Студопедия — ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.






1. Асептикалық кешен бөлмелерінің өзара орналасу схемасын көрсет:

Жауабы:

 

2. Дәріханаларды лицензиялау ұзақтығы неше жылға созылады:

А) 1

Б) 2

В) 3

Г) 4

Д) 5

3. Дәріханалардың негізгі қызметіне төмендегілердің қайсысы жатпайды:

А) дәрі дайындау

Б) таңғыш материалдар сату

В) дәрілік шикізаттарды дайындау

Г) науқасты емдеу

Д) тұрғындарға жүргізу

4. Дәріхана жұмысының негізі қандай функциялардан тұрады:

А) шикізат дайындау

Б) стерильді дәрі дайындау

В) халық арасында санитарлық – ағарту жұмыстарын өткізу

Г) жұмысқа түсушілерді медициналық тексерістен өткізу

Д) тұрғындар денсаулығын болжау

5. Дәріханалардың жұмысын реттейтін заңды құжаттарды ата:

А) санитарлық ережелер мен нормалар

Б) кредит төлеу тәртібі

В) мемлекеттік стандарт

Г) дәріхана ұйымдарының санитарлық тәртібі бойынша инструкция

Д) құрылыстық ережелер мен нормалар

6. Ауылдық елді мекендердегі дәріханалардың түрлері қандай?

А) максималды жұмыс орнының тізімі бар

Б) минимальді жұмыс орнының тізімі бар

В) дайын дәрілерді сататын дәріханалар

Г) медициналық пунк

Д) жас нәрестелерге арналған дәрілерді дайындайтын стерильді бөлме

7. Емдеу – профилактикалық мекемелердің арнайыландырылған I категориялы дәріханасы қанша койка санына есептелінген:

- 11 -

А) 400

Б) 500

В) 600

Г) 700

Д) 800

8. Дәріханаларды салуға таңдалған жер территориясына қойылатын талаптар:

А) құрғақ, көгалдандырылған

Б) мал өлекселері жерленбеген

В) іркінді суларды залалсыздандыруға пайдаланған

Г) 1 кг топырақ сынамасынан 100 құрт жұмыртқасы анықталған

Д) рельефі ыңғайлы, жердің инсоляциясы жоғары

9. Өндірістік дәріхананың қандай бөлмесінде қатаң санитарлық тәртіп сақталады:

А) қызмет көрсету залы

Б) қойма

В) асептикалық

Г) орау

Д) шлюз

10. Қандай бөлмеде су және канализация құбырын тарту қарастырылмайды:

А) санитарлық бұрыш

Б) жуу бөлмесі

В) әкімшілік

Г) асептикалық

Д) дистиллятор

11. Дәріхана бөлмелерінің микробтармен ластануының алдын алу әдістерін ата:

1.

2.

12. Дәріханада қолданылатын бактериоцидті шамдардың түрлері:

А) төбелік

Б) қабырғалық

В) едендік

Г) қабырға аралық

Д) жылжымалы

13. Дәріханаларды дезинфекциялау үшін қолдануға рұқсат етілген заттар:

А) 0,5 – 3 % хлорамин

Б) иодопирон

В) 0,5 % перегидроль

Г) спирт

Д) су

14. Дәрілердің пирогенділігін жоғарылататын микроорганизмдер тобы:

а)

б)

15. Пирогенділігі жойылған суды қандай дәрі дайындауда қолданылады:

А) иньекциялық дәрілер

Б) паста

В) май

Г) көз тамшылары

Д) ұнтақ

 

8.Сабақ бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

негізгі:

  1. А.М.Большаков, И.М. Новикова. Общая гигиена, М.,Медицина, 1985.

- 12 -

  1. Р.А.Логинова, М.Н. Новикова Руководство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1977.
  2. А.М. Большаков Руководство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1987.
  3. Лекционный материал.

қосымша:

  1. Д. А. Зильбер и др. Гигиена. Медицина, М.: 1977, 30 – 46.
  2. Руководящие материалы по организации фармацевтического дела. Алматы, 1976.
  3. К.У.Умбаев, А.К. Джанбабаев и соавт. Сборник материалов в помощь практическим работникам здравоохранения, Алматы;1975.
  4. СниП Хозрасчетные аптеки. 1978.
  5. Государственная фармокопея. (Издание XI)
  6. Организация и экономика фармации, учебник под ред. Крикова М., 1983.
  7. Сборник нормативных актов по аптечной службе. Медицина., М., 1977.
  8. Приказ Минздарава СССР № 79 от 25.11.97. Инструкция. По санитарному контролю воздуха аптек.
  9. Минх А.А. Методы гигиенических исследований. М.,Медицина.1967г.

 

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Тақырыбы: Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Судың санитарлық-химиялық зерртеу схемасы. Судың органолептикалық физикалық, химиялық, бактериологиялық көрсектіштерінің гигиеналық маңызы және зерттеу әдістері.

 

 

Курс:3

 

 


1.Тақырыбы:Сумен қамтамасыз ету және су гигиенасы. Судың сапасын нормалау. Судың санитарлық-химиялық зерртеу схемасы. Судың органолептикалық физикалық, химиялық, бактериологиялық көрсектіштерінің гигиеналық маңызы және зерттеу әдістері.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Су – сыртқы ортаның негізгі факторы болып табылады. Судың адам үшін физиологиялық, гигиеналық, тұрмыстық және эпидемиологиялық маңызы өте зор.

Судың организмде өтетін барлық тіршілік ету процесіне әсер етеді организм 75 – 78 % судан тұрады деуге болады (қан, лимфа, тін аралық сұйықтық, ликвор т.б.). Ал гигиеналық маңызы бойынша адамның жеке бас гигиенасын сақтау, сауықтандыру шаралары, денсаулықты нығайту мақсатында үлкен орын алады.

Су арқылы берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін судың сапасына, оның физикалық және химиялық қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді. Егер ауыз су үшін пайдаланылатын су арқылы іш сүзегі, холера, жұқпалы гепатит, лептоспироз және т.б. аурулардың эпидемиясы туындайтын болса, ол тұрғындардың денсаулығына орасан зор зиян тигізеді.

Осы талаптарды ескере отырып, дәріханада дәрілерді дайындау үшін қолданылатын суларға ерекше талап қойылады. Себебі, бұл судың көмегімен стерильді инъекциялық және көзге тамызатын дәрі – дәрмектер жасалынады.

Су фекальды – шаруашылық ағындарымен ластануы, инфекциялық аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Су көздерінің патогенді микроорганизмдермен ластануының алдын алу мақсатында қатаң санитарлық қорғау қойылған.

Ашық су қойнауларынан шаруашылық – ауыз су мақсатында қолданатын болсақ су құбырының станцияларында суды тазалау және залалсыздандыру қолданылады.

Суды тазалау және залалсыздандыру жұмысының тиімділігі халықтың денсаулығын қорғау және сақтауға негізделген.

Судың сапасын жақсарту әдістеріне тазалау және залалсыздандыру кіреді, олар тазалау принциптеріне қарай физикалық және химиялық болып бөлінеді.

4.Сабақтың мақсаты: Студенттерді санитарлық ережелер мен нормаларға сай ауыз су сапасына қойылатын талаптарды, судан микробиологиялық зерттеуге сынама алу әдістемесіне, судың физикалық және химиялық қасиеттерін бағалау, судың сапасын жақсарту әдістеріне үйрету.

Суды тазалау және залалсыздандыру әдістерін, ауыз суды залалсыздандыруды гигиеналық бағалау әдістерін меңгеру маңыздылығын түсіндіру.

Студент білуге тиіс:

- ауыз су сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды;

- судың гигиеналық және эпидемиологиялық маңызын;

- судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін;

- судың сапасын бағалау және зерттеу әдістемелерін;

- су құбырында суды тазалау схемасын

- тұндыру, коагуляция, сүзу туралы түсініктерді

- суды залалсыздандыру және оны бағалау әдістерін

- хлорлау тиімділігін бағалау әдістерін

Студент істей білуі керек:

- судан сынама алып, оны лабораторияға жөнелтуді;

- су арқылы берілетін жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға гигиеналық баға беруді;

- судың органолептикалық, физико – химиялық қасиеттерін анықтау әдістерін;

- коагулянттың оптималды дозасын есептеуді

- судың хлорқажеттілігін анықтауды

- залалсыздандырылған судағы бос қалдық хлор мөлшерін бағалауды

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

1. Бөлменің табиғи және жасанды жарықтануын гигиеналық бағалау.

2. Табиғи және жасанды жарықтандыруды бағалаудың есептік әдістері.

3. Табиғи жарықтың негізгі көрсеткіштеріне сипаттама (ТЖК, ЖК, түсу бұрышы, саңылау бұрышы, тереңдік коэффициенті, КК, түзеу коэффициенті және т.б.).

4. Желдету жүйелері, аэрация және желдету маңызы.

5. Желдету көлемі және қажетті желдету көлеміне түсінік.

6. Ауа алмасу жиілігі және оны нормалау.

 

 

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  • Судың физико – химиялық қасиеттеріне сипаттама.
  • Судың органолептикалық көрсеткіштеріне химиялық заттардың концентрациясының әсері.
  • Судың физиологиялық, эпидемиологиялық және санитарлық – гигиеналық маңызы.
  • Су арқылы берілетін инфекциялық және инфекциялық емес ауруларға түсінік.
    • Судың сапасын жақсарту әдістері.
    • Суды бағалау әдістері: тұндыру, коагуляция, сүзу.
    • Тұндыру тиімділігі. Баяу және жылдам сүзгіштердің жұмыс принципі.
    • Суды залалсыздандыру әдістері: физикалық және химиялық.
    • Хлордың бактериоцидтік әсері, қалдық хлордың маңызы.
  • Судың сапасын жақсартудың арнайы әдістері.

6.Ақпараттық – дидактикалық блок.

Су – физиологиялық, гигиеналық, ауылшаруашылық және эпидемиологиялық маңызы бар сыртқы ортаның маңызды факторы.

Сапасыз ауыз суын қолдану келесі жағдайлардың себебі болуы мүмкін:

1. су көздерінің шаруашылық – фекальды жіне басқа да ағынды сулармен ластануына байланысты жұқпалы аурулар мен гельминтоздардың (холера, іш сүзегі, паратиф, жұқпалы гепатит, лептоспироз, туляремия, лямблиоз, трихоцефолез, описторхоз, кейбір аденовирусты аурулар);

2.өнеркәсіптің ағынды суларының түсуінен су қоймаларының химиялық заттармен ластануына байланысты табиғаты жұқпалы емес аурулар;

3. судың табиғи құрамымен байланысты табиғаты жұқпалы емес аурулар (фитодооз, нитратты метгемоглобинемия т.б.)

Сапалы су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес болуы керек:

1. Органолептикалық қасиеті жақсы.

2. Химиялық құрамы зиянсыз және тұрақты.

3. Құрамында патогенді микроорганизмдер мен ауру қоздырғыштарының болмауы.

Судың гигиеналық нормалау негізіне 2 стандарт ұсынылған. Санитарлық ережелер мен нормаларда 1. «Ауыз суы. Ауыз суымен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі суының сапасына қойылатын гигиеналық талаптар. Сапасын бақылау.» СанПиН № 2 1.4.55.9.9., М 1996. Қазақстанда 01.07.97 ж бастап енгізілген. РК № 3.01.067.97. Бұнда халықтың ауыз суы мен тұрмыстық құжатына қолданылатын кез – келген судың физикалық, химиялық және бактериологиялық көрсеткіштері көрсетілген. Ауыз суының сапасы стандартына дұрыс сақталмауынан халық денсаулыған тікелей нұқсан келтіретін көрсеткіштері енгізілген.

Санитарлық ережелер мен нормаларда 2. «Орталықтандырылған ауыл шаруашылық ауыз суымен қамтамасыз етуге қолданылатын құдықтар мен бұлақ каптаждар құрылысы мен жұмысы». № 3 01.038.97.07. Алматы. Бұнда көзін таңдауда басшылыққа алатын көрсеткіштер нормасы берілген. Таңдалған су көзіндегі судың қасиеті мен құрамы қазіргі заманғы өңдеу әдістерімен өзгеріске ұшырамайтындай болуы керек.

СУДЫ ТАЛДАУ СХЕМАСЫ

1. ҚАЖЕТТІ МӘЛІМЕТТЕР:

- су қоймасының аты, оның мекен – жайы.

- сынаманы алған жылы, айы, күні, сағаты

- су қоймасын жергілікті тексерудің нәтижелері, қандай мақсат үшін зерттелетіндігі

 

2. ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:

Сыртқы түрі, иісі, дәмі, мөлдірлігі, түстілігі, тұнбаға түсуі.

 

3. ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ:

Судың температурасы.

 

4. СУДЫ ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ:

рН реакциясы, нитриттерді, нитраттарды, хлоридтер мен сульфаттарды, темірді, кермектілікті, құрғақ қалдықтарды, судың тотыққыштығын, еріген оттегіні анықтау.

 

5. СУДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Коли титр, коли индекс, жалпы микробтар саны.

Адамның сумен байланысы өте жоғары – ол ішу мен гигиеналық және сауықтыру мақсатында қолданылады. Су арқылы организмге әртүрлі ауру қоздырғыштарының, улы және химиялық заттардың пайда болуы мүмкін.

Сондықтан судың сапасы белгілі бір талаптарға сәйкес келуі керек. Судың бұл талаптарға сәйкестігі органолептикалық, физикалық, химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық және радиометрлік сияқты лабораториялық зерттеулердің көмегімен анықталады.

Лабораториялық зерттеулер судың тексерген кездегі жағдайын сипаттайды, бірақ су көзі мен оның ластану себебі туралы толық мәліметті бермейді. Осы жағдай су қоймасына жергілікті тексерулер жүргізіп, оның ластану көздерін, тұрақтылығын анықтауды және болашақта ластану көздерін жоюды талап етеді. Кейбір жағдайларда су көзін жергілікті тексеру суды бағалаудың бір ақ мүмкіндігі болып табылады.

Су көздерін санитарлық тексеруге жатады:

а) санитарлық – топографиялық тексерулер

б) су көзінде судың сапасын және оның дебитін анықтау

в) су көзі орналасқан аудандарда халықтың және кейбір жануарлардың бар жоғын қарастыру

 

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҮШІН СУДАН СЫНАМА АЛУ ӘДІСТЕРІ.

 

Толық санитарлық зерттеу үшін 5 литр, қысқашаға – 2 л. су алынады. Суды химиялық зерттеу үшін құрылыстары әртүрлі батометрлердің көмегімен химиялық таза ыдысқа алады. Сынаманы тығыны бар шөлмекпен алады. Шөлмекті 2 – 3 рет зерттелетін сумен шайып, жоғарғы жағынан 10 – 15 мм кеңістіктік қалдырып толтырады. Суды алмас бұрын кранды ашып, 10 – 15 мин. Суды ағызып қояды.

Неғұрлым нақты нәтижелер алу үшін су сынамасын лабораторияға 2 – 4 сағатта жеткізу керек. Егер бұл уақыттың ішінде жеткізу мүмкін болмаса сынамаға консервация жүргізу керек. Ол үшін 1 литр сынамаға 25 % - тік 2 мл күкірт қышқылын қосады. Егер суда аммоний тұздарын, тотыққыштығы, қалқымалы заттар бөлшектерін, құрғақ қалдықты, хлоридтерді, нитриттер мен нитраттарды анықтау керек болса 1 литр суға 2 мл хлороформ қосады.

Суды бактериологиялық зерттеу үшін сиымдылығы 0,5 л стерильденген ыдыспен алады.

Ашық суаттардан сынаманы алу бетінен 10 – 15 см тереңдікте алады. Су құбырынан сынаманы аларда кранды күйдіру арқылы стерильдеп, 10 – 15 минут суды ағызып қою керек. Ыдысты тек сынаманы алар алдында ашады. Бұл үшін оның тығынын қағаз қалпағымен бірге қол тигізбей суырады. Суды ыдысқа оны тасымалдаған кезде тығыны суланбайтындай етіп құю керек. Суды зерттеу сынаманы алған уақыттан кейін екі сағаттың ішінде жүргізілуі керек. Егерде талдау осы уақыттан артыққа созылса, сынаманы 1 – 5 С температурада сақтау керек. Қажетті температураны сақтау үшін резеңке немесе пластмассалық мұз толтырған қаптар қолданылады. Ал қыста – жылы суды пайдаланылады. Сынама арнайы құжаттармен қоса зертханаға жеткізіледі.

 

СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІН ЗЕРТТЕУ.

СУДЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫ – сынапты термометрмен тікелей су кезінде немесе сынаманы алѓан соњ аныќталады. Термометрде суѓа 5-10 минут батырып µлшейді. Ауыз суыныњ ќалыпты температурасы 7-12ºС.

ИІСІ бµлме температурасында суды 60ºС дейін ќыздыру арќылы аныќталады. Б±л ‰шін 100 мл зерттелетін судыњ сыйымдылыѓы - 250 мл, мойны кењ колбаѓа ќ±йып, ауызын саѓат шынысымен жауып, электр плиткасына ќойып, 60ºС дейін ќыздырѓан соњ, суды шайќап ќолбаныњ аузын аќырын ашып, тез иісін иіскеп аныќтайды. Су иісініњ мынандай сипаттамалары бар: хош иісті, батпаќты, сасыќ, ќоќысты, хлорлы, м±найлы т.б. болады. Иістіњ к‰штілігі балмен µлшенеді. 0 –ден 5 балѓа дейін. Ќалыпты жаѓдайда ауыз суыныњ иісі 2 балдан аспауы тиіс.

МӨЛДІРЛІГІ зерттейтін суды т‰бі жалпаќ целиндрге биіктігінен сантиметрлерге бµлінген цилиндрлердіњ т‰пкі белгілерінде суды шыѓаратын тубасы бар, оѓан резењке т‰тік жалѓанѓан. Цилиндрдіњ т‰бінде 4 см ќашыќтыќта Снелленніњ баспа шрифтісі салынады. Цилиндрдіњ б‰йіріндегі т‰тіктен шрифт кµрінгенше суды аѓыза береді. Сосын судыњ ќанша биіктікте кµрінгенін аныќтап, жеткілікті жарыќ жаѓдайында орындалады. Ауыз суыныњ мµлшерлігі 30см-ден кем болмауы тиіс.

ТҮСТІЛІГІ зерттелетін суды целиндрге ќ±ылѓан дистилденген сумен аќ фонда салыстыру арќылы аныќтайды. Судыњ т‰сі мынандай терминдер мен сипатталады: мµлдір, аќшыл сары, жасыл, сары т.б.

Судыњ боялуыныњ к‰штілігін зерттелетін суды шартты градусќа стандартты ерітінділер шамасымен салыстыру жолымен аныќтайды.

Ауыз суыныњ т‰сті иісі 35ºС-ќа дейін болуы керек, судыњ т±нбасы 1 саѓат т±ндырылѓаннан кейін аныќталады.

Судыњ химиялыќ ќ±рамын аныќтау. Таныс емес немесе µзініњ ќ±рамын µзгертетін су кµздерін зерттегенде сандыќ реакциялармен ќатар сапалыќ реакциялар да ж‰ргізілуі керек.

Белсенді реакция – су реакциясын лакмус арќылы аныќтау: суды 2 пробиркаѓа ќ±яды. Біреуіне ќызыл лакмус, екіншісіне кµк лакмус салады. 5 минуттан кейні б±л ќаѓаздарды алдын ала дистелденген суѓа салынѓан ќаѓазбен салыстырады. Егер ќызыл қағаз µзгерсе, сілтілік реакцияны, ал кµк ќаѓаз кµгерсе ќышќылдыќ реакцияны кµрсетеді. Егер ќаѓаздыњ т‰сі µзгермесе нейтралды реакцияны кµрсетеді.

Азотты заттарды аныќтау. Азотты заттар судыњ ластануыныњ мањызды кµрсеткіші болып табылады. ¤йткені, олар шаруашылыќ декальді жєне µнеркєсіптік ќалдыќтармен су кµзіне т‰сетін белокты заттардыњ шіруінен немесе ыдырауынан т‰зіледі.

Аммиак – белокты ыдыраудыњ µнімі, сондыќтан оныњ табылуы судыњ жањадан ластанѓандыѓын кµрсетеді.

Нитриттер – ластанудыњ б±рыннан болѓандыѓын кµрсетеді.

Нитраттар – ластану мерзімініњ µте ертеден болѓандыѓыныњ көрсеткіші.

Азотты заттар бойынша ластанудыњ сипатын білуге болады. Триаданыњ (аммиак, нитрит, нитрат) табылуы судыњ т±раќты ластанѓандыѓын білдіреді.

3.01.67-67 санитарлыќ нормалар мен ережелерге сєйкес ауыз суда нитраттардыњ 45 мг/л мµлшері шектеледі. Нитраттар ішектік микрофлораныњ єсерінен нитратќа айналады, соњѓылары ќанѓа еніп, метгемоглобинніњ түзілуіне себеп болады, бұл процесс тіндердіњ оттегімен ќамтамасыз етілуін азайтады.

Хлоридтер – сумен ќамтамасыз ету кµздеріндегісуларда хлоридтердіњ кµп мµлшерде табылуы судыњ жануар текті органикалыќ заттармен ластанѓандыѓыныњ жанама кµрсеткіші болуы м‰мкін. Б±л жаѓдайда хлоридтердіњ концентрациясынан гµрі олардыњ уаќыт ішіндегі µзгерісініњ мањызы бар хлоридтердіњ кµп мµлшері ќ±дыќ суларда топыраѓы сортаңдау жерлерде байќалуы м‰мкін. Б±ндай судыњ дємі т±здылау болып келеді. Суда хлоридтердіњ мµлшері 350 мл/г аспауы керек.

Сульфаттарды аныќтау – ауыз суында сульфаттардыњ кµп мµлшерде болуы организмге зияншылыѓымен ќатар судыњ дємін µзгертеді. 3.01.67-97 санитарлыќ нормалар мен ережелерге сєйкес ауыз суда сульфаттардыњ мµлшері 500 мг/л аспауы керек.

Темірді аныќтау – ашыќ су ќоймаларында темірдіњ кµп мµлшерде болуы, µнеркєсіптік еркінді сулардыњ т‰суінен болуы м‰мкін. Су ќ±бырындаѓы суда темір т±рбаларыныњ коррозияѓа ±шырауынан кµбеюі м‰мкін.

Темірдіњ кµп мµлшерде болуы суѓа сары т‰с лайлылыќ, ащы металл, дєм беруі жєне су ќ±бырлары жолында т‰зілетін темір бактериаларыныњ пайда болуына єкеліп соѓуы м‰мкін. Б±ндай суларды т±рмыста ќолданѓанда ыдыстарда ќаќ т‰зіледі, аќ киімдер де тотты даќтар пайда болады жєне кір жууѓа ќолайсыз, µйткені сабын жаќсы кµпірмейді. Суда темірдіњ мµлшері 0,3 мг/л аспауы керек.

Кермектілік. Суда кермектіліктіњ болуы онда магний мен кальцийдіњ жер сілтілік металдарыныњ еріген т±здарыныњ болуымен байланысты. Кейбір жаѓдайларда судыњ кермектілігі темір, марганец, аллюминий тотыѓыныњ болуымен де байланысты. Кермектілік судыњ сапасыныњ критерийлерініњ бірі. Кермектіліктіњ 4 т‰рі бар: жалпы, карбонатты, жоюѓа болатын жєне т±раќты. Кермектілік кальций мен магнийдіњ 1 л суда еріген т±здарыныњ мг/эковаленттілігімен немесе кермектілік градусымен белгіленеді. Санитарлыќ ережелермен нормаларѓа сєйкес оныњ мµлшері 7 мг/эковаленттен аспауы керек. Санитарлыќ эпидемиологиялыќ ќызметі органдарыныњ келісімі бойынша жалпы кермектілік мµлшері 14 мг/эковаленттілікке дейін р±ќсат етіледі.

Терең жер асты артезиан сулары, сонымен қатар бұлақтардың сулары санитарлық жағынан неғұрлым таза болып келеді. Олардың физикалық және химиялық қасиеттері тұрақты, бактериялар мүлдем жоқтың қасы деп саналады. Ашық су қоймаларының сулары мен жер бетіне тым жақын орналасқан грунтты сулар барлық жағынан қолдануға қолайсыз болып келеді. Сондықтан орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде қолданылатын ашық су қоймаларының суларын міндетті түрде тазалау мен залалсыздандыру керек.

Тазалау судың физикалық қасиетін жақсартады. Су мөлдірленіп, бөгде дәм мен иістен тазаланады. Суды тұндырғанда бактериялардың көпшілігі су астына тұнады.

Суды тазалау үшін бірнеше әдістер қолданылады:

  1. физикалық (тұндыру, сүзу)
  2. химиялық (коагуляция)

 

Тұндыру.

 

Суды тұндыру үшін арнайы тұндырғын резервуарлар қолданылады. Су бұндай тұндырғыштарда өте баяу қозғалады және бұнда 6 – 8 сағат, кейде одан да көп уақыт болады. Бұл уақыт ішінде 60 % - ке жуық судағы қалқымалы заттар тұнып үлгіреді. Дегенмен, суда ұсақ қалқымалы бөлшектер қалып қояды.

 

Суды коагуляциялау.

 

Суды тұндырған кезде қалқымалы бөлшектерден тазарту үшін су тұндырғышқа түскенге дейін оған тұндырғыш – коагулянттарды қосады. Ол үшін көбінесе алюминий (глинозем) қолданылады. Күкірт қышқылды глинозем қалқымалы заттарға екі түрлі әрекет етеді. Бұл реагенттің өзінің электрлік заряды оң, ал қалқымалы заттар теріс зарядталған. Әр аттас зарядтар өзара бір – біріне тартылып, бекінеді де тұнбаға түседі. Сонымен қатар коагулянттар ұлпа түзіп тұнбаға түскенде өздерімен бірге қалқымалы заттарды да ала шөгеді. Коагулянттарды қолданғанда су көптеген қалқымалы заттардан тазартады, бұндайда тұндыру мерзімі 3 – 4 сағатқа қысқартуға болады. Дегенмен, суды коагуляциялауда өте ұсақ заттар мен бактериялар қалып қояды, сондықтан суды құм сүзгіштерарқылы сүзуді қолданады. Сүзгіштерді (фильтрлерді) қолданғанда коагулянт ұлпасы мен қалқымалы бөлшектерден құмның бетінде қабықша (пленка) түзіледі. Бұл қабықша қалқымалы заттар мен бактерияларды ұстап қалады. Құм сүзгілер шамамен 80 % - ке жуық бактерияларды ұстап қалады.

 

КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛДЫ АЛЮМИНИЙМЕН КОАГУЛЯЦИЯЛАУ

 

Жоғарыда айтқандай суды коагуляциялаудың ең көп таралған әдісі – бұл суды күкірт қышқылды алюминиймен өңдеу. Коагуляция процесінде гликозем ерітіндісі суға түскен кезде кальций мен магнийдің қос көміртегі тұздарымен реакцияға түсіп, ұлпа түрінде олармен алюминий тотығының гидратын түзеді.

Коагулянттың қажет дозасы негізінен судың карбонатты кермектілігінің дәрежесіне байланысты. Жоюға болатын кермектілігі 4 – 5 - тен төмен жұмсақ суда коагуляция процесі шамалы өтеді, өйткені мұнда алюминий тотығы гидратының ұлпасы аз түзіледі. Мұндай жағдайда ұлпалардың жеткілікті мөлшерін түзу үшін суға сода немесе ізбест (жоюға болатын кермектілігін көбейту үшін) қосу керек. Коагулянт дозасын таңдаудың практикалық маңызы бар, өйткені коагулянттың дозасы жеткілікті болған кезде ұлпа аз түзіледі немесе суды түссіздендірудің эффектісі аз: коагулянттың артық болуы суға қышқыл дәм береді. Одан басқа ұлпаның түзілуі әсерінен судың одан әрмен лайлануы мүмкін.

 

 

СУДЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ

 

Суды қалған микрофлорадан тазарту үшін залалсыздандыру әдісін жүргізеді. Су құбырындағы суды залалсыздандыру үшін әртүрлі физикалық және химиялық әдістер қолданылады: ультрокүлгін және гамма сәулелендіру, хлорлау, озондау, күмістеу т.б. Ең оңай, арзан, көп таралған әдіс суды хлорлау. Хлорлаудың екі әдісі бар:

- суды хлордың қалыпты дозасымен хлорлау

- хлордың жоғары дозасымен хлорлау

Залалсыздандыруға қажет хлор мөлшері судың тазалығына, яғни судың органикалық заттармен ластануына, температурасына байланысты. Гигиеналық жағынан қалыпты дозамен хлорлау тиімді, өйткені хлордың аз мөлшері судың дәмі мен иісін көп өзгертпейді және хлор мөлшерін азайтуға талап етпейді.

Ереже бойынша, суды хлорлау үшін жаз айында хлордың сумен 30 мин, ал қыста 1 – 2 сағат байланыстында қалдық хлор мөлшері 0,3 – 0,4 мг/л болатындай мөлшері алынады. Бұл мөлшерді тәжірибелі хлорлау мен өңделген судағы қалдық хлорды анықтау жолымен белгілеуге болады. Суды хлорлауда газ тәрізді хлорды және хлорлы әкті қолданады. Хлорлы әк немесе ақ ізбест хлорлы кальцийдің және кальций гипохлоридінің қоспасы болып табылады:

СА (ОН)2 + СI2 = CACI2 + CAOCI2

Кальций гипохлориді сумен байланысқа түсіп хлорлы хлорлы қышқылды бөледі – НСIO. Бұл қосылыс тұрақты емес, сондықтан ыдыраған кезде бактериоцидті эффектісі бар молекулалық хлор мен атомаралық оттегі түзіледі. Бөлінген хлорды бос активті хлор деп қарастырады.

7. Сабақтың мақсаты:

1. Негізгі білім деңгейін бақылау (Қосымша 1).

2. Студенттің өздік жұмысы:

- судың химиялық құрамын анықтау (Қосымша 2).

- Судың кермектілігін анықтау (Қосымша 3).

- Коагулянт дозасын анықтау (Қосымша 4).

- 1 % хлор ерітіндісінде белсенді хлор мөлшерін анықтау (Қосымша 5)

- Суды хлорлау үшін 1 % хлорлы әк ерітіндісінің дозасын таңдау (Қосымша 6)

3. Студенттің оқытушымен жұмысы:

- өздік жұмысты талдау.

- жүргізілген зерттеулер нәтижесін талдау

4. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 7).

 

Қосымша 1.

Негізгі білім деңгейін бақылау.

1. Температура, иісі, дәмі судың қандай қасиеттерін көрсетеді:

А. + органолептикалық

Б. – химиялық

В. – эпидемиологиялық

Г. – микробиологиялық

Д. – санитарлық – гигиеналық

2. Микробиологяилық көрсеткіштерді көрсет:

А. + коли - титр

Б. + коли – индекс

В. –Хлебников саны

Г. +жалпы микроб саны

Д. – оттегінің көлемі

3.Сумен қамтамасыздандыру жүйелерін ата:

А)

Б)

4.Ауыз сапасын келесі талаптарға жауап беруі қажет:

А) органолептикалық қасиеті жағынан оңтайлы

Б) жоғары деңгейде минералданған

В) эпидемиологиялық қауіпсіз

Г) радиологиялық қауіпсіз

Д) химиялық құрамы тұрақты

5.Судың органолептикалық қасиеттерін көрсет:

А) иісі

Б) түсі

В) тұтқырлығы

Г) дәмі

Д) мөлдірлігі

6.Ауыз судың иісі қалай бағаланады:

А) шкаламен

Б) температурамен

В) балмен

Г) градуспен

Д) процентепен

7.Толық санитарлық анализ жүргізу үшін судан қанша көлемде сынама алынады.

А) 1 л

Б) 2 л

В) 3 л

8.Су сынамасында химиялық зерттеу кезінде аммиактың болуы нені көрсетеді:

А) судың жаңадан ластануын

Б) судың бұрыннан ластануын

В) судың үнемі ластануын

Г) судың ластануының тоқтағандығын

Д) судың зияндылығын

9.Судың кермектілігінің түрлерін көрсет:

А) жалпы

Б) карбанатты

В) жоюға болатын

Г) меншікті

Д) тұрақты

10. Ауыз судың құрамындағы нитриттердің рұқсат етілген көлемі:

А) 2 мг/л

Б) 4 мг/л

В) 6 мг/л

Г) 8 мг/л

Д) 10 мг/л

11.Сульфаттардың судағы мөлшері қанша болады:

А) 100 мг/л

Б) 200 мг/л

В) 300 мг/л

Г) 400 мг/л

Д) 500 мг/л

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 1586. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия