Студопедия — Баққожа Мұқай
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Баққожа Мұқай






(1948-2008)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Баққожа Мұқаи 1948 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол аулында дүниеге келген. 1971 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1965-70 жылдары Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінде, 1970-80 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») және «Жұлдыз» журналдарында қызметкер, 1980-95 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, ҚР Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы, театр өнері бас басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1990-95 жылдары облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасаған. ҚР ЮНЕСКО істер жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. 1995 жылдан «Парасат» журналының бас редакторы қызметін атқарған. Баққожа Мұқаи 1982 жылы Қазақстан Комсомолы сыйлығы және 1985 жылы Қырғыстанның Т.Әбдімомынов атындағы әдебиет сыйлықтарымен марапатталған.

Ол кең танылған драматург, қарымды публицист. Оның ең алғашқы еңбегі «Иірім» 1974 жылы жарық көрген. Кейіннен қаламгердің «Қош бол менің ертегім» (1976), «Раушан гүлі» (1979), «Өзгенің өмірі үшін» (1980), «Сергелдең болған серілер» (1982), «Ерулік» (1982), «Тоят түні» (1985), «Дүние кезек» (1989), «Өмірзая» (1989), «Заманақыр» (1991), «Тойы көп үй» (1992), «Тәлкек тағдыр» (1998) драмалық шығармалары, «Жаңбыр жауып тұр» хикаялар мен әңгімелері (1976), «Өмір арнасы» повесті (1978), «Жалғыз жаяу» (1983) және «Өмірзая» (1998) романдары жарық көрді. Сонымен бірге, «Аққу сазы» хикаялар (1980), «Водопород» (орыс тілінде) хикаялар мен әңгімелер (1984), «Мазасыз маусым» хикаялар (1986), Белая птица (орыс тілінде) хикаялар (1988), «Дүние кезек» хикаялар мен әңгімелер (1992), «Жеті желі» хикаялар (1996), «Алғашқы махаббат» хикаялар мен әңгімелер (1998), «Ертегідей ертеңім» мақалалар (2003) атты еңбектері де жарияланды. 2006-2008 жылдар аралығында Баққожа Мұқаидың 5 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

Баққожа Мұқаи шығармаларындағы басты тақырып өмірдегі қайшылықтар, адамдар арасындағы ар-ождан, адамгершілік қасиеттер, тағдырлар таласы мен әлеуметтік мәселелер. Оның «Жетімдер», «Жаңбыр жауып тұр», «Бір шоқ гүл», «Аптап», «Найзағайлы бұлттар», «Қара тас» және т.б. көптеген әңгімелері – осы жанрда жазылған туындылардың көрнекті үлгілері.

Оның драмалық шығармалары уақытпен үндес, заманның ащы шындығын батыл көтеретін мінезімен бағалы. Оның пьесаларына мәңгілік мәнін жоғалтпайтын моральдік, әлеуметтік мәселелер негіз болған. Мысалға, драматургтың «Заманақыр» атты пьесасында Жер-ана ұғымына ерекше мән беріп, ядролық қарулардың сынақ алаңы болған қазақ жерін жанды ана бейнесінде ала отырып, адам мен табиғат үйлесімділігінің бұзылған жерінде адамзатқа апат төнетінін ескертеді. Жаны жаралы жандар көкке емес, Жер-анаға табынады, мұң шағады, көмек тілейді. Қоғам әділетсіздігінен зәбір-жапа шегіп, ақыл айласы таусылған адамның «құдайдан басқа қорғанышы» болмауы қоғам мен адам жігінің ажыраған тұсы. Демек, жеке адам – қоғам – табиғат үштігінің үйлесімі бұзылған.

Б.Мұқаи драмаларының басты арқауы – ұрпақ жалғастығы мәселесі. Қаламгердің қазақтың ана құрсағынан бастау алатын тәрбиелік-тағылымдық дәстүрі үзілуінің себептерін көрсетуге құрылған шығармаларынан, табиғат ананың адам тіршілігімен кіндіктес өмірін, жұмыр басты пенде атаулының қоршаған орта, аспан әлемі, жер-су құдіретіне ереше әуенділігін, өз тағдырын айналадағы құбылыстармен үйлестіре, жарастыра қарауға ұмтылысын көруге болады.

Жазушының көптеген повесть-хикаялары шытырман оқиғаларға толы болып, образдарының айқындылығымен, көркемдік ұстанымның тосындығымен дара. Оның әр шығармасының оқырманға ұсынылуы өз кезінде белгілі бір мөлшерде әдеби оқиғаға айналып отырды десек, ешқандай да артық айтқандық емес.

Баққожа Мұқаидың алғашқы романы «Жалғыз жаяуда» - аумалы-төкпелі замандағы қаймана қазақтың ішкі жан дүниесі терең психологиялық толғаныс арқылы беріледі. Қаламгер адасып жүрген Айбектің қиын тағдырын арқау ете отырып, адамның туған жеріне деген перзенттік махаббатын көркем суреттей білген. Айбек – тарихи аласапырандардың садарынан саналуан шырғалаңды басынан кешіреді. Халықты бақытты ететін бостандық, тәуелсіздік. Сан мың адамның көкейінен кетпеген осы ой шығарманың басты көркемдік нысанасы.

Жазушының көлемді туындыларының бірі - «Өмірзая» романы. Аталған шығармада Аяған Қуатов бейнесі арқылы заманымыздың ащы шындығын, қоғамдағы қарама-қайшылықтарды, іркілістер мен ілгерілеуді, осы қоғамымыздағы адам тұлғаларын, моральдік қасиеттерін суреткерлікпен баяндай білген. Ал «Ар соты» және «Өмір арнасы» повестері тақырыптық, мазмұндық жағынан әр басқа болғанымен, идеялық тұрғыдан бірін-бірі толықтыратын дүниелер. Екі повесте де адамның ар алдындығы жауапкершілігі, достық пен махаббат мәселелері сөз болады. Кейіпкерлер бейнесі де психологиялық терең толғаныс үстінде ашылады.

Бір сөзбен айтқанда, Баққожа Мұқаи – қазақ прозасы мен драматургиясында жеке шығармашылық орны бар талантты қаламгерлеріміздің бірі.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3075. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия