Студопедия — Сара Мыңжасарова
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сара Мыңжасарова






(1924-2002)

1924 жылы 29 қазанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қара Шоқат деген жерде туған. Ақтөбедегі мұғалімдер институтында оқып, оқу-ағарту саласында жауапты қызметтер атқарған. 1952 жылы республикалық екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімін бітіріп шығып, ұзақ жылдар Талдықорған, Алматы облысы редакцияларында қызмет істеген. 1971-1973 жж. Байланыс министрлігінің мерзімді баспасөзді тарату басқармасының баспасөзге жазылу бөлімін басқарған.

Бірнеше очерктер кітабы мен көркем аударма саласында қазақ тіліне біршама еңбектерді тәржімалаған. Қазақ прозасына «Қыр қыздары», «Әйел бақыты», «Төзім шеңбері» атты романдармен бірге «Өмір көріністері» атты повестер мен әңгімелер жинағын қосқан жазушы.

«Қыр қыздары» атты романында ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ әйелдерінің тағдырын сөз етеді. Қаншайым, Гауһар, Зейнегүл бейнелері арқылы сол тұстағы қазақ әйелдерінің басынан өткен қиын-қыстау өмірін көркем бейнелеп көрсеткен. Жазушының «Әйел бақыты» атты романы бұрын шыққан «Қыр қыздары» деген кітаптың өңделген, толықтырылған нұсқасы. Роман оқиғасы Жетісу өлкесіне келген алғашқы революция дабылын, байлардың есігінде жүрген жалшы-батырақтардың бас көтеріп, ауылда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысуын көрсетуге арналған. Романның негізгі желісі қазақ төңкерісіне дейін теңдік ала алмаған, мал орнына сатылып келген қазақ қыздарының, әйелдердің қасіретті тағдырын, жарқын болашаққа ұмтылуын ашып көрсетуге құрылған. Романның оқиға желісі Сарманның Қаншайым, Гауһар деген екі қызының төңірегінде өрбиді. Қаншайымды айттырған Досанның үлкен ұлы Асыл қатты науқастан кенеттен қайтыс болып, кіші ұлы Қалдыбек он үшке толған бойда оған жесірін алып береді. Жазушы Қаншайымның Қалдыбектің ержетуін күтіп жүруі арқылы қазақ қыздарының басынан кешкен күйін аша түскен.

Жаңа заман тууының арқасында Гауһардың өмірге деген көзқарасы да басқа. Оны Жұманның алып қашуынан түк те шықпайды. Гауһардың неке суды төгіп тастауы – қазақ қыздарының жаңа заңға сүйеніп, бас бостандығы үшін күресе бастауын байқатады.

Әйелі Сұлусарыны делегат болдың, жаңа заңды қостадың деп күйеуі Елпанның ұрып өлтіруі – ХХ ғасыр басындағы өмірдің көркем бейнесі. Сұлусарыны арашалаймын деп Елпанның таяғына жығылған Қаншайымды жар ету Қалдыбектің ойында да жоқ. Ол – атам қазақтың әмеңгерлігінің жөнсіз екендігін түсінген жаңа заман жасы. Сондықтан Қаншайымның өз бақытын табуға тілектес. Жазушы ғасыр басындағы әйел теңсіздігін осындай нақты оқиғалармен аша білген. Романдағы Нұржан мен Ақтай, Кенжәлі мен Жапарқұл, Гауһар мен Балымай – жаңа заман жастары. Гауһарды оқтан аман алып қалу үшін өзін оққа тосқан сарғасқа Елпанның оғынан қаза табады. Олар Қытай ауып бара жатқан Жұма мен Елпанды қуып жетіп, Сұлусары мен Сарғасқа үшін Елпанды оққа байлайды. Елпанға оқ атқан Балымай мен Гауһар – бас бостандығы, әйел бақыты үшін күресе білген жандар.

«Төзім шеңбері» атты романы «Осылай ма едің, махабббат», «Ұждан», «Ой үстінде», «Кездесу», «Қанаттану», «Дүние кезек» деген бөлімдерден тұрады. Жазушы «Жаным, сені осылай өмір бойы көтеріп өтем» дейтін Сәлкеннің Мәскеуде он жыл оқыған соң, құдай қосқан жарынан безіне бастауының сырын ашуға тырысқан. Ғасырлар бойы қазақта әйелі мен баласын тірідей тастап кеткенін не естімеген, не көзімен көрмеген Күнсұлу Сәлкеннің қалаға барып оқыған соң, өзгеріп шыға келетінінен хабарсыз еді. «Аға өлсе, іні мұра» деп жесірін далаға тастамаған қазақтың сүйегіне сіңбеген жаман әдеттің жаңа заманмен бірге пайда бола бастағанын да жазушы әдемі көрсеткен. Күнсұлу туралы оқымаған, надан, көзқарасымыз сай келмейді деген Сәлкеннің сылтауын жазушы нақты мысалдармен жоққа шығара білген. Оған «Сал-сал Зарқом», «Жүсіп-Зылиқа», «Қобыланды батыр», «Мұңлық – Зарлық», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сынды жырларды жатқа айтатын Күнсұлудың араб әрпімен жазылған қолжазбаларының ғалымдардың жинауы бойынша ұлттық қорға еніп, ғылыми айналымға түсуі мысал бола алады.

Негізгі оқиға Күнсұлудың төңірегінде жүріп жатады. Он жыл бойы шаңырағын күзетіп, отын жағып, баласын бағып отырған Күнсұлуда артық ойдың болмағаны да жасырын емес. Күйеуі тастап кетіпті дегеннің қазақ арасында болмаған кезінде Күнсұлуды Сәлкеннің тастап кетуі – оны тірідей өлтіру еді. Адам төзбес қорлыққа шыдау оған оңай болған жоқ. Өз-өзіне қол жұмсауға балапанын қимаған Күнсұлудың құр сүлдерін сүйретіп, өмірден баз кешуі де нанымды бейнеленген. Бірақ, Құдай алдында біреудің ала жібін аттамаған, ары таза жанға абысын-ажынның жанашырлықпен қарауы оның бейнесін аша түскен. Күнсұлудың есін жиып, ел қатарына қосылуы арқылы «Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп» деген даналыққа жан бітіреді. Күнсұлуды қайтсе де тұнжыраған тұңғиықтан шығармақ болған Бәтима мен Ақлиманың: «– Неменеге қарайып жүрсің? Байсыз қаламын деп қорқасың ба? Тұғырдан түсіп отыр ма едің? Мына Бәтиманың баласы сол интернатта емес пе? Ауыл мектебін бітіргендердің бәрі-ақ ертең сол интернатқа барады. Іңкәрдің барып интернатқа кіргенінде не тұр? Сол кемшілік пе?», – деп ашу шақыра шаңқылдауы мен қайнағаларының қамқорлығы арқасында есін жинайды. Күйеуі тастап, қызы интернатқа кетіп қалған кездегі Күнсұлудың адам төзбес ауыр күйін жазушы шынайы аша білген. Оған ауыл әйелдерінің сөзбен демеу жасауы, ақсақалдардың сүйемелі оны аяғынан тік тұрғызады. Солардың ақылымен өзі де білімін көтеріп, мектептің үш сыныбын бір жылда қосып оқиды да КомВУЗ-ға оқуға түседі. Білікті агроном болып Қазақстанның атынан Мәскеуге пленумға барады.

Үздік оқитын Іңкәрдің әке-шешесі ажырасқан соң өз мектебіне бармай, интернатқа кетіп қалуы арқылы ата-ананың теріс әрекеті бала психологиясына қатты әсер ететіндігін көрсетуге тырысқан. Әкесінің шешесі екеуін тастап кеткенін, басқа әйелге үйленіп балалы болғанын естіген Іңкәрдің әкесіне деген көңілі суып шыға келеді. Осы арқылы жазушы балаларды алдауға болмайтынын түсіндіреді. Ал, Күнсұлу мен Андрей баланың көңіліне дық түсірмеу үшін оның дайындығын төрт жыл күте білді. Бұл тұста олардың махаббаты да пісіп-жетіліп еді. Іңкәрдің Андрейге бауыр басып, оның мамасына да ұнауын асыға күтуі олардың арасындағы сезімді шыңдай түсті.

Күнсұлудың көркіне сай жоғары ақыл-парасат иесі екенін Иннаның мына сөздері де толықтыра түскен: «– Сіз кешіріңіз, Сәлкеннің бұл мінезін ожарлық дей көрмеңіз. Жігіттерді былай қойғанда, әйел мен сізді Москвада көре сала ғашық болғам, сондағы бар нұсқаңыз, жуан бұрымыңыз әлі көз алдымда. Сәлкен үшін кешірім сұраймын. Сізді алғаш көргеннен бері өзімді кінәлі сезінуші едім. «Білмеген у ішеді» деген. Кешіруіңізді өтінем. Тіпті Сәлкен тарлық етпесе, сізбен достасқым келеді, сіңліңіз болуды тілер едім. Ал, Андрей, сіздің өмірлік сапарыңыдың сәтті болуына тілектеспін. Сіз де кешіріңіз»[9]. Иннаның бұл сөзі Кұнсұлудың сұлулығын ғана емес, өзінің қысылтаяң шақтағы тапқырлығын ашуға қызмет етеді. Жазушы көрік десе көрік, білім десе білім, төзім десе төзімі бар Күнсұлудың қадірін білмеген Сәлкеннің ісін «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген халық даналығына сыйғызған. Күнсұлуды Андарейден қызғанған ол көпке күлкі болады. Автор жесірін далаға тастамаған қазақ халқының атадан-балаға мирас болған озық дәстүрін үлгі ете отырып, жаңа заманмен ілесе келген жат қылықтарды сынап, оны Сәлкен ісімен көрсете білген.

«Өмір тынысы», «Мейірім», «Өмірдің бұраң жолдар» повестері мен әңгімелері енгізілген «Өмір көріністері» атты жинақта адам өмірінде, қоғам өмірінде белең беретін құбылыстар – адамгершілік, арлылық, сондай-ақ өмірдің көлеңкелі жақтары бейнеленген. Шығармаларда еңбек пен талант ұштасқанда зерделі адам көтерілетін биік тұғыр сәулеті суреттеледі. Жазушының шығармаларында әйел-ана, махаббат тақырыбының орны ерекше. Әйелдің жанын әйел түсінбесе, басқа кім түсінеді? – деп түйген жазушы өз шығармаларына ХХ ғасыр басындағы әйел теңсіздігінен бастап, бүгінгі қазақ қыздарының қоғамның әр салада қызмет етіп жүргеніне дейінгі аралығын арқау етті. Сондықтан да оның кейіпкерлері – еңбек майданында шыңдалған адамгершілік мұраттарын бойына жинақтаған арлы жандар.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2362. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия