Студопедия — Жылы туған
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жылы туған






 

5-қазанда Қазіргі Батыс Қазақстан облысының аумағындағы Жымпиты кентінде туған, оқыған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университеттің филология факультетін бітіріп, жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғанның» редакциясында еңбек жолын бастайды. Кейін «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі болып істеген одан кейін Қазақстан Жазушылар Одағында поэзия секциясының кеңесшісі қызметін атқарған. Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің депутаттығына сайланып, осы Кеңестің аппаратында да қызмет атқарған.

Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде жарық көрген кітаптарының саны 40-тан астам. Олардың ішінде жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары бар. Атап айтқанда, «Көктем» (1959), «Данышпан» (1961), «Сабақ», «Ой орманы» (1965), «Дала дидары» (1966), «Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Күміс қоңырау» (1970), «Домбыра» (екі кітап, 1971 және 1974), «Кеш» (1973), «Жерұйық» (1976), «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан» (1981), «Саз сиқыры» (1982), «Күндер-ай» (1984) сияқты жинақтары, тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған.

Өлеңдері көптеген шетел тілдеріне аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығының, ал 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Әнұраны мәтіні авторларының бірі. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының 2001 жылғы лауреаты.

«Дала дидары» жинағында ақын қазақ даласының кеңдігі ғана емес, басқа да қасиеттерін жырға қосады. Қазақ поэзиясының арналы арқауы дала тақырыбы Қадыр Мырза Әлидің бұл ктабында жаңа қырынан құлпырып көрінеді. Көптеген ақындар жырлаған тақырыпты өзіндік дара үнімен жырлайды.

Ол әр өлеңінде ақиқатты тауып айтып, суреткерлік, көрегендік, тапқырлық танытуға бейім. Бүкіл бір ұрпақтың өмірін, оның сырлары мен ойларынан рухани кескінін бейнелейді. «Дала дидары» жинағындағы тарих – тек тақырып қана емес, кітаптың басты қаһарманы да. Даланың өткен тарихы күрделі. Ақын оның мұңы мен көлеңкесін көре отырып, мұңая жырлап келіп, болашаққа да үміт артады. Дала тарихы – қазақ тарихы екенін кестелеп жеткізеді. Өз халқының бойынан үнемі жақсы қасиеттер көруге бейім. Ол жақсы мен кереметті ғана салыстырумен шектелмейді, суреткерлік тебіреністерге де беріліп кетеді. Кез келген тақырыпты философиялық түйіндеулер жасап отырады:

 

... Бабамыздың шоқ басқан табанымен

Бірдей екен жақсысы жаманымен:

Бір жаманы – тынымсыз көше берген,

Бір жақсысы – қимаған даланы кең.

Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,

Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.

Бір жаманы – қыздарын малға сатып,

Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан...

 

Осынау параллель салыстырулар тек өлең жолдары ғана емес, көркем кестеленген философиялық тұжырымдар деуге лайық.

Туған халқының тынымсыз көше беруі, даланы құрметтеп қимайтыны түрлі ойға жетелейді. Халқының күйлері көбік шашып, әсерге бөлейді, құдіретіне бас игізеді. Кемшіліктерін де ашық айтады. Ақын қазақ елінің жарқын болашағына сеніп оған үлкен үмітпен қарайды. Халық келешегіне қатысты ойлары мынадай пікірлермен түйінделеді:

Қазаққа дала керек, ғарыш керек,

Керемет кеңдік керек, алыс керек,

Шайқасса – қоян емес, барыс керек,

Жүйрігін сынау үшін – жарыс керек.

Билігін білу үшін – сайыс керек,

Ән салса, аспан толар дауыс керек,

 

Қазақ халқының сан түрлі қасиеттері, даласының кеңдігі, жүрегінің жомарттығы, батырлығы, әншілігі осы жырлардан айқын көрініп тұр. Әр тақырыпқа философ ақынның көзқарасымен қарауға бейім Қадыр Мырза Әли табиғатты жырлағанда, нақты деталь, шынайы көріністерге жүгініп отырады. Оның «Ақша қар», «Ақ әлем», «Екі көктем», «Табиғат тойы», «Көктем құдіреті», «Жаңбыр жауар алдында», «Дауыл», т.б. өлеңдері осы пікірдің айғағындай. Ақын кез келген тақырыптан ойлы тіркестер туғызуға шебер. Мәселен, ол ақша қар арқылы тазалыққа, адалдыққа үндесе, сақырлаған сары аяз адам бойына қайсарлық беретінін логикалық тұрғыдан дәлелдейді.

Ақын үшін көктем көріністері – табиғаттың биологиялық динамикасын, даму, өзгеру, өрбу сипатын мейлінше айқын білдіретін кезең.

 

...Тағы келді,

Тағы келді бір көктем.

Сәби сәуір көтерілді жөргектен.

Ертеменен безілдеді, сайрады,

Қараторғай орын таппай жер көктен...

 

– деген жолдардан мезгіл ерекшелігі ғана бой көрсетіп тұрған жоқ, ақынның суреткерлік қуаты да білінеді. Сәуір айын сәбиге теңеудің өзі – тың. Табиғатты жырлап отырып-ақ, ақын жақсылық пен ізгіліктің сан қырларын көркем түрде ашуға ұмтылыс жасайды.

Ақынның бүкіл шығармашылығында бүкіл қазақ тарихына азаматтық ойдың биігінен қарайтын суреткерлік пафос алтын арқаудай тартылып жатыр. Тарих тақырыбын астарлап жырлайтын сәттері де бар:

 

Біздің тарих – бұл да бір қалың тарих,

Оқулығы жұп-жұқа бірақ тағы,

 

– деген жолдардан тоталитарлық дәуірдің идеологиялық өктемдігі де көрініп қалады.

Шынайы тебіреніс пен сезімталдықты ақынның бар өлеңдеріне тән көреміз. Бейнелі де қарапайым тіл, ақын талантын даралап, аша түседі.

«Дала» тақырыбы – ақын үшін таусылмас көркем қазына:

 

Уа, дала! Сен болмасаң гүл шығар ма еді?

Ат мініп, көкпар тартып, құлшынар ма ек!

Уа, дала! Кеңдігіңе тамсандым көп,

Айта алман бәрін жазып тауса алдым деп.

Сен – алып пластинка дөңгеленген,

Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп!

 

– деген соны суреттеу арқылы далаға деген шексіз махаббат ұшқыны көрінеді.

Ақынның елге, жерге деген шынайы сүйіспеншілігі дала, тарих тақырыбындағы көптеген өлеңдерінен байқалады. Қазақ даласының кеңдігі –поэзиямыздың таусылмас тақырыбы. Қадыр Мырза Әлидің лирикалық кейіпкері өзін сол даланың бір бөлшегі ретінде көрінеді. Қазақ халқының мінез-құлқын, тыныс-тіршілігін шебер көрсеткен «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінде оқырмандар арасына кең тараған.

 

Қазақ осы:

Дала дейтін,

Күн дейтін.

Қазақ осы:

«Өнер алды – тіл» дейтін.

Қазақ осы:

Қарасың ба,

Ақсың ба,

Қоңырсың ба,

Жатырқауды білмейтін,

 

– деген жолдардан қазақ халқына тән құнды мінез-құлықтың бәрі көрініп тұр. Ақын өз халқының бауырмалдығын, ақкөңілділігін, достыққа беріктігін жырмен әдемі кестелеген. Қазақтың жомарт халық екендігін, аңғалдығын, т.б. көрсете келіп ақын: «Нағыз қазақ осы, міне, танып қой!» – деуі ойдың түйінді жері.

Қ. Мырза Әли жырларының үлкен бір тақырыбы – достық пен махаббат. Бұл тақырыпты да ол ыстық ықыласпен шабытпен жырлайды. Шынайы достықтың уақыт өте, келе сынға түсуін ақын былайша суреттелген:

 

...Енді қазір іріміз,

Уақыт жоқ деп сарнаймыз.

Бірімізге-біріміз

Шақырмасаң, бармаймыз,

 

Өмірдің ешкім дауласа қоймас ащы шындығы. Бірақ ақын тілегі – достық көңілге жарықшақ түсіріп алмау жағында. Ақынның ағынан жарылған ақ тілегі еріксіз бас шұлғытады.

Достар арасында болып қалып жататын түсініспестікке байланысты:

 

...Мен достықты балаларша «түсініп»,

Сен достықты жігіттерше «ұғынсаң»,

 

– деген жолдардағы юморлық емеуірін айқын. Ақын өзінің адал, ақ көңілін білдіре отырып, кінә артпайды, керісінше, әзілдей отырып, өзіне жақындата түседі, көзқарастар үйлесімділігін сездіріп өтеді.

Махаббат тақырыбын өзіне тән ерекше бір үнмен жырлайтыны да ақын стилінің сонылығын сездіреді:

 

Махаббаттың қос жанары:

Адалдық пен Беріктік,

 

– деген жолдардағы тұжырымды ой сүйіскен жандардың бір бірімен қарым-қатынасындағы басты адамы факторлар арқылы көрінген. Сүйген жігіт өзінің арман-тілегін бүкіл жан дүниесімен салыстыра суреттей отырып, ғашығының болмыс-бітімін асқақтата жырына қосады.

Ақынның тарихи тұлғаларға арналған өлеңінде де көне дәуірлер күбірі сезіледі. Әйгілі ғалым әл-Фараби, «Қыран болып аспанға көтеріліп, жұлдыз болып аспанда қалып қойған» Шоқан, «дала Данкосы» Ыбырай, халқының «қынаптан суырған ақ алмасы» Исатай, «Дауыл болдың, өрт болдың», «Құм нарындай сыңсып жел, әлі сені жоқтайтын» Махамбет, «күйін тыңдаған жасық жігіт найзаға қалай жармасқанын білмей қалатын» күй құдіреті Құрманғазы, «Тұп-тұнық дауысымен дала аспанын мөлдіреткен» Біржан сал мен Сара бейнелері есте қаларлық деңгейде. Қадыр жырларында басқа да тарихи тұлғалардың әрқайсысы өз қырымен елестеп көңілде жатталып қалады.

Ақын әр тұлғаның ұлылығын суреттей отырып, өзі де солар арқылы шаттыққа бөленеді. Өз халқының тарихына үңіліп, қатпар-қатпар сырларын ақтарғанда, ол үнемі көркем ойдың жетегінде:

 

Аман қалған шабуылмен жүздеген,

Батыр халық екенбіз ғой біз деген.

Аямаған жұрттан нанын тұзбенен

Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.

 

Қадыр Мырза Әли қай тақырыпты жырласа да, өз ойын жүйелеп тұжырымдап, түйіндеп жеткізуге бейім. Ақын мақтанышы – халқының батырлығы, ерлігі, жомарттығы, ақындығы және т.б. қасиеттері ол халқының болашағына, егеменді ел болатынына үлкен сенім артады. Бұндай тұстарда оның тіпті шабыттанып кететіні байқалады.

Ақын қаламына қандай тақырыпта жат емес. Дала, табиғат, ана, махаббат, тартыс-күрес, соғыс, балалық шақ, т.б. – қай-қайсысы да оның азаматтық үнін танытады. Нені жазса да, жеріне жеткізіп, иін қандыра жазатын Қадыр ақын «жүректен шықпаса, жүрекке жетпейтінін» жақсы түсінетін таланттар тобынан. Тағдырына өзек болған, жан дүниесіне әсер еткен өмір шындығын, табиғатқа деген, адамдарға деген ұлы махаббатын өлеңге айналдырады.

Ақын Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде де өнімді жұмыс істеп, бірсыпыра көркем өлеңдер мен топтамаларды өмірге әкелді. Сонымен бірге деректілікке сүйеніп жазылған «Жазмыш», «Иірім» прозалық кітаптары да оқырман игілігіне айналды.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әли – поэзия әлеміне өзіндік қолтаңбасымен келген кең тынысты, кемел ойлы ақын. Оның көп шығармасы қазақ поэзиясының алтын қорына қосылатыны анық. Ақынның «Көш», «Жерұйық», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», т.б. жыр кітаптары таза махаббат, биік адамгершілік, достық, туған жер, табиғат, дала даналығы, соғыс зардабы тақырыптарды көркем жырлаумен ғана бағалы емес, поэзияның қыр-сырын жете меңгерумен де құнды. Оның кейіпкері лирикалық индивид қана емес, күрескер қаһарман да. Ақын олардың атынан қарапайым тілмен сөйлей отырып, оқырман сезімін тербеп, санасына ой сала біледі.

Қазақ поэзиясындағы дара қолтаңбасы ақын шығармашылығын биік белестерге көтеріп тұр.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1265. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия