Студопедия — Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИТВ) инфекциясы






Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИТВ) немесе ВИЧ (вирус иммунодефицита человека) соңғы кезеңі иммунитет тапшылық синдромымен (ЖИТС-СПИД) сипатталатын өте ауыр ағымды жұқпалы аурудың қоздырғышы болып табылады.

Бұл ауру және оның қоздырғышы өткен ғасырдың 80-ші жылдарының басында белгілі бола бастағанымен, аз уақыт аралығында жержүзінің көп елдеріне тарап, пандемиялық сырқаттар қатарынан орын алады.

ЖИТС - өте қауіпті жұқпалы ауру, көбінесе еңбекке қабілетті және адам өсімін беретін жас адамдарды жарақаттайды. Ауру ұзақ уақыт дамиды және өлімен аяқталу көрсеткіші өте жоғары.

Адамның иммунитет тапшылығы вирусы ретровирустар тобына жатады және оның осылай атауы себебі, онда рибонуклеин қышқылынан (РНҚ) информацияны (ақпаратты) дезоксирибонуклеин қышқылына (ДНҚ) беретін фермент – кері транскриптаза (обратная транскриптаза) бар. АИТВ Т4 –лимфоциттерді жарақаттауы салдарынан олар жойылып кетеді.

Вирус қанның басқа клеткаларын (макрофагтар, моноциттер) қантамырларының эндотелий клеткаларын, ішек кілегейлі қабығының, жүйке жүйесі клеткаларын да жарақаттауы мүмкін. Алғашқыда вирус клеткалар бетіне сорылып, біртіндеп ішіне ауысады да ядроның генетикалық кодына орналасады және ұзақ уақыт адам организмінде жасырын сақталады. Организмге қолайсыз жағдай қалыптасқанда вирустың белсенділігі артып, көбейе бастайды. Вирустың ұрпағы клетканы бұзады және бұзылған клеткадан шыққан вирус жаңа клеткаларға ауыса бастайды. Осының нәтижесінде адамның клеткалық иммунитет жүйесі бұзылып, шартты-патогенді микрофлораға қарсыласу қабілтін жоғалтады, әртүрлі инфекцияларды қабылдағыш болады немесе жүре дамыған иммунитет тапшылық синдромы (ЖИТС) дамиды.

Қазіргі кезде вирустың екі типі анықталған: ВИЧ-1 және ВИЧ-2. сыртқы ортада вирус тұрақты емес, 56°С жылулықта 30 минөтке өледі, 70-80° - 10 минөтте өледі, 70% этил спирті, сутегінің 3 % асқын тотығы, лизлдың 5% ертіндісі натрий гипохлоритінің 0,2% ертіндісі 10 минөт ішінде вирустің белсенділігін жояды.

Адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясының (АИТВИ) көзі ЖИТС-мен ауру адам немесе ауру белгісінсіз вирус тасушы болып саналады.

Вирус жұққан адамның барлық биологиялық сұйықтарында (қан, шауһет, омыртқа жұлыны сұйығы, сілекей, емшек сүті, қынап сұйығы) әртүрлі мөлшерде вирус бөлшектері кездеседі. Ең эпидемиялық жағынан қауіпті саналатын сұйық – қан және сперма. Ауру қоздырғыш вирус жыныс жолдары арқылы, қан және оның препараттарын құю кезінде, жақсы зарарсыздандырылмаған дәрігерлік аспаптар арқылы, ару анадан жас нәрістеге берілуі арқылы жұғады. Эпидемиялық қауіпті топқа наркомандар, гомосексуалдар, жезөкшелікпен айналысатын әйелдер мен ерлер жатады. АИТВ-инфекциясы 3 жолмен беріледі: жыныстық, парентиральдық және периантальдық.

АИТВ – жұққан адамдар өмір бойы жазылмайды. Бірақ көпшілігінде ұзақ жылдар аурудың ешбір белгілері білінбеуі де мүмкін. Сондықтан олар өздерін аурумын деп санап, арнаулы маман-дәрігерге көрінбегендіктен, вирус таратушы болып қала береді.

АИТВ-инфекциясының клиникалық көріністері мен белгілері көп және әртүрлі. Ағымы 4 кезеңге бөлуге болады, бірақ әрбір вирус жұққан науқаста осы кезеңдердің қатар орын алуы міндетті емес.

АИТВ – инфекциясының жедел кезеңі вирус жұққаннан бір немесе бірнеше аптадан кейін даму мүмкін. Бұл кезде әлі инфекцияға серопозитивті реакция дамыған, ол негізінде инфекция жұққаннан кейін 6-12 апта өткен соң байқалады.

Аурудың I кезеңі анық белгісіз дамиды немесе жайылған лимфаденопатиямен сипатталады. Бұл кезде белден жоғары аймақта әртүрлі топтағы лимфа түйіндерінің бірнешеуі диаметрлері 1 см үлкен болып ісінеді және бұл үрдіс үш айға дейін сақталады. Одан кейін олардың көлемі бірде кішірейіп, бірде үлкейіп, кейде кері дамып, жойылып кетуі де мүмкін.

Аурудың II кезеңін «ЖИТС-мен байланысты кешен» («связанный со СПИД комплекс» - ССК) деп атайды. Бұл кешенге тән көріністер мен белгілер: салмақтың азаюы, іштің өтуі, дымкәстік, ең тез шаршағыштық, асқа тәбеттің тоқтығы, түнде жиі терлеу, есін жоғалтуға әкелетін неврологиялық өзгерістер, шеткейлік нейропатиялар. Бұлардың бәрі ауық-ауық көрініс табады. Сонымен қатар бұл кезеңде тері мен ауыз кілегейлі қабығының кейбір ауруларға тән жарақаттануы орын алады. Ол аурулар: түкті лейкоплакия, белдене теміреткі, ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы.

Аурудың III кезеңін «аурудың аралық кезеңі» («промежуточная стадия болезни») деп атайды. Бұл кезеңдегі клиникалық көріністер аурудың ерте белгілері білінгеннен кейін біраз уақыттан соң, ЖИТС-ы толық көрініс берер алдында орын алады. Ауыз ішінде кандидоз, түкті лейкоплакия, ауыздың жедел герпестік қабынуы, қайталамалы герпестің өршу белгілері көрініс табады. Сонымен қатар өкпе туберкулезі, альвеолярлық өкпе қабынуы да жиі кездеседі.

Аурудың IV кезеңінде (аурудың соңғы кезеңі) ЖИТС-ның өте ауыр клиникалық белгілері толық көрініс табады. Бұл көрініс шартты-патогенді микрофлораның әсері – қабыну үрдістерінің, Капоши саркомасы сияқты ісіктердің пайда боулы нәтижесінде туындайды. Осы кезеңіндегі ЖИТС-натән инфекцияларға өкпенің пневмоцистіқабынуы, токсоплазмоз, жүйелі кандидоз, криптококкоз, бактериалдық және сальмолнеллездік немесе вирустық септицимия жатады. Бұл кезеңде лимфомалардың ауыр түрлері, кахексия неврологиялық ауытқулар (есін жоғалту, ақылы азайғандық) орын алуы мүмкін.

Ағзалар мен жүйелердің жарақаттары кері дамымайтын немесе беті қайтпайтын үрдістерге жатады және біріннен соң бірі жаңа аурулар пайда болады және оларға ешқандай көнбейді, науқас қысқа уақыт ішінде жан тәсілім етеді.

АИЖВ – инфекциясының диагнозы эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық зерттеулер нәтижесінде қойылады. Олардың ішінде маңызды болып саналатын серологиялық сынамалар, иммуноблотингпен (вестерн-блот) дәлелденетін иммунсорбенттік анализ (EJJSA), иммунофлюоресценциялау немесе радиоиммунологиялық және вирусты бөліп алу әдістері.

Инфекция жұққандардың 20% алғашқы 5 жыл ішінде ЖИТС-пен ауырады; ал 10 жылдан кейін 50% жуығы ауырады.

Органимнің иммундық қорғанысының төмендеуі және жүре-жүре жоюылуының нәтижесінде ауыз кілегейлі қабығы тіндері көптеген микроорганизмдердің әсеріне төзімсіз болады. Сондықтан АИТВ – инфекциясының бастапқы және кейінгі кезңдері кезінде ауыз ішінде әртүрлі патологиялық үрдістер дамиды және әртүрлі тітіркендіруші ықпалдар әсеріні ағымы ауырлана түседі. Ауыз ішінде көрініс табатын аурулар - әртүрлі инфекциялы (жұқпалы) аурулар, неопластикалық үрдістер, неврогендік ауытқулар және б. соңғы жылдардағы медициналық басылымдарда ауыз тіндерінің 40 түрлі жарақаттары келтірілген.

Ауыз ішіндегі АИТВ-инфекциясы көріністерінің Лонданда (1992) бекітілген жұмысшы жүйесі:

I топ, аталған инфекциямен тікелей байланысты аурулар (ассоциированные с ВИЧ -инфекцией):

1. Кандидоздар (эритемалы-атрофиялаушы, жалғанжарғақты, гиперпластикалы);

2. Түкті лейкоплакия.

3. Қызылиек жиегінің қабынуы, қызылиектің өліеттеніп – жаралана қабынуы, пародонттың бұзыла қабынуы.

4.Капоши саркомасы.

5. Неходжкин лимфомасы.

II топ, аталған инфекциямен неғайбыл байланысты жарақаттар:

1. Бактериялық инфекциялар.

2. Сілекей бещдер аурулары.

3. Вирустық инфекциялар.

4. Тромбоцитопениялық пурпура.

III топ, АИТВ-инфекциясы кезінде орын алатын, бірақ онымен байланысты емес аурулар.

Бұл жарақаттардың орыс тіліндегі жүйесі төмендегідей.

I группа – поражения, четко связанные с ВИЧ-инфекцией.

1. Кандидозы (эритематозный, псевдомембранозный, гиперпластический).

2. Волосистая («волосатая»)лейкоплакия.

3. Маргинальный гингивит, язвенно-некротический гингивит, деструктивный пародонтит.

4. Саркома Капоши.

5. Неходжкинская лимфома.

II группа – поражения, менее четко связанные с ВИЧ-инфекцией.

1. Бактериальные инфекции.

2. Болезни слюнных желех.

3. Вирусные инфекции.

4. Тромбоцитопеническая пурпура.

III группа – поражения, которые могут быть при ВИЧ-инфекции, но не связаны с ней.

Саңырауқұлақтық инфекция АИТВ – инфекциясы кезінде ауыз ішін өте жиі (60-90%) жарақаттайды. Ауыз кандидозын туындататын Candida albicans тобындағы саңырауқұлақтар. Оған қолайлы бейімдеуші факторлар – клеткалық иммунитет жетіспеушілігі, ішкі бездер жүйесі қызметінің бұзылуы, өте ауыр және жүдетуші аурулар, антибиотектерді, сульфаниламидтерді, цитостатиктерді, кортикостероидты дәрілерді қабылдау. Ауру жедел және созылмалы ағыммен дамиды. Клиникалық көрінісіне байланысты жүйесі жоғарыда келтірілген.

Аурудың барлық түрлерінде (эритемалы-атрофиялаушы, жалғанжарғақты, гиперпластикалы) ауыз кілегейлі қабығының аумақты аймағы (ерін, ұрт және тіл кілегейлі қабығы, екі езу) жарақаттанады. Барлық жағдайда да науқастың шағымы – ауыз ішінің ысып-күюі, кейде сыздап ауруы, құрғауы, еріндер жиегінің түлеуі, езулерінің тілінуі, ауыз кілегейлі қабығының түсінің өзгеруі және ақ түсті қақтың пайда болуы, әртүрлі тағам қабылдағанда ауыздағы ауыру сезімінің күшеюі.

Жалғанжарғақты кандидоз кезінде ауыз кілегейлі қабығының түсі алқызыл түстеніп, қатты құрғайды, беті ақшыл-сұ түсті қақпен жабылған. Жарақат ошағы шағын немесе үлкен аумақты болады және ауыздың әртүрлі аймағында орналасады, көп жағдайда жұтқыншақ пен өңеш, көмей мен кеңірдек, кілегейлі қабықтары да жарақаттануы мүмкін. Қақтың астындағы тінмен тығыз байланысы анықталады, сондықтан қырып байқағанда оңайлықпен алына қоймайды. Алынған қырманы бактериологиялық зерттеуден өткізгенде көп мөлшерле саңырауқұлақ элементтері (бүршіктенген клеткалар, жалған мицелий) анықталады.

Эритемалы немесе атрофиялаушы кандидоз кезінде кілегейлі қабықтың түсі от жалыны тұстенеді және құрғайды. Аурудың жедел түрінде жарақат ошағында белсенді түлеу үрдісі орын алғандықтан, сутегінің асқын тотығымен сынама оң болады және ұсақ эрозиялар ошағы айқындалады. Патологиялық үрдістің созылмалы кезінде эпителий қабаты жұқарып, пергамент қағазына ұқсас келеді, тілдің бүртіктері атрофияланып, үсті жазық және теп-тегіс болады, әртүрлі тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық көрсетеді. Жарақат ошағы көбінесе қатты таңдайда, тілдің үстінде орналасады.

Гиперпластикалы кандидоз кезінде іркіле қызарып құрғақтанған кілегейлі қабық бетінде ақ түсті борпылдақ және жұмсақ қалың қақ пайда болады және төңірегоррақат ошағы көбінесе ұртта, ауыспалы қатпарда, тілдің үстінде байқалады.

Ауыз кандидозының барлық түрінде еріндер кілегейлі қабығы, жиегі, екі езу жарақаттанады

Еріндер құрағап, жиектері құрғақ қабыршаұтармен жабылады, екі езуде беті сұр түсті қабыршақпен жабылған беттері құрғақтау тіліктер пайда болады.

АИТВ-инфекциясымен науқастарда кандидоз белгілерінің көрінісі анық және ауыр болып келеді. Сонымен қатар көптеген басқа ағзалардың кілегейлі қабығы (көздің, мұрынның, тыныс алу, ас қорыту, зәр шығару жолдарының, тыныс ағзаларының) мен тері де жарақаттанып, кандидозды сепсис орын алуы мүмкін.

Көптеген жағдайда ЖИТС – ауру науқастарда кандидоздың атрофиялаушы және гиперпластикалы түрлерінде жарақат ошақтарында эрозиялы-жаралы құрылымдар дамып, қатты ауырып, ұзақ уақыт жазылмай мазалайды.

Кандидозды емдеу үшін қазіргі уақытта полиенді антибиотиктерді, азольды қосындыларды, аллиламинді дәрілерді пайдаланады. Емнің нәтижелілігін қамтамасыз ететін дәрілер: кеотримазол, миконазол, кетоконазол, флюконазол. Сондықтан күніне 1 таблеткадан 2 рет қабылдауға низорал (құрамында кетоконазал бар) тағайындайды, емдеу курсы – 15 күн. Еріндерге және езуге жағу үшін клотримазол, пимафуцин, ламизил жақпаларын қолданады (күніне 5-6 рет жағады). Міндетті түрде витаминдер кешенін (глутамевит, квадевит, дуовит, триовит) тағайындайды. Эрозиялы – жаралы ошақтарды емдеу қағидаларын ертеректе айтылған.

Түкті («волосатая») лейкоплакия АИТВ жұққан адамдардың 18-98% кездеседі және аурудың екіншілік кезеңінде анықталады. Ауруды туындататын Эпштейн-Барр вирусы. Түкті лейкоплакияның ертеректе сипатталған түрлерінен ерекшелігі ол тек аталмыш вирус жұққан науқастарда кездеседі және көбінесе тілдің бүйір бетінде, сирегірек ұрттың кілегейлі қабығында және тіл үстінде орналасады.

Жабынды эпителийдің ошақты пролифирациялануы нәтижесінде кілегейлі қабық қалыңдап, түсі күңгірттенеді. Кейінірек шамадан тыс мүйізгектену әсерінен жарақат ошағы ақ-жылтыр түстенеді. Лейкоплакия ошағының беті тегіс емес, шашқа ұқсас өсіктер түкпен немесе қылшықпен жабылғандай көрініс береді. Жарақат ошағының көлемі әртүрлі болады, кейді тілдің бүйір бетін толық алып жатады, кейде тілдің астыңғы бетіне де ауысады,, жапыраққа ұқсас бүртіктердің ұлғаюы себебінен тілдің бүір беті қатпарлануы мүмкін. Науқас жарақат ошағына ешқандай шағым айтпайды, кейде тілдің қалыңдаған бүйір бетін байқамай тістеп, жарақаттап алуы мүмкін. Сипап байқағанда жарақат ошағының консистенциясы аса тығыз емес және ауырмайды, төңірегіндегі тіндер өзгеріссіз.

Түкті лейкоплакияны веррукозды лейкоплакиядан, қызыл жалпақ теміреткіден, ауыздың гиперпластикалы кандидозынан, Боуен ауруына ажырата білу керек.

Түкті лейкоплакияны емдеу үшін вирусқа қарсы дәрілер (ацикловир, неовир, фоскарнет, аферон) тағайындайды.

Қызылиек жиегінің қабынуы, қызылиектің өліеттеніп – жаралана қабынуы, пардонттың бұзыла қабынуы әрбір АИТВ – жұққан науқаста орын алады және үдемелі ағымен сипатталады, пародонттың барлық тіндері бұзылысқа ұшырап, аз уақыт ішінде тістер қозғалмалы болады.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3491. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия