Студопедия — Шөмішбай Сариев
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шөмішбай Сариев






(1946 жылы туған)

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15-сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш станциясында дүниеге келген. Қамбаш станциясындағы Әлия Молдағұлова атындағы мектептің жетінші сыныбын бітіргеннен кейін Арал қаласында кеме жасау қолөнер училищесіне оқуға түсіп, мотористік білім алады. Одан соң Арал теңізінде төрт айдай Уклея, Окун атты кемелерді жүргізді. Одан Қызылорда қаласының дәрігерлер училищесінің фельдшер факультетінде екі жылдай оқып, өзінің бұрынғы оқыған Қамбаш орта мектебін қайтып келіп бітірді. Мұнан кейін әуелі Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінде алты ай, кейін жаңадан газет ашылған тұста Арал ауданының «Толқын» газетінде қызмет атқарады. Келесі жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне 1966 жылы оқуға түсіп, 1974 жылы бітірген.

Университеттің төртінші курсынан бастап, республикалық «Қазақстан» саяси баспасының Марксизм-ленинизм классиктері бөліміне редактор болып орналасады. Еңбек жолын журналистикадан бастаған оның «Қазақстан» саяси баспасында жүргенде екі кітабы шықты. «Балдәурен» (1974) атты тұңғыш жинағы қазақтың көрнекті ақыны Әбділда Тәжібаевтың алғы сөзімен жарық көрді. «Арайлы көктем» (1974) атты екінші кітабына өнер адамдары туралы шығармашылық портреттері жинақталған.

1974-1989 жылдары «Жұлдыз» журналының Сын және библиография, Өнер және ғылым, Поэзия бөлімдерін басқарды. Бұл жылдары ақынның «Теңізден соққан жел» (өлеңдер мен поэма) (1975), «Тағдыр» (өлеңдер және балладалар) (1979), «Өң мен түс», (өлеңдер мен толғаулар) (1980), «Үш өлшем» (өлеңдер) (1982), «Тағдыр жыры» (өлеңдер) (1984), «Біздің ғасыр» (өлеңдер мен поэма, балладалар) (1984), тағы басқа кітаптары жарық көрді. Ақынның алғашқы таңдамалы жинағы 1994 жылы «Сағынышым – теңіз» («Морская тоска», ситхи, поэмы) атпен «Жазушы» баспасынан басылып шықты. Содан соң «Қос қанат» (2004) атты таңдамалысы, екі томдық шығармалар жинағының таңдамалысы (2006) оқырман қолына түсті.

2008 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылған, Қорқыт ата кітабы бастаған 100 томдыққа Шөмішбай Сариевтың екі томдық шығармалар жинағы енді.

Сонымен бірге ол Р.Тагор, М.Эминеско, Л.Камоэнс, Г.Гулиа, О.Берголеьц, И.Абашидзе, С.Викулов, Р.Рождественский, А.Дементоев, Ф.Алиева және де басқа дүниежүзінің ақындарын қазақ тіліне тәржімалады.

Оның жырлары қазақ ақындары ішінен алғашқыларының бірі болып бұрынғы одақтық поэзия тұсында «Литературная газетаға» жарияланды. Москвалық ақындар Владимир Шлëнский, Станислав Золотцев, Марина Тарасова, Валерий Краснопольский, Александр Князов қазақстандық ақындар Олег Постинков, Надежда Чернова, т.б. ақын шығармаларын орыс тілінде сөйлетсе, сол арқылы украин, чех, қырғыз, тәжік, румын, хинди, француз және басқа тілдерге аударылып, әлемге танылды. Атап айтсақ, «Созвучие» (1983), «Песни сожаления» (1998) атты кітаптарын орыс тіліне, «Теңізден соққан жел» (2002) атты кітаппен хинди тілінде, «Дала желі» (2008) атты кітаппен француз тілінде, «Струна степей» (1988) атты кітаппен украина және де басқа тілдерге аударылып, жарық көрді.

Ақынның алғашқы өлеңі «Социалистік Арал» газетінде жарық көрді. «Ат қып мініп қамысты, Сыр тасимын әдетіммен күндегі» дейтін лирикалық кейіпкерді оқырман бір көргеннен жақын да жылы қабылдады. Алғашында аудан, кейін облыс, одан республика көлемінде таныла бастаған ақын махаббатты шәрбатқа теңей отырып, «Қоштасып жастық қаламыз ба екен біз де осы, Күзде ұшып кеткен құстарға қарап қалғандай» деп, поэзияға өзіндік өрнегімен аттады.

1966 жылы университеттің бірінші курс студенті Шөмішбай Сариевтың «Инағаш», «Көлеңкем» атты өлеңдері әдеби қауымның назарын өзіне аударды. «Кірлеген жейделерді жуып жүрдім, Ұялып көрші қыздан есікті іліп» деп қарапайым жыр жолдарының шынайлығымен өзіне баураған ақын «Озбау үшін көлеңкем, Күнге қарай жүремін...» деп өмірге құштарлығын байқатты. Сыршыл ақынның алғашқы жырларын академик-сыншы Мұхамеджан Қаратаев пен ардагер ақын Әбу Сәрсенбаев баспасөз бетінде жоғары бағалап, оның табиғат, өмір суреттерін эстетикалық талғамда қабылдайтындығына, шынайылығына назар аударып, ақынның шабытына шабыт қосты.

«Ана хаттарында» «Бірде кетіп қалғың кеп Алматыға, Бірде кетіп қалғың кеп «армияға» деп елде қалған анасына алаң болып, оны сағынған ақын «Анам үшін, гүлім үшін жыр жазып, Ақындыққа мен ұмтылдым қайғыдан» деп қолына қалам алды. Жетпісінші жылдары ақындығымен танылған Ш.Сариев қазақ әдебиетіне «Бір қуанту, бір қуанту арманым, Мен біреудің анасы мен ғашығын!» деп, өз даусымен келді.

Қазақ поэзиясындағы азаматтық лирикаға Шөмішбай ақын да мол үлес қосты. Осы саладағы ақынның туған жер туралы өлеңдерін ерекше атауға болады. Сыр бойында туған ақын шығармаларынан тек қана су емес, сонымен бірге құм мен шөлейт дала да кеңінен орын алған. Туған жерге деген ыстық сезімін ақын туған жерінің суын да, нуын да, шөлін де, ауасын да сағына жырға қосуымен танытты. «Шөміштегі бала сөзі», «Қамысты көл – Қамбашымнан» бастау алған туған жер туралы өлеңдер Шөміш станциясынан Қамбаш көліне, одан Аралға, Аралдан Сырға, Сырдан Қызылордаға, Қызылордадан Алматыға, одан Астана мен Қазақстанға жалғасып, Отан деген кең ұғымға ұласып жатты. Аралдың суын тартылуы әлемді алаңдатса, туған жерін – туған анам деп қабылдайтын лирикалық кейіпкер қайырлаған қайықтар мен кемелерді, аспанға ұшқан ақшағыл құмдарды «О, Теңізім, айт емін, Аңырадың, қайтемін. Ата-баба қонысым, Қаңырадың, қайтемін» деп аһ ұрды. Туған жердің қайғысы ақын шығармаларынан мол орын алса, «Аралдан ұшқан аққулар» атты ән-өлеңін тыңдаған бүкіл адамзат баласы көзіне жас алды. Ақынның кіндік қаны тамған шөл даланы жер жұмағы ретінде қабылдауы оның туған жерге деген патриоттық рухын танытады.

Тәуелсіздік тұсында жазған ақын өлеңдерінің біразы алыс-жақын шет ел сапарларынан хабар береді. «Ұлы Кафка елі», «Тәуелсіздік сапары», «Рейхстаг», «Берлин», «Украина таңы», «Киев», «Ұлы Кобзарь елінде», «Алматы-Рим сапары...», «Болдым Львов қаласында», «Украин қарлы қысын мен көрдім», «Украина ормандарын араладым», «Ром-Рим шаһары», «Берлиндемін мен бүгін», «Париж», т.б. өлеңдерінде сол елден хабар бере отырып, олардың әсем табиғаты мен сан ғасырлардың куәсі болған тарихи орындарын тілге тиек етеді. Жер шарын үш рет араласа да, лирикалық кейіпкер үшін әлемде қазақ елі мен жеріне жетер жұмақ жоқ екендігіне көзі жетті. Сондықтан да туған жерін «Ауылымды айтсам – аққұмымды-ай аунаған, Туған жерім – Меккем еске түседі» деп жоғары бағалайды. Кең даласын мақтан еткен ақын жеткен жетістігінің бәрін «Бұл өмірде бір биікке жете алсам, Сенің арқаң, сенің арқаң, қазағым!!!» деп, қазақ халқымен тұтастықта бейнеледі. Қазақстан, Азия, Европа елдері туралы өлеңдері ақын поэзиясының георграфиясын кеңейтті.

Ақын шығармаларындағы азаматтық үн оның Отан, туған жермен бірге ана тілі туралы жырларынан да менмұндалайды. «Ана тілі», «Менің ана тілім ғой», «Ана тілін сүйеміз» әнінде ананың ақ сүтінен жаралған ана тілін сүйетін ақын «Қайт, райдан!» өлеңінде ХХІ ғасырда халі мүшкіл болып отырған Ана тілін және жырға қосты. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ана тілінің тағдыры талқыға түскен заманда қазақ тілінің болашағына алаң болған ақын оның жоғын жоқтап, күйін күйттеді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына қарсы кейбір дүбәра қазақтарға жазған хатында оларға үлкен ой салып, замандастарының намысын қайрап, оларды сүтпен келген қасиетті тілді құрметтеуге шақырды.

Шөмішбай ақынның ұлттық поэзиямыздағы Абай негізін салған табиғат лирикасын ерекше атауға болады. Ақын өзіне дейін қалыптасқан дәстүрге сүйене отырып, мезгіл әуендерін өзінше жырлады. «Сылдыры мөлдір бұлақтай, Көктем бұл – бөбек сөйлеген» деп көктемді тіршіліктің бастауы балалық шаққа, «Ұшады көзден бір күні, Жаз болып жайсаң бойдақтық» деп жазды махаббат оты алаулаған жастық шаққа, «Бала боп жүріп балаңа, Әке болғаныңда сезініп» деп күзді жастың ұлғаюына, «Ақ шашың бейне күміс қар, Самайың тұнған ақ қырау» деп қысты қасын ақ қырау шалған, шашына ұлпа қар жауған қарттыққа теңей отырып, табиғат ананың төрт мезгіліне жан бітіре, кейіптеді. Көктеммен бірге жер бетіне тіршілік келетінін ақын «Жер-ана жатыр бусанып, Босанған тұңғыш Анадай» деп оны Анаға теңей отырып, сыңғырлай аққан бұлақтарын сәбидің сылқ-сылқ күлкісіне, жерге көк шығуын «Иегін таудың мүк басып, Етегін көкпен көмкерді» деп образды суретпен бейнелейді.

Сонымен бірге ақын жансызға жан бітіріп, дерексізді деректі затпен бейнелеуде де табысқа жетті. Оның «Жастық шағым – айдын мұз, Жастық – неткен жылтыр мұз, Жастық – неткен тайғанақ» деген жолдары мен жеті түрлі толқынға жан бітіріп, бірде оны сылқ-сылқ күлдіріп, енді бірде құшақтай алатын қалжыңбас жанға балауы бұйра толқындардың өзіндік бейнесін қолмен қойғандай елестетеді. Жастық шақты «Сезімнің тамшысы боп дір-дір еткен, Албырт кез балбұлақтай жылжып өткен» деп, кіршіксіз мөлдір бұлаққа теңеген ақынның табиғат лиркасының негізгі ерекшелігі де оның жансызға жан бітіруінде.

Оның бір-біріне қарама-қарсы заттарды қатар жырлауда параллелизмді шебер меңгергенін де атауға болады. «Есік пен төр» өлеңінде «Есік пен төр қаншалық алыс болса, Бесік пен көр қаншалық жақын еді!..» деп өмір мен өлім туралы ой салса, «Күн мен түн» өлеңінде күн мен түнді көздің ағы мен қарашығындай қатар жырға қосты. «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан», «Ауылдан қалаға келген азаматқа сыр» атты өлеңдерінде бір-біріне ұқсамайтын заттарды қатар суреттеуде жетістікке жетті.

Кез келген ақын шығармаларынан махаббат лирикасы үлкен орын алса, осы ерекшелік Шөмішбай ақынға да тән. Оның «Үш дос немесе шырылдайтын сағат туралы жыр», «Махаббат теоремасы» атты өлеңдері махаббат лирикасының жақсы үлгілері болса, «Махаббат», «Сен менің ертегімсің», «Ғашықтар жыры», «Сол сағыныш сен екенсің», «Ақ қар», «Еркеледің сен», «Ойлайсың ба, жаным», «Жас жұбайлар – жас отау», «Жүрек жаңғырығы», «Бұдан басқа не керек екеумізге», «Ақ шағала аяулым», «Сұлулық», «Аққу сенім», «Өмір деген өзі той», «Ғашық жүрек», «Аңыз ару», «Жұлдыз болсаң..», «Сұлушаш», «Ботакөзім», «Әнді тыңда, аяулым», т.б. ән-өлеңдері көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндері.

Ақын шығармаларынан оқиғаға құрылған өлеңдері де үлкен орын алады. «Қазақы анекдот», «Ахметхан ақынның әкесі Әбіқай қарт пен інісі Әбжалал жайлы», «Байдың барымташылары және құмалақшы», «Үш хат», «Мерекеңмен» қазақ поэзиясындағы сюжетті өлеңдердің қатарын толықтырады. Оқиғаға құрылған шағын өлеңдер шымырлығымен ерекшеленеді. Оның «Көше бұрылысындағы кездесу», «Үзілген алма», «Балықшының бір сәті», «Күн мен түн», «Халық ақыны Мәриям Хакімжанова айтқан бір сыр», т.б. туындылары қазақ поэзиясындағы балладаның жақсы үлгілері. Өлеңдеріне шағын оқиғаларды арқау етуде тәжірибе жинақтаған ақын «Дәрігердің үш оқиғасы», «Өнер құдіреті» атты кең құлашты поэмаларымен бірге «Ұлылық» атты Асқар Сүлейменовке арнап поэма-диалогын жазды. Шығыс аңызына құрылған «Шығыс аңызына» ақын үлкен философиялық ой сыйғызған.

Қазақ поэзиясындағы толғау мен арнауға да Шөмішбай ақын біршама үлес қосты. Осы қатарда «Өң мен түс» атты Жұмабике, Үрзада әжелеріне арналған толғауы мен «Ғұмыр», «Ескерткіш» атты аңыздарын ерекше атауға болады. Ол өзінің туған жері мен қазақ халқына бар жылы сөзін арнап, олардың әрбір қуанышы мен табысын мақтан етті. Сонымен бірге өзінің абзал ағалары мен әдебиет, өнер иелерінің, ақын-жазушылардың, өз замандастарының мерейтойларына жыр шашуларын шашты.

«Күллі әлем бір басыма сыйып жатыр, Жылдарын, ғасырларын жиып жатыр» дейтін Ш.Сариев – өз заманының ақыны. Ол да басқа ақындар секілді өзі куә болған екі ғасырдың шындығын көркем шындыққа айналдырды. Оны «1932», «Соғыста қаза тапқан батырлар туралы ой», «1940-1945», «Соғыс бітті», «Жеңіс күні», «Желтоқсан», «Біздің ғасыр», «Тәуелсіз ел – қазағым», «Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік монументі», т.б. өлеңдерінен көруге болады.

Шөл далада судан емес, бостандықты аңсап аңқасы кеуіп, шөліркеп жүретін Шөмішбай Сариев қазақ халқының сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздігіне алғашқылардың бірі болып үн қосты. «Тәуелсіздік» деген сөздің мән-мағынасын терең ұғыну, сол сезімді жан-жүрегімен сезіну – бұл да үлкен ақындық жүректің белгісі. «Тәуелсіз ел – қазағым...» деген өлеңінде «Тәуелсіз боп артты халқым сенімі, Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді» деп жырлап, иісі қазақ игілігін енді алғанын тебірене толғайды.

Белгілі ақын Ғ.Қайырбековтың Ш.Сариевті «Қос қанатты ақын» деп атауы да тегін емес. Ақынның поэзиядағы екінші қанаты – ән-өлеңдері. Оның жиырмаға тарта өлеңдер кітабына енген үш жүзден астам ән-өлеңдерін Е.Хасанғалиев, С.Тыныштығұлова, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, т.б. сынды қазақтың майталман әншілері орындап, ән сүйер қауымға кеңінен танытып келеді. «Ата мекен», «Қазағымның күйлері-ай», «Домбыра», «Туған жер», «Айналдым сенен, Атамекен-ай!», «Сәлем саған, туған ел!», «Аралдан ұшқан аққулар», «Сарыарқа», «Қазақстан», «Бозжорға», т.б. ән-өлеңдері ақынның атын асқақтатып жіберді. Ақын көпшілік сүйіп тыңдайтын ғашықтар жырымен «Елім менің» атты ән-өлең байқауының екі дүркін жеңімпазы атанды.

Осындай ақындығымен бірге ол әдеби сынға да біраз араласты. Осы саладағы ізденістерін 1990-2000 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып жүрген тұста шыңдай түсті. Нәтижесінде М.Базарбаевтың жетекшілігімен «60-70 жылдардағы қазақ лирикасы. Көркемдік ізденістер» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, тәуелсіздік тұсындағы ұлттық әдебиеттану ғылымын А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Қайырбеков сынды ақындар мен М.Қаратаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулерімен байытты. 2006 жылдан осы институтта С.Қирабаевтың жетекшілігімен «Абай дәстүрі және тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ лирикасының көркемдік ізденістері» атты тақырыпта докторлық диссертация жазып, тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының көркемдік қырларын зерттеумен айналысып жүр.

Шөмішбай Сариев қазақ поэзиясына өткен ғасырдың 70-ші жылдары келген буынның арасынан оқ бойы озып шығып, сезім мен ойды тоғыстыра білген ақын. Ақынның көп өлеңдері әнге қосып айтылатындықтан да, көпке кеңінен танымал және ғұмырлы. Қазақстан ақындары арасынан тұңғыш рет әлем поэзиясының барометрі саналатын Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты атануы да оның шығармаларының да, әлемге кең көлемде танылғандығын аңғартады. «Қазағымның жаныменен жыр жаздым, қазағымның арыменен сөз алдым» деп, халқы атынан сөйлейтін ақын қаламынан туған жыр жолдарының ұлттық поэзиямыздан алатын өзіндік биік орны бар.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2581. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия