Студопедия — Тәуелсіз Қазақстан залы. Вена. Экскурсия с гидом: Великолепные памятники архитектуры, музеи, галереи с уникальными сокровищами искусства
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тәуелсіз Қазақстан залы. Вена. Экскурсия с гидом: Великолепные памятники архитектуры, музеи, галереи с уникальными сокровищами искусства

Вена. Экскурсия с гидом: Великолепные памятники архитектуры, музеи, галереи с уникальными сокровищами искусства, представляющие почти все эпохи культуры западной Европы: Венская Государственная Опера, Парламент, Ратуша, Бургтеатр, Университет, Вотивкирхе, знаменитое Большое Колесо Обозрения – символ Вены в парке Пратер, позолоченный памятник Иоганну Штраусу-сыну, памятник Советскому солдату.

Вена -посещение музеев. Дворец Хофбург (Hofburg) в Вене – официальная резиденция австрийских императоров. Это «суть Вены» и сердце Австро-Венгерской империи, Хофбург – это комплекс зданий, соединенных между собой. Он включает 18 корпусов, 19 дворов, 54 лестницы и 2600 комнат. Монументальные скульптуры около огромных ворот дворца (напомнят о древнегреческих мифах – скульптурные группы изображают подвиги Геракла.Фонтаны, отражающие былые имперские амбиции: «Австрия, покоряющая сушу» и «Австрия, покоряющая море»). Сейчас Хофбург – это также комплекс музеев. Для посещения здесь открыты три музея: «Императорские апартаменты», «Музей Сиси», Коллекция серебра и фарфора.

Тәуелсіз Қазақстан залы

 

Құрметті қонақтар, Тәуелсіз Қазақстан залына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік — біздің басты құндылығымыз, өз жері мен тағдырының қожасы болуға құқығы үшін көпғасырлық күресте қазақ халқының жеңіс салтанаты. Тәуелсіз Қазақстан залында жаңа мемлекеттің қалыптасуынан бастап саяси және экономикалық реформалардың жүргізілуі, жаңа өнеркәсіптің құрылысы, сыртқы саясаттағы жетістіктер, білім мен ғылым, мәдениет пен спорт саласындағы реформалар айқын көрсетіледі. Тәуелсіз Қазақстан залы жас әрі шапшаң дамып келе жатқан Қазақстанның ұлы жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуде зор рөл атқарады.

Зал LED-экрандармен, бейнебаяндармен, ақпаратты киоскілермен жабдықталған.

Құрметті қонақтар, бірінші лед-экранға жақындаңыздар. «Жаңа мемлекеттің қалыптасуы. Ұлт құрылысы және саяси жаңару» атты тақырыптағы 1-LED-экранда тәуелсіз Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуын, президенттік институттың, мемлекеттік аппарат қызметінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу бастаулары мен жолдарын, азаматтық қоғамның – еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы халқының қалыптасуы мен дамуының маңызды оқиғаларын, мемлекеттің қазіргі саяси жүйесі және көппартиялылық, білім мен ғылымдағы, мәдениет пен спорттағы жетістіктерін көрсететін «Жаңа мемлекеттің қалыптасуы», «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту», «Мемлекеттік рәміздерді қалыптастыру тарихы», «Саяси жаңару», «Зияткерлік ұлт - болашақ негізі», «Бір ел - бір тағдыр!», «Халық денсаулығы - ұлт негізі», «Дәстүрлер мен мәдениетті түлету және дамыту», «Спортты дамыту - қазақстандық спорттың майталмандары», «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты тақырыптағы 10 анимациялық фильмдер берілген (№1 қосымшада 10 анимациялық фильмдер туралы мәліметтер көрсетілген).

Құрметті қонақтар, алдарыңызда «Жаңа мемлекеттің рәміздері мен атрибуттары» атты витринада еліміздің мемлекеттік рәміздері және 1995 жылғы қабылданған Конституциясын көре аласыздар. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Құрметті қонақтар, к елесі экспонатқа назар аударыңыздар, Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

Құрметті қонақтар, алдарыңызда «ҚР Қарулы Күштері. ҚР шекарасын межелеу және белгілеу» атты тақырыптағы витринада ҚР Қарулы Күштері туралы мағлұмат ала аласыздар. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес Қарулы Күштерін құру міндеті тұрды. 1991 жылы 25 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-нің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылып, кейіннен ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылы 7 мамырда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Фотосуреттерде ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылатын ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Кеңес Одағының батыры, кейінірек «Халық қаһарманы» атанған генерал-полковник С.Қ. Нұрмағамбетов. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерден, Әскери - теңіз күштерінен және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрады. Алдарыңызда ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеру формалары қойылған.

Сонымен қатар витринада ҚР шекарасын межелеу және белгілеу тақырыбына орын берілген. Қазақстан өз аумағы тұтастығының трансұлттық қауіп-қатеріне жол бермеуге ұмтылды. Мемлекеттік шекараны халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес заңды рәсімдеу және бекіту үдерісін тездету қажет болды. Сыртқы саясат қызметінің алғашқы кезеңіндегі маңызды жетістік Қазақстанның құрғақтағы шекараларын бекіту және Каспий теңізіне ықпал ету салаларын бөлу болды. Осыған орай, экспозицияда 1993 жылғы 13 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР-ның шекаралас мемлекеттермен арадағы шекара мәселесін реттеудегі маңызды құжаттар мен фотосуреттер қойылған (Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының тоғысу нүктесі туралы келісім. 1999 жылғы 25 тамыз; Қазақстан-түрікмен мемлекеттік шекарасын анықтау және межелеу үдерісі туралы шарт. 2001 жылғы 5 шілде; Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шарт. 2001 жылғы 15 желтоқсан; Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт. 2002 жылғы 23 желтоқсан; «Екі ел арасындағы Каспий теңізінің түбін межелеу туралы Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Келісімді және осы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2003 жылғы 2 шілде; Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын белгілеу туралы шарт. 2005 жылғы 18 қаңтар).

Құрметті қонақтар, келесі LED-экран «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» тақырыбына арналған. Дербес сыртқы саяси стратегия және халықаралық аренада ұлттық мүдделерін қорғауға қабілеттілік тәуелсіз мемлекеттің маңызды атрибуты. Жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жауапты және бастамашыл саясаты Қазақстанға ядролық қарусыз әлем, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау және қарусыздану қозғалысының ту ұстаушысы беделін әкелді. Қазақстан беделі мен ықпалы жаһандық және аймақтық саясатта халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған табысты мемлекетке айналды. Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуын, аймақтық және халықаралық мәртебесі, қазақстандық халықтың өз елінің ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері, Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолдары мен кезеңдері кеңінен және көркем түрде көрініс тапқан «Қазақстан әлемдік қоғамдастық субъектісі», «Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет», «Қазғарыш» ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі» атты анимациялық фильмдер берілген (№2 қосымшада 3 анимациялық фильмдер туралы мәліметтер көрсетілген).

Құрметті қонақтар, Астана қаласының жолсілтемесіне назар аударыңыздар. Астана қаласының келбеті мен атмосферасы Қазақстанның болашаққа ұмтылысынан хабар береді. Қазақстанның жас елордасы өте заманауи және жарқын тұрпатта. Озық технологиялар мен дизайн қолданылған қайталанбас сәулеттік жобалар, суперзаманауи қонақүйлер, бизнес орталықтар, көпқабатты жаңа құрылыстар батыл шешімдердің және буырқанған қала жігерін бейнелейді. Қала сәндік мүсіндірмен, бірегей субұрқақтармен және заманауи рухтағы әдіптермен, Қазақстан елордасына ерекше сән мен ерекше түр береді. Мониторда Астана қаласының әлеуметтік-саяси және мәдени орталықтары туралы толық мәліметтерді 3D форматында көруге болады (№3 қосымшада 20 нысандар туралы мәліметтер көрсетілген).

Құрметті қонақтар, келесі лед-экран «ҚР-ның экономикалық дамуына» арналған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақстандық экономика дағдарысты еңсеріп, орнықты даму жолына түсті. 15 жылдың ішінде өтпелі кезең толық аяқталды, бұрынғы кеңестік қоғам толығымен жаңарды. Қазақстандық экономика халықаралық еңбек бөлінісінде өзінің орнын алып, жаһандық экономикаға белсенді ықпалдаса бастады. Мемлекеттік мүлікті басқару жүйесі жетілдірілді, банк жүйесі дамыды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық даму қоры құрылды, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, өндіру секторындағы ұлттық компаниялардың үлесін ұлғайту арқылы стратегиялық активтерді қайтару бағыты белгіленді. Сондай-ақ салық реформасы жүргізілді, бизнеске кедергілер төмендетілді. Бұл кезеңде елдің ауыл шаруашылығы одан әрі дамыды – «Жер туралы» жаңа Заңның қабылдануы ауыл шаруашылығы өндірушілерін кеңінен қолдауды өрістетуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық реформалары мен өнеркәсіптің дамуы көрініс тапқан «Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы» және «Шикізаттық бағдардан жаңаруға қарай» атты фильмдер берілген (№4 қосымшада 2 анимациялық фильмдер туралы мәліметтер көрсетілген).

Құрметті қонақтар, Қазақстанның табиғаты мен Астана қаласы туралы видеофильмдерді иілген үлкен экраннан көре аласыздар. Әлем елдерінің арасында көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрған Қазақстан таулы шыңдар мен шөлейтті сусыған құмдарымен мұздықтар мен ақша қарларға дейін өзінің бай табиғатымен бірегей. Алатау шатқалы, Бурабай курорты, Қорғалжын және Ақсу-Жабағылы қорықтары, Үшқоңыр үстірті, Ассы, Үстірт, Шарын шатқалы, Көлсай көлі, Алтынемел, Каспий теңізі, Қазығұрт тауы, Зайсан көлі, Баянауыл және көптеген көрікті жерлер әлемнің әр түпкірінен көптеген туристерді өздеріне тартып, қайталанбас табиғатымен ерекшеленеді. Келесі, Астана туралы бейнефильмде Астананың келбеті Қазақстанның болашаққа ұмтылған талпынысын көрсетеді. Қазақстанның жас астанасы заманға сай және жарқын. Озық технологиялар мен дизайн қолданылған қайталанбас сәулеттік жобалар, суперзаманауи мейманханалар, бизнес-орталықтар, көпқабатты жаңа құрылыстар қаланың субұрқақты қуат-күшін және батыл да өршіл мінезін бейнелейді.

Құрметті қонақтар, «Ұлт капиталы» атты витриналардан ҚР білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктерді көре аласыздар. Тәуелсіздік алған сәттен бастап, білім жүйесін дамыту Қазақстанның өзекті ұлттық басымдықтарының бірі ретінде белгіленді. Міне, сондықтан да «Білім туралы» Заң 1992 жылы алғашқы болып қабылданған қазақстандық заңдардың бірі болды. Жаңа экономика жаңа білікті мамандарды талап етті. Осы мақсатта 1993 жылдың өзінде Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қазақстандық талантты жастарды әлемнің үздік университеттерінде оқыту үшін «Болашақ» бағдарламасы іске қосылды. Экспозицияда орта білім беру, интеллектуалды мектептердің ашылуы, алғашқы «Болашақ» түлектері, ғылым саласындағы жетістікер, Қазақстандағы ғарыш саласының дамуы айқын көрініс тапқан. Осы ретте витринада ғарышкер Талғат Мұсабаевтың ғарыштық киімі қойылған.

Құрметті қонақтар, келесі витриналардан «ҚР денсаулық сақтау» саласындағы жетістіктері фотосуреттер негізінде көрсетілген. Ұлттың денсаулығын нығайту - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Экономикалық әл-ауқаттың өсуі денсаулық сақтауды қаржыландыруды елеулі ұлғайтты, бұл өз кезегінде денсаулықтың маңызды көрсеткіштеріне және тұтастай алғанда бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне тікелей әсер етті. Медициналық көмектің халықтың барлық жіктеріне қолжетімділігіне үлкен көңіл бөлінуде. Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Құрылған Ұлттық медициналық холдингке алты республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы көмек көрсетуде.

Құрметті қонақтар, келесі витриналар «Тәуелсіз Қазақстанның спорттағы жетістіктер» тақырыбына арналады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен ел спортшылары жас тәуелсіз мемлекеттің намысын қорғай отырып, халықаралық спорт ареналарында белсенді өнер көрсете бастады. Республика спортшылары бүкіл ғаламшардағы халықаралық жарыстарға қатысуда және олардың жеңістерінің арқасында әлем Қазақстанды бұрынғыдан да жақсы білетін болды, бұл біздің мемлекетіміздің беделін нығайтуға елеулі дәрежеде жәрдемдесуде. Көптеген ірі халықаралық жарыстар Қазақстанда өткізіліп келеді. Спорт атты экспозициядан спорттың әр түрінен Тәуелсіз Қазақстанның көк туын аспанға желбіреткен алғашқы олимпиада чемпиондары – В. Смирнов, Ю.Мельниченко, В. Жиров, А. Парыгин. Е. Ыбырайымовты, О. Шишигина, Б. Саттарханов, Б. Артаевтарды көре аласыздар. Сонымен қатар экспозицияда бокстан олимпиада чемпионы В. Жировтың бокс қолғаптары, Е. Ыбырайымовтың Сиднейдағы жеңісінің алтын медалі қойылған. 2012 жылғы Лондондағы жазғы олимпиада еліміз үшін ең сәтті болды. Қазақстан бұл олимпиадада әлем бойынша 12 орынға табан тіреді. Экспозицияда Лондон олимпиадасы жеңімпаздарының фотосуреттерін және бокстан олимпиада чемпионы С. Сәпиевтің алтын медалін, бокс қолғаптарын, екі дүркін олимпиада чемпионы И. Ильиннің қолы қойылған жеке белбеуін көрулеріңізге болады. 2011 жылы ҚазақстандаVII Қысқы Азиада ойындары болып өтті. Бұл шара біздің елдің тарихындағы халықаралық деңгейдегі ең маңызды және ірі спорттық оқиғаға айналды. Біздің құрамамыз 32 алтын медаль иеленді. VII Қысқы Азиада ойындары Қазақстанның бейбітшілік пен келісім елі және азиялық және әлемдік спортта жетекші орталықтардың бірі ретінде халықаралық аренадағы беделінің арта түскенінің тағы бір дәлелі болды. Экспозициядан VII Қысқы Азиада ойындарының жеңімпаздарының фотосуреттерін көре аласыздар. Келесі витрина параолимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына арналады. Экспозицияда спортшылардың фотосуреттері және медальдары қойылған (Жеңіл атлетикадан чемпион М. Рожковтыңалтын және қола медальдары, еркін күрестен чемпион Ғ. Есжановтың, жүзуден чемпион З. Ғабидуллинаның алтын медальдары, грек-рим күресінен Ш. Хайратханның қола медалі).

Құрметті қонақтар, келесі витринаға назар аударыңыздар, экспозицияда ұлттық спорт түрлерінің фотосуреттерімен қатар, Бүркітшілердің І-ші Халықаралық фестивалінің кәдесыйы, «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы – түйе палуанға ұсынылатын «Тайтұяқ» кәдесыйы, «Алтын белбеу» құнды сыйлығы қойылған.

Құрметті қонақтар, келесі витриналардан көретіндеріңіз, «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті» тақырыбына арналған фотосуреттер. Тәуелсіздік жылдарында мәдениет саласында оң үрдістер пайда болды, бұған мәдениет мекемелері желісінің кеңеюі, мәдени шаралардың арта түсуі, халық шығармашылығының түлеуі, халықаралық мәдени байланыстардың кеңеюі дәлел бола алады. Экспозицияда «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жаңғыртылған тарихи-мәдени орталықтардың, өнер саласындағы жетістіктер мен мәдени қайраткерлердің фотосуреттерімен қоса, ХІІІ ғасырға жататын Мысырдан әкелінген Әз-Зәһір Бейбарыс сұлтан мешіті қабырғасының кірпіші қойылған.

Құрметті қонақтар, келесі витрина Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясына (2008 жылдан – Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – ҚХА) арналады. Қазақстанда жүзеге асырылған ұлысаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделі бүкіл әлемде танылды және көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Осы жетістіктер экспозицияда фотосуреттермен көрсетілген.

Құрметті қонақтар, алдарыңызда «Қазақстанның жаңа дәуірі» мүсіндік композициясы. Авторы: Құлжабаев Бақытжан Аманәліұлы. Мүсіндік композиция Қазақстанның жаңа тарихымен байланысты 4 тақырыпты - еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтауға үлес қосқан «Қазақстан халқы Ассамблеясы», діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды еткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі», мемлекеттің негізгі тірегі, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері «Бәсекеге қабілетті жастар», Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастықтағы рөлі мен орны екіжақты қарым-қатынас динамикасында, халықаралық ұйымдардағы аймақтық серіктестігі мен белсенді жұмысын көрсететін «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» қамтиды.

Құрметті қонақтар, келесі монитордан «Қазақстан жолы. «Оқиғалар хроникасы» атты LED-экранда ақпараттық күнтізбені көре аласыздар. Онда кез келген күнгі файлға кіріп, толық ақпарат алуға болады. Іздеу опциясы, фото және бейнемұрағат, «Басты оқиғалар», «Өңірлерге жұмыс сапарлары», «Шетелдік сапарлар», «Қазақстан Республикасы заңдарының тізімі», «Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының тізімі» сияқты мамандандарылған бөлімдер бар. Сонымен, бұл киоскіде Мемлекет басшысының 1991 жылдан осы кезге дейінгі қызмет хроникасымен танысуға болады. Мұнда кеңестерді, іскерлік кездесулерді, ірі қоғамдық-саяси акцияларды, ел өңірлеріне жұмыс сапарларды, шетелдік сапарларды қоса алғанда, Мемлекет басшысының қатысуымен ел ішінде де, одан тыс жерлерде де өткен негізгі іс-шаралар ұсынылған. Оқиғалар хроникасында сондай-ақ сөйленген сөздердің мәтіндері, Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдарында қол қойған заңдар мен жарлықтардың тізімі бар. Әртүрлі анықтамалық ақпарат кез келген оқиғалар бойынша қосымша ақпарат берумен қатар, қажет болған жағдайда олардың тарихи және саяси маңызын ашып көрсетеді. Неғұрлым көрнекі болуы үшін ең маңызды іс-шаралар фотосуреттермен безендірілген, бұл оқырманның баяндалып отырған оқиғаларға терең үңілуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп, бөлек бір жыл ішіндегі негізгі оқиғаларға көз жүгірте отырып, Тәуелсіздік кезеңіндегі республиканың орнықты даму келбетін көруге болады.

Құрметті қонақтар, назарларыңызда «ҚР Ұлттық валютасы», «ҚР мемлекеттік наградалары» витринасы. Ұлттық валюта – теңге Тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің бірі. Ұлттық валютаның енгізілуі экономикалық егемендікті, өз ақша-несие саясатымызды жүргізуді және реформаларды тереңдетуді қамтамасыз етті. Экспозицияда 1993 жылғы 15 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлық, 1993 жылғы үлгідегі алғашқы банкноттар мен тиындар, мерейтойлық күндерге арналған коллекциялық тиындар қойылған. Сонымен қатар витринада республиканың 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» қабылданған заңына сәйкес қалыптасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары: жоғарғы ерекшелік дәрежесі – «Алтын Қыран» ордені, «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ басқа да ордендер, медальдар, құрметті атақтар және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы қойылған (№5 қосымшада мемлекеттік наградалар туралы мәліметтер көрсетілген).

Құрметті қонақтар, витринадағы келесі экспонатқа назар аударыңыздар. Бұл - ҚР Ұлттық музейін ашу салтанатында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухы биік халықтың іргесі берік!» деген естелік қолтаңбасы қойылған қыш кітабы (Сауран саз балшығы ).

Құрметті қонақтар, келесі көретіндеріңіз, Елбасы Н. Назарбаевтың еңбектер жинағы. Электронды кітап. Бұл электронды кітапта ҚР Президенті Н. Назарбаевтың өз қызметі кезеңіндегі мейлінше маңызды деген және қалың оқырманның зор қызығушылығын тудырған кітаптары енгізілді. Сондай-ақ отандық және шетелдік белгілі авторлардың ҚР Президенті Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, оның мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасуы мен нығаюындағы тарихи роліне арналған кітаптары енгізілді. Қазақстан Президенті еңбектерінің каталогы хронологиялық тәртіп бойынша ұсынылып отыр және үлкен кезеңді қамтиды (№6 қосымшада кітаптар тізімі көрсетілген).

Құрметті қонақтар, жоғарыда «Оқиғалар күнтізбесіне» назар аударыңыздар. Күнтізбеде тәуелсіз алған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі маңызды оқиғалар көрсетілген. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік» монументін, «Мәңгілік ел» триумфальдық арка және «Қазақ елі» монументін көре аласыздар. «Тәуелсіздік» монументі еліміздің біртұтас символы, қазақ тарихы, мәдениеті мен мемлекеттілігінің өткені, бүгіні және болашағы бірлігінің белгісі. Мүсіншілер: Ш.Е. Уәлиханов, А. Жұмабаев, Н. Далабаев. Сәулетшілер: К.Ж. Монтақаев, А.К. Қапанов. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне салынған Қазақстандағы тұңғыш «Мәңгілік ел» Триумфальдық аркасы - заманауи Қазақстанның жаңа символы және тәуелсіздік пен егемендік туралы ғасырлар бойғы арманына қол жеткізген халықтың салтанаты. «Қазақ елі» монументі - Қазақстан халықтарының достығы, елдің дамуы, 91 метрлік тұғырдың жоғары бөлігінде киелі самұрық құстың тәуелсіздік пен бостандықтың мерейлі белгісі. Авторлары: Сәулетші: С. Бөкебай. Суретші: С. Смагулов.

Құрметті қонақтар, назарларыңызда «Тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық жолы». Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы Қазақстан ғарышкерлігінің тарихынан басталады. Ғарыштық кеңістікті зерттеу және пайдалану рөлі біздің мемлекеттің экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуында үнемі арта түсуде.

Құрметті қонақтар, алдарыңызда экспонаттар «Протон-М» – ғарыштық аппараттарды, телекоммуникациялық және навигациялық спутниктерді Жер орбитасына шығаруға арналған ауыр санаттағы зымыран тасығыш және «КаzSат-2» – Қазақстан Республикасының байланыс спутнигі ғарыштық аппараты. «ҚазСат-2» 2011 жылы 16 шілдеде Байқоңырдан ресейлік «Протон-М» зымыран-тасығышымен ұшырылды. «ҚазСат» спутнигін М.В. Хруничев атындағы ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы (Ресей) жасады. «KazSat-2» Қазақстан Республикасы, Орталық Азия елдері және Ресейдің орталық бөлігі аумақтарында «KazSat» спутниктік байланыс жүйесінде телевизиялық хабар тарату және мәліметтер беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық спутниктік байланыс операторларының қажеттерін қанағаттандыруға арналған. Сондай-ақ бұл залда ҚР ғарыш тарихына қатысты мағлұматтармен мына стендтерден танысуға болады (№7 қосымшада Қазақстандағы ғарыштың даму тарихы туралы мәліметтер көрсетілген).




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ЭКСКУРСИОННЫЙ РАЗДЕЛ ПРОГРАММЫ | Тәуелсіз Қазақстан залы

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 448. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия