Студопедия — Елді мекен топырағының санитарлық жағдайы және елді мекендерді санитарлық тазалау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Елді мекен топырағының санитарлық жағдайы және елді мекендерді санитарлық тазалау.






Елді мекендерді санитарлық тазалау дегеніміз – тұрғындардың денсаулығын қорғауға және оңтайлы өмір сүру жағдайын тұдыруға бағытталған жоспарлы – санитарлық, санитарлық – техникалық және шаруашылық шараларының кешені.

Елді мекендерді тазартуға қоқыстарды жинау, шығару, залалсыздандыру және өтелдеу жатады. Қоқыстардың түрлері: қатты және сұйық, газ тәріздес болады. Сұйық қоқыстарды тазартудың екі жүйесі бар: шығару (ассенизациялық) және ағызу (канализациялық).

Канализацияланбаған елді мекендердің сұйық қалдықтары қазылған орға (әжетхана және жуынды құятын) жинақталады, ассенизатор машиналары арқылы шығарылады да топырақ әдісі арқылы залалсыздандырылады (ассенизация және көму алаңдары).

Канализацияланбаған елді мекендерде люфт - клозет дәретханасын пайдалану тиімді. Себебі, оның желдеткіш каналы арқылы ауа сыртқа шығып, иісі қолайсыз жағдай тудырмайды. Көбіне люфт – клозеттарды мектеп, дәріхана, аурухана, балалар мекемелерде және тұрғын үйлерде орналастыруға ұсыныстар беріледі. Ал сұйықтар ассенизаторлар арқылы тасымалданып, топырақ әдісі арқылы залалсыздандырылады.

 

Канализация жүйесінің құрылымы:

1. ластарды қабылдағыштар;

2. канализация құбырының торабы;

3. қарау құдықтары;

4. тазалау құрылымдары;

Канализация жүйесінің түрлері:

1. тұрмыстық – шаруашылық;

2. өндірістік;

3. ағынды сулар (атмосфералық жауын – шашындар, еріген қар сулары)

Көбіне, барлық канализация жүйесінің бірге жұмыс істегені ұтымды болады. Кей жағдайларда бөлек жұмыс жасай алады. Канализациондық құбырлар арқылы сұйық қалдықтар елді мекендерден тыс орналасқан тазалау құрылымдарына жіберіледі. Тазалау құрылымдарында сұйық қалдықтар механикалық, биологиялық тазартуға ұшырайды.

Тазалау жұмысының негізгі міндеті су тоғандарына немесе сүзу алаңдарына жіберілетін қалдық сулар су көзіне және топыраққа, жалпы қоршаған ортаға қауіп тудырмау.

Іркінді суларды механикалық тазалау – ауыз судың сапасын жақсарту әдісінен де күрделі өтеді. Жүргізу жолдары:

1. тор.

2. құмұстағыштар.

3. тұндырғыштар.

Бұл жолдан өткенде іркінді сулар минералды және органикалық заттардан тазаланады.

Биологиялық әдіс арқылы еріген және коллоидты органикалық заттардың залалсыздандырылуы жүреді. Биологиялық әдістің 2 түрі бар: жасанды (биосүзгіштер, аэросүзгіштер, аэротенктер), табиғи (сүзу және суландыру алаңдары).

Адамның іс - әрекетінің салдарынан жиналатын қатты қоқыстарды жинау және шығарудың бакты, баксыз түрлері болады.

Бакты түрі алмастыралмайтын және алмастырылатын жүйемен орындалады.

Алмастырылмайтын жүйеде қоқыс жинағыштағы қалдықтарды тасымалдаушы жинағышқа босатады да, орнына құяды.

Алмастырылатын – қоқыс жинағышты қоқыстармен алып кетеді де, құралды залалсыздандырады, жуады.

Баксыз жүйе – канализацияланбаған елді мекендерден арнайы транспорт көмегімен қатты қоқыстарды жинау.

Қатты қалдықтардың түрлері:

 

1. Үй қалдықтары.

2. Көше қалдықтары.

3. Өндірістік қалдықтар: - қоғамдық тамақтану мекемелері

- өнеркәсіп мекемелері

4. Навоз (қи).

5. Мал өлекселері.

6. Құрылыс қалдықтары.

7. Емдік – профилактикалық мекемелер қалдықтары.

Қатты қоқыстарды тазалау кезеңдері:

1. Жинау.

2. Шығару.

3. Залалсыздандыружәне өтелдеу.

 

Жинау – күнделікті әр үйден шығарылатын қалдықтарды қоқыс жинағыштарға жинау. Шығару – қоқыс тасымалдаушы көліктердің көмегімен жүргізіледі.

Қалдықтарды залалсыздандыру және өтелдеу әдістері:

1. өтелдеу (биотермиялық).

2. жою (көму, өртеу т.б.).

Өтелдеу әдісі: а) биотермиялық: компостау, көшетханаларда көму, өртеу. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру алаңдарында қазылған жерге 15 см қоқыс – 15 см топырақ салу арқылы компост алаңын құрады да, уақыт өткен соң оны егін алаңы ретінде пайдаланады.

б) кейбір елді мекендерде қоқыстарды сорттау станциялары жұмыс істейді. Қоқыс қабылданады, теріледі, өтелдеуге келетін қалдықтарды зауыттарға өткізді, органикалық қалдықтар жерге көміледі, қолданылмайтын қалдықтарды өртеп, оның температурасын технологиялық процестерде пайдаланады.

Тұрмыстық қатты қоқыстарды залалсыздандыру технологиясы бойынша мына түрлерге бөлінеді:

а) биологиялық әдіс – көму компост алаңы; өндеуші ролді микроорганизмдер атқарады.

ә) термиялық әдіс: 1. Қоқыстарды жағу – 900 – 1000 0 С – та арнайы қоқыс жағатын станцияларда жүргізіледі.

2. Пиролиз – қатты тұрмыстық қалдықтарды жоғары температуралы реакторларда жағу арқылы өтеді.

б) механикалық әдістер – топыраққа, шахталарға, карьерлерде көму.

в) Химиялық әдістер – гидролиз процесіне негізделген.

Пиролиз әдісінің ерекшелігі ол 2 сатыда өтеді:

1 саты – жанғыш газ немесе қара май (мазут) алынады;

2 саты – қоқыстарды жаққанда пайда болатын температурасын пайдалану.

Осыған орай, қалдықтарды залалсыздандырудың топырақтық және техникалық әдістері бар деуге болады. Топырақтағы химиялық заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) мен шамамен алынған рұқсатталатын концентрация.

Топырақтың ластану қауіпсіздігінің негізгі критериі болып табылады.

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бақылау (Қосымша 1).

2. Студенттің өздік жұмысы:

- Топырақтан үлгі алу әдістемесі (Қосымша 2).

- Топырақтың «санитарлық санын» анықтау (Қосымша 3).

- Су ағындысын дайындау және оны талдау (Қосымша 4).

- Топырақты гельминтологиялық зерттеу әдістемесі (Қосымша 5)

3. Студенттің оқытушымен жұмысы:

- өздік жұмысты талдау.

- жүргізілген зерттеулер нәтижесін талдау

4. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 6).

8.Сабақ бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

негізгі:

  1. Румянцев Г.И. Общая гигиена, М.,Медицина, 1985.
  2. Румянцев Г.И. Руководство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1985.
  3. А.М. Большаков Руководство к практическим занятиям по гигиене. М.,Медицина, 1987.
  4. Лекционный материал.

қосымша:

  1. Д. А. Зильбер и др. Гигиена. Медицина, М.: 1977, 30 – 46.
  2. Руководящие материалы по организации фармацевтического дела. Алматы, 1976.
  3. К.У.Умбаев, А.К. Джанбабаев и соавт. Сборник материалов в помощь практическим работникам здравоохранения, Алматы;1975.
  4. СниП Хозрасчетные аптеки. 1978.
  5. Государственная фармокопея. (Издание XI)
  6. Организация и экономика фармации, учебник под ред. Крикова М., 1983.

- 13 -

  1. Сборник нормативных актов по аптечной службе. Медицина., М., 1977.
  2. Приказ Минздарава СССР № 79 от 25.11.97. Инструкция. По санитарному контролю воздуха аптек.
  3. Минх А.А. Методы гигиенических исследований. М.,Медицина.1967г.






Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2941. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия