі» деп аталатын жыр жинақтарында ана сыры, ана жыры басым. Ол балаларға арналған «Бөбегім менің – өлеңім менің», «Ана мейірімі» жинақтарының авторы. Әрбір ананың өз бөбегіне тыныштық тілейтіні секілді Мариям ақын да адамзатқа бейбіт өмір тілейді. «Жырдың сұлу сылдырмағын, Ойыншық қып берейін» деген ақын бөбегіне тыныш ұйқы тілеп. «Сендер үшін біз қорғаймыз, Болашақтың бақыт нұрын!» дейді. «Бөбек жырында» барша балаға бақыт тілеген ана.

«Теңдік жыры» қазақ тарихындағы қыздардың өмірінен хабар береді. Қыз жібек, Баян сұлу, Айман-Шолпандарға опа бермеген қазақтың қыздарын малға сатқанын сынай отырып, Қазан төңкерісімен келген теңдікті шабыттана жырлайды. Алғашқылардың бірі болып теңдікке қолы жеткен Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Шолпан Иманбаеваларды тілге тиек ете отырып, өнерімен әлемге қазақты танытқан Күләшті, батырлығымен танылған Мәншүк пен Әлияның ерлігін жырға арқау ету арқылы жауынгер қазақ қыздарының ел басына күн туса ерге бергісіз ерлік көрсете алатындығымен мақтанады. «Сайра, Күләшта» Күләш Байсейітованың қазақ өнерін биікке көтергенін, «Жас бұлбұлда» «Салғанда салмақпенен «Самараны», Тамылжып таңдайыңнан бал тамады» деп өнерімен елді тамсантып, қазақ деген елді әлемге танытқан Роза Бағланованың әншілігін мақтан етсе, «Тепловозда Тоқбалада» «Мың-мың тонна болаттты, Қыз жетектеп барады» деп тепловозшы қыздың еңбегін жырға қосты. «Төлбала», «Егістегі екпінді Маржан», «Мен қазақтың қызымын» атты жырларында қазақ қыздарының қоғамның әр саласындағы жетістігін жырға қосу арқылы бүгінгі қазақ қызының толық бейнесін сомдады.

Арнау өлеңдерінің де көтерер жүгі ерен. Мәселен, «Ақын ағаға» деген Б.Майлинге арнауында «Би-ағаң ортамызда жүр бүгін де, Өлеңмен сомдап соғып сауыт киіп» деп, оның қазақ әдебиетіндегі орын көрсетсе, «Шолпанға» деген Шолпан Иманбаеваға арнауында «Сайрадың бостандықтың бұлбұлы боп, Болса да қара түнек өскен ортаң» деп, оның күңдік торын жыртып, теңдік алғанына баса назар аударды. «Ана сыры» (Дина Нұрпейісоваға), «Сайра, Күләш», «Қош, бұлбұлым» (Күләш Байсейітоваға), «Лермонтовқа», «Пушкинге», «Өшпес шырақ» (Ы.Алтынсаринге), «Жамбылға», «Ақынға» (Сәбит Мұқановқа), «Жас бұлбұл» (Роза Бағлановаға), «Ақын ініме» (Ә.Тәжібаевқа), т.б. арнаудың жақсы үлгілері.

Оның «Емен туралы жыры» – қазақ поэзиясында үлкен орны бар Ғ.Ормановтың «Емен», «Қарағай сынды өлеңдерінің үлгісінде жазылған философиялық өлең. Ғали ақын қарағай мен емен арқылы мызғымас Отанды көрсетсе, Мариям оны өзінше өрбітті.

«Алпысымда алқа өріп өлеңнен, Өзіңе арнап, омырауыңа қададым» дейтін ақын жырларының басым бөлігі туған жер, Отанға арналған. Оның ХХ ғасырдағы Қазан төңкерісі, Ұлы Отан соғысы, тың жерді игеру, айға ұшу («Айға қонды болат құс»), сынды тарихи оқиғалармен бірге Лумумбаның қазасы мен Алжир қызы Жәмиләнің теңдік үшін күресін жырға қосуы дүние жүзінде болып жатқан оқиғаларға да дер шағында үн қосып отырғанын аңғартады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1500. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия