Студопедия — Абдеш Жұмаділов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Абдеш Жұмаділов






(1936 жылы өмірге келген)

Қазақ прозасының көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1990), Қазақстанның халық жазушысы (1998). 1983 жылы «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24-көкекте Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келген.

Келешек жазушы 1944-1947 жылдары өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектептің табалдырығын аттайды. 1949 жылы Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебінде білімін жалғастырып, оны бітіргеннен кейін 1952-1959 жылдары Шәуешек гимназиясында оқыды.

1956-1958 жылдары Қытай Үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. 1958-1962 жылдары Қытайдағы саяси қуғын-сүргін науқанына ұшырап, университеттегі оқуын үзіп алады.

1962 жылы Шыңжаңнан тарихи Отанына көшкісі келген қалың қазақтарды ұйымдастырып, Қазақстанға біржола қоныс аударады. Сөйтіп 1962-1965 жылдары Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.

1965-1967 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінінің редакциясында аға тілші болып қызмет істеді. 1967-1976 жылдары «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор, 1976-1981 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік Баспа полиграфия және кітап саудасы комитетінде аға редактор болып қызмет атқарды.

1981 жылдан бері қарай – бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Қ.Жұмаділовтің алғашқы өлеңі 1954 жылы Үрімжі қаласында шығатын «Шыңжаң газетінде» жарық көрсе, 1956 жылы «Шұғыла» журналының бірінші нөмерінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды. Содан былай қарай жазушы шығармашылық жұмыспен ұдайы шұғылданып келеді.

Қ.Жұмаділовтың прозалық шығармаларының ұнасымды қасиеті олардың көркемдігі мен шынайылығында. Жазушы өзі қозғаған қай тақырыпты да жеріне жеткізе, тартымды етіп жаза біледі. Кесек-кесек романдарының өзін былай қойғанда, оның жекелеген әңгімелері де елеулі мәселені қозғай отырып, оқырманның көркемдік қабылдауына оң әсер ететіндей етіп жазылады. Мысалы, бір қарағанда сюжеттік тұрғыдан алып бара жатқан ештеңесі жоқ болып көрінетін «Адамның кейбір кездері» атты әңгімесінің мазмұны оқырманның санасында ұзақ уақыт есте қалып қояды. Жазушы бұл шағын шығармасында адам болмысының жекелеген қалтарыстарына көркемдік саяхат жасайды.

Сол сияқты «Саржайлау», «Сәйгүліктер» және қатардағы шығармалары деп саналатын басқа да повестерінің көркемдік-эстетикалық қуаты жазушы шеберлігін әйгілейді. Кеңес дәуріндегі шаруашылықтар тіршілігінен алынып жазылса да, ең бастысы бұларда адам тағдырлары бар, моральдық проблемалар сюжеттік өрбулер мен психолгоиялық шиеленістер арқылы көркем шешімін тауып отырады.

Қазақтың көркем сөзіне, әсіресе роман жанрына елеулі үлес қосып келе жатқан көрнекті жазушының ең сүбелі туындылары – оның романдары. Атап айтқанда, «Соңғы көш», «Дарабоз» дилогиялары қазақ әдебиетінің ең көрнекті туындыларының біріне айналды. Қ.Жұмаділов – «Соңғы көш», «Тағдыр» романдары арқылы әдебиетте бұрын сүрлеу салынбаған тың тақырып ала келіп, сол арқылы қазақ прозасының тақырыптық тұрғыдан кеңеюіне үлес қосқан суреткер. Оқырман қауым шетелде жүрген қазақтар тағдырымен бірінші рет осы «Соңғы көш» романы арқылы танысты. Қ.Жұмаділовті қалың оқырманға алғаш рет кеңінен танытқан шығармасы – осы «Соңғы көш» дилогиясы. Ол өзінің бірнеше көркемдік қырларымен бүгінгі қазақ әдебиетіндегі таңдаулы шығармалардың біріне айналды. Бұл роман тақырыбының тосын да, күрделілігімен, оқиғалардың алғаш көтеріліп отырған сонылығымен, образдарының қанықтығымен және идеясының терең де шыншылдығымен назар аударады.

«Соңғы көшті» оқып отырғанда бір қиырдан күмбезін күн шалған әлдебір зәулім сарайдың тұлғасы асқақтап көрініп тұрады. Ол – біздің сүйікті республикамыз Қазақстан бейнесі. Шетелде жүрген шерменденің жабырқау көңілі, жасқа толы жанарымен қарағанда, көзіміз үйреніп кеткен әлгі сарайдың әсем айшықтары ерекше көз тартып, бұрынғыдан ары құлпыра түседі» деп, бағалайды бұл шығарманы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Әзілхан Нұршайықов.

«Соңғы көштің» әсіресе, көркемдік, стильдік бітімі жұмыр болып келген. Қазақ әдебиетінің классикалық дәстүрінде жазылған бұл шығарма – эпикалық кең тынысты проза үлгісі. Әдебиеттің бірінші шарты тіл деп тұжырымдасақ, «Соңғы көште» осы тілдің байлығы бар. Автор сан қуу үшін сөз термейді, терген сөзді шығармасына зорлап телімейді. Сондықтан да әрбір сөзі қалауын тапқан қардай жарасып тұратыны байқалады. Ал «Тағдыр» өткен ғасырдың бастапқы жылдарындағы Қытай еліндегі қазақтардың ауыр тыныс-тіршіліген хабардар ететтін, оның үстіне ұлттық экзотикалық бояуы қалың шығарма.

Ұлт жанды қаһарманды биік өреге көтерген «Тағдыр» романы – қазақ әдебиетінің өз қойнынан шыққан туынды. «Басқа тілдерге аударылғанда ғана бағы ашылатын кейбір шығармалардай, батыс я Латын Америкасы роман үлгісі бойынша пішілмеген. «Тағдырды» оқып отырғанда, қазақтың кең даласына сүңгіп кеткендей рахат кешесің» – дейді әдебиеттанушы ғалым Ш. Елеукенов.

Жазушының «Дарабоз» атты қостомдық тарихи романы ХVІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық соғысының даңқты қаһарманы Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі жайлы әңгімелейді. Абылай хан ордасының ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты қамтып көрсеткен бұл қомақты туынды жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін құнды шығарма ретінде бағалануда.

«Дарабозды» қолына алған оқырман сол замандағы қасиетті хан ордаларында ұлы жыраулардың, аузы дуалы дана билердің аталы сөздерін өз құлағымен естігендей болады. Халқымыздың хас батырлары Қабанбай, Бөгенбай образдарын шынайы сомдаған бұл дилогияның көркемдік сапасы сыншылар тарапынан жоғары бағаланып келеді. Бұл – біржағынан, тек халық тарихындағы жекелеген тұлғалардың адамдық қырларын жан-жақты ашатын шығарма ғана емес, бүкіл қазақ елінің әлеуметтік-тарихи қатпарларына да ой көзін жүгіртуге мәжбүр ететін шығарма.

Сонымен бірге жазушы бүгінгі заман тақырыбын игеруде де елеулі еңбек сіңіріп келеді. Соңғы жылдары жазған роман, повестері, әсіресе тәуелсіздік талаптарын сөз ететін шығармалары оқырман назарын аударуда. Атап айтқанда, «Көкейкесті», «Атамекен», «Таңғажайып дүние» романдары – бүгінгі заман келбетін әр қырынан жырлай отырып, көркемдік мәнінің жоғарылығымен, жазылу шеберлігімен оқырман көңіліне жол тапқан туындылар.

Мәселен, «Таңғажайып дүниені» ұлттық рухы айқын романдардың қатарына жатқызуға болады. Жазушы Қазақстаннан тыс дамып жатқан қандастардың да өмірлерінен сыр шертеді. Жеке адамдардың тағдырлары тақсіретті қазақ халқының тарихымен тығыз бірлікте көрсетіледі. Он жетінші-он сегізінші ғасырларда жоңғар қалмақтарының не түрлі қанды қысымын көріп келіп, кейін Маншың (Қытайдың бұрынғы өкіметі) әскерлерінің қырғынына ұшыраған өңір қазақтары Ресей империясындағы Қазан төңкерісінен кейін де сабаларына түсіп, белдерін шешіп, тыныштала қойған жоқ. Шекара асып, Қытай мемлекетінің жеріне ат басын тіреген орыс әскерлерінен де қорлық көреді. Қандарына қарайған аз ғана қарулы орыстың өзі шекараға тақау жатқан қазақ ауылдарын қан қақсатып кетіп отырған.

Бұл өңірдегі маңдайының соры қалың момын ел коммунистік бағыттағы Қытай Халық Республикасы орнағаннан кейін де тыныштыққа кенеліп, жайбарақат өмір сүруге сол кездегі саясат мұрша бермеді. Аумалы-төкпелі заманда ең алдымен құрбандыққа ұшырауға даяр тұратын қазақтардың тағы да өзгеден бұрын соры қайнайды. Зорлық-зомбылыққа шыдамаған қазақ азаматтары әр кезде наразылық көрсетеді. Бір ауыз сөзбен айтқанда, замана шындығы бұл романнан да реалистік деңгейде көрініс тапқан.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, тарихтың сан тарау жолдары арқылы суреттей келіп, әдебиетімізге қазақи рухты, ұлттық ерекшеліктерді сіңіруде, ұлттық прозамыздың іргетасын нығайтуда Қ.Жұмаділовтың өзіндік орны бар деп білеміз.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1252. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия