Студопедия — Алтай Мұхамеджанов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Алтай Мұхамеджанов






(1928-2001)

 

Қазақтың белгілі драматургы және театр танушысы Қазақстанның халық жазушысы (1992), “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, “Парасат” ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

Қалтай Мұхамеджанов 1928 жылы 24-желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысының Тереңөзек ауданы аумағындағы Шіркейлі аулында туған. Әуелде Ташкенттегі театр өнері институтына түсіп, оның 4-курсын аяқтағаннан кейін Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы театр өнері институтының (ГИТИС) театртану бөлімін 1953 жылы бітірген. Содан кейінгі өмірінде Қазақстан республикасының Мәдениет министрлігінде (1953-1945), “Қазақ әдебиеті” газеті, “Жұлдыз” журналы редакцияларында, Мемлекеттік кино комитетінде (1956-1969) жауапты қызметтер атқарған.

1969-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы лауазымдық қызметтерінде болды. 1988-1998 жылдары республикалық “Ара – Шмель” журналының, “Жаңа фильм-Новый фильм” журналының, халықаралық “Заман-Қазақстан” газетінің бас редакторы болды. Өмірінің соңғы кезеңінде “Түркістан” газетін ұйымдастырып, соның бас редакторы қызметін атқарды.

Әдебиеттегі қадамын көркем аудармалар жасаудан бастаған, әдеби және театр сындарын жазған. Драматургияға осындай белгілі бір дайындықпен келген Қ.Мұхамеджановтың шығармашылық ізденісі бірден-ақ сәтті басталды. Оның қаламынан туған пьесалардың барлығы да сахнаға қойылып, театр репертуарларынан берік орын алды. Оның шығармаларының тілі мысқыл-әжуамен көмкерілген көркемдігімен ерекшеленеді. Ақын-драматург Ә.Тәжібаевтың сөзімен айтқанда: “Қалтайдың кеудесінде өмірде сарқылмайтын алтын ұядай күлкі ұясы бар”. Ол әзіл-оспаққа, әжуа мен мысқылға, қалжың мен күлдіргі сөзге табиғатынан жақын. Қаршадайынан ауылдың қырғи тілді айтқыштарының күлдіргі әңгімелерін, түрлі қиссаларын тыңдап, халық өнерінің мол рухани бұлағынан сусындап өскен.

Қ.Мұхамеджановтың драматургиядағы тырнақалды туындысы – “Бөлтірік бөрік астында” комедиясы 1959 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасына қойылды. Содан кейін республиканың барлық қазақ театрларының репертуарына енді. Бұл – өнер сүйер қауым үшін мәдени құбылыс болды.

«Бөлтірік бөрік астында» пьесасында ол кездегі драматургияда кездесетін жаңа мен ескінің арасындағы дәстүрлі тартыс жоқ. Комедия сюжетіндегі тартыс желісі студент жастардың өмір тірлігіне деген екі түрлі қарама-қайшы көзқарасқа құрылған. Пьесаның орталық кейіпкері Сапар - университет бітіргелі отырған болашақ жорналшы. Ол сырттай ұстамды да сыпайы, өзін қоршаған ортада биіктеу, ірілеу болып көрінуге тырысады. Оның ойы мен мақсатын барлау қиын, достарымен сырласуға, пікір бөлісуге бара бермейді.

Комедияда Марфуға мен Арыстан бейнелері нанымды суреттелген. Бұл екеуінің қоғам тірлігіне үйлесе бермейтін әрекеті мен сөздері үнемі күлкі тудырып отырады. Олар өздерінің кейбір оғаш қылықтарына ұялу сезімі жоқ екендігі көрерменге әсер етеді.

Марфуғаның Әнуар, Жәмила мен Сұңғаттың арқасында, солардың бір-біріне деген адал көмегінің, қара нанды бірге бөліп жеген тамаша жолдастық ынтымағының арқасында түзеліп кететініне сенеді. Марфуға бейнесі көрермендерге, әсіресе студент жастарға үлкен әсер қалдырды. Негізінен пьеса Сапар, Арыстан, Марфуғалар арқылы біріне-бірі ұқсамайтын драматургияда бұрын-соңды болмаған үш түрлі тың бейнелер әкелді. Бұларға қарама-қарсы алынған Жәмила, Сұңғат, қойшы Бекен, фототілші бейнелері де өздерінің даралықтарымен шынайы шыққан.

Тұтас алғанда, “Бөлтірік бөрік астында” кейбір олқылықтарына қарамастан, Қалтайдың назар аударарлық табысы болды. Оның комедия жанрының жандана түсуіне ықпалының мол болғаны талас тудырмайды.

1962 жылы барлық қазақ театрларының сахнасына қойылған Қ.Мұхамеджановтың екінші шығармасы – “Құдағи келіпті” комедиясы. Мұнда тағы да таныс кейіпкерлермен қайтадан кездесеміз. Енді олар ер жетіп есейген, Алматы емес, басқа өмір жағдайында, колхозды ауылда көрінеді. Баяғы Сұңғат – енді колхоз партия ұйымының секретары Марфуға – мұғалима.

Жеке кейіпкерлерге келгенде баяғы еркелігі мен аңғалдығы, шәлкем-шалыс мінезі әлі қала қоймаған Марфуға үйреншікті ауыл тірлігіне берік, қоғамшыл, өзі түгіл басқаның да олқылығын көре алатын, ақыл қосатын, ел еңсесін көтерген жан болып бейнеленген. Марфуға бейнесі – автордың мол табысы. Ол пьесада үнемі өсіп отыратын, тұтас шығарма әрекетінің дамуына ықпал етіп отыратын кейіпкер дәрежесіне көтерілген. Алғашқы комедиядағы бір кезде төсегін жинап, шайын қайнатып ішуге ерінетін адамның бойындағы өзгеру үрдісін драматург нанымды суреттеген.

Пьесада Дауылбай, Фатима, Қымбат сияқты ауыл адамдарының құдағимен өтетін көріністері болмаса, басқа сахналарда әрекетке араласа бермейді. Ал мектеп директоры Кеңес, колхоз бастығы Сәрсен, партия ұйымының секретары Сұңғат аракідік Дауылбай да 30 мың кірпіш пен сиыр қора салудың дауынан әрі аса алмаған.

Бұл екі комедиядағы өмір болмыстары Қ.Мұхамеджановтың мұнан кейінгі жылдары жазған “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек” комедияларында басқа үлгіде, өзгеше жағдайда суреттеледі.

“Қуырдақ дайынның” оқиғасы бір отбасының ошағынан өрбіп, соның төңірегіндегілердің қарым-қатынасы арқылы дамиды. Және онда комедияның бес кейіпкері түгел араласып, әрекет жасайды. Бұлардың драматургиялық мұрат-мақсаты, ой-арманы дәл анықталып, әр кейіпкердің өзіндік даралықтары ашылған. Комедияға қатысушылардың ешқайсысында кесек қимыл, ерен іс жоқ. Және автор алдына ондай мақсат қоймаған сияқты. Оның көздегені – Ережеп, Жақан бейнелерімен пасық тоғышарлықты, жұғымсыз жағымпаздықты, мағынасыз іспен айналысқан болымсыздықты, оңай олжа қуған пендешілікті күлкі найзасына ілу.

Пьесаның басында совхоздың директоры ауысып, орнына Жақан болады деген пасық ойы мен жорамалын жасыра алмай жүрген Ережеп өзінше әліптің артын баққандай, ішіне сыр сақтай алмайтын ол, өзінше ойын салмақтап, сабырлық көрсеткен болады. Жақан бастық болса, дүниенің тетігін ұстағандай, құр қалмайтынына іштей қуанып, тікелей әрекетке көшеді.

Драматург шығарманың комедиялық күйін ширатып беруде Жақан бейнесіне де ерекше көңіл аударған. Ол Жақанның қыз алдындағы аузынан сөзі түскен мүшкіл халін ел билеп, совхозға директор болмақ дәмесін, өзінше шаруашылықтың көзін тапқан болып қарамағындағыларға қоқаңдауын автордың астарлы бірер диалогтармен беруі күлкі ғана емес, күйініш пен жиреніш туғызатын ыңғайға көтерілген. Комедиялық атмосфераны қоздырып, күлкі желісін ұстап отыратын осы Ережеп пен Жақан. Бұл екі кейіпкердің бейнелерін автордың шеберлікпен жасауы тұтас комедияның көркемдік сипатын айқындауға мол ықпал жасаған.

Комедиялық жанрдағы ізденістерін әрі қарай жалғастырып, Қ.Мұхамеджанов 1969 ж. “Өзіме де сол керек” шығармасын жазып, театр репертуарына ұсынды. Ең алдымен комедия Қазақстанның балалар және жасөспірімдер, кейіннен бірнеше облыстық театрлардың сахнасында табыспен өтті.

Шынында комедия өмірдің аса қажетті мәселесін көтерген. Автор пьесаға оқуға бала түсіру хикаясын арқау ете отырып, негізінде қоғам өміріндегі кейбір кемшіліктер мен келеңсіз көріністерді әшкерелейді, адамның азаматтық қасиеті, қоғам алдындағы әлеуметтік дүниеге көзқарасы сияқты құбылыстарды көтереді. Жеке басының қамын мемлекет мүддесінен жоғары қоятындарға сатира күлкісін бағыттай отырып, қоғам тірлігіндегі кейбір сорақы кемшіліктердің бетін ашуға батыл барады. Және оның бәрі жайдақ сөз емес, кейіпкерлердің бейнелері, солардың әрекеті арқылы жинақталып берілген.

Драматург комедияның басты кейіпкерлері Сардар мен Хайдарбек араларындағы қайшылықты пьесаның әлеуметтік тартысының желісі етіп алған персонаждың сырты бүтін, іші түтін күйі үнемі мазалайтын ой үстіндегі немқұрайлылық, әрекетіндегі болымсыздық сипаты баса көңіл аударуға лайық. Бұларға қарама-қарсы алынған жылқышы ағасы Сардардың шындықты бетіне басып айтуы Садықты мүлде жүдетіп жібереді. Драматург мұның бойындағы психологиялық өзгерісті нақты суреттеген. Ол ел басқарып отырған басшы қызметтегі өзіндік тиянақты пікірі жоқ, ойы таяз, әрекеті дәрменсіз, жоғарыға жалтақтап қалған, өмірдегі өзгерістен өлердей қорқатын жігерсіз жасық басшының сатиралық бейнесін жасаған.

Қ.Мұхамеджанов драматургиялық ізденістер барысында комедиямен ғана шектелмей, жанрдың басқа түрлерін де қиналмай, шығармашылық шеберлікпен меңгерді. Күрделі әлеуметтік оқиғаға құрылған “Жат елде” драмасы – осы жолдағы автордың күрделі жетістігі. Бұл психологиялық драманың сюжеттік мазмұны тарихи оқиғалардан алынған.

Үнемі аузынан арақ арылмайтын ақын Асан туған елінің бір уыс топырағына зар болса, Байбол, Жұман, Кәрім, Бекмырзалар іштей армандап, құсаланып жүреді. Венада өткен жастардың бүкіл дүниежүзілік фестивалінен кейін бұлардың ілгері басқан қадамы кейін кетіп, қожаларының сенімінен айрылады. Қылмыстық әрекеттерінен түк шықпаған соң, күнкөрістің қамы да қиындай түседі, ақыры тозып бітеді.

Пьесада Ана бейнесінің идеялық мазмұны үлкен. Бірақ мұнда ол әрекетке араласпай, қосалқы кейіпкер дәрежесінде қалған. Соңында Ананың шығуы шығарманың Асанның келісті монологімен әдемі аяқталған қисынды жолын бұзып жібереді. Жалпы ақырғы сахнадағы Құрбан мен Асаннан кейінгі бірер көріністері артық сияқты болып көрінеді. Ол тұтас тартылған драма оқиғасын әлсіретіп жібереді.

Ш.Айтматовпен бірігіп жазған оның “Көктөбедегі кездесу” пьесасы өз кезеңіндегі драматургияның үлкен көркемдік жетістігі деп танылды. Соғыстан бұрын интернатта бірге оқып, жоқшылықтың ауыртпалығын да, балалық шақтың өзіндік қызығын да бірге көрген бес дос жұбын жазбай майданға аттанған. Сонан аман-есен оралып, әрқайсысы өмірдегі өз орындарын тапқан. Міне, бүгін Көктөбенің басына бір кездегі жалынды ақын, кейін өз “жолын таба алмай” қалған Сабырдан басқасы бас қосып отыр. Бұлардың өмірге деген көзқарасынан, біріне-бірінің қарым-қатынасынан, сырласуға жиналып, айтқан шындықтарының сипат-дәрежесінен драманың тартысы туады. Сол тартыс пьесаның өн бойында шиыршық атып ширап, дамып, әрекет ауқымын кеңейте түседі.

Тас-түйін болып, шегеленген айтыстың бір басында ғылым докторы – Өсіпбай, жазушы – Исабек, совхоздың бас агрономы – Досберген, екінші басында – ауылдық мектептің мұғалімдері Мәмбет пен Досбергеннің әйелі Алмагүл, Исабектің әйелі актриса Гүлжан. Бұларға бұрын осы бес дос оқыған мектептің ардагер мұғалімі Айша апай келіп қосылады. Білім берген ұстазы әрі өздерінің шешесіндей болған Айша апайды бұрынғы шәкірттері қуана қарсы алып, құрметтейді. Бұл тұлғада ерекше көңіл аударғандықтан, ол шындықтың символдық дәрежесіне көтерілген.

Қ.Мұхамеджановтың соңғы жазған драматургиялық шығармасы “Біз періште емеспіз” деген атпен сахнаға қойылды. Ал 1998 жылғы автордың үш томдық жинағында “Менің дертім” деген атпен жарияланған. Пьесаның атын неге бұлай өзгертекені жайында драматургтің өзі еш жерде сөз қозғамайды. Ал шығарманың көркем-идеялық мазмұнына үңілсек, “Менің дертім” деп тауып қойылған сияқты. Басты оқиғасы 1937 жылы өткенмен, авторлық идея бүгінгі моральдық, ар-ұждандық үрдіс – пьесаның драматургиялық арқауы. Ұяттың ұзақ дерттен оянып, ар алдындағы жауапкершілікті мойындау – драматург ойының идеялық түйіні.

Пьесада бұл мұрат-мақсат шиеленіскен тартыс үстінде кейіпкердің психологиялық толғанысы арқылы ашылған. Доцент Назар өткен өміріне өкініші мен ішін өртеген жалын сырын құдай қосқан қосағы Күміске тұңғыш рет ашады. Ол кезінде “әділдікке зұлымдық, жақсылыққа жамандық үкім айтқанын” көргенде үндемей, керісінше, бас изегеніне өкінеді.

Қосалқы желідегі сюжет бітіп кеткен жараның аузын тырнап ашқандай ашық айқасқа, ымыраға келмейтін екі адамның біріне-бірі өмірлік көзқарасына құрылған. Мұнда да Назар өткен тірлік ішін өртегенмен оның өмірінің көлеңке жағының әлеуметтік астарын әшкерелеуге тырысады. Өзінің қисық басқан қадамын мойындай отырса да, Назардың істеген ісі мен әрекеті тек қулыққа, айласын асырып асап қалуға үйренгенін танытады.

Ал 1937 жылғы қанды қырғынның трагедиялық атмосферасын беруде пьесадағы НКВД тергеу бөлімінің бастығы – Табан бейнесінің орны бөлек. Оның бірер көріністердегі шағын әрекетінен жазықсыз жандарды жазғырған опасыздығы мен зорлық-зомбылығы, жауыздық істері адамның жанын түршіктіретін жинақтылыққа жеткен. Бұл көріністердің сұмдық суретін саяси айыпталушы, “Халық жауы” тұтқын Ерен мен оның әйелі Асылдың нанымды суреттелген трагедиялық тағдырынан толық аңғаруға болады.

Қ.Мұхамеджанов артында қалдырған драматургиялық мұрасымен бірге киносценарийлер жазып, мол көркем аудармалық дүниелер қалдырды.

Шығармашылық жолын аудармадан бастаған. Қ.Мұхамеджанов М.Горькийдің “Тоғышарлар”, С.Айнидың “Құлдар”, Айбектің “Киелі хат” романдарын, “Мың бір түн” ертегісін (1-4 кітаптар) қазақ тіліне аударған.

Театр мен драматургия жайындағы зерттеулері мен сын мақалалары да кәсіби сипатымен көрінген және кейінгілерге үлгі боларлық дәрежеде жазылған.

Жинақтап келгенде, Қ.Мұхамеджанов – драматургия мен театр өнерінің дамуына үлес қосқан айтулылардың ортасында өзіндік орны бар тұлға.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1896. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия