Студопедия — Азақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың принциптері мен құндылықтары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың принциптері мен құндылықтары.






Оқушылардың алуан түрлілігін ескеруде, инклюзивті білім беру дискриминациялық көзқарастармен күресуге, қоғамды қолайлы ахуалды құруға, барлығы үшін білім беру мақсаттарына жетуге ұмтылуға, сонымен бірге оқушылардың негізгі контингентінің білім алуының сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Осылайша, білім берудің қазіргі жүйесі мүмкіндігі шектеулі адамдарды шешілуі қажет мәселе ретінде қарастырмайды, ол оқушылардың алуан түрлілігіне позитивті әсер етеді және жеке ерекшеліктерді оқушылардың білім алу үдерісін байытудың мүмкіндігі ретінде бағалайды. Қазақстан Республикасында білім берудің, атап айтқанда, инклюзивті білім берудің сапалы жаңа жүйесін құрудың өзектілігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты болады. Білім қоғамының ақпараттық дәуіріндегі инклюзивті білім беру – бұл болашаққа деген шынайы жол, онда барлық адамдар әрдайым, өмір бойы, өзі үшін, қоғам үшін оқи алады, білімнің негізінде өмірдің жаңа сапасын құра алады. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың негізіне, келесі негіз құраушы принциптер мен құндылықтар алынады:

1. Жалпы білім беретін мекемелерде оқытуға қолжетімділіктің теңдігі және әрбір баланың сапалы білім алу мүмкіндігі;

2. Әрбір баланың оқытуға деген қабілетін мойындау, соған сәйкес қоғамның сол үшін жағдайларды құрудың қажеттілігі;

3. Балалардың отбасы аясында даму құқығын қамтамасыз ету, барлық мәдени, білім беру, денсаулықты үнемдеуші және қоғамның басқа жетістіктеріне қолжетімділіктің болуы;

4. Ата-аналарды балаларды оқыту үдерісіне өз баласының алғашқы мұғалімі және тең серіктесі ретінде баулу;

5. Негізіне тұлғалық-бағдарлы және жеке тұғыр алынатын оқу бағдарламаларын бейімдеу. Бағдарламалар өмір бойы оқытудың дағдыларын дамытуға сәйкес болуы керек және мүмкіндігі шектеулі балаларға, қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндігін ұсынуға бағытталуы керек.

6. Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті арнайы білім беру жағдайларын құруды қамтиды.

7. Қазіргі зерттеу нәтижелерін және тәжірибені оқытудың инклюзивті моделін жүзеге асыруда қолдану;

8. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық және командалық тұғыр, ол педагогтардың, ата-аналардың, логопедтердің, психологтардың, дефектолог-мұғалімдердің, басқа мамандардық қатысуын қамтиды.

Мұнда инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі талаптары ретінде алынатындар:

- Дамуында бұзылысы болмаса бара алатын білім беру мекемесіне әртүрлі мүмкіндігі бар балаларды ендіру;

- Білім беру мекемесінде оқитын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны, аталған білім беру мекемесі өзінің қызметін жүзеге асыратын ықшамауданда немесе аудандағы барлық балалар популляциясына қатысты табиғи тепе-теңдікте болады;

- Белгілі бір белгісі бойынша балаларды бөлу, сұрыптау және «жарамсыз етудің» болмауы, керісінше, барлығын бірге оқыту;

- Мүмкіндігі шектеулі балалар өздерінің жасына сәйкес топтарда (сынып) тәрбиеленеді және оқытылады;

- Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді оқыту мен тәрбиелеу үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету.

Нәтижесінде, инклюзивті білім беру түбегейлі жаңа жүйе болып табылады, онда оқушылар мен педагогтар бір ортақ мақсатта жұмыс істейді – барлық балаларға қолжетімді және сапалы білім беру. Қазіргі заманғы педагогикада интеграция үдерістерінің дамуы, білім берудің жаңа құндылықтарын адам мен қоғамды дамытуға жағдай жасайтын әлеуметтік жүйе ретінде мойындауға, тануға үлкен әсер етті. Білім беру жүйесі оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек, әрбір оқушы өзінің құқығын білуі керек. Бұл мемлекет пен үкіметтің міндеті – жалпы білім беруден шығарылған балалар тобына қаратылған бірізді білім беру саясатына кепілдік беру. Мұнда инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың қажетті элементі ретінде, білім беру сапасы алынады, білім алу құқығы қолжетімділікті қамтамасыз ету ретінде ғана емес, сонымен бірге әрбір адамның білім беру үдерісіндегі жетістігін, ерте балалық шақтан бастап ересектік өмірге дейін, сапалы білім алуда және әрі қарай мықты білімнің іргетасын қалауды қамтамасыз ету ретінде қарастырылады.

 

Семинар сабақ тапсырмасы:

1. Инклюзивті білім берудің мәнін ашу.

Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясы. Салыстырмалы талдау

Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары Салыстырмалы талдау

Инклюзивті білім беру моделінің принциптері Салыстырмалы талдау

Қ Р- ғы инклюзивті білім беруді дамытудың принциптері мен құндылықтары







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4801. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.046 сек.) русская версия | украинская версия