Студопедия — Инклюзивті біліммен қамтылған дамуында шектеулі мүмкіндігі бар балалардың санын көбейту 50% дейін
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инклюзивті біліммен қамтылған дамуында шектеулі мүмкіндігі бар балалардың санын көбейту 50% дейін






2.Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы;

Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгілі тәртіпте бекітілген, туа біткен, тұқым қуалаушы аурулармен немесе жарақаттың салдарымен негізделген, өмір сүру әрекетінде шектеулері бар, дене және психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа дейінгі балалар.

Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына жататындар:

1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар);

2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар);

3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар балалар;

4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;

5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;

6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;

7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар;

8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарда мүгедектерге деген қоғамның қатынасы, олардың ерекше мұқтаждықтарына сыртқы ортаның бейімделмеуі салдарынан, денсаулық күйі, сырт бейнесі, дамуындағы ауытқулар немесе кемістіктер, аурудың нәтижесіндегі функционалды қиындықтары болады.

Мұндай шектелген мүмкіндіктердің пайда болу механизмін төмендегідей сызба бойынша көрсетуге болады:

1. Құрылымдық бұзылыстар, медициналық диагностикалық аппаратурамен көрінетін немесе танылатын;

2. Іс-әрекеттің бірқатар түрлеріне қажетті дағдылардың жетілмеуі немесе жоғалтуы;

3. Әлеуметтік дезадаптация, сәтсіз немесе бяулаған әлеуметтендіру

Адамдардың мүмкіндіктерінің шектелуіне деген қазіргі заманғы көзқарастар, оны патологиялық күй ретінде емес, адамның белсенділігін төмендететін және оның әлеуметтік іс-әрекетін қиындататын қоршаған ортаның жағдайлары немесе ағзаның функциялары, дене құрылысындағы бұзылыстар болатын үдеріс ретінде түсіндіруге негізделеді. Шектеулі мүмкіндіктердің себебі ретінде, білім беру бағдарламаларының, нақты балаға, жасөспірімге немесе ересек адамға қажет медициналық және әлеуметтік қызметтің жеткіліксіздігі немесе жетілмеуі алынуы мүмкін. Аталған құбылысты түсіндіру ерекше маңызды болып саналады, себебі психологиялық-педагогикалық және реабилитациялық жұмыстың мәні және мазмұны біршама дәрежеде мүгедектікті немесе «мүмкіндіктің шектелуін» осы үдерістің субъектілерінің қалай түсінетініне байланысты болады. Қазіргі кезде денсаулығында және психофизикалық дамуында қиындықтары бар адамдарды оқшаулайтын және олардың қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік бермейтін кедергілерді анықтау қажет боып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаны кіріктіру, оған өзінің жеке құзырлылығын дамытуға мүмкіндік ұсыну, барлық ықтимал әлеуметтік кедергілерді (білім алуға қолжетімділік, мәдени-ағартушы мекемелер мен ұйымдарға, ақпаратқа, көлікке қолжетімділік, жағымсыз қатынасты жою) жеңу, қазіргі кезде азаматтық қоғамның дамуындағы негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Мұнда денсаулығында және психофизикалық дамуында қиындығы бар адамды қоғамға тиімді кіріктірудің жетекші міндеттерінің бірі ретінде, оған сапалы білім алуға мүмкіндікті қамтамасыз ету алынады.

Қазақстан Республикасындағы саяси, эономикалық және мәдени өмірдегі күрделі өзгерістер, білім беру жүйесін реформалау және қайта ұйымдастырудың қарқынды үдерісіне жетелейді:

- дәстүрлі, авторитарлы оқыту мен тәрбиеден гуманистік, тұлғалық-бағдарлы оқыту мен тәрбиеге өту;

- дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты олардың негізгі құқықтары мен еркіндігін сақтауға, оларды қоршаған әлемнің алуан түрлі байланыстары мен қатынастарына, дені сау қатарластармен әрекеттік өзара қатынас үдерістеріне кіріктіруге бағытталған білім беру жүйесіндегі әлеуметтік құбылыстар белсенді дами бастайды;

- тұлғаның әрбір адамның жалғыз және қайталанбас құндылық ретіде мойындауын көрсететін жаңа педагогикалық ойлау нығая түседі;

- психофизикалық кемістіктер сезуге, толғануға қабілетті, әлеуметтік тәжірибені меңгеруге қабілетті адамзат мәнін теріске шығармауы тереңірек саналы ұғынылады;

- қоғам бірте-бірте адамзат борышының әрбір адамды дамыту үшін жағдай жасауға әкеледі, оның негізін құраушы ретінде сапалы білім беру алынады, ол қоғамның барлық мүшелеріне өзін-өзі жүзеге асыруға және қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік ұсынады. Бұл өз кезегінде қоғам мен мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі балаларға қатынасының өзгеруіне әкеледі, ол мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамушы қатарластарымен теңдей жағдайда білім алу құқығын қамтамасыз етуден құралады.

Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі білім беру жүйесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар білімді арнайы (коррекциялық) оқу мекемелерінде, үйде немесе арнайы мектеп-интернаттарда алады. Біздің елімізде арнайы білім беру мекемелерінің (арнайы (коррекциялық) мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер, реабилитациялық орталықтар, психологилық-педагогикалық түзету кабинеттері) кеңейтілген жүйесі қалыптасты, соңғы онжылдықта республикада объективті және субъективті себептер бойынша, қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қатынасында маңызды өзгерістер болды. Психофизикалық бұзылыстар адамзат мәнін, оның сезу, толғану, әлеуметтік тәжірибені меңгеру қабілетін теріске шығармайды. Әрбір балаға оның жеке білім алу қажеттіліктері мен қабілеттерін ескеретін дамуда қолайлы жағдай жасау түсіндіріле бастады. Мұнда бағдар қалыптасады: әрбір балаға өзінің кемістігіне қарай жасай алмайтын тұрғыда емес, өзінде бар кемістіктің болғанына қарамастан не жасай алатыны тұрғысында қарау керек.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша, дені сау қатарластарымен жалпы білім беретін орта мектепте оқыту, бүкіл дүние жүзінде арнайы білім беру мекемелерінің ізгілікті баламасы болып танылған. Арнайы (коррекциялық) мектепте оқи отырып, бала өзінің көп уақытын жолға немесе интернатта тұруға мәжбүр болады, бұл оның қалыпты ортасынан айырады. Бала қалыпты қатарластарымен қарым-қатынастың жеткіліксіздігін басынан өткереді. Психикалық немесе физикалық ауытқуы бар баланың даму жағдайы көп жағдайда оның денісау қатарластарының даму жағдайынан түбегейлі айрықшаланады. Ата-аналардың, дәрігерлер мен педагогтардың барлық күш-қуаты кемістікті емдеуге және түзетуге бағытталады; балаға жалғыз әлеуметтік рөл – пациент рөлі беріледі. Арнайы (коррекциялық) мектепте оқыту, өзінің алдына басым міндеттерді қояды: барлық коррекиялық-педагогикалық жұмысты оқушылардың физикалық және психикалық дамуын «нормаға» барынша жақындату мақсатында құру. Сонымен бірге, Н.Н.Малофеев атап көрсеткендей, «ерекше» баланың өзінің балалық шағын толыққанды өткізу құқығы болатынына, ешқандай коррекциялық мақсатты көздемейтін өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасау, ойындар мен сауықтар, туыстарының қамқорлығы мен махаббатыа ие болу құқығы болатынына ойланбайды.

Алайда, Л.С.Выготский арнайы оқытуды қалыпты дамуы бар балалармен үйлесімді байланыстыруға болатын оқыту жүйесін құрудың қажеттілігін атап көрсетті. Ол арнайы мектептің басымдылықтары болғанмен, оның негізгі кемшілігі ретінде – өзінің тәрбиеленушісін мектеп ұжымының тар шеңберіне тұйықтайтынын, баланың кемістігіне барлығы бейімделген, баланың зейінін өз кемістігіне жинақтайтын, оны шынайы өмірге ендірмейтін тұйықталған әлемді құратынын атады. Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша, мүмкіндігі шектеулі баланы оңтайлы дамытудың формаларының бірі ретінде ұжым алынуы керек. Автор тәрбие мен дамыту үдерістеріндегі оның басым рөлін атай отырып, ұжымның дәрежесі бойынша әртүрлі интеллектуалды жетілмеген балалармен толықтыру талабын ұсынады. Зерттеушінің ойынша, балалардың ұжымы біртекті болған жағдайда, бұл дені сау қалыпты балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға да зиянын тигізеді, оларды дамыту мүмкіндігінен айырады. Интеллектуалды тұрғыда аса дарынды балалар өзінің әлеуметтік белсенділігін көрсете алады, ал дамуында кемістігі бар балалар аса дарынды балалармен ұжымдық ынтымақтастық және қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылады. Бұл олардың танымдық сферада екінші рет артта қалуына және кемістіктің ауырлауына әкеледі. Сондықтан, Л.С.Выготский бойынша, дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеудің негізгі міндеті ретінде, оны өмірге кіріктіру және оның кемістігін белгілі бір жолмен толықтыру алынады. Оның пікірінше, дені сау қалыпты балаларға ауқымды бағдарлану, арнайы білім беруді қайта қарастырудың бастапқы негізгі ретінде алынуы керек. Л.С.Выготскийдің арнайы білімді, оқытуды және жалпы тәрбие мен жалпы оқытуды кіріктіру туралы идеясы, соңғы кезде инклюзивті білім беру түрінде жүзеге асырылып келді, оның негізгі мақсаты ретінде, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың толыққанды және тиімді білім алуы қарастырылады.

3. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары;

Адам мен қоғамды дамыту үшін жағдай құратын әлеуметтік жүйе ретінде, білім берудегі жаңа құндылықтарды мойындау және тану, өз кезегінде инклюзивті білім берудің дамуына үлкен әсер етті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау қалыпты балалармен бірлесіп оқыту идеясының дамуы – қазіргі күннің талабы. Бұл осындай балаларға білім беру жүйесін дамытудың заңды сатысы. Мүмкіндігі шектеулі әрбір баланың кез келген білім беру мекемесінде білім алу құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі және өзіне қажетті арнайы көмекті алу мүмкіндігі болуы керек.

Инклюзивті немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беретін орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін қолданылатын термин. Инклюзивті білім беру – жалпы білім беруді дамыту үдерісі, ол білім берудің барлығы үшін қолжетімділігін білдіреді. Инклюзивті білім беру оқушылар арасындағы айырмашылықтардың болуының мойындалуымен басталады. Оқытудағы инклюзивті тұғырды дамытуда, мұндай айырмашылықтар қолдау табады және білім беру үдерісінің негізі болып саналады.

Инклюзивті білім беру – бұл әрбір білім алушыға өзінің физикалық, интеллектуалды, әлеуметтік, экономикалық, тілдік және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, содан кейін ересектену кезеңіндегі балалға қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін, оның сегрегация және оқшаулану қаупін төмендететін, оқыту мен тәрбиенің (дамыту және әлеуметтендіру) жалпы үдерісіне енгізілу мүмкіндігі ұсынылатын білім. Инклюзивті білім берудің негізіне, балалардың кез келген дискриминациясына (кемсіту) жол бермейтін және барлық адамдарға теңдей қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай құратын идеология алынады. Инклюзивті тұғырлар мұндай балаларға оқытуда және жетістікке жетуде қолдау көрсетеді, бұл өз кезегінде балалардың жақсы өмір сүруі үшін мүмкіндіктерін арттырады.

Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы келесі үлгіде құрылады: барлық балалар өздерінің мәдени және әлеуметтік деңгейіне, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне, оқытуда алуан түрлі қажеттіліктері бар индивидуум болып саналуына қарамастан, бірыңғай мектептерге баруы қажет. Қазіргі кездегі нормативті-әдістемелік құжаттарда, мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытуды ұйымдастырудың, оларды баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан кез келген білім беру мекемелерінде оқытудың мүмкіндігі көрсетілген. Мұндай оқыту балаларды отбасы мен үйден ажыратпайды және олардың туыстарымен, жақындарымен, достарымен, дені сау қатарластармен тұрақты қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде балалардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясындағы мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді. Ересектене отырып, балалар өзіндік ерекшеліктерін қабылдауды және басқа адамдардың ерекшеліктерін есепке алуды үйренеді. Әлеуметтік-философиялық мағынада, инклюзивті білім беру қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлескен болмыс формасын қамтиды, мұны қоғам және білім беру институттар жүйесі қолдайды және дамытады. Бұл контексте инклюзивті білім беру әрбір оқушының оқытудың орнын, тәсілін және тілін таңдау құқығы, мүмкіндігі шектеулі балаларды табысты оқыту мен дамытуға білім беру мекемесінде қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, оларды білім беру мекемесінің білім беру үдерісіне толыққанды ендіру ретінде қарастырылады. Инклюзивті білім беру барлық оқушыларға балабақшаның, мектептің, институттың ұжымының өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік береді, ол барлық білім алушылардың теңдігін қамтамасыз ету және олардың ұжым мен қоғамның барлық істеріне қатысуын ынталандыру қабілетіне ие болады.

Инклюзивті білім берудің негізіне келесі қағидалар алынады:

1. Барлық адамдардың құқықтарының теңдігі принципі (олардың даралығы мен ерекшеліктерін есепке алуды бір мезгілде сақтауда);

2. Дискриминацияның кез келген типіне жол бермеушілік, яғни мүмкіндігі шектеулі адамның білім алу құқығын және әлеуметтік өмірге қатысуын кез келген шектеуге жол бермеу;

3. Әлеуметтік қоғамдық өмірдің барлық саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандырудың ерекше құқықтарын мойындау, атап айтсақ, білім беруде (оқытудың арнайы жағдайлары, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілеріне қолжетімділік және т.б.);

4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның оның табысты әлеуметтенуі үшін барлық қажетті жағдайлар мен қызметтерді ұсынудағы міндеттері;

5. Барлық балаларды жалпы білім беретін орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге қабылдаудың мүмкіндігі.

Аталған қағидаларды жалпы білім беретін және мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық ұжымдары, білім беру қауымдастықтары ата-аналардың қатысуымен құруы керек. Инклюзивті білім берудің өзара жақындасудың екіжақты үдерісі ретінде, екі әлеуметтік субъектінің қозғалысы мен кездесуі үдерісі ретінде байқалады:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты қатарластарымен, сонымен бірге ата-аналармен бірлесіп оқыту үдерісіне ендіру;

2. Жалпы білім берудің өзі, ол балаларды оқыту үдерісіне ендіру үшін қолайлы ұйымдастырушылық-функционалды, адамгершілік-психологиялық, басқа жағдайларды құруы қажет.

Инклюзивті тұғыр балалардың алуан түрлі білім алу қажеттіліктерін түсінуін және осы қажеттіліктерге сәйкес білім беру үдерісіне толық қатысу арқылы қызмет ұсынуды, қоғамдық қауымдастықты осы үдеріске баулуды және білім берудегі сегрегация мен дискриминацияны жоюды қамтиды. Қалыпты балалар үшін инклюзивті білім беру, қалыпты және инклюзивті сыныптың біреуін таңдау еркіндігін білдіреді, инклюзивті білім беруді таңдаған жағдайда, білім беру стандартында қарастырылған оқытудың сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді, оқушылардың инклюзивті білім беруде қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен ережелерді сақтауын білдіреді. Бұл жағдайда «инклюзивті қоғамға» өту жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік қатынастарды жаңа типіне өту жүзеге асады, онда балалардың арасындағы айырмашылықтар өзара байыту ресурстары ретінде қарастырылады.

Инклюзивті тұғырдың басымдылықтары:

- мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру үшін аса қолайлы жағдайлар құрылады;

- оқу және оқудан тыс іс-әрекетте дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалармен аса тығыз өзара әрекеттестіктің мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі;

- педагогтардың біліктілігі артады;

- балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары құрастырылады және тәжірибеден өткізіледі;

- арнайы (коррекциялық), әлеуметтік және медициналық мекемелермен ынтымақтастық құрылады.

Білім берудің инклюзивті жүйесі өзгертуге қиын статикалық құрылым болып саналмайды, ол оқытудың жағдайларын балалардың жеке ерекшеліктеріне тұрақты бейімдеуге бағытталған динамикалық үдеріс болып табылады. Жалпы білім беретін орта мектепте, мүмкіндігі шектеулі баланы дені сау қатарластар ортасына ендіру үшін және әрі қарай оны табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар құрылып қоймайды, сонымен бірге, баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ашу және дамыту үшін жағдай құрылады. Білім беру жүйесінің дамуында ауытқуы бар оқушыларды әлеуметтік-психологиялық реабилитациялау үшін үлкен мүмкіндіктері бар, ол өз кезегінде индивидуумды тұлға ретінде барыншы толық жүзеге асыру мақсатында, қабілеттерді ояту мен ашуға жетелейтін адамды іштей қайта құруға бағытталады.

Инклюзивті білім берудің негізіне сегіз негіз құраушы принциптер алынады:

1. Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне тәуелді болмайды;

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;

3. Әрбір адамның қарым-қатынас жасауға және өзін тыңдату құқығы бар;

4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;

5. Шынайы білім беру тек шынайы өзара қатынастар контексінде жүзеге асырылады;

6. Барлық адамдар қатарластарының қолдауына және достығына мәжбүр;

7. Барлық білім алушылар үшін прогресске жету олардың қолынан не келетінімен байланысты болады;

8. Алуан түрлілік адам өмірінің барлық қырларын күшейтеді.

4.Инклюзивті білім беру моделінің принциптері;

Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы бойынша, бала білім беру жүйесіне енгізілуге дайындалу емес, мұнда жүйенің өзі кез келген баланы ендіруге дайын болуы қажет. Бұл барлық педагогтар мен ата-аналардың инклюзивті білім берудің жалпы білім беретін мектепке немесе балабақшаға ашылған есік ғана емес, сонымен бірге білім берудің нәтижесі үшін жауапкершілік екендігіне түсіністікпен қараудың қажеттілігін білдіреді. Оның сапасы ұсынылатын білім беру қызметінің мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес болатынына тікелей байланысты болады. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі баланың қалыпты балалардай жалпы білім беру стандартының аясындағы білімді сол мерзімде меңгеруін қамтуы себепті, мұндай тұғыр психофизикалық даму деңгейі баланың жасына сәйкес немесе оған жақындау болған жағдайда мүмкін болады. Н.Н.Малофеев атап көрсеткендей, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, мектепке дейінгі кезеңде аса нәтижелі болады. Білім беру ұйымдары оларға адекватты түрде жауап қайтаруы үшін, тиімді білім беру стратегияларын іздеу, оларды тәжірибеге әрі қарай ендіру үшін модельдеу және сипаттау қажет болады.

Инклюзивті білім беру моделінің қызмет етуінің негізгі принциптері:

1. Мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүру әрекетінің және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық саласындағы қызығушылықтарының басымдылығы;

2. Психофизикалық дамудың әртүрлі жылдамдығы бар балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескеру;

3. Дамуы тежелген жылдамдығы бар балалардың білім алу құқығын сақтау;

4. Инклюзивті үдерістерді мазмұндық, әдістемелік және әкімшілік қамтамасыз етудегі жүйелі тұғыр;

5. Мүмкіндігі шектеулі балаларды сабақтастық білім беру маршруттарын есепке алып, оқыту мен тәрбие жүйесін құру; оқыту және тәрбие жүйесін құру (білім беру моделі, арнайы білім беру, инклюзивті білім беру, әлеуметтік реабилитация, қосымша білім беру құралдары арқылы реабилитациялау, аралас модельдер және т.б.);

6. Аймақтың реабилитациялық кеңістігін құруға және қызмет етуіне бірыңғай әдіснамалық тұғырларды құру;

7. Балалар және ересектер ортасында жеке немесе әлеуметтік дезадаптация мен дисгармонияның (үйлесімсіздік) туындайтын қаупін үнемі бақылау.

Инклюзивті білім берудің негізіне, өздерінің айырмашылықтарына қарамастан барлық балаларды бірге оқытудың қажеттілігі принципі алынады.Инклюзивті білім беру тұжырымдамасына сәйкес, әрбір баланың бірегей сапалары, қызығушылықтары, қабілеттері мен білім алудағы қажеттіліктері болады, осы ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың жалпы білім беру жүйесіне қолжетімділігі болуы қажет, балалардың қажеттілігіне бағдарланған педагогикалық әдістерді қолдану негізінде осы жүйе қамтылуы керек.

Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша зерттеулерді талдау, төмендегі бірқатар принциптерді атап өтуге мүмкіндік береді:

- барлық оқушылар мен педагогтардың қоғам үшін теңдей құндылығын мойындау немесе тану;

- оқушылардың жергілікті мектептердің мәдени өміріне қатысу дәрежесін арттыру және бірқатар оқушылардың жалпы мектеп өмірінен оқшаулану деңгейін төмендету;

- мұндай мектепте жұмыс әдістемесін мектеппен жақын тұратын барлық оқушылардың алуан түрлі қажеттіліктеріне толығымен жауап беретіндей қайта құрылымдау;

- барлық оқушыларға мектеп өміріне толыққанды қатысуға және білімді меңгеру жолындағы кедергілерді жою;

- жекеленген оқушылар үшін мектептің қолжетімділігін жақсарту және кедергілерді жоюға ұмтылысты талдау және зерттеу, мектептің барлық оқушыларының әл-ауқатына бағытталған реформалар мен өзгерістерді жүргізу;

- оқушылардың арасындағы айырмашылықтар – бұл педагогикалық үдеріске ықпал ететін ресурстар, олар – жеңуге қажетті кедергілер емес;

- тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан мектепте білім алуға оқушылардың құқығын мойындау;

- оқушылар мен педагогтар үшін мектептегі жағдайды жақсарту;

- оқушылардың академиялық көрсеткіштері және қоғамдық құндылықтардың дамуы бойынша мектептің рөлін мойындау;

- мектептер мен жергілікті қауымдастықтар арасындағы қолдау мен ынтымақтастық қатынастарды дамыту; инклюзивті білім беруді қоғамдағы теңдіктің бір аспектісі ретінде мойындау (6).

ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді төмендегідей тұрғыда түсіндіреді:

- мектеп жасындағы барлық балалардың толыққанды білім беру кеңістігіне белсенді қатысуы;

- сапалы мектептік білім алудағы барлық балалардың тең мүмкіндіктері;

- ерекшеліктеріне қарамастан барлық балалардың бірге оқу мүмкіндігі;

- барлық балалардың бірге өмір сүруге үйрену мүмкіндігі;

- инклюзивті қоғамды және оның әл-ауқатын дамытудың негізі (7).







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 26209. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия