Студопедия — Мұхтар Шаханов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мұхтар Шаханов






(1942 жылы туған)

Ақын, қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының халық жазушысы (1996), Қырғыз Республикасының халық ақыны (1999). Қазақстан комсомолы (1972) және Бүкілодақтық Ленин комсомолы (1982), Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы (1992), ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы (1997) Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» Халықаралық (1999), Қырғыз Республикасының Халықаралық «Руханият» (1999), сыйлықтарының иегері. Мұхтар Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы Шілікті аулында дүниеге келген. Әдебиеттегі қадамын “Оңтүстік Қазақстан” газетінде корректор болып бастаған ол бүгін де қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, белгілі қоғам, мемлекет қайраткері. Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахияр» сыйлықтарының (2003) лауреаты атанған ол «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды (2002).

Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). 1961 – 1965 жылдары “Оңтүстік Қазақстан” газетінде түзетуші, әдеби қызметкер, 1965–1970 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің оңтүстік облыстардағы тілшісі, 1970–1971 жылдары Шымкент облысы комсомол комттетінде сектор меңгерушісі, 1971–1976 жылдары ҚР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің аға, бас редакторы, 1976–1979 жылдары ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемллеке-ттің бөлім бастығы, 1984–1993 жылдары “Жалын” альманахының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан) қызметтерін атқарды. 1993–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болды. 2004–2007 жылдары ҚР Парламаенті Мәжілісінің депутаты. Алғашқы өлеңі “Сырдария” 1959 жылы жарияланған. Тұңғыш өлеңдер жинағы “Бақыт” 1966 жылы жарық көрді. Кейін махаббат, достық тақырыбындағы, адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаған “Балладалар” (1968), “Ай туып келеді” (1970), “Қырандар төбеге қонбайды” (1974), “Ғашықтар” (1979), “Махабатты қорғау” (1982), “Ғасырлардағы безбендеу” (1988) атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды. Шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін “Танакөз” (1970), Сырдария туралы көне аңыздың желісіне құрылған “Сейхундария” (1974), жастық шақты жырлайтын “Күре тамырды іздеу” (1975), көне дәуір мен бүгінгі өмір адамдарын шендестіре суреттеп, философиялық ой түйетін “Сенім патшалығы” (1977), т.б. поэмалары әдебиетшілерден жоғары баға алды.

Оның қоғамдық қызметі 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» тұсында ерекше танылса, Қазақстанда 1988 жылдан бастап «Наурыз» мерекесінің ресми түрде тойлануы мен Қазақ тілі қоғамының жұмыс істей бастауы да осы қайраткердің есімімен тікелей байланысты.

Шығармалары 40 шақты тілге аударылған ақынның Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты ескеру түні» атты драмасы көптеген тілдерде жарық көрді. Бірнеше елдің сахнасында қойылған «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» атты драмалық туындысы негізінде Украинаның А.Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм түсірді. Ақын қаламынан туған жыр жолдары Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, М.Базарбаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Ә.Нарымбетов, Қ.Алпысбаев, т.б. сынды әдебиеттанушылар тарапынан лайықты бағасын алды.

Әдебиетке ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының орта тұсында келген ақын «Бақыт» (1966), «Балладалар» (1968), «Ай туып келеді» (1970) атты алғашқы жинақтарымен-ақ жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Поэзияға «Жақсылыққа қуанамын, кемшілікке төзбеймін» деп келген ақын жырларының лейтмотиві – мәңгілік категориялар. Адам бойындағы ізгілікті жыр еткен ол адамдар арасында кездесетін жылпостықты, екіжүзділікті, аярлықты, сатқындықты, күншілдікті кешпейді.

Кеңестік дәуір тұсындағы қазақ поэзиясының негізгі тақырыптарының бірі – достық болса, ақын шығармаларынан мұндай жырларды көптеп кездестіруге болады. Оның «Достық туралы», «Достық өлкесінің заңы», «Аға», «Түсінісу теоремасы», «Қырғыздар мен қазақтар», «Жомарт жүрек тағылымы», «Құлпы тас қасиеті немес кері тебу заңы», т.б. жыр шумақтары – осы қатарды толықтыратын туындылар. Қазақ пен қырғызды екі қанатқа теңеген ақын Кеңестер Одағын мекендеген халықтардың бәріне достық құшағын ашты.

Махаббат тақырыбы – бүгінгі қазақ поэзиясының қанатын кең жайған тақырыптарының бірі десек, ақын поэзиясының дені осыған құрылған. «Жар басындағы оқиға» – осы қатардағы үздік туындылардың бірі. «Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!» дейтін ақын жырларының шоқтығы биігі – «Ғашықтық ғаламаты» атты толғау-өлеңі. Ол махаббаттары аңызға айналған ақын-сазгер Естай Беркімбаев (1874-1946) пен Хорлан арасындағы 51 жылға созылған пәк те шынайы сезімді қазақ поэзиясына алып келді.

«Әмір-Темірдің соңғы өсиеті» атты шығармасында «Мың намыссыз жағымпаздан құлдық ұра құлаған, Артық маған қасқайып кеп шындықты айтқан бір адам», – деген ақын идеалы барлық шығармаларының негізгі лейтмотиві. «Төрт бақыттың бірі – ана тілі» деп санайтын ақынның «Космополит қазақтар» атты шығармасының да айтары мол. Бұл – кеңестік дәуір тұсында қолдан мәңгүрт жасау саясатының салдарынан бүгінгі тәуелсіз қазақ халқының мәңгүрт күй кешуін ащы тілмен шенейтін туынды. Ана тілін білмейтін қаракөздердің бүгіндері арамызда жүргені өмір шындығы. Ол ұлттығымызға үлкен қауіп тудырар осындай келеңсіздіктерді сатираның уытты тілімен шенеу арқылы қазіргі заманның өзекті мәселесін көтерді.

Қазақ поэзиясында қалыптасқан дәстүрдің бірі – арнау өлеңдер. Бұқар жыраудан негіз алған бұл салаға қазақ ақындарының бәрі де өз үлестерін қосып келеді. Махамбет пен Абай тұсында ерекше дамыған бұл үрдіс кеңестік дәуір тұсында да өз жалғасын тапты. Өз замандастарына жыр арнауда Мұхтар Шахановтың да қолтаңбасы бар. Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ш.Айтматов, Е.Евтушенко, Т.Айбергенов, Ш.Қалдыаяқов, Р.Сейімов, Қажымұқан, З.Қабдолов, Ә.Кекілбаев, Ф.Оңғарсынова, тәрізді тұлғаларға арнаған шығармалары қалыптасқан дәстүрдің заңды жалғасы.

Қазақ поэзиясындағы Абай негізін қалаған баллада жанрының Кеңес дәуірінде жоғары қарқынмен дамып, өркендегені баршаға аян. Ол – баллада жанрының кең қанат жайып, өрістеуіне елеулі үлес қосқан ақындардың бірі. Көркемдік дәрежесі биік, идеялық мазмұны терең «Қараспан қыпшақтары», «Жанерке», «Жароков көшесіндегі кездесу», «Қасымды қабылдамаған адам хақында», «Шың басындағы оқиға» атты туындылары – қазақ балладасының әдемі үлгісі. «Жароков көшесіндегі кездесу», Жароков көшесінде тұратын жанның кезінде ақынға бір қызмет жасауға жарамағаны сынды мысалдарды тірілте отырып, өмірдің келеңсіздіктерін шеней білді.

«Жігерлендіруде» кез келген заттың екі жағы болатынын өмір заңы арқылы түсіндіре отырып, философиялық ой түйді. Сыршыл лириканы еркін игерген ақынның кең құлашты эпикалық туындылары қазақ поэмасын бір саты биікке көтерді. М.Шахановтың замандастар туралы жазылған тұңғыш поэмасы «Танакөз» (1969) жоғары бағаланып, оған 1972 жылы Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді.

Қазақтың бай ауыз әдебиетінен сусындап өскен ақын шығармаларынан фольклорлық элементтерді аңғару да қиын емес. Ол да өз замандастары секілді ауыздан-ауызға тарап, атадан-балаға жетіп отырған аңыз-әңгімелерді, ертегілерді шығарма мазмұнына сай пайдалана білген. Осылардың қатарында «Сейхундария» (1971) поэмасын атауға болады. Ақын шөл даланы қиып өткен Сейхундария суының бір тамшысын бұқара халыққа татырмаған Бүйі хан туралы аңызды тірілтіп, қазақ әдебиетіне алып келді. Бір қарағанда махаббат жайында сыр шерткен поэманың айтары арыда жатыр. Оны ақын көне тарихқа саяхат жасаумен түйіндеді. «Махаббатты қорғау» поэмасында (1977) да ақын тарих қойнауына саяхат жасай отырып, махаббаттың құдіретті күшін көрсете білген. Шағын лирикаларына арқау болған махаббат тақырыбын эпикалық шығармаға алып келді. Мұнда махаббаттың уақыт талғамайтыны көне дәуір мен қазіргі замандастар бойындағы үлкен де нәзік сезім күйлерімен салыстыра отырып тұжырымдалған. Ақын осы поэмасы арқылы қазақ әдебиетіндегі махаббат атты тақырыпты толықтыра түсті. Ол өзіне дейін жазылған дүниелерден өзге жол іздеп тапты.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында қазақ ақын-жазушыларының баса ден қойған тақырыптарының бірі – тарихи тақырыптар болса, «Өткен күннің бар белгісі жатыр құмның астында» дейтін ақын тарих қойнауына үңіле білді. Осы тұрғыда оның «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» поэмасын атауға болады. Поэмаға аты әлемге әйгілі Шыңғысханның тарихтан белгілі Отырар қырғыны арқау болған. Соғыс тактикасын терең меңгерген қолбасшының Отырарды алты ай бойы ала алмауының сыры неде екендігіне көңіл бөлген автор отаншылдық рухты алдыңғы планға шығарады. Елі мен жерін сатқан опасыздарды әділ тарих жасырмақ емес деген тұжырым жасаған ақын жауыздық пен қанішерлікке, Отанына опасыздық жасаған сатқындыққа лағнет айтады. Оның тарихи тақырыпты арқау еткен келесі шығармасы – «Нарынқұм зауалы» (1982) атты шағын поэмасы. Онда Махамбетті алдап соққан сатқындарды «дала заңы – баба заңы» кешірмейтінін ұқтырған. Бұл ақынның «Достық өлкесінің заңы» атты өлеңіндегі «Отанын да сатып кете алады, Қиын шақта досын сатқан адамдар!» деген тұжырымының заңды жалғасы.

«12-3?» атты поэмасы (1982) да – ұлттық әдебиетіміздің елеулі жаңалықтары ретінде танылған туынды. Жас дәуренсіз өмірдің мәні болмайтынын түсінген ақын тек ақсақалдарға сенген ханның «Әттең-әттең, қорлаппын-ау жігіттерді нарға тең...» деген сөзі арқылы оқырман қауымға өмір жайында үлкен сауал тастап, философиялық ой қозғайды.

«Күретамырды іздеу», «Сенім патшалығы», «Сейхундарияны» философиялық поэмалардың қатарына жатқызуға болады. «Күре тамырды іздеу»бүгінгі замандас бейнесі арқылы адамгершіліктің асыл қасиеттерін жыр етсе, «Сенім патшалығы» екі дәуірдің оқиғасын жинақтау арқылы достық жолындағы ұлы мақсаттарды паш етеді.«Сенім патшалығы» поэмасындағы Тарих кейіпкер Ілияс Жансүгіровтің «Дала» поэмасындағы Тарих Шалды еріксіз еске түсіреді. Бұл тұрғыда ол өзіне дейін қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, оны жаңа қырынан дамытты. «Сейхундарияда» Бүйі хан туралы тарихты тірілте отырып, арғы-бергі тарихтан сыр шерткен ақын махаббаттың уақыт талғамайтын мәңгілік дастан екендігін дәлелдеді.

«Өркениеттің адасуы» (1997) атты поэмасы арқылы қазақ поэмасын бір саты биікке көтерді. Ақын Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Гитлер, Сталин, Пол Пот, т.б. сынды жауыздарға Аристотель, Конфуций, Әл-Фараби, Шекспир, Фирдоуси, Гете, Достаевский, Бетховен, Моцарт, Андрей Сахаров, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменов т.б. сынды әлемге ізгілік шашқан ғұламалар мен классик ақын-жазушыларды қарсы қоя суреттеді. Аталған кейіпкерлер бірінің бейнесін бірі толықтыра түскен. Осы поэманың «Төрт ана» атты тарауы – ақын поэзиясына арқау болған «төрт бақыттың» түйіні. Ол – туған жер, тіл, салт-дәстүр, тарих бірлігі. Бүкіл әлем жұртшылығынан лайықты баға алған бұл поэма – тек қана қазақ поэмасына емес, дүниежүзі поэзиясына қосылған үздік туынды.

Ақын «Жазагер жады космоформуласы» атты өлеңмен жазылған роман-поэмасымен ХХ ғасыр аяғындағы қазақ поэмасын жаңа биікке көтерді. Поэма жарық көрген бойда дүние жүзі әдебиетшілерінің назарына ілікті. Дүние жүзі елдерінің рухани қазынасына айналған шығарманың драмалық сипаты басым болғандықтан, көптеген елдердің театрларының сахнасынан орын алды. Поэманың орталық кейіпкері – Шыңғысхан. Ол – өмірде болған, дүние жүзіне аты мәшһүр (1155-1227) тарихи тұлға. Ақын Шыңғысханды (ХІІІ ғасырдағы) жауыздықтың шыңына шығара бейнелеген. Шыңғысхан зұлымдық пен жауыздықтың жиынтығы (типтік) ретінде суреттелсе, Қайырхан, Айбар, Ақеркелер оған қарама-қарсы қойылған кейіпкерлер. Кеңестік дәуір тұсындағы Шыңғысхан туралы тек қана оны қаралайтын пікірлер қалыптасқаны мәлім. Алайда, тәуелсіздік тұсында жарияланып жатқан деректер оның да ет пен сүйектен жаралған пенде екендігін айқындап келеді. Ақынның бұл поэмасы кешегі тарихи деректер бұрмаланған саясат негізінде хан мен патша, би мен бек туралы теріс көзқарастан туғаны анық. Мұның өзі автор пікірінің біржақтылығын аңғартады.

Алайда, соңғы деректердің патриоттығымен танылған Қайырхан туралы теріс пікір тудырып жүргені де жасырын емес. Шыңғыс ханның бүгінгі ұрпақтары ретінде Шебен, Темуджандарды көрсетсе, дүниеқоңыздар тобын толтыратын мұндай жандар барлық уақытта болған және бола бермек. Ол – өмір заңы. Олай болса, Шыңғысхан тұсында өмір сүрген жандардың тікелей ұрпақтары ХХІ ғасырда да жүргені жасырын емес. Қара дүлей күшке қарсы тұра білген Рухбек – ақынның әдеби бейнесі. Себебі, Мұхтар Шаханов алғашқы жыр жолдарынан бастап екіжүзділікпен ашық күресіп, мәңгілік категорияларды насихаттап келе жатқан ұлтжанды ақын.

Қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерген ақынның «Арал қасіреті», «Туған жерге оралу», «Айналайын», «Жеңілсең, жігіт емессің», «Әке туралы жыр», «Құпия арман», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», «Жұбайлар жыры», «Жайықтан қайтқан тырналар», «Мен саған өкпелемеймін», «Мен саған ғашық едім» тағы басқа ән-өлеңдері халық арасында кеңінен тараған. Оның «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» поэмалары шетел халықтарының көптеген тілдеріне аударылу арқылы ұлттық шеңберден шығып, әлемдік аренаға көтерілді.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3170. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия