Студопедия — Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студент-тердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студент-тердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.






Тақырып №1 - Аналитикалық химия пәні.

Тапсырма: Кіріспе Аналитикалық химия пәні, оның мақсаты, мазмұны. Есептер шығару.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кездегі аналитикалық химияның дамуы, жаңа әдістер мен құралдар. Аналитикалық химияның алдында тұрған жаңа тапсырмалары мәселелеріне тоқталу.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №2 - Аналитикалық химияның әдістері мен анализ түрлері.

Тапсырма: Аналитикалық химияның анализ түрлеріне талқылау жүргізу. Бөлшектік және жүйелік анализдерінің айырмашылығын, кемшіліктерін және артықшылықтарын талқылау.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: сапалық анализді жүргізу әдістері және аналитикалық реакцияларға қойылатын талаптар. Сапалық анализде қолданылатын бейорганикалық және органикалық реагенттерді терең қарастыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №3 - Массалар әрекеттесу заңы. Тура және кері реакциялар.

Тапсырма: «Реалды жүйлердегі химиялық тепе-теңдік. Массалар әрекеттесу заңы. Термодинамикалық және концентрациялық тепе-теңдік константалары» топпен талдау.

СОӨЖ өткізу түрі: Топтық жарыс, есептер шығару [13].

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қайтымды химиялық реакциялардың мысалында термодинамикалық және концентрациялық тұрақтыларды есептеу жолдарын талдау қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №4 - Активтену энергиясы. Массалар әрекеттесу заңының қолданылу шектері.

Тапсырма: «Реалды жүйлердегі химиялық тепе-теңдік. Массалар әрекеттесу заңы» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап түріндегі топтық жарыс. Есептер шығару [13].

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау, есептер шығару.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Активті комплекс және активті соқтығыстар теорияларын қарастыру. Графикалық жолмен активтену энергиясын есептеу теңдеулерін қарастырыңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №5 - Химиялық тепе-теңдік, иделды және реаллды жүйелер. Дебай-Хюккельдің теориясы.

Тапсырма: Реалды, термодинамикалық, шартты тепе-теңдік константалар. Күшті және әлсіз электролитттер. Есептер шығару:

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Активтілік коэффициенттерін, иондық күшті, тепе-теңдік константаларын есептеу жолдарынталдау.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №6 - Активтілік. Қышқылды-негіздік теориялар.

Тапсырма: Активтілік, активтілік коэффициент, ерітіндінің иондық күші. Қышқылдар мен негіздердің (Бренстед-Лоури) теориялары. Есептер шығару:

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Қышқылды-негізді реакциялар. Бренстед-Лоури, Льюис теориялары шектерінде есептеу теңдеулерін қарастырыңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №7 - Сутектік көрсеткіш.

Тапсырма: Күшті және әлсіз қышқылдар мен негіздердің рН есептеу. «Қышқылды-негіздік әрекеттесулердегі тепе-тең концентрацияларын есептеу» тақырыптарын топпен талдау, жеке сұрау. Есептер шығару.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау, есептер шығару [13].

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Күшті және әлсіз протолиттердің, бөтен электролит қатысындағы әлсіз қышқылдың ерітінділерінің рН көрсеткішін өрнектейтін теңдеулерді қорытындылау.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №8 - Гетерогендік жүйедегі тепе-теңдік.

Тапсырма: Буферлі ерітінділер. Тұздардың гидролизі. ерігіштік,ерігіштік көбейтіндісі, нашар еритін қосылыстардың ерігіштігіне әсер ететін факторлар. Тұнбаның түзілуі, тұнбаның толық тұнуына әсер ететін факторлар.

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама жасау, тест тапсырмаларын, есептерді шешу [13].

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: буферлік сыйымдылықты, буферлік әсер механизмін сандық түрде сипаттайтын негізгі теңдеулерді қорыту.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №9 - Комплексті қосылыстардың ерітіндідегі тепе-теңдік.

Тапсырма: Комплексті қосылыстардың жіктеуі. Комплекстің сатылап түзілуі. «Комплексті қосылыстардың түзілуін сипаттайтын жаңа теориялар» тақырыптарына баяндамалар жасау.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: комплексті қосылыстар мен лигандалардағы әрекеттесулер типтерін (электростатикалық, донорлы-акцепторлы) қарастыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №10 - Комплексті қосылыстар, олардың құрылысы және қасиеттері.

Тапсырма: Комплексті қосылыстардың тұрақтылық константалары (сатылы және жалпы). Тестілік тапсырмалармен жұмыс және есептер шығару.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау, есептер шығару [13].

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: комплексті қосылыстардың жалпы және сатылай түзілу процесін өрнектейтін теңдеулер негізінде катионды және анионды, бейтарап комплекстер мысалында қарастыру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №11 - Комплексті қосылыстардың ерітіндідегі тепе-теңдік

Тапсырма: Комплекстердің түзілу функциясы. Комплекс түзілу реакциялардың жылдамдығы. Тестілік тапсырмалармен жұмыс және есептер шығару.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау, есептер шығару [13].

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: комплексті қосылыстардың түзілу процесін Бьеррум функциясы арқылы өрнектеуді меңгеру.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №12 - Тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Тапсырма: Нернст теңдеуі, тотығу-тотықсыздану реакцияның жүру бағыты. Есептер шығару.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау, есептер шығару [13].

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: аналитикалық химияда қолданылатын тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүру бағытын анықтауда Нернст теңдеуін қолдану бойынша есептерге тоқталу қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №13 - Стандартты және реалды потенциал. Тұнбалау реакциялары.

Тапсырма: Негізгі органикалық және неорганикалық тотықтырғыштар, тотықсыздандырғыштар, олардың анализде қолданылуы тақырыптарын топтық талдау. Есептер шығару. Жазбаша бақылау жұмысы.

СОӨЖ өткізу түрі: Сұрақ-жауап түрінде ойындар, жеке сұрау жүргізу, ауызша жауап беру.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: әртүрлі реакциялар мысалында стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалын анықтау.

Ойын шарттары: Әрбір топ 3-4 адамнан тұрады. Топтың аты, эмблемасы, девизі және топ басшысы болуы қажет. Ойын екі ойын үстелінде өтеді, үстелде екі бірдей шам болуы қажет (шамды бірінші жаққан топ жауап береді, қате жауап берген жағдайда жауап беру құқығы екінші топқа беріледі). Ойын 3 ұпайға дейін жүреді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №14 - Жекешелендіру, концентрлеу, бөлу әдістері

Тапсырма: Сынаманы алудың теориясы мен практикасы тақырыптары бойынша сұрақ-жауап түріндегі ойындар. Студенттерден тақырып бойынша жеке сұрау жүргізу.

СОӨЖ өткізу түрі: Жеке сұрау жүргізу, ауызша жауап беру.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: әрбір студентке кем дегенде 3 сұрақ қойылады, сонымен қатар топтың басқа студенті жауапты толықтыруға мүмкіндігі бар.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №15 - Тұндыру, экстракциялау, хроматографиялау әдістері.

Тапсырма: Әр түрлі агрегаттық күйдегі зерттелмекші заттардың ыдырауы.

СОӨЖ өткізу түрі: тақырыпты топтық талдау, есептер шығару [13].

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: экстракция, хроматография әдістеріне аса тоқталу.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №16 - Сандық анализ. Сандық әдістердің жіктелуі және жалпы сипаттамасы.

Тапсырма: Сандық анализ. Сандық әдістердің жіктелуі және жалпы сипаттамасы.

СОӨЖ өткізу түрі: Тақырыпты аудиториялық талқылау, тапсырманы топпен орындау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Аналитикалық химиядағы сандық анализ. Концентрацияның –рнектелуі және анализ әдістерінің метрологиялық сипаттамаларын қарастыру. Классикалық статистиканың негізгі түсініктерін талдау.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №17 - Гравиметриялық әдіс. Гравиметриялық анализдің жіктелуі. Аналитикалық таразы

Тапсырма: Гравиметриялық әдіс. Гравиметриялық анализдің жіктелуі. Аналитикалық таразы. Аналитикалық таразының сезгіштігі және оның математикалық бейнесі. Өлшеу дәлдігіне әсер ететін факторлар.

СОӨЖ өткізу түрі: Есептер шығару, тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Гравиметрия - әдістің түрлері, жүргізу реті және практикада қолданылуын қарастыру. Гравиметриялық және тұндыру формалары, гравиметриялық факторды талдау есептер мысалында.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №18 - Титриметриялық анализ әдісі. Қышқылды-негіздік титрлеу процесі.

Тапсырма: «Титриметрлік анықтау түрлері: тікелей және кері, жанама титрлеу», «Титриметрияда ерітіндінің концентрациясын көрсету тәсілдері», «Эквивалент. Эквиваленттің молярлық массасы», «Бірінші стандарттар, оларға қойылатын талаптар. Фиксаналдар. Екіншілік стандарттар» тақырыптарын топпен талдау, жеке сұрау.

СОӨЖ өткізу түрі: Есептер шығару, тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Әлсіз қышқылды әлсіз негізбен, әлсіз қышқылды күшті негізбен, әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу қисықтарын тұрғызу.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №19 - Индикаторлар. Иондық және хромофорлық индикаторлар теориялары. Көпнегізді қышқылдарды, қышқылдар қоспасын титрлеу. Көпнегізді негіздерді титрлеу. Индикаторлық қателер.

Тапсырма: «Қышқылдылық немесе негізділік константалар мәндерінің, қышқыл мен негіз концентрациялары мен температураның титрлеу қисықтарының сипатына әсері. Сусыз орталарда қышқылды-негіздік титрлеу. Қышқылды-негіздік индикаторлар» тақырыптарына баяндамалар жасау. Тестілік тапсырмалармен жұмыс және есептер шығару.

СОӨЖ өткізу түрі: Тақырыпты топтық талдау, есептер шығару, тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысы.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Титрлеу кезіндегі индикаторлық қателерге, қателіктерді азайту әдістеріне көңіл аударып, талдау қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №20 - Тотығу-тотықсыздандыру титрлеу әдісі және тұндыру титрлеу әдісі.

Тапсырма: «Титрлеу қисықтарын тұрғызу. Титрлеу қисықтар сипатына әсер ететін факторлар: сутек иондарының концентрациясы, комплекстүзу, иондық күш», «Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау әдістері; индикаторлар. Титрлеудің ауытқулары» тақырыптарын топтық талдау. Есептер шығару. Жазбаша бақылау жұмысы.

СОӨЖ өткізу түрі: Есептер шығару, тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Топтық талдау кезінде органикалық орталарда қышқылды-негіздік титрлеуді қарастырыңдар.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №21 - Тотығу-тотықсыздандыру титрлеу әдістері.

Тапсырма: «Перманганатометрия. Иодометрия және иодиметрия. Иод-иодид жүйесі тотықтырғыш пен тотықсздандырғыш ретінде. Бихроматометрия. Броматометрия, цериметрия, ванадатометрия, титанометрия, хромометрия» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап түріндегі ойындар, әрбір әдістің ерекшелігін атап жарысу. Студенттерден тақырып бойынша жеке сұрау жүргізу.

СОӨЖ өткізу түрі: Сұрақ-жауап түрінде ойындар, жеке сұрау жүргізу, ауызша жауап беру.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Индикаторлы және индикаторсыз тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістерін салыстырыңыз. ТТ титрлеу реакцияларының жылдамдығын есептеуге негізделген мысалдарды талдау.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №22 - Тотығу-тотықсыздандыру титрлеу әдістері.

Тапсырма: Меркуриметрия әдісінің негізі және қолданылатын ерітінділер мен индикаторлар.

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама жасау, тест тапсырмаларын, есептерді шешу.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Меркуро- және меркуриметрия әдістерін салыстырыңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №23 - Комплексометрлік титрлеу.

Тапсырма: «Комплексометриядағы органикалық және анорганикалық титранттар. Комплексонометрияда полиаминокөміртекті қышқылдардың қолдануы. Комплексометрлік титрлеу әдістері: тікелей, кері, жанама. Маңызды әмбебап және арнайы металлохромды индикаторлар» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап түріндегі ойындар. Есептер шығару.

СОӨЖ өткізу түрі: Есептер шығару, тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: комплексті қосылыстардың тұрақтылығын тәжірибелік жолмен анықтау алгоритмімен танысу қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №24 - Физикохимиялық әдістер, олардың жіктелуі. Электрохимиялық анализ әдістері. Потенциометрия.

Тапсырма: «Электрохимиялық әдістердің жалпы сипаттамасы. Ионометрия. «Қышқылды-негізді, тұндыру, комплекстүзу, тотығу-тотықсыздану реакцияларын қолдану» тақырыптарына баяндамалар жасау, содан соң топпен талдау. «Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістерінің жіктелуі», «Мор, Фаянс және Фольгард әдістері» тақырыптарына жазбаша бақылау жұмысын жазу. Тестілік тапсырмалармен жұмыс жасау.

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама, есептер шығару, студенттерден жеке сұрау жүргізу.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Баяндамада п отенциометрия және потенциометрлік титрлеудің практикада, соның ішінде экологиялық мониторингте қолдану мүмкіндіктерінде тоқталыңыз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №25 - Вольтамперометрия. Амперометрлік титрлеу әдісінің негізі.

Тапсырма: Тұрақты тоқ пен тұрақты потенциалдағы кулонометрия» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап түріндегі ойындар. Тестілермен жұмыс және жеке сұрау. «Индикаторлы электродтар. Индикаторлы электрод потенциалын таңдау. Бір мен екі поляризацияланған электродтармен амперометрлік титрлеу. Титрлеу қисықтарының түрлері» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап түріндегі бақылау жұмысы. Есептер шығару

СОӨЖ өткізу түрі: Сұрақ-жауап түріндегі ойын, жеке сұрау, тестілік тапсырмаларды шешу.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Ойын шарттары: Әрбір топ 3-4 адамнан тұрады. Топтың аты, эмблемасы, девизі және топ басшысы болуы қажет. Ойын екі ойын үстелінде өтеді, үстелде екі бірдей шам болуы қажет (шамды бірінші жаққан топ жауап береді, қате жауап берген жағдайда жауап беру құқығы екінші топқа беріледі). Ойын 3 ұпайға дейін жүреді.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

Тақырып №26 - Оптикалық анализ әдістері.

Тапсырма: Оптикалық анализ әдістері бойынша сөзжұмбақтар мен ребустарды жарысып шешу. Жеке ауызша талдау жүргізу. Курстық жұмыстарды талдау. Есептер шығару

СОӨЖ өткізу түрі: Есептер шығару, тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Студенттер екі топқа бөлініп, әрбір топ ребус немесе сөзжұмбақ құрастырады. Олар кем дегенде 30 сұрақтан тұруы тиіс. Екі топтың да ребустары/сөзжұмбақтары дайын болғанда, оларды алмастырып, шешуге 30 мин беріледі. Уақыт аяқталған кезде дұрыс шешілген сөздар саны бойынша ұпайлар беріліп, топтар бірін-бірі бағалайды.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №27 - Атомды-эмиссиялық әдістер.

Тапсырма: Атомдарды қоздыру тәсілдері: жалын, ұшқын, доға, плазма. Ломакиннің теңдеуі. Негізгі аспаптар.Атомды-абсорбциялық анализ.

СОӨЖ өткізу түрі: Баяндама, есептер шығару, тестілік тапсырмаларды шешу.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Баяндамада сәулелердің зерттелетін затпен әрекеттесу типін қарастыру қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №28 - Молекулалы-абсорбциялық анализ. Бугер-Ламберт-Бер заңы. Нефелометрия және турбидиметрия. Люминесценция әдісі.

Тапсырма: Люминесценцияның жіктелуі, нефелометрия мен турбидиметрия әдісі тақырыптарын топтық талдау. Бугер-Ламберт-Бер заңы бойынша есептер шығару. Курстық жұмыстарды талдау.

СОӨЖ өткізу түрі: Есептер шығару, тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Фотометриядағы аууыспалы көбейткіш және пластинкаларды қолдану әдістерін талдау қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №29 - Нефелометрия және турбидиметрия. Әдістердің негіздері. Люминесценция әдісі.

Тапсырма: «Анорганикалық қосылыстарды анықтауда абсорбционды мен люминесцентті молекулалық спектроскопия мүмкіншіліктерін салыстыру. Органикалық қосылыстарды анықтау мен идентификацияда люминесцентті спектроскопияның артықшылығы» тақырыптарын топтық талдау, тестілік тапсырмалар бойынша жеке өздік жұмысын жазу.

СОӨЖ өткізу түрі: топтық талдау, тестілер бойынша жеке өздік жұмысын жазу.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Талдау барысында флюоресценция және оның негізгі сипаттамаларына, тікелей және жанама әдістерге тоқталып өтіңіз.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].

 

Тақырып №30 – Хроматографиялық әдістер. Олардың жіктелуі. Элюенттік әдіс. Ионалмастырғыш хроматография

Тапсырма: «Рентген спектроскопия. Масс-спектрометрия. Органикалық қосылыстарды анықтау мен идентификациялау; элементті мен изотопты анализ. Хромат-масс-спектрометрия. Резонансты (ЭПР-, ЯМР-, Мессбауэр спектроскопиясы) және ядролы әдістер туралы жалпы түсініктер» тақырыптарын топтық талдау, тестілік тапсырмалар бойынша жеке өздік жұмысын жазу.

СОӨЖ өткізу түрі: Есептер шығару, тақырыпты топпен талдау, жеке сұрау.

Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: Баяндамада хроматографияның кинетикалық териясын, Ван-Деемтер теңдеуін, сонымен қатар редокс-хроматографияны қарастыру қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [1-20].







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1786. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия