Студопедия — Уандық Шаңғытбаев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Уандық Шаңғытбаев






(1925-2001)

Қуандық Шаңғытбаев 1925 жылы 21-наурызда Ақтөбе облысы, Қарабұлақ ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген ол 1944-1955 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтында кафедра меңгеруші қызметін атқарды. Сол жылдары облыстық «Социалистік жол», «Актюбинская правда» газеттерінің бөлім меңгерушісі болып істеп, 1955 жылдан бастап республикалық «Қазақ әдебиеті» газетіне ауысады. «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, бас редакторы қызметтерінде ысылғаннан кейін «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ радиосында бас редактор қызметтерін атқарды.

1945 жылы «Ар» деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрсе, оның қатарын «Өлеңдер» (1965), «Аққу әні» (1968), «Арма, республикам» (1974), «Лирика» (1976), «Гүл – толқын» (1982), «Саршатамыз» (1982), «Жыл құсы» (1987) «Махаббат пен ғадауат» (1995) атты лирикалық жинақтары толықтырды.

Сонымен бірге ол Қ.Байсейітовпен бірлесіп, «Беу, қыздар-ай» (1960), «Ой, жігіттер-ай» (1967), «Құтырғаннан құтылған» (1960) пьесаларымен бірге «Алтын таулар», «Айсұлу» (1963) операларының либреттосын жазды.

Поэзия, драматургия жанрларына қомақты үлес қосқан қаламгер көркем аударма саласында да еңбек етті. Батыс классиктерінен М.Ю.Лермонтов, И.В.Гете, Р.Бернс лирикалары мен М.Горькийдің «Қыз бен ажал» поэмасын, А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын, шығыстан О.Хаямның рубаяттарын қазақ тілінде сөйлетті. Көркем аудармадағы осындай нәтижелі еңбектері үшін Халықаралық Пушкин сыйлығына ие болды.

Қуандық Шаңғытбаевтың ақын ретінде таныла бастаған кезі – қырқыншы жылдар шамасы. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол да басқа замандастары секілді қолына қару алып елді жаудан қорғау үшін майданға аттанды. Соғыс аяқталған соң С.Мәуленов, Х.Ерғалиев, М.Әлімбаев, Ж.Молдағалиев, С.Сейітов, сынды белгілі ақындармен бірге Қ.Шаңғытбаев, А.Шамкенов, Ғ.Қайырбеков, Қ.Жармағанбетов сияқты жас таланттар қазақ поэзиясына келіп қосылды. Сондықтан да оның лирикасының біршамасы майдан даласындағы шындыққа құрылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында лирикалық кейіпкер туған жерді жаудан қорғау үшін «Хош бол, қайран Қазақстан – туған ел, Күрең қабақ, күміс толқын сай-салам!» деп майданға аттанады. Сол тұстағы туған елдің, Отан – Ананың ауыр күйіне күйзелген лирикалық кейіпкердің ішкі сезім күйлерін «Алатау алқабынан аттанғанда», «Мен келіппін дүниеге болып адам», «Түтін ыстап жанарын, көрмей ұйқы», өлеңдеріндегі мына жолдардан байқауға болады:

Бір қарашы ұлыңа, Отан – Ана,

Ақ кіріпті шашына түндей қара.

Қуаныштан басқаны білмеуші еді,

Жүрегіне түсіпті удай жара.

Немесе:

Қан мен жасқа бөкті ғой бағым, көлім.

Соны көріп ашиды арым, кегім.

Қайран Елім, қан кешіп жүрмін мен де,

Бір сен үшін жаным тегін!

 

– деп жырға қосты. «Жауынгер монологында» ақын туып өскен жері Еділді жау қолына бермеуге «Қаусатпай жау жасағын шешпен белім» деп уәде береді. Жұбан Молдағалиев «Мен – Қазақпын» деп жар салса, Қуандық Шаңғытбаев «Мен – Қазақ» деп атой салды: «От барда өзегімде өтем сен деп, Туған ел, мен қазақпын атыңды ақтар». Ақ табан шұбырындыны басынан өткізген, Аңырақайда ерлік көрсеткен қазақтың бүгінгі ұрпағы басқыншы жауға Ақ Жайық пен Қара Ертісті, Сарыарқа мен Бетпақдаланы бермек емес. Сол тұста жазылған «Жас партизан сыры», «Қоштасу», «Қауышу», «Кісі өлтіргіш боп тумадың анадан», «Отан» өлеңдерінде «Енді білдім: Отан деген Өзіңдей әз ана екен» деп түйген ақын Бауыржан Момышұлын елі үшін еңіреп туып, етек-жеңін түрінген Махамбетке теңейді. Бауыржан Момышұлы мен Төлеген Тоқтаровтың, Әлия Молдағұлованың ерен ерлігін басқа ақындар секілді Қуандық ақын да шабыттана жырға қосты. Туған жерді басқыншы жаудан қорғау жолында ақын біраз жетістікке жетті. Қасық қаны қалғанша күресуге бел буған лирикалық кейіпкердің Жер – Анаға, Отан – Анаға деген Отансүйгіштік сезімі ашыла, толыға түсті. Осылайша ақын шағын лирикаларында Жер мен елдің қадірі ел басына күн туғанда арта түсетіндігін нанымды түрде бейнеледі. Ақын туған жер тақырыбына әр жылдары қайта оралып отырды, «Отанға», «Туған жер» өлеңдерінде «Жаббардай жалғыз жарығым» деп туған жерге бар жақсы сөзін арнады.

Ақын шығармаларының ішінде табиғат лирикаларын ерекше атауға болады. Ол табиғаттың әсем сұлулығын адам баласына теңей отырып оған жан бітеді. Жансызға жан бітіріп кейіптеу ақынның табиғат лирикаларында молынан кездеседі. Бұлақты «Тербетіп бұйра толқын бұрымыңды, Армансыз аймалайын ақ тамақтан» деп кейіптесе, «буазып тұрған боз көде», «Саяңнан шыққан сара жол Кезеңге иегін артады», «Томсарып арал төбелер, Сезбейді түкті, сеспейді», «Көкжиек көлбеп аунайды, Тұнжырап тұнық тыныштық», «Теңкиіп теңбіл тас шақат Толқынның үнін тыңдайды», Алатаудың ақ шыңдары жарқырап, Айға қарай айқара төс ашады» деп тау мен тасқа, су мен бұлаққа, жол мен жотаға жан бітіреді.

Ақын қаламына тән тағы бір ерекшелік – адам өмірі мен жан-жануар, құстарды салыстыра параллель бейнелеу. «Құлын» атты өлеңде ойнақтап жүрген құлынның аяқ астынан болған табиғат апатынан енесінен айрылып жетім қалуын суреттей отырып, өмір туралы толғам жасайды. Ақынның басты ерекшелігі – философиялық тұжырымын өз атына қарата отырып айтуы. Оған «Құлын» өлеңінің соңындағы «Әй, Қуандық, бұ да саған бір ақыл, Бар қызыққа бәйек болмай, тұра тұр», «Кәрі бүркіт» өлеңінің соңындағы «Үлкенге қуан, Қуандық, Кіші бол, күшің жеткенше: Құрметте сөзін құран ғып, Шәулі боп өзің шөккенше» деген жолдарын мысалға келтіруге болады. Ақын шәу бүркіт пен жас қыранның арасындағы үлкен айырмашылықты мысалға келтіре отырып, өмір жайлы философиялық түйін жасайды. «Шекті-ау жапа бұл тағдырдан талайлар», «Таңғақтанып таң төгілді алыста», «Шабытым кейде шая», «Зайғы-зая өтіп жатыр күндерім», «Өмірзая» сынды өлеңдеріндегі өмір жайындағы толғамдардың «Қуандыққа өкпелеме, өмірзая, бишара, Өшіп бара жатқан соңғы собығыңнан бір сүйсем» деп ақын атына қаратыла айтылуы – ақын қаламына тән стильдік ерекшеліктің бір түрі. «Бұл жаздың да таусылғаны-ау тұз-дәмі», «Күйзеу күз тұнжырайды көшедегі», «Қалғандай-ақ кеміп күндер керемет», «Өзі туған жері қымбат әркімнің», «Көңілім кір-қаяусыз кімсанаға», т.б. жасы ұлғайған шағында өмір жайында жазған өлеңдерін де ақын өз атына қарата жазды. Бұл тұстағы өлеңдерде «Санаңа салар мол қайғы Өтірік, өсек оттаған», «Ғайбаттан ішіп кересін, Кебінін киер жауыздар», «Ит үреді. Бұлт биікке көшеді», «Неге пенде болды сонша қомағай», т.б. сынды ой-толғамдар басымырақ.

ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалардың бірі – тың жерді игеру науқаны болса, ол да ақын лирикасынан орын алды. «Егіс басында» өлеңінде «Қыз Табиғат лақтырып күміс моншақ» деп табиғатты сұлу қызға балаған ақын егіс алқабындағы шалқыған бидайды мақтан етсе, «Алтын таулар», «Тыңға барғанда», «Тербеледі тың дала», «Тағы да миллиард», т.б. өлеңдерінде ақ маңдайлардың ащы терге көмілуі арқылы тың жерге түрен салынуын, тың жерден тау-тау болып үйілген алтын астықтың жиналуын, Қазақстандықтардың Отан қоймасына миллард пұт астық тапсыруын шабыттана жырға қосты:

 

Арқада – ән,

Жайықта – күй,

Би – Сырда;

Қалада – нұр,

далада – жыр,

сый – қырда!

 

Қуандық ақын поэзиясындағы үлкен тақырыптың бірі – достық туралы жырлар. «Мен бауырмын Арқаға да, Сырға да» дейтін ақын тек қазақтарды ғана бауырына баспайды, ол Кеңестер Одағындағы елдердің ынтымағын тілге тиек етеді: «Жетеді, шүкір, жолдасым орыс пен қазақ, қырғызда».

Ақын шағын лирканы бірде диалогқа құрса («пап, қайда барасың?), енді бірде сюжетке құрды («Сарноқайдағы түн»). Осы тұстағы қазақ әдебиетінің үлкен жетістігінің бірі ел аузындағы аңызға жан бітіру болса, Қуандық ақын хан Шажа туралы аңызды қайта тірілтті. Қара халықты қынадай қырған шүршіттің Қоңтәжісі «халықты естен тандырып, шулатып, қырып, шаптырғаның үшін ажалың қарақұрттан болады» деген абыздың басын шауып өлтіргенмен, сол қарақұрттан қашып құтыла алмайды. Ұлан асыр той жасап жатқанда, оны өз Ордасында қарақұрт шағып өлтіреді. Шағын лирикамен де тарих қойнауынан сыр шертуге болатынын ақын «Балқаш» атты өлеңімен көрсетті. Жетісу мен Сарыарқаның арасын бөліп жатқан Балқаш көлін жырға қосу арқылы оның арғы-бергі тарихына «Көлбеген кең сонау байтақ көк айдын Батты-ау талай қан барымта «аттанға» немесе «Осы көлден өтті-ау Біржан оралып, Сараны іздеп Алатауға барғанда» деп көз жіберді.

Ақ бас Алатаудың баурайындағы Қазақстанның астанасы болған Алматыдай әсем қаланы жырға қоспаған ақын жоқтың қасы. Жыр ордасы туралы «Алматыдағы 1-Май», «Алматыдағы Ленин ескерткіші», «Таңғы Алматы», «Күзгі Алматы», «Алматыдағы гүл алаңда» атты өлеңдер қазақ поэзиясындағы Алматы туралы өлеңдердің қатарын толықтырды.

Бұл жылдардағы қазақ поэзиясының үлкен жетістігі – географиялық аумағының кеңеюі болса, осы ерекшелікті ақын лирикаларынан да атауға болады. «Жайық», «Түркстан», «Шардараның шағаласы», «Шалқар түні», «Балқаш», «Сарноқай – Сатылы» атты өлеңдерінде қазақ даласының әр өңірін жырға қосса, «Фрунзеге барғанда», «Түркіменстан сапарынан», «Өзбекстан сапарынан», «Якутия сапарынан» туған өлеңдер оның лирикасының географиялық аумағының кеңейгендігіне мысал.

Қазақ поэзиясындағы қалыптасқан дәстүрдің бірі арнау өлеңдер. Осы қатарды Қуандық ақын қаламынан туған «Бауыржан Момышұлына», «Төлеген Тоқтаровтың суретіне», «Қасым өлімін есіткенде», «Қалтай Мұхамеджановқа», «Қалижан Бекхожинге», «Хамит Ерғалиевке», «Сәкен Сейфуллин ескерткіші алдында», «Ғалым Ахмедовке», т.б. өлеңдер толықтырды.

Жетпісінші жылдар поэзиясына тән үлкен жетістіктің бірі – ән сөздерінің халық арасында кең тарауы болса, өз замандастары М.Әлімбаев, Н.Шәкенов, Қ.Ыдырысов, Т.Молдағалиев, А.Шамкенов, Ғ.Қайырбеков, Н.Әлімқұлов сынды Қ.Шаңғытбаевтың да бірсыпыра өлеңдеріне ән жазылып, қазақ лирикасының көркемдік көкжиегін кеңейтті.

Қуандық Шаңғытбаев лирикасының негізгі өзегі – ауыл, дала. Ол қайда жүрсе де қой баққан шопанды, алқа-қотан жиналған ауыл ақсақалдарын іздейді. Сондықтан да оның өлеңдерінде ауылға деген сағыныш басым:

 

Шие қатқан тау қымызын сағындым,

Ағалаған ауыл қызын сағындым.

Ала жаздай мал тұяғы таптаған,

Қи иісті жауыр құзын сағындым.

 

Ақсақалдың асатуын сағындым,

Құрбылардың ахахауын сағындым.

Ақтылы қой жусап тыныш қотанда

Айлы түнде жататынын сағындым.

 

«Қазақтың гәуһар сөзінен, Өлеңнің зерін ыздым мен» дейтін ақынның қазақ поэзиясына салған өз олжасы бар. Ол өзі куә болған ХХ ғасырдағы тарихи оқиғаларды шағын лирикасына арқау ете білді. Оның лирикалық кейіпкері бірде Отанды жаудан қорғауға аттанса, енді бірде маңдай тері тамшылып Отанға миллиард пұт астық тапсырып жатады. Қуандық Шаңғытбаев сөзбен өрнек сала білген, ешкімді қайталамай өз сүрлеуін таба білген ақын. Майдан шындығын жырға қосқанда да, бейбіт тіршілікті асқақтата жырлағанда да өзгеше болмысымен танылды. «Соғыс бітті» деген өлеңінде жалғызынан айрылып, тұяқсыз қалған барша аналар жүрегіндегі жазылмас дерті ақын «итін ертіп, шықты жолға кәрі ана» деп бір ананың бойына жинақтай білді:

…Кемпірдің тек келген кенже ұлы жоқ,

Құлдығы жоқ,

құлыны жоқ,

күні жоқ.

Соның жалғыз «Апа-ау!» деген сөзіне,

Барша дұшпан жұбау айтса,

Құны жоқ, – деп жырлады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1973. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия