Студопедия — Рамазан Тоқтаров
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рамазан Тоқтаров






(1935-2001)

Қазақтың көрнекті прозашыларының бірі. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (1995) иегері. 2001 «Абайдың жұмбағы» кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1935 жылы 13-қыркүйекте Павлодар қаласында туған. 1957 жылы Алматыдағы шет тілдер институтының француз тілі факультетін, 1985 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғарғы курсын бітірген. Еңбек жолын Павлодар облыстық газетінде редакциясында тілшілік қызметтен бастаған.

1958-1960 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеті мен «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының редакцияларында, 1964 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби консультант, кейін «Жазушы» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болды. 1989-1997 жылдары «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Алғашқы «Ертіс перзенті» атты жыр жинағы 1962 жылы жарық көрді. Бұл жинаққа «Дариға сол қыз», «Ертіс перзенті» атты екі повесть және тоғыз әңгіме енген болатын. Бұдан кейін «Бақыт» (1965), «Ертіс мұхитқа құяды» (екі кітап) (1968-69), «Тұлпардың сыны» (1975), «Жердің үлгісі» (1979), «Ғасыр наны» (1983), «Сусамыр» (1985), «Таңбалы жарғақтың құпиясы» (1990), «Жұлдыз» журналында «Жендет» (1991), «Бақытты құлдықтың ақыры» (1995) атты романдары жарық көрді.

Оның «Терістік шұғыласы» (1971) атты повестер мен әңгімелер жинағына Тундраға барған шығармашылық сапары жөнінде деректі хикаяты енген. Тоқтаров – прозалық туындылармен қатар әдебиет теориясы, сын-библиографиялық мақалалар, эссе-толғауларымен де оқырман қауымға кеңінен танымал. Рамазан Тоқтаровтың «Бақыт» алғашқы романы жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, өмір құбылыстарын бейнелеуде өзіндік бет-бағдар ұстауға талпынған қадамын аңдататын туынды болып шықты. «Бақыт» романы – жас автордың өз тұлғаластары, өмір сапарына қатар аттанған құрбы-құрдастары жайлы роман. Тіршіліктің мәні, қуаныш пен қасірет, бақыт пен сәтсіздік, адам тағдыры, еңбек шаттығы, отбасы бақыты роман кейіпкерлері сияқты қаламгерді де тереңнен толқытатыны байқалды. Оның бас кейіпкері – Қайыр деген жігіт француз тілінің терең мағынасына, үн-ырғағына дейін сезініп, жетік білетін, орыс қазақ тілдерін толық меңгерген ойлы жас. Ол – алпысыншы жылдардағы арманшыл, тәуекелшіл қазақ жастарының интелектуаллдық өрісін танытатындай тұлға.

Романда Қайырдың алғашқы студенттік жылдарынан отыздың өріне шығып, азамат атанған шағына дейінгі аралық суреттеледі. Мұндай ұзақ уақыт мөлшері қаһарманның есею, толысу дәуірлерін жан-жақты қамтуға мүмкіндік берген. Шығармадан жазушының өз тұлғасы көрінбейді. Бас кейіпкердің сан алуан серпінді толғаныстары оқырманды адам жанының нәзік қалтарыстарымен таныстырып отырады.

Қайыр өміріндегі әркеттерімен де, ой-санасымен де ұдайы есею үстінде көрінген. Саналы жас жігіттің ойлары біржақтылықтан, келте кесуден, өзімшілдіктен ауылы алыс. Өзін ешқашан артық бағаламайтын ол ертеңін қиялмен топшылап, болашақтан қуанышты да, мұңды да асығыссыз, үрейсіз тосады. Айналасындағы құбылыстардың қай-қайсысы да – Қайыр санасындағы сұрақ-жауап түрінде шешуі қиын күрделі мәселе ретінде бейнеленген.

Қайыр Тұраров образы – сегіз қырлы, бір сырлы жастарымыздың мағыналы, өнегелі қасиеттерін қайталанбас өрнекпен жинақтай білген, жазушы шебер түйген шынайы типтік бейне.

Кейіпкерімен бірге автордың да талай сауалдарға қосыла жауап іздегені байқалып тұрады. Р.Тоқтаров шығармасы сол кездердегі көптеген жас жазушыларда кездесетін субъективтік салқынын жеңе білген.

Жазушының “Ғасыр наны” романы тың игеру науқаны басталған уақыттан отыз шақты жыл кейін жазылса да, тың игеру сияқты айтулы белестің алғашқы қадамдарын, “алғаш қазылған қазық”, “алғаш тігілген палата” романтикасын жырлайды.

Кеңестік идеологияға сәйкес өз заманында Тың игеру Кеңес халқының үлкен тарихи ерлігі саналып, төңкерістей ұлы оқиғаға теңелгені өмір шындығы. Жазушы осы тың игеру науқанына байланысты идеологиялық сарындарды толық жеңген деп айтуға болмайды. Тың игерудің қазақ халқына әкелген түрлі қиыншылықтары романда жан-жақты бейнеленген деуге келмейді. Шығарманың публицистикалық прологында “ғасыр ұрлығының” /француз мемлекеттік банкінің тоналуы/ миллиард пұт астық өндірген Қазақстанның “Ғасыр нанына” қарсы қойылады. Әртүрлі қоғамдық-әлеуметтік мәселелер болғандықтан, бұндай салыстыруды жазушылық тапқырылық ретінде бағалаудың қисыны жоқ.

Романның бас кейіпкері Жетікөл ауданының бірінші секретары Жәми Шұғаевты сол замандағы орта деңгейдегі басшылардың типтік бейнесі деуге болады. Ол өзіне жүктелген міндеттер деңгейінде әрекет ете отырып, жеке адам, пенде ретінде де біршама тәуір қырынан көрінеді. Оның адамдармен қарым-қатынасы белгілі бір шеңберден шыға бермейді.

“1954 жылдың март айындағы Аққала бұдан отыз жеті жыл бұрын Петроград басынан кешірген Октябрь күндеріне ұқсайтын еді. Жұрттың бәрі көшеде, мереке өтетін алаңда лек-лек ағылған колонналар, алқызыл тулар, транспаранттар… Айнала үн салған гудок, паровоз трубалары, дүрілдеген мотор. Үйде де, түзде де ереуіл. Жазға, күзге ұйғарылған той-думанның бәрі осы күндері атқарылуда. “Тың көтеріледі, телегей-теңіз астық өндіріледі” деген ұғымның өзі ел көңіліне тоқтық бітірген” дейді жазушы.

Роман авторының тың игеру материалдарын біршама жинақтап, зерттегені де байқалады. Қазақ халқының ұлттық менталитеті, адал, еңбекқор болса да, саяси қысымнан шыға алмай, өлместің күнін ғана көрегні де айтылып қалады. Кең байтақ жерді иеленіп отырып, өз қолы өз ауызына жетпеген қазақтың трагедиялық тағдыры да көрініс беріп өтеді. Әсіресе әр замандарда ашаршылыққа ұшырап, өзіне қорек табудың кілтін таба алмағаны публицистикалық сарынмен болса да, ашық айтылған.

Романда халықтар достығына да біраз орын берілген. Орыс, қазақ достық қарым-қатынасы, рухани жақындығы нақты кейіпкерлердің жалаң сөздері арқылы ғана емес, іс-әрекеттері арқылы да жақсы көрініп отырады. Тыңға шабуыл жорығына Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен жүздеген мың адамдар қатысқаны мәлім. Жаңадан ұйымдасып жатқан Есіл совхозының директоры Ястребцевтің, Сыздықтың, кішкентай Любашаның, Жәмидің бейнелері автордың осынау интернационалистік ұстанымына қызмет етіп тұр.

Мысалы үшін алғанда, Сыздық қарт жар дегенде жалғыз ұлынан айырылып, басына қара бұлт үйірілгенде, Жәми деген кісі Петруша деген ағасымен тыңға еріп келген Любашаны бауырына салып береді. Әлимаш атанып кеткен бұл бүлдіршіндей қыз шал-кемпірдің бауырына еніп, екі жарты, бір бүтін боп, қазақ жерінен жылы ұя табады. Жәмидің Ястребцевпен жолыққанда: “ол – орыс, мен – қазақпын, бірақ қалайша ұқсаспыз?” – деп ойлауынан да аса бір жылылық, жарасымдылық сезіледі. Екеуінің ғана емес, басқа да біраз кейіпкерлердің тағдыры Ленинград қаласымен байланысты болып шыққаны да шығарма шырайын арттыруға қызмет етеді. Нева өзенінің жағасындағы қаланы қорғауда, азат етуде қаншама қазақ қаны төгілгенінен хабары бар адамдар мұны өтірік, жасанды нәрсе дей алмайды. Достық тамырлары тереңде, сонау соғыс күндерінде жауға қарсы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен бауырлас сезімде ұялаған. Қазақ даласында “жер-көкті жұлған мотор үндерімен қоса жүздеген жүрек дүрсілдеп қатар соғып тұратын секілденеді” – дейді Рамазан Тоқтаров романы.

Бір назар аударатын жағдай – роман кейіпкерлері достықты махаббаттан да жоғары қояды. Достық – адамның адамнан алатын рухани ләззаты. Махаббат адамды тудырады, достық оны қайта тудырады, – дейді.

Тың көтеру бастамасын, оның жүргізілу барысын ұнатпайтын кейіпкерлер де бар. Бірақ олар – негізінен бұзық ұры Бапа, колхоздың әумесер бастығы Баспақов, мансапқор, топастау Жетпісбаев сияқты жағымсыз қылығы басым жандар. Ал тыңға саналы түрде қарсы болағандар бейнесін романнан табу қиын.

Оны жағымсыз кейіпкер, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының екінші орынбасары Жетпісбаевтың аузына салады. “…Анау жатқан қазынаңды қақыратып жыртып тастағанда қой түгіл ешкі де қалмайды”, – дейді.

Бір көңіл аударатын нәрсе, дәл осы пікір жоғарыда аталған “Сенім” романында қайталанады. Тың игерілгеннен кейінгі уақытта “Егіс көлемі көбеюдің орнына жер шаңы аспанға шығып жылдан-жылға азайып барады”. Жайылым тарылып, пішендігі азайған мал саны барған сайын кемуде. Көп совхоз пайда берудің орнына, қарызға белшесінен батып отыр. Қысқасы, бір романның /“Ғасыр наны”/ ұнамсыз кейіпкерінің айтқанын екінші бір автордың ұнамды /“Сенім”/ кейіпкері қайталайды. Жағымды кейіпкерлер мен жағымсыз кейіпкерлердің пікірі бір жерден қиысып жатуы әдеби процесте сирек. Қай романдікі дұрыс, қайсынікі бұрыс? Оны тексерудің бұл арада қажеттігі жоқ. Мәселе тағы да айналып келіп, өндірістік романдарда ұшырасып жататынын ұқсас проблемаларға тіреледі. “Жаңалықты” қолдасаң – жақсысың, қолдамасаң – жамансың» дейтін қарадүрсін тәсілден мүлде бас тарту қажеттігіне саяды.

Рамазан Тоқтаровтың «Сусамыр» романында детективтік сипат бар. Оның сюжеттік желілері шырғалаң оқиғалы шығарманың тәсілі бойынша құрылған. Негізгі оқиға тергеуші Мірханның Мұрын мен Үкі деген лақап атпен жүрген қылмыскерлерді іздестіруіне байланысты дамиды. Мұндағы Мірхан заң қызметкері ғана емес, психологиядан да хабары бар маман. Қылмыстының ізіне түсуді бүгінгі уақыттың, заманның психологиясын зерттеумен пара-пар деп санауы туындының әлеуметтік салмағын арттыра түскен.

Романда астан-кестен дамитын оқиғалардың қабатында адам тағдырлары да көрініп отырады. Қылмыскерлерді іздестіру барысындағы құпия белгілердің қоғамдық астары байқалады. Жағымсыз, жұғымсыз кейіпкерлердің аяқ астынан ұнамды кейіпкерге айналып шыға келуі – автордың ой айту үшін қолданған тәсілдерінің бірі. Әрбір оқиғадан философиялық тұжырым табуға тырысу да детективті туындының әлеуметтік-көркемдік салмағын арттыруға бағытталған қадам деуге болады. Бұл да жазушының шығармашылық ізденісі екендігі сөзсіз.

Р.Тоқтаровтың оқырман көңілінде ерекше із қалдырған романдарының бірі – «Абайдың жұмбағы». Туынды қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың адами және шығармашылық, философиялық бейнесін ашуға бағытталған. Автор өзі бұл шығармасының жанрын «роман-хамса» деп анықтапты. Бұл таза эпикалық шығарма емес, көбінесе ой-толғаулармен, публицистикалық қайрымдармен кестелене өріліп жатқан философиялық сипаты басым шығарма. Оның мазмұнын бір сөзбен жинақтап, қайталай атйтып беру де оңайға соқпайды. Бірақ осынау оқшау дүниедегі көркемдік кестелері мен сөз саптаулары ажарлы, қазақ көркем сөзінің құдіретін тағы бір қырынан көрсете алған тілдік құнары салмақты туынды.

Бір сөзбен айтқанда, Рамазан Тоқтаров – қазақ романын дамытуға өзіндік леп әкелген, өмірдің соқпалы проблемаларын көркемдікпен игеруге елеулі еңбек сіңірген талантты романтиктердің бірі.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2740. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия