Студопедия — Пародонт идиопатикалық аурулары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пародонт идиопатикалық аурулары






Пародонт идиопатикалық аурулары

Пародонттың идиопатикалық аурулары немесе пародонт тіндерінің үдемелі ыдырауымен сипатталатын ауруларына жатады және клиникалық белгілері ертеде келтірілген аурулардың клиникалық көріністері аясына симайды. Бұл аурулар сирек кездеседі, сондықтан жете зерттедмеген.

Идиопатиялық аурулар тобына балалар мен жастар арасында кездесетін басқа жалпы аурулардың симптомдары мен синдромдарын жатқызады. Олар: қан аурулары, қант диабеті, эозинофильді гранулема (Таратынов ауруы), Хенд-Шюллер-Крисчен синдроиы, Папийон-Лефевр синдромы, Литтерер-Зиве ауруы, гистиоцитоз «Х», Иценко-Кушинг ауруы, Ослер ауруы.

Гистиоцитоз «Х» пародонтальдық синдромы көптеген гистиоцитоздар көріністерін (эозинфильді гранулеманы, Хенд-Крисчен-Шюллер, Леттерер-Зиве синдромдарын) біріктіреді.

Эозинофильді гранулема (Таратынов ауруы) – шектелген ретикулогистиоцитоз, көбінесе балалрда ошақты немесе жайылған түрде кездеседі және қаңқа сүйегінің біреуінің бұзылуымен сипатталады.

Патологиялық үрдіс созылмалы түрде дамиды, барысы қатерсіз.

Ауыз ішінде (көбінесе кіші және үлкен азу тістер аймағында) қызылиек бүртіктері домбығып, көкшіл түстенеді, біртіндеп көлемдері ұлғаяды, тістер орнынан акуытқып, қозғалмалы бола бастайды. Жиі-жиі қызылиек абсцесттері дамиды, қызылиектің жаралана қабынуы орын алады. Кешікпей терең пародонталдық және сүйек қалталары пайда болады, ауыздан нашар иіс шығады. Альвеола өсіндісінің рентгенсуретінде сүйек тіні тік сорылыпшекарасы анық сопақ немесе домалақ пішінде қара көлеңкелі кистаға ұқсас ошақтар анықталады.

Қозғалмалы тістерді жұлғанмен патологиялық үрдіс тежелмейді. Бас сүйегі жарақатқа ұшыраған жағдайда бас қатты ауырып, мазалайды.

Жарақат ошағындағы патоморфологиялық өзгерістер ретикулярлық клеткалардың, эозинофильдердің, шоғырлануымен, лимфоидты-макрофагты инфильтраттардың пайда болуымен сипатталады.

Перифериялық қан айналымында эозинофильдер саны көбейіп, ЭШЖ-жоғарылағаны анықталады.

Хенд-Крисчен-Шюллер ауруы ретикулоксантоматоздар қатарына жатады және липидті зат алмасуы бұзылуы нәтижесінде дамиды. Аурудың негізгі белгілері жақ сүйектерінің және қанқаның басқа сүйектерінің бұзылысқа ұшырауы, қансыз диабет, экзофтальм. Ауру кезінде көкбауыр мен бауыр үлкейеді, жүйке, жүрек-қантамыр жүйелерінің қызметі бұзылады. Және ауық-ауық өршу үрдісі орын алады.

Ауыз ішінде ауыз кілегейлі қабығы мен қызылиектің өліеттеніп-жаралана қабынуы орын алады.,іріңді жалқаққа толы терең пародонталдық қалталар пайда болады, тістердің түбірлері ашылып қызыл-сарғыш жұмсақ қақпен жабылады (ксантомды клеткалар бұзылғанда бөлінетін пигменттің түсі).

Рентгенсуретте альвеола өсіндісінің сүйек тінінің әртүрлі дәрежеде бұзылғаны анықталады.

Леттерер-Зиве ауруы жедел дамитын ксантоматоздар қатарына жатады және сүйектерде, теріде кілегейлі қабықта және ішкі ағзаларда ретикулярлық клеткалардың көптеп көбеюімен сипатталады. Көбінесе 2-жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Дамыған сатысында дененің дірілдеуі (лихорадка) тері түсі бозарып, қозғалу қиындап, асқа тәбет шаппай, арықта сияқты белгілер білінеді, көкбауыр мен бауырдың үлкеюі орын алады. Ауыз ішінде пародонттың жайыла қабыну, альвеола өсіндісінің үдей ыдырауға ұшырау белгілері көрініс табады. Рентгенсуретте альвеола өсіндісінде, жақ сүйек денесінде кеуектену және жайыла сорылу үрдісі анықталады.

Папийон-Лефевр синдромы сирек кездесетін,аутосомды-рецессивті типпен берілетін, туа дамыған гиперкератоздар түрлеріне жатады, қолдар және табандар терісінің жарақаттануымен, пародонт тіндерінің үдемелі дистрфиялық және бұзылыстық үрдістерге ұшырауымен сипатталады. Бұл кезде табандар мен алақандар терісі шамадан тыс мүйізгектеніп, әртүрлі тереңдікте тіліктер пайда болады. Ауру көбінесе жас балалар арасында кездесетіндіктен, сүт тістер төңірегіндегі қызылиек қатты қызарып, домбығады, жалқыққа толы терең пародонталдық қалталар пайда болады. Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде үрмеге ұқсас сорылу үрдісі орын алып, түбірлер төңірегінде кистаға ұқсас құрылымдар пайда болып, сүт тістері түсе бастайды. Альвеола өсіндісінің ыдырауы тұрақты тістер шыққаннан кейін де жалғасып, оның толық жойылуымен аяқталады.

Жарақат ошағындағы патогитсологиялық өзгерістер қызылиектің плазматикалық клеткалармен тұтас инфильтраттануымен, сүек мойынын да инфильтраттануы және фиброздануымен сипатталады.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 937. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия