Студопедия — Ақпараттық – дидактикалық блок. Оқу – тәрбиелік балалардың торабына мектепке дейінгі мекемелер, орта білім мектептері және мектеп – интрернаттары (жалпы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ақпараттық – дидактикалық блок. Оқу – тәрбиелік балалардың торабына мектепке дейінгі мекемелер, орта білім мектептері және мектеп – интрернаттары (жалпы






Оқу – тәрбиелік балалардың торабына мектепке дейінгі мекемелер, орта білім мектептері және мектеп – интрернаттары (жалпы, арнайыландырылған), Кәсіптік – техникалық мектеп, мектептен тыс әрекеттерге арналған: балалар мен жасөспірімдер сарайы, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, музыкалық және көркемдің мектептері, балалар кітаптары, санаторлық – орман мектептері, қала сыртында орналасқан балалардың сауықтандыру мкемелері кіреді.

Елді мекендер территориясында балалар мекемелерін орналастыруға негізінде келесі гигиеналық принциптер көзделген:

- қызмет көрсетуші контингенттердің тұрғылықты жеріне жақын орналасуы;

- шоссе, темір жолдардан, ауаны газ және түтінмен ластайтын кәсіпорындардан алыс орналастиыру;

- жалпы санитарлық тәртіпке жауап беретін және құрылымдық элементтерді орналастыруға жеткілікті көлемдегі жер учаскесінің ауданы;

- жер учаскелерін когалдандыру қажет, олар шаңды және желді ұстау қабілетімен учаскенің микроклиматын сауықтандырады.

Мектепке дейінгі мекемелердің жобалаудың гигиеналық негіздері:

1. Жер учаскесін таңдау – жер учаскесі балалардың ойындарын және сабақтарын өткізу, дем алуды ұйымдастыруға арналады. Жер территорияларын таңдау кезінде ең маңызды санитарлық – гигиеналық талаптарды, жеткілікті инсоляциясы мен территорияның аэрациясын қамтамасыз ететін аудан қарастырылады. Территориядағы шу деңгейі 475 дБа аспауы қажет.

Жер учаскесінің көлемі 1 адамға есептегенде сыйымдылықпен алынады, мыс: 40 м2 – 100 адамға; 100 – ден жоғары – 35 м2.

Мектепке дейінгі мекемелердің жер учаскесінде топтық, жасыл желек, шаруашылық аймақтары орналасады.

Топтық аймақ – спорт ойындарын өткізуге, жидек және көкөніс өсірумен айналысуға, дем алуға арналады. Көгалдандыру аймағы мектепке дейінгі мекемелер территориясының 50 % - інен кем болмауы қажет. Топтық аймақтарды жобалауда әр ойын түрін өткізуге нақты аймақтау қарастырылған.

Дене шынықтыру аймағы – ертеңгілік гимнастика, қимылды ойындар, дене шынықтыру сабақтары және жарыстар өткізуге арналған. 150 орындық мектепке дейінгі мекемелерде 1 дене шынықтыру аймағының көлемі 250 м2 кем болмау қажет.

Спорт ойындарының аймағы – волейбол, бадминтон, баскетбол, қалашық ойындарына арналады, көлемі 10 х 7 м.

Спорттық құралдар және гимнастикалық жабдықтармен жабдықталған аймақ – жасыл шөппен жабылған аумағы – 60 м2 – тан кем болмауы қажет.

Ашық жүзу бассейндері – жылдың жылы мезгілінде жүзуге, шынықтыру процедураларын жүргізуге арналған. Тереңдігі 0,6 – 0,8 м, көлемі 4 х 6 – 8 х 10 (12,5 м2).

Мекетепке дейінгі мекемелерде шаруашылық аймағын асханаға, кір жуатын бөлмелерге жақын орналастыру қажет. 50 орындық мектепке дейінгі мекемелерге шаруашылық аймаққа кіретін және шығатын арнайы жолдар болуы қажет. бұл жерде қоқыс жинағыштар, шаруашылық құралдары орнатылады. Жер асфальттануы қажет.

Мектепке дейінгі мекемелер учаскесі 750 – 1600 м биіктікте қорғалады.

Мектептерді жобалаудың гигиеналық негіздері:

- қызмет көрсету контингенттерінің тұратын жеріне жақын болуы, жердің климаттық ерекшеліктері және құрылыстау.

Сипаты:

- шоссе және темір жолдардан, ауаны химиялық заттармен ластайтын кәсіпорындардан алыс, балалар мекемелерінің территориясын таза ұстау мүмкіндігі болуы;

- жер көлемі жеткіліксіз болуы, жалпы санитарлық талаптарға жауап беруі, территорияны аймақтау көлемінің жеткіліктілігі.

Мектеп жобасын сақтау кезінде жобаны сараптаудың негізгі гигиеналық принциптерін ескеру қажет:

- оқу процесін өткізуге қолайлы жағдай жасау. Мектеп ғимараты орналасуы, көлемі және жабдықталуы бойынша гигиеналық талаптарға қатаң жауап беретін негізгі бөлмелердің толық жиынтығын қамту керек (сынып бөлмесі, кабиенттер, шеберханалар).

Бастауыш сыныптарға арналған бөлменің жеке қанатта орналасуын қамтуы қажет.

- дене шынықтыруды жүргізуге барлық мүмкіндіктер;

- оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға жағдай жасау;

- балалардың дем алуына қолайлы жағдай жасау;

- толық және ұтымды табиғи және жасанды жарықты қамтамасыз ету (ғылыми бағытталуымен сипатталады);

- ұтымды ауа – жылу тәртібін ұйымдастыру, ол желдету және жылыту жүйесін дұрыс таңдаумен сипатталады.

- қажетті көлемде сапалы сумен қамтамасыздандыру (тамақ дайындау, суды ішуге, бөлмелердің санитарлық жағдайын ұстап тұруға).

Мектептің қызмет көрсету радиусы 0,3 – 0,5 км (жаяу жүрушілерге). Мектептің жер учаскесінің территориясы төмендегі аймақтарға бөлінеді:

· Оқу – тәрбиелік аймақ – дер территориясының 25 % құрнайды.

· Дене тәрбиесі және спорт аймағы – мектептен жасыл желекпен бөлінген 25м қашықтықта арналады. Құрамына жүгіру жолағы, футболға арналған аймақ жиынтықтары кіреді.

· Дем алу аймағы – көгалды аймаққа жақын, спорт және шаруашылық аймақтан алысқа орналасады.

· Шаруашылық аймағы – 500 – 900 м2 көлемінде қарастырылады. Мектептен 35 м қашықтықта орналасуы қажет. Кіретін және шығатын есігі болады.

Орта білім беретін әртүрлі мекемелерді жобалаудың гигиеналық принциптері: жалпы типті мектепке дейінгі мекемелер ғимаратының биіктігі 3 қабаттан аспауы керек. Мектептің қабаттылығы табиғи – климаттық жағдайларды және ғимараттың сиымдылығымен анықталады. 1 қабатты мектеп ғимарттары 150 орынға ауылдық мектепке дейінгі мекемелер, 150 орыннан көп сыйымдылықтардағы мектепке дейінгі мекемелерді 2 қабаттан жоғары болмауына рұқсат беріледі. Мектепке дейінгі мекемелер жеке ғимарттарда орналастырылады. Келесі суретте 190 орындық 2 қабатты мектепке дейінгі мекемелердің жалпы жобасы берілген.

1 СУРЕТ

Екінші қабат

 

 


 

Бірінші қабат

Рис. 7.15. Планы первого и второго этажей яслей - сада на 190 мест.

1 — холл; 2 — приемная; 3 — игровая; 4 — спальня; 5 — буфетная; 6 — туалетная; 7 — раздевальня; 8 — групповая; 9 — зал для физкультурных занятий; 10 — зал для музыкальных занятий; 11 — методический кабинет; 12 — логопедический кабинет; 13 — кабинет заведующей; 14 — комната завхоза; 15 — медицинская комната; 16 — процедурная; 17 — кастелянская; 18 — комната персонала; 19 — изолятор; 20 — кладовая чистого белья; 21 — кухня с подсобными помещениями; 22 — сти­ральная; 23 — гладильня.

Мектеп ғимартарының композициясы секцияға бөлшектенуді сақтай отырып жобаланады. Мұндай талаптарға блоктың композициясы толық жауап береді. Мектептің терезелері оңтүстік, оңтүстік – шығыс, шығысқа бағытталуы оңтайлы вариант. Рұқсат етілген қабаттылығы үшеу. Бөлмелердің құрамы: сыныпты, кабинетік жүйе (сабақ бекітілген бөлмеде оқытылады, оқу құралдары бөлмеге жеткізіледі).

Мектеп ғимараттарда оқу шеберханалары, спорт және акт залы, кітапхана, рекреациялық бөлмелер, асхана, медпункт, санитарлық бұрыш, әкімшілік – шаруашылық бөлмелері орналасады.

Оқу бөлмелерінің құрамы:

- оқушының жұмыс аймағы (оқу үстелдерінің орналасуы)

- оқытушының жұмыс аймағы.

- көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарды орналастыруға арналған қосымша кеңістік

- оқушының жеке сабағы және белсенді дем алу аймағы.

Оқу бөлмелерінің ауданы 1 балаға 2,5 м2 – қа есептелінеді. 1 сыныпта 25 адамнан артық болуы қажет.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің ауа жылыту тәртібі (АЖТ), жарықтануы, сумен қамтамасыздандырылуға қойылатын гигиеналық талаптар.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде ауа жылыту тәртібі жылыту жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Жылыту құралдары ретінде радиаторлар, конвекторлар, бетонды панелдер қолданылады.

Балалар болатын бөлмелердің салыстырмалы ылғалдылығы 40 – 55 %, бөлме температурасы 21 0С - тан кем болмау қажет. Жарықтандыру көзін табиғи және жасанды түрде қабылдайды. Жасанды жарық қыздыру шамдарымен люменисценттік шамдармен беріледі.

Оқу бөлмелері үзіліс кезінде желдетілуі, ал реакриациялар сабақ уақыты кезінде желдетіледі.

Балалар мекемелерінде орталықтандырылған су көзімен қамтамасыздандырады.

Балалар мекемелерін қолайлы етіп жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар мекемелерінің қажетті жиһаздармен және оларды қолайлы етіп жабдықтау заңды нормативті құжаттармен регламенттеледі. Қазіргі кезде балалар жабдықтарын бағалау кезінде негізге алынатын құжат: «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үстел мен орындықтардың негізгі өлшемдері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жиһаздары функционалдық өлшемдері» (МЕСТ 19301 - (1-2)-73).

Бұл МЕСТ – ке түзетпе енгізілгшен:

№ 3219 22.09.88.- «Мектеп жасына дейінгі балалар жиһаздары» 19301 – 73 МЕСТ – іне енгізілген түзетпе.

Мектеп жиһаздары бойынша 11015 – 86 МЕСТ, 11016 – 86 МЕСТ.

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бақылау (Қосымша 1).

2. Студенттің өздік жұмысы:

- Жағдайлық есептерді шешу (Қосымша 2).

- Никитин – Флеров сызғышын дайындау (Қосымша 3).

3. Студенттің оқытушымен жұмысы:

- өздік жұмысты талдау.

- жүргізілген зерттеулер нәтижесін талдау

4. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 4).

8.Сабақ бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

негізгі:

  1. Румянцев Г.И. Общая гигиена, М.,Медицина, 1985.
  2. Румянцев Г.И. Руководство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1985.
  3. А.М. Большаков Руководство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1987.
  4. Лекционный материал.

қосымша:

  1. Д. А. Зильбер и др. Гигиена. Медицина, М.: 1977, 30 – 46.
  2. Руководящие материалы по организации фармацевтического дела. Алматы, 1976.
  3. К.У.Умбаев, А.К. Джанбабаев и соавт. Сборник материалов в помощь практическим работникам здравоохранения, Алматы;1975.
  4. СниП Хозрасчетные аптеки. 1978.
  5. Государственная фармокопея. (Издание XI)
  6. Организация и экономика фармации, учебник под ред. Крикова М., 1983.

- 13 -

  1. Сборник нормативных актов по аптечной службе. Медицина., М., 1977.
  2. Приказ Минздарава СССР № 79 от 25.11.97. Инструкция. По санитарному контролю воздуха аптек.
  3. Минх А.А. Методы гигиенических исследований. М.,Медицина.1967г.






Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 848. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия