Студопедия — Лжаппар Әбішев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лжаппар Әбішев






(1907-2001)

Қазақстанның халық жазушысы Әлжаппар Әбішев 1907 жылы 15- қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Көшпелі қазақ ауылында кедей шаруа отбасында туған. Қазақстан жерінде өндіріс орындары ашыла бастаған сол бір тұста қазақ кедейлерінің бірқатары күнкөріс үшін зауытта жұмыс істеуге бет бұрған еді. Әлжаппардың әкесі де осылардың қатарыңда аулынан 40 шақырым жерде ашылған Сәмембет кен өндірісінде жұмыс істеген. Кейін Спасск, Берікқара, Қызылеспе зауытында қатардағы жұмысшы болған. Әкесінің інілері ауыл байларында жалданып еңбек еткен. Осындай жоқшылық тұрмысты жастайынан көріп, Әлжаппар да әке ізімен күнелтуге тырысқан. Мұның бәрі болашақ жазушының көзін ашқан өмір мектебінің алғашқы баспалдағы болатын. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің уақиғалары, кейін Карағанды кенінде жұмысшы болып істеген дәуірдің шындығы болашақ жазушыға өмірлік мол фактілер берді. Сол фактілер негізінде жазушы коғамдық өзгерістердін жолы мен ондағы адамдар тағдыры жайлы толғанысқа мүмкіндік алды.

Әуелі ескіше сауаттанған Әлжаппар кеңес мектебінің есігін тым кешігіп ашады. 1925-1926 жылдары Қарқаралы қаласындағы бірінші басқыш мектепте оқиды. Оны мерзімінен бұрын бітіріп, жалшылар комитетінде қызмет істейді. 1927 жылы Семейдегі мұғалімдер дайындайтын үш айлық курста оқиды. Содан кейін өз еліне келіп, әуелде ауылдағы сауат ашу мектебінде, кейін бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет атқарады.

Отызыншы жылдардың бас кезінде Әлжаппар Қарағандыға келіп, шахтада әр түрлі жұмыстар атқарады, алты айлық кен мас­тер курсында білім алады. Жұмысшылар арасында болып, олардың өмірі мен қоғамдық тіршілігіне араласу болашақ жазушыға көп әсер қалдырады. Жазуға талабы бар жас кейін «Қарағанды пролетариаты» газетіне қызметке ауысады. Онда жұмысшылар өмірінен әңгіме, очерктер жазуға үйренеді.

1935 жылы Алматыға келген Әлжаппар «Завал» атты қолжазба хикаяттың авторы еді. Әуелі ол «Лениншіл жас» газетінде қыз­мет істейді. Оның хикаятын Сәкен Сейфуллин, Ғабит Мүсірепов сияқты жазушылар ұнатып, оның басылуына көмектеседі. Со­дан кейін ол «Әдебиет майданы» журналына редакциясының жауапты хатшысы болып ауысады. Сөйтіп ол жазушылық қызметке бет бұрады. Қарағанды жұмысшыларының өмірі мен өзі көрген ел адамдарының бостандық үшін, жаңа өмір үшін күресі жайлы шығармалар жазады. «Завал» (1936), «Армансыздар» (1938) атты кітаптарын жариялайды, «Совет қызы» (1937), «Отан үшін» (1938) пьесалары сахнаға шығады.

Жазушы өткен осы бір өмір жолының өзіндік өзгешеліктері оның шығармашылығында белгілі із қалдырып, қаламына тән сыр-сыпаттарды анықтай түскені даусыз. Жасынан жұмысшылар ортасында болған Әлжаппар алғашқы қалам ұстаған кезінен бастап өзінің көзін ашып, өмірге жолдама берген таптың жыршысы болып танылды. Мұны жазушының тұңғыш кітабы – «Завалға» жазған алғы сөзінде Сәкен Сейфуллин атап көрсеткен.

Бұдан кейінгі Әлжаппардың жазушылық жолы үздіксіз ізденіске толы болды. Ол екі жанрда – проза мен драматургияда қатар қызмет істеп, тың еңбектер туғызды.

Ұлы Отан соғысы кезінде Әлжаппар шығармалары Кеңес адамдарының Отан сүйгіштік сезімдерін, енбектегі және майдандағы ерлік істерін суреттеуге арналды. Майдан өмірінен ол «Саржан», «Төлеген Тоқтаров» «Кек деп ұшқан оқ» атты әңгіме-повестер хикаяттар жазды. Бұларда патриотизмінің жеңісі, жауынгерлердің ұрыстағы уақиғалары көрсетілді. Тылдағы еңбек адамдарының ерлігін бейнелейтін материалдарды Әлжаппар өзіне таныс Қарағанды шахтерлерінің ортасынан іздеді. Бұл тұрғыда оның «Қарағанды қарттың сыры», «Жер астындағы майдан», «Шахтерларға саяхат», т.б. әңгіме-очерктерінің едәуір маңызы бар.

Осы жолмен жазушы үлкен прозаға бет түзеді. 1939-1940 жылдары «Әдебиет және искусство» журналында оның «Достар» деген романының үзінділері жарияланған еді. Бірақ тұтас күйінде роман басылмады. Жазушының бұл саладағы алғашқы елеулі еңбегі – соғыстың аяқ кезін ала жарық көрген «Жас түлектер» (1945) романы.

Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, бұл романда Әлжаппар жаңа заман жағдайында өсіп, тәрбие алған жас ұрпақ өкілдерінің соғыстың алдындағы және соғыс кезіндегі өмірін суреттейді. Мәскеуде оқып жүрген жастар соғыс басталысымен бірі Донбасса, бірі Қарағандыға аттанады. Донбасса барғандары оны қорғау жолындағы ұрысқа қатынасса, Қарағандыға келгендер майдан қажетіне мол көмір өндіру, ол үшін көмір комбайнын ойлап шығару істеріне араласады. Жас ұрпақ аға буын өкілдерімен бірлесе отырып, еңбектегі қажырлышықтың үлгісін көрсетеді. Қарағандыға қатысты роман уақиғасын Тайман, Қазыбек сияқты қарт жұмысшылардың отбасылық қарым-қатынасына құра отырып, жазушы жұмысшы табы өкілдерінің әр буыны тағдырына назар аударады. Романда Қазыбек, Тайман, Мырқал, Абзал, Сәуле, Мирон, Нұрлан, Павел сияқты жап-жақсы образдар бар. Ұлы Отан соғысының ауыр сынынан алып өткен біздің халықтардың патриотизмі, достығы, махаббат, ерлік сыпаттары романда осы кейіпкерлер арқылы кең көрініс табады. Кейін автор роман сюжетін драмаға көшіріп, «Достық пен махаббат», «Мен өлмеймін» атты пьесалар жазды.

Соғыстан кейінгі дәуірде де Әлжаппар қоғамдық дамудың
міндеттері алға қойған мәселелерге қызу үн қоса отырып, «Үлкен
жолда» (1949) атты хикаят пен «Сахара сәулеті» (1956) атты роман жариялады. Бұларда бейбіт еңбектің көкейкесті мәселелеріне
назар аударылды. Табиғатты игеру жолындағы қажырлы күрес, Мойынқұм, Бетпақдала сияқты жерлерде мал шаруашылығын өркендетудің жағдайлары, ауыл мәдениетін көтеру шаралары аталған шығармалардың өзекті проблемалары болып табылады. Көркемдік ізденістерінің ала-құлалығы
бола тұрса да, бұл шығармалар жазушының біздің бүгінгі өміріміздің мәселелері жайлы мол ой түйіп, үнемі толғаныс үстінде жүретінін дәлелдеді. Кейін бұл «Ғаламат» (1971) хикаятына ұласты. Соңғы шығармада автор біздің қоғамдық дамуымыздың қырлары мен сырлары жайлы кең толғанысқа барады, өз ойларын дәуір адамдарының бейнелері арқылы ашуға
ұмтылады. Бұл тақырып кейін Әлжаппардың драмалық шығармаларында («Мансап пен ұждан» пьесасы) кеңірек әрі тереңірек көтеріледі.

Әлжаппардың тарихи тақырыпқа жазған прозалық шығармаларынан анық «Терең тамырлар» (1952), «Найзағай» (1975), «Жаралы сұңкар» (1978) роман-хикаяттарын атауға болады. Мұның алдыңғысы Қазақстандағы революциялық күрес дәуірінің шындығына негізделеді де, шетел интервенттері мен ақгвардияшылар үстемдігі кезіндегі қазақ еңбекшілерінің партизандық қозғалысы жайларын әңгімелейді.

«Найзағай» романы – қазақтың белгілі әнші-композиторы Мәдидің өміріне арналған. Автор беймезгіл заманда туып, өмір кешкен творчество адамының трагедиялық күйін әділетсіз заманмен қайшылықта көрсетеді. Бірақ оның осы тектес өнер адамдары өмірін суреттеген шығармалардан айырмасы бар. Автор Мәдиді ең алдымен заманның әділетсіздігіне қарсы ерлікпен бас көтерген өз дәуірінің батыры, халық қамқоры ретінде көрсетеді. Өзінің әнімен, жырымен ол туған елінің рухын көтерсе, күнделікті тіршілік үшін күресте әрқашан халық қасында болады. Халқын сүйген батыр ұл елім деп еңіреген кезде, қорлыққа шыдай алмай, билеуші топпен, ел әкімдерімен, патша өкіметінің өкілдерімен бетпе-бет келіп қалады. Соның бәрінде Мәди мысы дұшпанын басып, жеңіп жатады. Сондықтан да оның бейнесін танытуда жазушы сөзден гөрі іске көбірек көңіл аударады. Ел басына күн туып, халық аштан қырыла бастағанда Мәди ауқаттылардың малын барымталап әкеліп, аштарға үлестіреді. Мұнымен ол әрі елін аштықтан қорғайды, әрі үстем таптан кек алады. Мәдидің Түнекбай, Шомбал ауылдарын шауып алуы, генерал-губернатордың өзін торуы – оның әділетсіздікке, өктемдікке қарсы жаса­ған айбары. Бір жағынан қуғындалып жүрген Мәдидің ойламаған жерден өзін іздеушілермен кездесіп оларды күйретіп, күлкілі күйге ұшыратып кетіп отыратын мінезінен жазушы Найзағай бейнесін таныды.

Әрине, Мәди саналы күрескер дәрежесіне көтеріле алмайды, Әлжаппар да мұндай мақсатты алдына қоймаған. Беймезгіл заманда өмір сүріп, қорлыққа төзбей, әділетсіздікпен алысып өткен, ешкімге намысын таптатпаған адамның бейнесінде ағылшын фольклорының атышулы қарақшы геройы Робин Гудтың өміріне ұқсастықтар бар. Оның өмірі үнемі қуғында, айдауда өтеді. Саналы, топтасқан күрес Мәдидің арманы болып қана қалады. «Қайран елім, мен қашан сенің жауыңа сермеген семсерің болар екенмін. Жалғыз атты қашқын болмай, қол бастаған қамқоршың болсам, жар қызығын көрместен жастай өліп кеттім демес ем-ау!» – дейді ол толғанып.

«Жаралы сұңқар» хикаяты – «Найзағай» романының жалғасы іспеттес. Онда Мәди өмірінің соңғы кезі суреттеледі. Бірақ Мәди бұл кезде сырқат. Белсенді әрекетімен көзге түсе бермейді. Алай­да Мәди бастаған топтың үстем тапқа қарсы күресі қырда тоқтамағанын көреміз. Мәдидің жақсы көретін серігі Иман Текеш болыс пен оның інісі Текежаннан кек алу үшін күресуде. Мәди мен Иманның үстем тапқа деген жеке басының кегі 1916 жылғы майданның қара жұмысына қазақтан адам алуға арналған науқан кезіндегі халықтық көтеріліске ұласады. Жаралы сұңқар ұша алмай жатса да, дұшпандарын айбарымен жасқап, туған халқына шапағатын тигізу үшін арпалысып жатқаны көрінеді. Шығарма Мәдидің ер мінезді, батыр тұлғасын толықтыра түседі.

Жазушылық қызметін прозадан бастап, проза мен драматургияда қатар жазған Әлжаппар творчествосының негізгі салмақты жағы соңғы жанрда жатыр. Ол – драматургияның біздің ұлттық әдебиетімізде есейіп, буынының қатаюына, қазақ театрының өсуіне үлкен үлес қосқан жазушы. 1937 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының сауыққойлар үйірмесінде қойылған «Совет қызы» деген бір актылы пьесадан бастаған Әлжаппар содан бергі уақытта ірілі-ұсақты отыз екі пьеса жазыпты. Оның 24-і көп актылы. Дені сахна көргендер. Тек М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында драматургтың 12 пьесасы қойылған. Бұл жағынан, Әлжаппар – бұл театр сахнасында Мұхтар Әуезовтен кейінгі
(14 пьесасы қойылған) пьесасы ең көп қойылған драматург.

Ұлы Отан соғысы кезінде Әлжаппар «Қырағылық», «Намыс гвардиясы» (М.Әуезовпен бірігіп жазған) атты пьесалар жазды. Оларда автор халықтың майдан мен тылдағы екі жақты жанқиярлық күресін бейнеледі. Әсіресе панфиловшылардың Москва түбіндегі ерлігі уақиғаларын суреттейтін «Намыс гвардиясы» өз дәуірінін шындығын нақтылықпен көрсеткен, қазақстандық жауынгерлердің патриоттық сезімін, содан туған ерлік істерін насихаттаған патетикалық көтеріңкі стильдегі туынды болып табылады. Онда қазақстандық жауынгерлердің астананы қорғау кезінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі мен отаншылдық сезімі көркем бейнеленеді. Авторлар шын болған уақиға мен оған қатынасқан адамдарды өзіндік ерекшеліктерімен, мінез-құлқымен, қайталанбас дара сыпаттарымен көрсетуте ұмтылады. Генерал Панфиловтың, Бақытжан Намысұлының, Сабыр Жанбозовтың, Төлеген Тоқтаровтың, тағы басқалардың бейнелерін жасауда бұл ізденіс айқын байқалады.

Соғыстан кейінгі дәуір драматург үшін ең бір табысты, өрлеу жылдары болды. Өзінің ең тәуір шығармаларын Әлжаппар осы кезде жазды. «Достық пен махаббат», «Бір семья», «Мұзбалақтар», «Біз асқан асулар», «Күншілдік», «Кім менің әкем?», «Мен өлмеймін», «Армандастар», «Әке үкімі», «Белгісіз батыр», «Мансап пен ұждан» – жазушының сол дәуірде жазған драмалық шығармаларының бәрін емес, ең елеулі дегендерінің өзін атасақ, осы тәрізді ұзақ бір тізім жасалады.

Соғыстың соңын ала жазылып, сахнаға шыққан «Достық пен махаббат» пьесасы – Әлжаппар шығармашылығының ең тәуір үлгісі. «Жас түлектер» романының материалдары негізінде жазылған бұл пьеса тек тақырыбымен ғана емес, реалистік драма жолындағы үлкен ізденістерімен, жарқын жасалған образдармен, геройлар қақтығысын дәл бейнелеген драмалық тартысының шынайылығымен кезінде үлкен бағаға ие болған. Қазақстан жазушыларының Ш съезінде (1954) М.Әуезов оны «Совет тақырыбына жа-зылған қазақ пьесаларының ең тәуірі, ең тұрақты көркемдік сипатқа ие болып шыққаны» деп бағалаған.

Біздің адамдарымыздың биік моральдық бейнесі, ар тазалығы, сезім байлығы мен ұстамды, тұрақты мінезі – Әлжаппар геройлары өмір бойы күрескен жаңа адамдық сапа. Осындай адамдар ғана қоғам дамуында табанды күрескерлік көрсете алады, ар-ұжданның тазалығын сақтайды, қара басының қамынан халықтық істі жоғары қояды, елі үшін отқа да, суға да түсе алады. Геройларын революциялық күрестің қиыншылықтарына салып сынаса да, таптық тартыстың ауыр соқпағы арқылы алып өтсе де, Ұлы Отан соғысының қанды майданынан өткізсе де, Әлжаппар олардың бойындағы осы қасиеттердің тұрақтылығын тексереді. Адамдар мінез-кұлқын ол дәуір мен ортаның сынына салады. Мысалға, «Белгісіз батыр» пьесасын алайық. Мұнда автор екі түрлі үлкен проблемаға назар аударады. Бірі – соғыста хабарсыз кеткен, ерлігі белгісіз қалған талай батырлар бар. Оларды ұмытуға болмайды. Елім деп еңіреген ерлердің есімі әрқашан халық жадынан шықпауға тиіс. Екіншісі – олардың артында қалған елдің өзі ала-құла. Мардан сияқты адал ғалымдар мен Дүрмек сияқты мансапқұмар пәлеқорлықпен өсіп жүргендер қатар өмір сүруде. Белгісіз батырлардың атын жаманатқа шығарып, Дүрмектер сол арқылы кейінгі адал адамдарды ықтырып, қорқытып ұстамақ болады. Жазушы демократияның нормалары бұзылған кезде орын алған ұнамсыз фактілердің әлі де барын ескертіп, Дүрмек типтес адамдарды әшкерелейді. Пьесаның композициясында күтпеген уақиғалардың тартысқа айналуы, көп жайлардың шығарманың соңына шейін жұмбақ болып келуі сияқты жайлар көрінеді. Онда қазіргі драманың формалық ізденістерінің де әсері бар.

Әлжаппар пьесаларының негізгі тақырыбы жазушының өз заманының шындығы. Ол өмірдің қуанышы мен күйінішін, табыстары мен олқылықтарын жазушылық сезімталдықпен түйсіне отырып, өзі көрген, сезген, түйсінген шындық туралы оқырманмен әрдайым ой бөлісіп отырады. Еліміздің алдында тұрған әлеуметтік мәселелермен қатар моральдық нормаларды сақтау қажеттігіне назар аударады. Сондықтан жазушы қаламынан шыққан шығармалардың көбі қоғамға шексіз берілген патриот, ары таза, рухы биік адамдардың бейнесін сомдауға арналады. Бұған «Мансап пен ұждан», «Нұрлы жаңбыр» сияқты пьесалар мысал бола алады.

Әлжаппардың таңдаулы шығармалары біздің әдебиетіміздің алтын қорына кірді. Әсіресе оның драмалық шығармалары – халқымыздың үлкен рухани байлығы. Әр дәуірдің тартысты сыпаттарын тап баса білу, жазушылық сергектік, оған қоса драматургтік өскелең шеберлік – оның біздің әдеби өмірімізден лайықты орын алуының себебі. Күтпеген оқиғадан тартыс тудыру, оның шешімін шығарманың аяғына шейін жұмбақтап жеткізу, жазушылық позицияның айқындығы, содан туатын геройлардың бүкпесіз көзқарасы – Әлжаппар пьесаларының атап айтарлық өзгеше сыпаттары. Өзі жұмысшы табының ішінен шығып, өзінің мүдделестері мен еңбектестерінің өмірін үздіксіз жырлаған оны өзінің творчестволық мұрат-мақсаты етіп ұстаған жазушының негізгі табыстары да осы салада.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1731. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия