Студопедия — Тақырып: Өндірістік шу мен дірілді гигиеналық бағалау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып: Өндірістік шу мен дірілді гигиеналық бағалау.

 

  1. Кәсіптік мүкіс құлақтықтың себесі

а) -ОЖЖ зақымдалуы

б) -ЖТЖ зақымдалуы

в) -Кортиев мүшесінің органикалық зақымы

г) -А менБ жауыптар дұрыс

д) -Б жауап дұрыс

 

  1. «Шу ауруының» клиникалық көріністері бөлінеді

а) -токсикалық

б) -фотосенсибилиздейтін

в) -фиброгенді

г) -ерекше

д) -барлығы дұрыс

 

  1. Аудиометрияның мақсаты нені анықтау

а) -шудың жиілікті-толқындық сипатын

б) -естілу табалдырығын

в) -ауару тудыратын қысымының табалдырығы

г) -дыбыс қысымының табалдырығы

д) -естілу сезімталдылықтың жоғалту деңгейін

 

  1. Есту мүшесі қай жиіліктерге сезімтал

а) -20-100гц

б) -1000-4000Гц

в) -500-1000Гц

г) -5000-8000Гц

д) -50-200Гц

 

  1. Дыбысты қабылдау қаттылығы қарқындылығымен қандай тәуелділікте

а) -тура

б) -кері

в) -логарифмді

г) -пропорционал

д) -сызықты

 

6. «Фон» бірлігі сипаттайды

а) -тон биіктігін

б) -дыбыс қарқындылығын

в) -дыбыс қысымының деңгейін

г) -дыбыс күшінің деңгейі

д) -естілу деңгейін

 

7.Діріл берілу әдісі бойынша бөлінеді

а) -локальді

б) -синусоидальді

в) -үзіліссіз

г) -импульсті

д) -вертикальді

 

8.Діріл берілу әдісі бойынша бөлінеді

а) -жергілікті

б) -синусоидальді

в) -үзіліссіз

г) -импульсті

д) -вертикальді

 

9.Діріл берілу әдісі бойынша бөлінеді

а) -импульсті

б) -синусоидальді

в) -үзіліссіз

г) -жалпы

д) -кең сызықты

 

10.Дірілді аурудың негізгі сипаттарына жатады

а) -нейротамырлы

б) -психо-эмоциялы

в) -склеротикалық

г) -дисгармональды

д) -фементативті

 

11.Рейно симптомы сипатталады

А) -бұлшықетті өзгерістермен

Б) -суйекті өзгерістермен

В) -«өлі» саусақтар феномені

Г) -жүйке жүйесінің тозуымен

Д) -қызарумен

 

12.Шу мен дірілмен күресу шараларына жатады

а) -техникалық

б) -ұйымдастырылғын

в) -медициналық

г) -санитарлы-гигиеналық

д) -барлығы дұрыс

 

13.Діріл әсеріне ағзаның реакциясы тәуелді

а) -дірілде»тін беткеймен берілетін энергия мөлшеріне

б) -діріл жылдамдығы мен жиілігі

в) -мүшелер мен ұлпалардын физикалық-механикалық қасиеттер

г) -мүшелер мен ұлпаларды меншікті тербелістерге

д) -барлығы дұрыс

 

 

  1. Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. А.М.Большаков, И.М. Новикова. Общая гигиена, М.,Медицина, 1985
  2. Р.А.Логинова, М.Н.Новикова Рукаводство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1977
  3. А.М.Большаков Рукаводство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1987.
  4. Н.Ф.Измеров. М.,Медицина, 1987

Қосымша:

  1. С:В:Алеусеев, В,Г.Усенко. Гигиена труда. М.,Медицина, 1988.
  2. Минх А.А. Методы гигиенических исследований. М.,Медицина. 1967.
  3. А.П.Филин, А.В.Куляров. Физиолого-гигиенические аспекты проблемы механических колебаний. Караганда, 1985.

 

 

Тақырып: Өндірістік шу мен дірілді гигиеналық бағалау.

 

Курс:1

 

 

1.Тақырып: Өндірістік шу мен дірілді гигиеналық бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 90 мин

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Шу мен діріл кең таралған жағымсыз фактор және олармен күресу қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Техниканың даму салдарынан акустикалық және механикалық талқындардың адам

ағзасына әсер ету күннен күнге маңызды болып келеді. Қазіргі НТП-ға шу мен дірілді күшейтіп, ультра- және инфра дыбыстық диапазон жағына кеңеюімен қатар жүретін өндірістік қуаттын күшеюі, қуатты жаңа құралдардың пайда болуы, ескі технологиялық процесстердің интенсификациясы тән.

4.Сабақтың мақсаты: Қауіп пен зияндылығын бағалап олармен күресу шараларын

ойластыру мақсатында шу мен дірілді физикалық, гигиеналық және физиологиялық маңызы жағынан теориялық білімдерді бекіту

 

Студент білу керек:

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, олардың өлшем бірліктерін

-шу мен дірілдің жіктелуі мен оның адам ағзасына әсерін

-шу мен дірілдің қалыптастыру принциптерін

-олардың адам ағзасына зиянды әсерінің профилактикасын

 

Студент істей алу керек:

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, дірілді акустикалық аппаратура көмегімен анықтауды

-шу деңгейі, жергілікті және жалпы діріл деңгейіне қарап еңбек жағдайлар класстарын анықтауды

-аудиометрияны жүргізуді

 

5.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

1.Өндірістік шаңның гигиеналық сипаты.

2. Жұмыс аумағындағы шаңды анықтау өдістері.

3. Фармациялық өндіріс орындарындарда дәріханаларда деңсаулықты жақсартатын шараларды жүргізу.

4. Кәсіптік шаң аурулардың профилактикасы.

 

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

1.Шу мен дірілдің физикалық-гигиеналық сипаты. Шу мен өндірістік ортаның зиянды факторлар ретінде.

2. Шу. Жалпы және жергілікті дірілдің ағзаға әсері.

3.Шу ауруы, мүкіс құлақтық. Орталық жүйке жүйесінің аурулары «шулы» жұмыс орындарының кәсіптік аурулары ретінде.

4.Діріл ауруы, олардың даму сатылары.

5. Ағзаға мүмкін болатын шеткі деңгейі. Профилактикалық шаралар.

6. Ақпаратты-дидактикалық блок.

6.1. Шудың физикалық-гигиеналық сипаты. Шу өндістік ортаның зиянды факторы ретінде физикалық жағынан шу уақыты ретсіз өзгеретін, әртүрлі амплитудалармен жиіліктері бар ортаның апериодикалық бөлшектердің тербелістерден құралатын күрделі дыбыстық құбылыс. Сондықтан музыкалық дыбыстарға қарағанда олардың жеке тондардың арасында дұрыс сандық байланыс жоқ.

Гигиеналық жағынан шу ретінде кезі келген жағымсыз, уақыт, орынға және адамдар қажеттіліктеріне жауап бермейтін. Сондықтан жұмыс пен демалысқа бөгет жасайтын дыбыстарды санайды.

Шу түсінігінде физиологиялық мағына жатыр, яғни толқындық қозғалыстарды субъективті қабылдау. Субъективті дыбыс қатаңдығы, биіктігі және тембрі жағынан қабылдайды.

Шудың қайнар көзі тығыз орта бөлшектерінің тербелістік қозғалыстарға әкелетін сыртқы орта күшімен тұрақтылық қалпінен шығарылған кез келген тербелетін дене, яғни дыбыстық толқындарды жасайтын. Өйткені дыбыстық толқын тербелетін процесс болып табылады, ол келесі түсініктермен сипатталады: тербелу периоды- бір толық тербеліс жасалынатын уақыт (Т); тербеліс жиілігі (F);- 1сек-та толық тербеліс саны өлшем бірлігі (Гц); тербеліс амплитудасы- тұрақты тепе-теңдік нүктесінен тербелетін дененің ең үлкен ауытқуы (А); таралу жылдымдығы-немесе уақыт жылдамдығы- бір секунд аралығында толқындық процестің таралатын ауданы, м/с-пен өлшенеді. Дыбыс жылдамдығы орта тығыздығына және серпінділігіне тәуелді бірақ дыбыстың тербелу жиілігіне тәуелді емес. Ауада температура 20 С және қалыпты атмосфералық қысымы кезінде С 334 м/с-ке тең, температура жоғарылағанда ол әр бір градуста 0,71 м/с-ке көбейеді. Одан тығыздырақ орталарда (металл, шыны, ағаш, су және т.б) дыбыс тездеу таралады. Толқын ұзындығы-екі көрші қоюлтулар немесе дыбыстық толқын бейтараптанулар арасындағы арақашықтық метрмен өлшенеді. Толқын ұзындығы дыбыстың жиілігі мен жылдамдық қатынасымен с/f, ал тербелу периоды оның жиілікпен кері қатынасымен Т=1/f байланысты.

Дыбыстың (дыбыстың) ағзаға әсерін анықтайтын физикалық сипаты біріншіден қарқындылығы немесе сандар мен жиілікті құрам.

Дыбыстың (шудын) қарқындылығы немесе куші.

Дыбыс толқындардың таралуы кеңістікте тербеліс энергияның таралуымен қатар жүреді. Оның дыбыс толқын бағытына перпендикуляр орналасқан аудан бірлігінен уақыт бірлігіне(с) өтуі дыбыстың қарқындылығы немесе күші (I). Өлшем бірлігі эрг/см2 немесе Ватт /м2(Вт/м2).

Тербелу амплитудасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым дыбыс күші мен қысым жоғары. Есту анализатор дыбыс күші мен дыбыстық қысым субъективті түрде қатты дайыс ретінде қабылдайды. Осыдан амплитудасы үлкен дыбыстар қаттырақ болып қабылданады.

Адам дыбыс анализторымен қабылданатын дыбыстық энергияның минимальді мөлшері есту табалдырығы деп аталады және 2000 Гц- жиіліктегі тон үшін 10-12Вт/м2 болып келеді. Ол дыбыстың 2*10-5Н/м (2*10-5Па) қысымына әсер етеді. І0 дыбыстың табалдырық күші ретінде стандартизацияның халықаралық ұыймымен 10-12Вт/м2-тең энергия шамасы қабылданды (жиілігі 2000Гц) және оған сәйкес 2*10-5Н/м2-қа тең және Си бойынша 2*10-5Па дыбыс қысымы Р0 қабылданды (1Н=0,102кг).

Дыбыс және дыбыс қысымының үлкею күші белгілі бір шекке дейін, қанша дыбыс қабылданады, фон жоғары ауыр сезім қабылданады.Бұл шек қабылдаудың жоғарғы шегі болып табылады және 1-2 Вт/м2 дыбыс энергиясына 2*102Н/м2 91*102Па) дыбыс қысымына сәйкес келеді және ауру сезімінің табалдырығы деп аталады. Сонымен есту анализаторы өзінің қасиеттеріне сүйеніп анализатор олардың күшеюі мен төмендеуін қабылдайды дыбыс күшінің үлкен 1014 рет өзгеретін дыбыс деапозонын тіркеуге қабіллеті.Осындай тәуелділікке байланысты дыбыс энергияның 10, 100, 1000 рет үлкеюі субъективті түрде 2,3,4 рет үлкейгені ретінде қабылданады. Бұны келесі таблица көруге болады.

 

Дыбыс қатандығының қарқындылығы мен

дыбыс энергиясының арасындағы тәуелділік

 

Дыбыс энергиясының мөлшері Дыбыс қатандығын сезу қарқындалағы Дыбыс энергиясының мөлшері Дыбыс қатандығын сезу қарқындылығы
    107  
    108  
102   109  
103   1010  
104   1011  
105   1012  
106   1013  

 

Табалдырық дыбыс энергиясы нәтижесінде бірлік ретінде алынған-бірінші бағана.

Кестенің екінші бағанасы қатаңдылықтын сезу қарқындылығын сипаттайды. Сонымен бірге бірінші бағанаға сәйкес келетін ондық логорифмдер болып табылады. 1- бұл lg10; 2-lg 100; 3-lg1000 т.б. Яғни дегеніміз есту анализаторына дыбыс күшінің, дыбыс қысымының айырмашылығын өзгерту еселігін ажыратамыз. Сонымен қаттылығын өзгеру сезімін дыбыс энергиның lg-м мөлшеріне пропорционал.

Бұл телефонды ашқан Г.Белге абсолютті шамалар шкаласының орнына сезімталдылықтың физиологиялық ерекшеліктеріне жауап беретін дыбыстық энергияларды қолдануға ұсынды- салыстырмалы немесе логарифмді шкала. Логарифмді шкаланың артықшылығы оның қолдануға ыңғайлы болуы.

Ыңғайлы болу үшін белді емес есе кем бірлікті-децибелді қолданады. Ол құлақпен естілетін дыбыс күшін минимальді шамасына тең. Сәйкесінше децибел- бұл нақты дыбыс қарқындылығының оның естілу табалдырығының қарқындылығына қатынасының ондық логарифм немесе нақты дыбыс қысымының оның естілу табалдырығындағы дыбыс қысымына қатынасының логарифмі болып келетін дыбыс қарқындылығының немесе дыбыс қысым деңгейінің өлшем бірлігі.

Шудың жиілік құрамы (шу спекрт, ол дегеніміз оған кіретін барлық жиіліктер жиынтығы). Кез келген дыбыс физикалық жағынан тербелетін құбылыс болып келеді. Бірақ өр тербеліс дыбыстық қозу бола бемейді. Өйткені олар белгілі бір дыбыс қысым диапазоны мен жиілігімен шектелген. Дыбыстық тербелістер адамның есту мүшесімен қабылданады, егер олардың жиілігі – 16-20Гц тең 18000-20000 Гц (18-20кГц) интервалында болса. Құлақтың ең сезімтал жиілігі 1000 нан 4000 Гц-ке дейін.

Дыбыс (шу) қарқындылығы деңгей түсінігіне сәйкес дыбыс қаттылық деңгейі ьүсінігі енгізілді, оның өлшем бірлігі «фон». Фон кез келген жиіліктегі дыбыстың стандартты тон қарқындылығымен 2000 Гц (1000Гц) салыстыра отырып естілу қаттылығын көрсетеді.

Осыдан «фон» бірлігімен шудың ақаусыз естілу деңгейін сипаттау мүмкін емес, өйткені оның құрамына дыбыс жиілігінің барлық дыбыстары кіреді. Сондықтан бұл мақсатта «фон» бірлігін қолданған жөн, ол қаттылықты субъективті қабылдау өзгерісін нақтылау көрсетеді де бір дыбыстың екіншіден нешеге қаттылау екенің көрсетеді.

Сонымен 40 фонға тең дауысты бірлік ретінде алып 1 санға тең десек, 50 фонға – 2 саны, 60 фонға – 4 саны т.с.с. Басқа сөзбен айтқанда һр бір 10 фонға естілу қаттылығы өскен сайын ол сан да 2 есе өседі.

Дыбыстың жиілікті құрамын қабылдаудың физиологиялық ерекшелігі болып сонымен бірге есту абсолютті емес салыстырмалы жиілік келуіне жауап береді.Тербелу жиілігінің өсуі тонның (биіктіктің) белгілі бір шамаға октаваға көтерілуі ретінде қабылданады.

 

Өндірістік шудың жіктелуі:

  1. Басымдылық жиілік құрамы бойынша:

а) төмен жиілікті шулар-400Гц-ке дейін

б) орта жиілікті шулар-400Гц-тен 1000Гц-ке дейін

в) жоғары жиілікті шулар-1000Гц-тен жоғары

2. Спектр сипаты бойынша:

а) кең сызықты, барлық естілу жиілік диапазонын қамтитын (1 октавадвн үлкен кендікпен)

б)тар сызықты, энергиялық спектр салыстырмалы тар жиілік сызығында жинақталған кезде

в)тонды шулар, олардың спектрлер 1/3 октавадан кең емес енді және көрші тондар 10дБ кем емес

  1. Жеке құрамдар арасындағы интервалдар шамасы бойынша:

а) тегіс шу, жиілікті құрамдар бір-бірінен кішкентай интервалмен үзілмей кезектескен кезде

б) дискретті шу немесе сызықты, егер жеке құрам бөліктері бір-бірінен жиі интервалмен бөлінген кезде

в) аралас шу, бұнда тегіс спектр фонында жеке дискретті құрамдары болады.

Егер шуда тегіс спектр болып, олардың барлық құрам бөліктерінің қарқындылығы кең диапазонында бір-біріне тең болса, оны ақ деп атайды.

  1. Берілу жолдары бойынша:

а) ауалы шу, дыбыстық тербелістер ауада тербелетін кезде

б) құрылымдық (корпусты) дыбыстық тербелістер созылмалы қатты денелерде таралатын кезде

5. Әсер ету ұзақтығы бойынша:

а) созылмалы шу, сумарлы ұзақтығы 4 не одан да көп сағат сменасына

б)қысқа мерзімді шу,ұзақтығы 4 сағат/сменасынан кем

6.Уақытша сипаты бойынша шулар:

а)тұрақты (стабильді, стационарлы) олардың дыбыс деңгейі 8 жұмыс сағаты (жұмыс уақытында ауысуы 5дБ-ден көп емес)

б) тұрақсыз, олардың дыбыс деңгейі 8 жұмыс сағатында 5дБ-ден көпке өзгереді:

-уақытта тербелетін, дыбыс деңгейі уақытта үзіліссіз өзгеретін

-үзілетін, дыбыс деңгейі табалдырықты өзгереді (5дБ(А)-ге және одан да жоғары), сонымен бірге деңгейді бір қалыпта ұстайтын интервалдар ұзақтығы 1сек төмен

-импульсті бір немесе бірнеше дыбыс сигналдарынан тұратын (ұзақтығы 1сек)

7. Шығу тегі бойынша:

а) механикалық шулар-үйкеліс кезінде, соғулар әсерінен туатын

б)аэродинамикалық шу – сұйықтықтар қозғалыстар туатын кезде

 

Дірілдің физикалық-гигиеналық сипаты.

Дірілдің өндірістік ортаның жағымсыз факторы ретінде.

Діріл деп адам ағзасына немесе оның жеке бөлімдеріне берілетін механикалық тербелістерді айтады. Діріл физикалық фактор болып табылады, оның әсері тербелу көзінен адамға механикалық энергиянвң берілумен сипатталады. Адамға берілу әдісі жағынан діріл жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы діріл отырып немесе тұрып тұратын адамденесіне тірек беткей арқылы беріліп бүкіл ағзаға таралып дененің кеңістіктегі тербелетін объектімен бірге қозғалуына әкеледі. Жалпы дірілге адам барлық өлік түрлерінде, өндірісте, дірілдің еден немесе жұмыстық аудан арқылы берілетін кезде ұшырайтын. Қолды механикалық құралмен жұмыс істегенде жергілікті діріл орын алады. «Жергілікті» термині шартты болып келеді. Серпімді байланымтардың жергілікті орналасуында діріл ұлпалармен таралып көптеген жағдайларда жеке мүшелердің орын ауыстыруына әкеледі.

Дірілдің механикалық тербелістер ретінде жиілікпен, яғни бір сек-та тербелу санымен, амплитудамен және діріл жылдамдығымен немесе оның логарифмді деңгейімен сипатталады.

Уақытша сипаты бойынша діріл тұрақты, оларда діріл жылдамдығы 2 реттен көп (6дБге көп емес), өзгермейтін және тұрақсыз,олар үшін діріл жылдамдығы 2 реттен кем емес өзгеретін, болып бөлінеді.

Тұрақсыз діріл діріл жылдамдығы үзіліссіз уақыт аралығында өзгеретін-тербелетін; діріл жылдамдығы күрт фонды діріл деңгейіне дейін төмендейтін-үзілетін, олар үшін деңгей қалыпты болып тұратын интервал мен фонды діріл деңгейі 1с не одан да көп болып келеді, бір немесе бірнеше дірілді әсерлерден тұратын және әр қайсысының ұзақтығы 1с кем түспейтін –импульсті болып бөлінеді.

Дірілдің әсерінің ортогональды осьтар x,y,z бойымен әсер ететін, мұндағы z-вертикальді ось, ал ч пену-горизонтальді ось және хрр,zp ортогональды координат жүйесінің осьтары бойымен әсер ететін әсерлікті діріл болып бөлінеді. Хр осі мен ұстау жерімен сәйкес келетін жерде zp осі хр –мен күш беру мен қолдану бағытымен түзілген кеңістікте жатады.

Шығу қөзі мен реттеу мүмкіншілігіне қарап жалпы дірілдің 3 категориясын бөледі

Категория1-көліктік, машиналардың ауадан мен жолдарда қозғалыс салдарынан туатын (сонымен бірге олардың құрылысы кезінде), оператор машинаның қозғалу жылдамдығын өзгерте отырып олардың әсері бәсендете алады.

Категория 2-көлікті-техникалық, олар машиналардың стационарлы күйде немесе арнайы дайындалған өндірістік мекемеде қозғалысы барысында атқаратын жұмысы кезінде туады; оператор технологиялық процесстердің орындалу орындалу режимдерін басқару арқылы қарқындылықты өзгерте алады.

Категория 3- стационарлы машиналар жұмысында туындайтын немесе дірілдің көзі жоқ жұмыс орындарына берілетін технологиялық; жұмыскер олардың қарқындылығын төмендете алмайды, өйткені жұмыс режимі қатаң түрде технологиялық жазылулармен (карталармен) бақыланады.

 

6.2. Шу, жалпы және жергілікті дірілдің ағзаға әсері

Адамның құлағы дыбысты тек жиілік пен қарқындылықтың кең диапазонында қабылдап, анализдей алады. Адам құлағымен естілетін дыбыс диапазоны 16-20Гц-тен 20кГц-ке дейін.

Естілетін дыбыстар аумағы табалдырық деп аталатын екі қисықпен шектелген: төменгі қисық – естілу табалдырығын анықтайды (әртүрлі жиілікті әлсәз естілетін дыбыстар). Жоғары қисық-ауруды сезіну табалдырығы (дыбыс мүшесінің ауру сезінуге шақыртатын дыбыс күші), дыбыс қарқындылығы 140 дБ дейін.

Шу жалпы биологиялық қоздырғыш болып табылады, біріншіден ол бас миінің құрылымдарына әсер етіп ағзаның әртүрлі қызметтік жүелерде ақауларды туындатады.

Шу әсерінен капиллярлар таралу мен артериялық қысымының өзгеру салдарынан перифериялық қанайналым жүйесінің қызметі бұзылады.

Шудың ағзаға жағымсыз әсері келесі көрсеткіштермен сипатталады: еңбек қабілетінің төмендеуі нәтижесінде шу патологиясының пайда болуына әкеледі.

Шулы жағдайда есту мүшесі екі қызмет атқарады: ағзаны сенсорлы ақпаратымен қамтамассыз етеді яғни қоршаған ортаға бейімделуге мүмкіндік береді және өзін-өзі қорғаудың қамтамассыз етеді яғни акустикалық дыбыстың зақымдау әсеріне қарсы тұрады. Шу кезінде бұл екі қызметі қарама-қайшылыққа ие болады. Бір жағынан есту мүшесі ақпаратты сигналдарға жоғары сезімталдылыққа ие болу керек, ал екінші жағынан шуға бейімделу үшін есту сезімталдылық төмендеу керек. Осыдан ағза келісімген келіп есту сезімталдылығы төмендетеді, яғни сонымен біргеесту мүшесінің «ішкі» бейімділігі бүкіл ағзананың бейімделуінің төмендеуі жүреді.

Адамда сезім мүшелері арасында тығыз өзара әрекеттестік болады. Шу есту мүшесіне әсер етіп тікелей орталық жүйке жүйесі арқылы басқа анализаторға, көру мүшесіне негізінен жарық сезгіш аппаратына әсер етеді. Шу жарық жылтылдаулар қосылуының шеткі жиілігін, нақты көру тұрақтылығын және көру моторлы реакцияның латентті периодын өзгертеді.

Шудың жүрек-тамыр жүйесіне шудың әсері жөнінде біркелкі пікір жоқ. Бір ғылымдар шудың әсеріне жауап ретінде артериыльды қысымның жоғарлауын айтса, екіншілері оның төмендеуін айтады.

Үлкен тоқымашылар тобына жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер шудың гипертониялық аурудың қауіп факторы болып келетінін көрсетті. Бұл аурудың даму ықтималдылығы 1,5-1,9%. Бірақ шудың жүрек-тамыр жүйесіне және негізінен гипертониялық пен ишемиялық аурулар әсер туралы нақты мәліметті алу үшін бұл бағыттағы зерттеулер жүргізу керек.

Қарқынды шумен әсер еткенде витамин алмасуының бұзылуы орны алады. Көмірсулы, аққуызды, холестеринді және су-тұз алмасуының өзгерістері туралы мәліметтер бар.

Қазіргі кезде шудың ұщақ бойы әсер етуі тең шаршауына әсер еткен күмәнсіз, ал бұл фактор өндірістік еңбек төмендеуі мен жалпы және кәсіптік аурулардың жоғарлауына әсер етеді.

У патологиялардың көптеген түзілістерінің ішінде басты клиникалық белгі болып кохмарлы неврит типі бойынша естудің баяу дамитін қажуға әкеледі.

Дірілдің белсенділігі жоғары факторларға жатады. Ағзаның әртүрлі жүйелер жағынан қызметтік жылжытулар бағытының сипаты негізінен дірілді әсердің деңгейімен спектрлі құрамымен анықталады.

Сол кезде негізгі ролді күрделі тербелетін жүйе ретінде адам ағзасының биомеханикалық қасиетіне берілетін.

Тербелістің таралу деңгейі олардың жиілігі мен амплитудасына, дірілдейтін объектпен беттесетін дене аумақтарына, тиісужеріне және діріл әсері осінің бағытталуына, резонанс түзілісіне және басқа жағдайларына тәуелді.

Төмен жиілікте діріл дене бойымен тербеліс қозғалысымен бүкіл дене мен басын қамтып аз сөнумен таралады.

Адам денесінің биодинамикасындағы резонансы анатимиялық құрылымдар, мүшелер мен жүйелер денеге беттескен сыртқы діріл әсерінен үлкен амплитудамен тербеліс алатын түзіліс ретінде анықталады.

Дене резонансына келесі факторлар әсер етеді: дене салмағы, жеке адамның бұлшықеттерінің қалпы мен ширығуының деңгейі және т.б.

Бас үшін резонанс аумағы 20-30Гц (тік ұстағанда), 1,5-2Гц (көлденен ұстағанда), көздер үшін 60-90Гц, торакоабдоминальды мүшелер үшін 3-3,5гц, дене үшін 4-6Гц.

Дірілге аза реакцияның генезінде негізгі орынды анализаторлар болады: терілік, вестибулярлы, қозғалыстық.

 

Дірілдің адам ағзасына әсері

Адамның дірілді қабылдау – оның физикалық параметрлеріне тәуелді күрделі физиологиялық процесс. Тер анализаторында дірілдің механикалық энергияның жүйке процессіне ауысуы әртүрлі тері қабаттарында жататын (Мейнер, Пачини денешіктері) және сіңір, фасция мен буын рецепторларында орналасқан механорецепторларда өтеді. Тактильді тітіркену туралы ақпарат сопақша м мен таламус арқылы үлкен жартышырлырдың қыртысын соматосенсорлы аумағына сезімтал нейрондарының талшықтары арқылы өткізіледі.

Мүмкін діріл ішкі мүшелер мен ұлпалардың механорецепторларымен қабылданады. Баста пайда болған тербелістер вестибулярлы анализаторлармен қабылданады. Дірілдің жағымсыз кәсіптік факторлар комплексімен қоса ұзақ әсері нәтижесінде жұмыскерлер ағзасында тұрақты патологиялық бұзылыстарына әкеледі. Бұл кәсіптік патологиялық процессінің жанжақты анализі оның діріл ауруының жеке нозологиялық форма ретінде бөлінуіне әкеледі.

 

6.3. Шу ауруы мүкіс құлақтық, орталық жүйке жүесінің;

аурулары «шулы» өндірістік орындарда кәсіптік аурулар ретінде

 

Қарқынды шу күнделікті баяу мен қайтымсыз әсері қорғалмаған есту мүшесінін әсер етіп мүкіс құлақтыққа әкеледі. Кәсіптік мүкім құлақтың Кортиев мүшесінің шектеулі зақымдалуымен сипатталған. Көптеген зеттеулерге қпрпмпстан кәсіптік мүкіс құлақтығының патогенезі туралы еш қандай пікір жоқ. Шудың ұзақ әсеріне жауап ретінде дыбыс анализаторының перифериялықаумағындағы дегенеративті өзгерістер туады да олар кейін орталық бөліміндеріне таралады. Патологиялық процесс негізі «акустикалық зақымдануында» жатады, ол дыбыс қабылдау процессіне қатысатын торшалар әлементтерінің тозуы мен әлсізденуімен сипатталады.

Жедел жарақат пен шудың созылмалы әсері кезіндегі мүкіс құлақтың дамуы бірдей емес. Кохлеалы нерв тарамдалулары мен аяқтамаларындағы гтүзілістердің пайда болуына дейін жүйке ұлпасындағы ұзақ зат алмасуының нәтижесі ретінде ферментативті белсенділігі жүреді. Көпткгкн зеттеушілер ұзақ акустикалық әсерінен ұлының өткізгіштіінің жоғарлауымен байланыстырады, сонымен бірге естудің уақытша төмендеуін тамырлы өзгерістердің нәтижесі ретінде қарастырады тамырлардың жүйелі спазмы Кортиев мүшесіндегі қайтымсыз процесстерінің түзілуіне әсер етеді.

Интенсивті шу әсерімен байланысты әртүрлі мамандық жұмысшылар топтарының көп жылғы клинкалық зерттеулер мен бақылаулар нәтижелер «шу ауруын» қәсіптік патологиялардың жеке формасы ретінде қарастырылады.

«Шу ауруы» - бұл көбінесе есту мүшенің, орталық жүйке жүйесінің және жүрек-тамыр жүйесінің қарқынды шудың ұзақ әсері нәтижесінде дамитын ағзаның қабынуы. Аурудың клиникалық көріністері есту мүшесінің перифериялық аймақтарында түзілетін ерекше және мүшелер мен жүйелерде айда болатын ерекше емес сонымен бірге жүйке жүйесіндегі өзгерістер есту мүшесінің патологиясынан бұрын болу керек.

Шу әсерінен патологиялық процесстің қалыптасуы біртіндеп жүреді де вегетотамырлы дистониянвң ерекше емес көріністерінен басталады. Кейін нақты нейроциркулярлы дистонияның түзілісімен вегетоастеникалық немесе астеновегетативті синдром суретіне жататын невротикалық сипаты өзгерістер дамиді. Жағдайлардың 65%-де вегетотамырлы бұзылыстар кохмарлы неврит дамуынан бұрын болады. Көпжылғы зеттеулер бұл мәліметтерін дәлелдеп, орталық жүйке және жүнек-тамырдағы ерекше өзгерісінің алды болып келетініне көз жеткізді.

Клиникада шумен шақырылған аурулар өзінің нышандарының біркелкі субъективтілігіне назар аударады. Зерттеу барысында жұмысшылар ашуланшыққа бас ауруына, ұйқышылдыққа, жоғары шаршаудығына, нашар ұйқы мен бас айналуына шағымданады. Естудің төмендеуіне шағымдар кейін қосылады. Объективті нышандарына негізінен орталық жүйке жүйесінің қызметтік бұзылыстарын сипаттайтын невротикалық: қан мен аяқтардын сіңірілерінің периостты рефлестрерінің жоғарлануы немесе төмендеуі, созылған қол саусақтарының треморы, Ромберг қалпындағы шайқалулар, жалпы және дистальді гипергидроз, айқын тұрақты демографизм. Сонымен қатар айқын көрінетін вегетативтік нышандар: терморегуляция процесстері бұзылады.

 

 

6.4. Дірілдің ауруы, даму сатылары

Жергілікті дірілмен шакыртылатын дірілдің аурудың клиниалық көріністері белгілі бір нышандарды қалыптастыратың нышандарының полморфтілігінен ерекшеленеді. Түрлі вегетативті, тамырлы, сезімтал, трофикалық, бұлшықетті, ал айқан жағдайларда бсқа қозғалыс бұзылытары орын алады.

Дірілдің көп уақыт компесаторлы т.рде өту мүмкін, бұл кезеңе еңбекке қабілеттілік сақталып дәрігерге көрінбейді. Діріл аурулардың негізі көріністеріне нейротамырлы бұзылыстар жатады. Олар ең бірінші көріністері қола көрініп жұмыстан кейін және түнде қарқынды аурулармен тері кез келкен сезімталдылығының төмендеуімен, қол алақандарында әлсіздікпен қатар. Көп жағдайда «өлі» немесе ақ саусақтар феномені бақыланады (Рейно синдромы). Сонымен қатар бұлшықетті және сүйекті өзгерістер және де невроз типі бойынша жүйкенің бұзылыстары жүреді.

Қабыну жалпы сипатқа ие, бұған дәлел тез шаршаушылық бас аурулары, бас айналымдары, жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылысы, жүдеу. Астновегетативт синдром жүрек-тамырлы бұзылыстармен қатар жүреді (гипертония, гипотония, брадикардия, ЭКГ өзгерісі).

Жергілікті діріл әсерінен қазіргі діріл аурулар көрініс сатыларын бөледі (дірілді ауру І,ІІ,ІІІ дейгейлі). Ауру 8-10 жыл жұмыс істегеннен кейін пайда болады (бұрмалаушылар, формалаушылар және т..б).

Жалпы дірілдің ұзақ әсері де дірілді аурудың дамуына әкелуі мүмкін. Клиникада жалпы дірілдің әсерінен аурадың дамуының 3 деңгейін бөледі. Қазіргі кезде ең зеттелгені бетон салушыларда болатын дірілді ауру, оның клиникалық суретіне перифериялық вегетативті полиневриттің орталық жүйке жүйеснің қызметтік өзгерісімен қатар жүруі тән (астерикалық және астеноневротикалық реакциялар, бас айналуы, эмоциональді тұрақсыздық), ал айқын фомада- вестибулярлы аппаратының вестибулопатия типіне жүретін өзгерістер.

 

6.5. Ағзаға рұқсат етілген әсер етулердің шеткі

деңгейлері, профилактикалық шаралар

Шудың адам ағзасына жағымсыз әсері есепке ала отырып еңбекке жағдайларын жақсарту жұмысында негізгі ролі шу факторын нормалау мен шу деңшейін заңды шектеу атқарады.

ҚР рұқсат етілетін шу деңгейн қалыптастыру тек өндірістегі тұрақты жұмыс орындарға орындалмайды. Көлікте тұрғын үйлер аумағында, жаңадан салынатын және қайта құрылатын өндіріс орындары және т.б.-ға шуды шектеу үшін ШуСН шығарылды. Нормативтердің осындай көптігі шудың төмендеудің техникалық даму деңгейіндегі шуды төмендетудің техникалық мүмкіншіліктің октавты сызықтарда өлшенген дыбыс деңгейін қолданады.

Сондықтан есту аппаратының абсолютті емес, салыстырмалы жиіліқтін өсуіне сезу болып табылатын физиологиялық ерекшелігін ескере отырып естілетін жийлйк диапазонын 9октаваға немесе октавалы сызыққа бөліп, әр қайсысының ішінен бүкіл октаваға жауап беретін орташа геометрилық жиілікті бөлді.

Сонымен тоғыз октаваға тоғыз геометриялық жиілік сәкес келеді: 31,5 Гц, 63Гц, 125Гц, 250Гц, 500Гц, 1000Гц, 2000Гц, 4000Гц және 8000Гц. 31,5Гц жиілік үшін шектесетін жиіліктер 22 мен 45Гц, 63Гц үшін 45пен 90Гц, 90 мен 180Гц және т.с.с. (ескерту октавада жоғарғы шегі төменгісінен 2 есе үлкен).

Іске қосылған ҚР «№1.02.007-94 жұмыс нормаларында» шудың сипаттамалары берілген – дыбыс деңгейі, эквивалентті дыбыс деңгейлері және өндірістік ғимараттардағы жұмыс орындар мен өндіріс териториясындағы рұқсат етілген дыбыс қысымның деңгейі. Октавты сызықтары үшін рұқсат етілген дыбыс қысымдары жоғары көрсетілген орташа геометрилық жиіліктермен белгіленген.

 

Шумен күресуге арналған шаралар кешені:

-технологиялық

-архитекторлы-жоспарланған

-медициналы-профилактикалық

Гигиеналық шараларда мақсаттың 3 негізгі бағыты:

  1. Шуды тудыратын себептерді жою немесе төмендету
  2. Берілу жолдарында шегу әлсірету
  3. Жұмыскерлерді тікелей қорғау

Технологиялық шараларға жатады

- шулы технологиялық шараларды шусыз немесе әлсіз шулылармен алмастыру

- шулы агрегатты жекелендіру

- белсенді және реактивті типті тұншықтырғышты қолдану

- шулы механизмді шектеуге акустикалық экранды қолдану




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Кәсіптік мүкіс құлақтықтың себесі | 

Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1882. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия