Студопедия — Ажырату диагностикасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ажырату диагностикасы






Асқазан және он екі елі ішек жара ауруының перфорациясы.

Аппендициттен айырмашылығы эпигастральды аймақта қатты ауырсыну, алдыңғы құрсақ қуысы бұлшықеттерінің «тақтай» тәрізді қатып қалуы, эпигастральды аймақтың оң жақ қабырға астын пальпациялағанда қатты ауырғандық байқалады. Рентгенологиялық немесе перкуторлы құрсақ қуысында бос газдың барын байқауға болады. Перфорациядан кейінгі алғашқы сағаттарда науқастың дене қызуы қалыпты болады. Перфоративті жара кезінде Щеткин – Блюмберг симптомы эпигастральды аймақ пен оң жақ қабырға астында жақсы анықталады.

Жедел холецистит

Аппендициттен айырмашылығы оң жақ қабырға астындағы ауырсынумен және де оның иррадиациясы оң жақ иыққа, жауырынға, жеңілдік әкелмейтін өт аралас құсықпен сипатталады. Пальпация кезінде іштегі ауырғандық, бұлшықеттердің құрысуы және Щеткин – Блюмберг симптомы оң жақ қабырға астында анықталады. Пальпация арқылы үлкейген, қатайған өт қапшығын анықтауға болады. Науқастың дене қызуы аппендицитке қарағанда жедел холециститте жоғары болады. Егер де жедел аппендицит кезінде құрт тәрізді өсінді бауыр астында орналасса, жедел холециститтен ажырату өте қиын. Бұл жағдайда лапароскопия көмектеседі.

Жедел панкреатит

Оны аппендициттен ажырату өте қиын. Жедел панкретит кезінде көп ретті құсық, ауырғандық эпигастрий аймағында орналасады, және осы жерде пальциялағанда қатты ауырғандық, іш бұлшықеттерінің айқын құрысуы байқалады. Дене қызуы қалыпты. Панкреатитке тән белгі ішек парезіне байланысты іштің үлкеюі мүмкін. Рентгенологиялық зерттеуде газбен толған көлденең ішек көрінеді. Сол жақ қабырға - омыртқа бұрышын басқан кездегі ауырғандық – жедел панкреатитке тән симптом. Қан мен зәрдегі диастаз деңгейін анықтау диагнозды нақтылайды, оның жоғары болуы жедел панкреатиттің патогномды симптомы.

Крон ауруы (мықын ішектің терминальды бөлігінің бейспецификалық қабынуы) және Меккель дивертикуласының қабынуы жедел аппендицитке тән клиника беруі мүмкін, бұл ауруларды операцияға дейін ажырату қиын. Егер операция кезінде клиникасы айқын болғанмен құрт тәрізді өсіндінің қабынуы байқалмаса, Крон ауруы мен Меккель дивертикуласының қабынуын өткізіп алмау үшін мықын ішегінің аймағын 1 м-ге дейін қарау керек.

Жедел ішек бітелуін аппендициттен ажырату, егер ащы ішектің соқыр ішекке қарай инвагинациясы болса, ол жиі балаларда кездеседі. Бұндай жағдайда толғақ тәрізді ауралар, іш бұлшықеттері қатаймаған, ал құрсақ қуысын тітіркендіру симптомы айқын емес. Ішті пальпациялағанда аздап ауыратын қозғалыс – инвагинитті анықтауға болады. Оған қоса ішек бітелуінің айқын көрінісі – іштің үруі, нәжіс пен газдың өтпеуі, ішті перкуссиялағанда тимпанит анықталады. Жиі тік ішектен қан аралас шырыш анықталады.

Жедел аднексит

Жедел аппендицитпен ажырату кезінде қиыншылықтар тудыруы мүмкін. Жедел аднекситке бел мен аралыққа таралатын іштің төмеңгі бөлігінің ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы тән. Сұрастыру кезінде әйел жыныс мүшесі жағынан қабыну ауруларын, етеккірдің бұзылысын анықтауға болады. Пальпация кезінде іштің төмеңгі бөлігінің ауырғандығын, яғни шаптан жоғары екі жағынан (құрт тәрізді өсіндінің кіші жамбаста болуы тән), бірақ құрсақ бұлшықеттерінің қатаюы болмайды. Ажырату диагностикасына маңызды зерттеу, ол барлық жедел аппендицитке күмән туғызатын әйелдерді қынап арқылы және тік ішек арқылы қарау. Бұл кезде жатыр қосалқыларының ауырғандығын, тіндердің инфильтрациясын, жатыр мойнын басқандағы ауырғандықты анықтауға болады. Жыныс жолдарынан ағатын патологиялық бөлініс жедел аднекситтің көрсеткіші болып табылады.

Жатырдан тыс жүктілік.

Жедел аппендициттен айырмашылығы сұрастыра бастағаннан – ақ, етеккірінің тоқтап қалғанымен немесе соңғы етеккірінің өзгерісіне (ұйыған қан, етеккірдің ұзақ келуі) шағымданады. Аралық пен тік ішекке таралатын іштің төмеңгі бөлігінің өткінші ауырғандығы, жүрек айну, құсу, талып қалу сияқты көріністермен сипатталады. Пальпация кезінде іштің төмеңгі жағының ауырсынуы, құрсақ бұлшықеттерінің қатаймағандығы анықталады. Құрсақ қуысына қан кеткенде әлсіздік, тері жамылғысының бозаруы, тахикардия, АҚҚ төмендеуі, қандағы гемоглобин мен гемотокрит деңгейінің төмендегенін байқауға болады. Қынап арқылы тексергенде жатыр мойнын басқанда ауырғандық байқалады. Тік ішек арқылы қарағанда кіші жамбасқа қан жиналғандығына байланысты тік ішектің алдыңғы қабырғасының салбырап тұрғандығы байқалады. Аналық безінің бұзылуы кезінде де жатырдан тыс жүктілік сияқты көрініс береді.

Бүйректас ауруы. Бүйректік колика тудырады, бұны құрт тәрізді өсіндінің ретроцекальды орналасуындағы жедел аппендицитпен ажырату қажет. Бүйрек коликасына тән сыртқы жыныс мүшелеріне және бөксенің алдыңғы ішкі бетіне таралатын бел аймағындағы ұстама тәрізді күшейе түсетін ауырғандық, зәр шығару жиілейтін белгілер. Науқасты қарағанда Пастернацкий симптомының оң болуы, құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің аз немесе мүлдем қатаймауы. Зәрде эритроциттердің өзгерістері анықталады. Диагнозды нақтылау үшін хромоцистоскопия және Лорин-Эпштейн сынамасын жүргізеді. Бүйрек коликасы кезінде хромоцистоскопия оң жақ несепағардан боялған несептің шығуының қиындығын анықтайды, бұл жедел аппендицитте болмайды. Оң жақ шап өзегіне бірнеше мл новокаинді енгізгенде (Лорин-Эпштейн сынамасы) бүйрек коликасының ұстамасын тез басады.

Мезентериальды лимфаденит (ащы ішек шажырқайының лимфа түйіндерінің қабынуы). Кейде жедел аппендицитке тән клиникалық көрініс береді. Балалар мен жас адамдарда кездеседі. Дене қызуының жоғарылауына жақында жедел респираторлы аурумен ауырғандығын айтады. Жедел аппендициттен айырмашылығы ішті пальпациялағанда ащы ішек шажырқайының жабысқан жері ауырады.

Плеврит және оң жақ бөліктік пневмония.

Диагностикалық қателіктердің себептерінен балаларда іштегі ауырғандық пен құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюынан болады. Науқасты ұқыпты қарау мен өкпені физикальды зерттеу нәтижесінде диагностикалық қателікті жоямыз. Плевропневмония кезінде жөтел, ентікпе, еріннің цианозы,өкпесінде сырылдар, кейде плевра үйкеліс шуы пайда болады.

Миакард инфарктісі кезінде ауырғандық іштің жоғарғы бөлігінде пайда болады. Құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің қатаюы аз немесе мүлдем болмайды.

Жедел гастроэнтерит немесе дизентерия

Жедел аппендициттен айырмашылығы іштің толғақ тәрізді ауырғандығы, көп рет тамақ аралас құсық, іш кету. Науқас жағымсыз тамақ ішкенін айтады. Ішті пальпациялағанда ауырсынуы қатты жер анықталмайды, құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы жоқ, құрсақ тітіркендіру симптомы анықталмайды. Қан анализінде лейкоциттер саны қалыпты.

Геморрагиялық капилляротоксикоз (Шенлейн-Генох ауруы)

Құрсақ қуысы мүшелерінің серозды қабықшасында ұсақ қан құйылулар пайда болады. Бұл нақты орналаспаған іштегі ауырсыну тудырады. Геморрагия көп болса дененің терісі мен аяқ-қолда байқалады.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 923. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия