Студопедия — ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Коллективное – потому, что это товарищеское, межличностное общение воспитателей и воспитанников.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Коллективное – потому, что это товарищеское, межличностное общение воспитателей и воспитанников.






4. Көз жарығы шатына тұруға болмайды.

5. Көз жарығы тиімді, қолданғанда қорықпайтындай болу керек және бөлмедегі микроклимат пен ауаның химиялық құрамын өзгертпеу керек.

 

ЖЕЛДЕТУГЕ (ЖАҢАРТУ) ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒА.

Жабық бөлмелердің ауасы әртүрлі себептердің әсерінен өзгереді. Адамдардың әртүрлі тұрмыстық және өндірістік жұмыс атқарғанда үйдің ауасында жиналған атық жылылықты, ылғалдылықты және зиянды газдардың әртүрлі қоспаларын жүйелі вентиляция арқылы уақытында сыртқа шығарылады. Баспаналар мен жабық бөлмелердің аусы жаңарып отырмау салдарынан, оны химиялық құрамы өзгеріп, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді, немесе әртүрлі өкпенің, жүректің, бүйректің және т.б. аурулардың пайда болуымен қатар, олардың асқынуына себепкер болады. Әртүрлі иістер және антрокотоксиндер – тіршілік әрекетінің заттары – адамға дерттік әсерін тигізеді. Антротоксиннің құрамында диметиламин, сүттегі күкірт, сірке қышқылы, ацетон, фенол, азот тотықтары және басқа да улы заттарда бар ауамен дем алғанда адамның жүйке жүйесімен халінің нашарлайтындығы анықталған (басының ауруы, тәбетінің жоғалуы, жұмыс қабілетінің төмендеуі т.б.).

Желдету мен желдету қондырғыларының негізгі мақсаты бөлмелердегі ауаны таза ауамен алмастыру, ауаның алғашқы физикалық және химиялық қасиеттерін қалпына келтіреді.

 

ЖЕЛДЕТУ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ БОЛУЫ МҮМКІН.

Табиғи желдету дегеніміз – бөлме ауасының көптеген айналмалық жолмен әртүрлі саңылаулар, кәуектер, терезелер мен есіктердің ойықтары және құрылыс материалдарының ұсақ торлары арқылы сүзілу (фильтрация) және ашпалы әйнек (форточка) сияқты табиғи желдетілуді күшейтетін жасандылар арқылы алмасуы. Осы жағдайларда ауаның алмасуы тек бөлменің ішімен сыртындағы оның температурасы мен желдің қысымының айырмашылығы арқылы болады.

Бөлмені желдетудің ең ыңғайлысы терезелердің жоғарғы жағында орналасқан фрамугтарды пайдалану. Олар желдің қысымын азайтып, суық ауаны жылы ауамен араластырып, кісілердің дем алу аймағына жеткізеді. Бөлмені жеткілікті желдету үшін фрамугтың ауданының еденнің ауданына еі екм деген қатынасы 1:50 тең, яғни ауданы 50 м 2 тең бөлмеге 1 м 2 фрамуг не форточка керек.

Қоғамдық кісілер көп жиналатын ғимараттар мен ауасы ластанатын бөлмелерде табиғи желдету жеткіліксіз болуы мүмкін және жылдың салқын айларында денсаулыққа залалды суық ауа ағысының пайда болатындығынан оны қолдануға болмайды. Сондықтан, температураның ауытқуымен желдің қысымына байланыссыз сыртқы ауаны жылытатын және тазартатын жасанды механикалық желдетілуді қолданады. Олар жеткілікті, орталықты және шарты (кондицированная) болып үш топқа бөлінеді. Жергілікті желдету тек бір бөлмені не бір ғана жұмыс орнының ауасын алмасытырады, ал орталықты бүкіл ғимараттың ауасын алмастырады.

Ауаны шарттау дегеніміз шағын ықылымның (температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы) үйлесімді жағдайын жасап, оның тазалығын белгілі уақытқа дейін машықтап, сыртқы жағдайларға тәуелсіздеу.

Бөлмеге кірген ауаны – үстелеу, ал шығатынын – сору дейміз.

Таза ауаны бөлмеге жіберетін желдету жүйесін үстелеуші, ал ластанған ауаны – сорушы дейді. Шаңды үстелеу ауасын (+) белгісімен, ал сору ауасын (-) белгісімен белгілейміз.

Үстелеу мен сору ауаларының көлемі көп жағдайда тең, не үстелеу артық, ал кейде сору ауасы артық болуы мүмкін. Мысалы: әртүрлі булануды болдырмау үшін сору желдетілуін үстелеуден артық жасайды. Операциялық, босану және перзенттік бөлмелерде тазалық пен шағын ықылымның бір қалыптығын сақтау үшін, үстелеу ауасының көлемі сору ауасынан артық болуыға тиісті, өйткені, артық ауа көрші бөлмелерге ауысады да, олардың лас ауасын ішке кіргізбейді.

Желдету жүйесі мен жабдықтарға мынадай негізгі талаптар қойылады:

  1. Ауаның тазалығын қамтамасыз ету.
  2. Жағымсыз және жоғарғы ауа жылдамдығын болдырмау.
  3. Жылу жүйесімен бірге шағын ықылымның сай өлшемдерінің бір қалыптығын сақтау.
  4. Тоқтаусыз және қолайлы пайдалануы.
  5. Біркелкі жұмыс істеуі.
  6. Шусыз және қауіпсіз болуы.
Қажетті ауа алмасуды анықтайтын белгі бөлмелердің керектігіне байланысты ауысады. Мысалы: майыша жаңбырша кір жуатын үйлер үшін желдетудің есебіне ауаның шектелген температурасы мен ылғалдылығын пайдаланады. Баспаналардың желдетілу есебіне көмірқышқыл газының шамасын ескереді. Кейінгі кездерде бұл үшін антропотоксиндердің бөлме ауасында жиналуын пайдаланады, бірақ оларды анықтау өте қиын болғандықтан көп қолданылмай жүр.

Баспана бөлмелеріндегі ауада көмірқышқыл газының гигиеналық мөлшерін М.Петтенкофер 0,07 пайыз деп есептейді, ал К.Флюрге – 0,1 пайыз, О.Б.Елисова – 0,05 пайыз. Жалпы қабылданған баспана бөлмелеріндегі көмірқышқыл газының ауада жиналуы 0,1 пайыз. Бұл шамамен ауаның адамдарболуымен ластануын бағалауға болады. Көмірқышқыл газы адамның тіршілік әрекетінен ауада жиналады және ол басқа да зат алмасудың көрсеткіштерінің дережесіне тікелей байланысты.

Тердің, майдың, тістің кірінің, демнің булары ауаны бұзып, оны адамның денсаулығы мен хал жағдайына қолайсыз қылады. Көмірқышқыл газы 0,1 пайыздан асса, адамға ауа қолайсыздығы байқалған, ал ол осы шамада организмге өз бетінше зиян жасамайды.

Көмірқышқыл газының ауада жинақталуын анықтау антропотоксиндерді (қошиісті) анықтаудан көп жеңіл болғандықтан, тазалық сақтау тәжірибесінде баспана бөлмелері мен қоғамдық үйлердің ауасының ластануының дәрежесін бағалағанда осы газдың пайыздық мәнін пайдаланады.

Баспаналардың ас бөлмелерінен тазалық талаптарының желдетілуін ұйымдастыруға аса зор көңіл бөлінуге тиісті. Өйткені, жеткіліксіз ауа алмасуы н,е дұрыс жұмыс істемейтін сору құбыры осы бөлмелермен қоса басқа бөлмедердің де ауасының құрамын жарамсыз етеді. Себебі, тұрмыстық жайда қолданылатын газ пәтерлердің ауасын қосымша көмірқышқыл газымен, көмір тотығымен, ылғалдылықпен және т.б. улы заттармен қосымша көзі. Осымен бірге газ жанғанда ауада ауыр иондар тым көбейеді.

Дұрыс ауа алмаспаған және желдетілмеген бөлмелерде тірілер (микробтар) көп болады. Мұның емдік – профилактикалық (сақтық) мекемелері үшін маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған желдету әуе – тамтылық кеселерінің (инфекция) таралуына жол бермейді.

Қажетті ауа көлемін есептеу негізіне көмірқышқыл газының гигиеналық рұқсаттық мөлшері – 0,1 пайыз, елді мекендердің атмосфералық ауасында – 0,04 пайыз.

Бір адам бойынша гигиеналық шарт бойынша сағатына 37,7 текше метр ауа қажет. Бірақ, толық зерттеулер бойынша толық үптеген жағдай үшін баспанадағы бір адамға 60 – 120 м 3 / сағат ауа қажет.

Желдетудің тиімділігін байқау үшін ең алдымен мыналарды бағалау керек:

1. Ауаның жайы – температурасы, ылғалдылығы, улы заттардың булары, тіттей тірілер, көмірқышқыл газының тексерілетін бөлмеде болуы.

2. Желдетілудің көлемі – желдету жабдықтарымен сағатына берілетін және шығарылатын ауаның м 3 көлемі. Бұл көрсеткіш бөлмедегі адамдардың санын, бөлменің көлемін, ауаның ластануын есептеу арқылы бағаланады.

3. Ауа алмасуының еселік коэффициенті (шамасы) – тексерілетін бөлменің ауасының бір сағатта неше рет алмасуы. Баспана бөлмелері үшін бұл коэффициенті – 2 – 3 тең.

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).

  1. Студенттердің өздік жұмысы:
- бөлменің жабдықталуын бағалау (Қосымша 2).

- экспресс әдісі арқылы ауадағы көмірқышқыл газы концентрациясын анықтау (Қосымша 3).

  1. Оқытушымен жұмыс.
- жүргізілген әдістер бойынша мәліметтерді талдау

- тақырып бойынша қорытынды жасау

  1. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 4).
8. Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі:1. Г.И.Румянцев «Общая гигиена» - М.:Медицина, 1990.

  1. Г.И.Румянцев Руководство к лабораторным занятиям по общей гигиене.- М.:Медицина, 1980.
  2. Дәріс материалдар.
Қосымша:1. К.А. Буштуева. Коммунальная гигиена. – М.:Медицина, 1986.

2. Е.И. Гончарук. Изучения влияния факторов окружающей среды на состояние здоровья населения. – М.:Медицина,1989.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 504. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия