Студопедия — Принциптер.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Принциптер.






Принциптер.

Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-да TQM-ның негізгі принциптері қолданылған (мысалы, жүйелік басқару, жетекшілердің рөлі, фактілерге негізделген шешімдер қабылдау, жұмысшыларды тарту). Сапаны басқару әдістерін дайындау мен дамыту бойынша кәсіпорынның мақсаттары 50-жылдары туындай бастаған.

Бұл

· АӨД (ақаусыз өнім дайындау) жұмыстарын алғаш жүйеге келтірген Саратов машина жасаушылары.

· Содан кейін оның өзгертілген львовтық түрлері АЕЖ (ақаусыз еңбек жүйесі) жарық көрді,

· КАНАРСПИ (сапа, сенімділік, бірінші ұсыныстан кейінгі ресурс) горкийлік жүйесі,

· ярославльдік жүйесі НОРМ (моторесурсты көтеру бойынша жұмыстардың ғылыми ұйымы),

· КС УКП (өнім сапасын кешенді басқару жүйесі) құрылды.

 

КС УКП КСРО Мемстандартының ҒЗИ жүйесімен бірге ярославтік кәсіпорынның жанында, ғылыми-тәжірибелік эксперимент нәтижесінде құрылған жүйе. Бұл жүйе бұрынғы КСРО-дағы өнеркәсіптердің көптеген салаларында сапаны басқарудың базасына айналды.

Егер мекеме бірыңғай жүйе ретінде қарастырылса, онда менеджменттің бүкіл жүйесі жақсы жұмыс істейтіні дәлелденген. Бұл жағдайда іс-әрекеттің әсерлілігін жоғарылату үшін және процестерді оптимизациялау үшін TQM-нің негізгі принциптерін орындау қажет.

 

1. Мекеменің тапсырушыға бағдары

· Мекеме толықтай өзінің тапсырушыларына тәуелді болады, сондықтан тапсырушының қажеттіліктерін түсіну,

· оның талаптарын орындау және үмітін ақтауға тырысу қажет.

· Тіпті, минималды талаптарға жауап беретін сапа жүйесі де ең алдымен, тұтынушы талаптарына бағытталуы тиіс.

· Клиент сұраныстарына бағытталудың жүйелік әрекеті тапсырушылардың шағымдары мен арыздарын жинап, талдаудан басталады.

Шағымдар мен арыздарды талдаудың тәжірибесін көптеген сапа жүйесі белгіленбеген ұйымдар жүргізеді. Бірақ TQM-ді қолдану шарттарында ақпарат бірнеше мәліметтер көзінен жүйелі түрде түсіп, нарық немесе нақты тапсырушының сұраныстары мен тілектеріне қатысты нақты және негізделген қорытындылар алуға мүмкіндік беретін процесте интеграциялануы тиіс.

Өз шеңберінде TQM жүйесін енгізетін ұйымдарда барлық ақпараттар мен мәліметтер мекеме ішінде толығымен таралуы керек. Қазіргі жағдайда мекеменің іс-әрекетін тұтынушылық бағалауды анықтауға және мекеменің тапсырушыларды қанағаттандыра алу деңгейін өзгертуге бағытталған процестер енгізіледі.

 

2. Басшылықтың жетекшілік рөлі

Мекеме басшылары бірыңғай мақсаттар мен іс-әрекеттің негізгі бағыттарын, сондай-ақ оларды іске асыру тәсілдерін бекітеді.

· Олар мекеме ішінде қызметкерлер қойылған мақсаттарға қол жеткізу процесіне максималды түрде жұмыс істейтіндей микроклимат жасауы тиіс.

· Қызметтің кез келген бағытында максималды өндірістілік деңгейін алу және тапсырушылардың сұраныстарын толығымен қанағаттандыру бойынша барлық процестердің құрылуына кепілдік берілетін басшылық қамтамасыз етіледі.

· Мақсаттар қою және олардың басшылық жағынан орындалу талдауы,

· сапа бойынша жоспарлар мекеме дамуының стратегиялық жоспарына енгізілуі

сияқты, басшылық әрекетінің тұрақты құраушысы болуы керек.

 

3. Қызметкерлерді тарту

Ең жоғарғы басшылықтан жұмысшыға дейінгі бүкіл персонал сапаны басқару бойынша жұмыстардың барлығына қатысуы керек. Персонал мекеменің ең үлкен байлығы ретінде қарастырылады және оның барлық шығармашылық потенциалын максималды пайдалану үшін барлық жағдайлар жасалады.

· Ұйым мақсаттарын іске асыру процесіне қатысатын қызметкерлердің оларға берілген міндеттерді орындау үшін сәйкес біліктілігі болуы керек.

· Сондай-ақ мекеме басшылығы жеке қызметкерлердің мақсаттары мекеменің мақсаттарына максималды түрде жақын болуын қадағалау керек.

· Бұл жерде қызметкерлерді материалдық және моральдық жағынан қолдау үлкен рөл атқарады.

· Мекеме персоналы командадағы жұмыс әдістерін игеруі керек.

· Тұрақты жақсару бойынша жұмыстар сәйкесінше ұйымдастырылып, топтастырылып жүргізіледі.

· Сонымен бірге команда жұмысының жиынтық нәтижесі жеке орындаушылар жұмысының нәтижесінен едәуір жоғары тұруға қол жеткізілуі қажет.

 

4. Процестік әрекеттер

Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сәйкес ресурстар мен іс-әрекеттерді процесс ретінде қарастыру керек.

Кәсіпорынның процестік моделі көптеген бизнес-процестерден құралады. Олардың қатысушылары құрылымдық бөлімшелер мен кәсіпорынның ұйымдық құрылымының қызметтік тұлғалары болып табылады.

Бизнес-процесс дегеніміз мекеме, тұтынушы, клиент немесе тапсырушы үшін құнды болып табылатын нәтижені бірге жасайтын әрекеттердің бірнеше түрлерінің жиынтығы.

Әдетте, тәжірибеде бизнес-процестің:

- өнім өндірісі немесе қызмет көрсету бойынша кәсіпорынның ағымдық әрекетінің функцияларының орындалуы жүзеге асырылатын негізгі бизнес-процесс;

- ұйымның өндірістік және басқарушы әрекеті қамтамасыз етілетін қызмет көрсетуші бизнес-процесс түрлері қолданылады.

Бизнес-процестер бизнес-функциялардың орындалуы арқылы іске асырылады.

Процестік әрекеттерді қолдану кезінде кәсіпорынды басқару құрылымы:

- әрбір бизнес-процесс шеңберінде басқару;

- бүкіл ұйымдық деңгейдегі бизнес-процестердің тобын басқару деңгейлерінде қарастырылады.

 

Жеке бизнес-процесс пен бизнес-процестер тобын басқарудың негізі әсерлілік көрсеткіштері болып табылады. Оларға:

- бизнес-процесті жүзеге асыруға кеткен шығындар;

- бизнес-процесті жүзеге асыруға кеткен уақытты есептеу;

- бизнес-процестің сапа көрсеткіштері кіреді.

 

Процестік әрекеттерді тереңірек түсіндіру үшін Деминг-Шухарттың «Plan-Do-Check-Act» (PDCA) циклін қолдану қажет, яғни бұл – жоспарлау жүзеге асыру-тексеру-әрекет.

Бұл циклді қолдану ұйым жұмысының әсерлілігін көтеруге бағытталған процестерді үздіксіз жақсарту процесін нақты іске асыруға мүмкіндік береді.

Процестік әрекет негізінде мекеме жоспарлау, өнім немесе қызмет өндірісі және оны жеткізу процестерін анықтауы қажет. Процестерді басқару арқылы тапсырушылардың сұраныстарын қанағаттандырады. Нәтижесінде процесс нәтижелерін басқару процестің өзін басқаруға өтеді. Сондай-ақ ИСО 9001 бірқатар басқа процестерді енгізуді ұсынады (басшылық жағынан талдау жүргізу, түзетуші және ескертуші әрекеттер, сапа жүйесінің ішкі тексеруі, т.б.).

TQM-нің келесі сатысы әрбір бөлінген процесте ресурстарды пайдаланудың оптимизациясы болып табылады. Бұл әрбір ресурс түрінің пайдалануын қатаң бақылау және өнім өндірісі немесе қызмет көрсету шығындарын азайту мүмкіндіктерін іздеу жұмыстары арқылы түсіндіріледі.

 

5. Басқарудың жүйелік әрекеті

TQM принциптеріне сәйкес мекеме іс-әрекетінің нәтижелілігі мен әсерлілігі өзара байланысқан жүйені құру, қамтамасыз ету және басқару процестерінің көмегімен жоғарылайды. Бұл мекеменің өнім немесе қызметтің тапсырушы сұранысына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін процестері мен өнім немесе қызметті жасау процестерінің бірлесуіне ұмтылу қажеттігін білдіреді.

Басқарудың жүйелік әрекеті кезінде сапа жөніндегі стратегиялық жоспарлар мен интеграцияланған жоспарларды дайындау үшін тапсырушымен қайта байланысты толықтай пайдалану мүмкін болады.

 

6. Тұрақты жақсару

Бұл аймақта мекеме тек пайда болған мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен бірге басшылықтың мұқият талдауынан кейін қажетті түзетуші және ескертуші әрекеттерді орындауы қажет.

Мақсаттар мен тапсырмалар тапсырушының қанағаттану деңгейін бағалау нәтижелеріне (қайта байланыс арқылы алынған нәтиже) және мекеме әрекеттерінің көрсеткіштеріне негізделеді. Бұл процестегі жақсартуларға басшылықтың қатысуымен, сондай-ақ қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті барлық ресурстарды қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

 

 

7. Фактілерге негізделген шешімдер қабылдау әрекеттері.

Әсерлі шешімдер тек нақты деректерге негізделеді. Мұндай деректердің негізгі көзі сапа жүйесін ішкі тексеру, түзетуші және ескертуші іс-әрекеттер, тапсырушылардың арыздары мен шағымдары, т.б. нәтижелері болып табылады. Сондай-ақ ақпаратттар мекеме қызметкерлерінен түсетін және өндірістілікті көтеріп, шығындарды азайту және т.б. бағытталған ұсыныстар мен идеялардың талдауына негізделеді.

8. Жеткізушілермен қарым-қатынас.

Мекеме өзінің жеткізушілермен тығыз байланыста болғандықтан, олармен ары қарай әрекет жасау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатымен өзара табысты қатынастар орнатқан дұрыс. Бұл сатыда бірлесіп еңбек етудің барлық сатыларында жеткізушінің орындауы міндетті құжатталған процедуралар орнатылады.

TQM жүйесін табысты енгізу үшін жобалау сатысында өнім сапасын көтеруге және оны дайындау бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін кейбір ғылыми әдістерді игеру қажет. Негізінен бұл әдістер тұтынушының максималды талаптарына және осы тапсырманы шешу әдістері мен құралдарын жасау талаптарына сәйкес өнім немесе қызметті жасау тапсырмасының талдауы қызметін атқарады. Оған өнімді дайындау кезіндегі технологиялық талаптарды жасау, азайту мақсатымен бұйым құнының бағасы, бұйым конструкциясы мен оның жұмыс істеу принциптерін дайындау процесттері жатады.

 

ИСО 9000 сериялы сапа жүйесінің халықаралық стандарттары

Сапаны басқарудың халықаралық тәжірибесі 1987 жылдың наурызында Стандарттау бойынша Халықаралық ұйым қабылдаған ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар жиынтығында белгіленген. 1994 жылы стандарттардың осы сериясының екінші басылымы шықты, 2000 жылы үшінші стандарттар, 2008 жылы төртінші стандарттар сериясының басылымы қабылданды.

Стандарттау бойынша халықаралық ұйымы стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылады. Халықаралық стандарттарды дайындау ең алдымен, халықаралық сауданы дамытуға, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталады. Сондай-ақ кәсіпорынның сапа жүйесінің стандарттары (9000 сериялы) өндірушілерген деген сенімділікті орнатады, кәсіпорынның іс-әрекеттерін реттеуге, бизнесті әсерлі дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл стандарттың негізгі мәні неде? ИСО-9000 сериялы стандарттары кез келген кәсіпорында қандай да бір деңгейде міндетті орындалатын әрекеттерге бағытталуын қамтитын (келісім шартты талдау, құжаттамаларды енгізу, шығарылатын өнімді бақылау) талаптар жиынтығы болып табылады. Бірақ бұл шаралар жүйесіз, эпизодты түрде жүргізіледі. Ал стандарттар осы әрекеттердің жүйелік негізде, құжатталған процедуралар негізінде орындалуын, нәтижені тіркеуді талап етеді.

Бұл стандарттардың ерекшелігі сәйкестікке ерікті қабылдануы болып табылады, яғни өндіруші ИСО-9000 стандарттарына сәйкес немесе сәйкес емес түрде сапа жүйесін құру туралы шешімді өзі қабылдайды. Мұндай шешімнен кейін сол стандарттардың талаптарын орындау міндетті болып табылады. Көбінесе, кәсіпорын басшысы сапа жүйесін тапсырушы талабына қарай енгізеді, яғни, тапсырыс перспективасы тиімді болып, бірақ келісімшарт жасау шарты сертификатталған сапа жүйесі болып табылса, кәсіпорын стандарттың талаптарын қолданбайды. Ерікті сертификаттау тек қандай да бір талапқа сәйкестікті анықтау үшін қолданылады. Осы мақсаттар үшін ИСО-9000 стандарттары енгізіледі. ИСО-9000 сериялы стандарттарын әрекет ету саласына, жеке меншік формасына, кәсіпорынның көлеміне тәуелсіз кез келген кәсіпорындарға қолдануға болады.

ИСО-9000 талаптары нақты жасалуы керек жұмыстарға негізделеді. Кәсіорын жұмыстың қалай жасалып, бекітілетінін өзі анықтайды. Сапа бойынша құжатталған процедуралар мен жазбалардың болуы туралы талаптар көбінесе, жұмысты қайтадан жасау керектігін қажет етеді. Стандарттарда тәжірибені, кәсіпорын дәстүрлерін ескеру мүмкіндіктері бойынша жалпы талаптар мен ұсыныстар ғана бар. Мысалы, 6.2.2-п е) ИСО-9001:2000 «мекеме персоналға білім беру, дайындау, оның тәжірибелері мен дағдылары туралы сәйкес жазбаларды жұмыс күйінде ұстауы керек». Кәсіпорын мұндай жазбаларды қызметкерлерінің жеке ісі түрінде, кадрлар бөліміндегі карточкалар түрінде пайдалана алады.

Бұл стандарттың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның әмбебаптылығы, яғни барлық іс-әрекет түріне принципті пайдаланылуы болып табылады. ИСО-9000 стандарттары кәсіпорын қандай өнім шығаратынына немесе қандай қызмет көрсететініне тәуелсіз сапа кепілдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы сәйкес болатын минималды талаптардан тұрады. Егер сапаны басқару жүйесі көрсетілген стандарттар талаптарына сәйкес келсе, онда қазіргі кезде бұл өнімді шығару немесе талап етілген сапада қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге кәсіпорынның қабілеттілігінің дәлелі ретінде қабылданады.

ИСО-9000 халықаралық стандарттарының тағы бір ерекшелігі оның мекеме басшысының сапа үшін жауапкершілік деңгейін бекітуі болып табылады. Кәсіпорын басшылығы сапа аумағындағы саясатты жасауға, сапаны басқару жүйесін дайындау, енгізу және функциялау жұмыстарына жауап береді. Ол нақты анықталып, құжат түрінде рәсімделуі қажет. Басшылықтың міндеттеріне өндірістік, бақылау-өлшеу және сынау құрылғыларына арналған, сондай-ақ компьютерлік техниканы программалық қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды бөлу және мамандарды іріктеп алу жатады. Басшылық компетенцияның талап етілген деңгейін орнатуы керек және персоналдың біліктілігін көтерудің уақыттылығын қадағалауы қажет. Ұйым басшыларына тауардың нарықтық тұрақтылығына әсер ететін сапа көрсеткіштерін шығару міндеті жүктеледі. Сонымен бірге ұйым басшылары жаңа тауарлар өндірісі немесе тұтынушыларға жаңа қызмет түрін көрсету түрлері шешімдерді алдын-ала анықтайтын мақсаттарға жауапты болады. Жаңа тауарларды шығару және жаңа қызмет түрлерін көрсету сапаның жаңа бағдарламасын дайындаумен байланысты, оған ұйым басшылығы жауапты.

ИСО 9000 Халықаралық стандартары Қазақстанда ҚР СТ ИСО 9000-2001 жеке стандарттар түрінде енгізіледі.

Сапаны қамтамасыз етудің жаңа жүйесінің негізгі міндеттері:

1. Операторлар сапа бойынша бақылау жүргізеді және есеп береді;

2. Мәселелерді ескертеді;

3. Түзетуші және ескертуші шараларды енгізу арқылы мәселелердің шығу себептерін іздейді;

4. Басшылықтың атқаратын рөлі –жоспарлау және персоналды үйрету;

5. Жұмыскер өз жұмысын тексереді және сынақ жүргізеді;

6. Жұмыскер өзінің технологиялық процестерін іздеп табады және бақылайды. Ол мынадай процестердің орындалуына қолдау болады:

-жауапкершіліктің артуына;

-оқиғаларды дұрыс түсінуге;

-өз жұмысын қанағаттану және оны мақтан тұтуға.

7. Ерекше көңіл бөлінеді:

-мәселелердің алдын алуды жоспарлауға;

-мәселе туындау себептерін анықтау және жоюға.

Стандарттардың үшінші басылымында олардың саны айтарлықтай қысқартылды.

ИСО 9001:2000 Сапа менеджменті жүйесі – Талаптар;

ИСО 9004:2000 Сапа менеджменті жүйесі –Іс-әрекеттерді жақсарту үшін ұсыныстар. Осы екі стандарт сапа менеджменті жүйесін енгізу мен дайындау үшін негізгі болып табылады.

ИСО 9000:2000 Сапа менеджменті жүйесі – Негізгі жағдайлар мен сөздік;

ИСО 10011:2000 Сапа жүйелерінің аудиті бойынша нұсқаулар.

2005 жылы ИСО 9000 стандарты қайта қаралды. 2008 жылы ИСО 9001 стандартына бірнеше өзгертулер енгізілді, қазіргі кезде ол өзгерістер ИСО 9001:2008 төртінші стандарт басылымында әрекет етеді. Өзгерістер мынадай мақсатпен енгізілді:

- ИСО 14001 стандартымен біршама толық келісімділікті қамтамасыз ету;

- Стандарттың кейбір жағдайларын түсіндіру;

- Пайдаланушылардың кейбір ұсыныстарын іске асыру, нақты емес пункттер мен ескертулерді жою.

ИСО 9004 стандарты 2009 жылдың аяғында қайта қаралды. Қазір ол «Табысқа жетуге арналған менеджмент. Сапа менеджменті негізіндегі әрекеттер» деп аталады. Стандартқа ескермеуге болатын өзгерістер енгізілді. Станарттың әрекет етуі толықтай кәсіпорын менеджменті бағытында түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта ИСО 9001:2008, ИСО 9004:2009, ИСО 9000:2005 стандарттары әрекет етеді.

ИСО 9000 стандартынан басқа қазіргі уақытта сапа менеджменті аумағында тағы 4 жүйе:

1. TL 9000 (телекоммуникация саласындағы талаптар),

2. AS 9100 (аэрокосмостық саладағы талаптар)

3. QS 9000 (автомобиль жасау саласындағы талаптар),

4. IRIS (теміржол көліктері саласындағы талаптар) қолданылады.

TL 9000 – ИО 9000 стандарттарының ең жаңа жүйесі, QuEST Forum ассоциациясы жасап шығарған. Стандарттардың берілген жүйесін жасап шығарудың себебі телекоммуникация индустриясы үшін ИСО 9000 стандартын кеңейту қажеттілігі болып табылады. TL 9000 жүйесіне қосымша сенімділік талаптары; программалық қамтамасыздандырудың өмірлік циклін басқару саласындағы талаптар (инсталляция және программалық қамтамасыздандырудың реттеулері сияқты мәселелер ИСО 9000 стандартында қарастырылмаған); тұтынушының жеткізушімен байланысын сақтау талаптары енгізілді.

AS 9100 – бұл американдық аэроғарыштық сапа тобы мен EN 9000-1 еуропалық стандарт жобасының бірлесуі арқылы жасап шығарылған стандарттар жүйесі. Қазіргі кезде Дженерал электрик, Хоувэлл, Ройлс-Ройс компаниялары өздерінің аэроғарыштық жеткізушілерінен AS 9100 стандарттарына сәйкестікті талап етеді.

QS 9000 – бұл автомобильдік компаниялар жасап шығарған стандарттар жүйесі. Қазіргі уақытта әлемдегі 13 мыңға жуық компаниялар QS 9000 стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификатын алған (оның 6 мыңға жуығы АҚШ-та).

IRIS – бұл теміржол көліктерінің сапа менеджменті саласында құрылған стандарт, 2006 жылы жасап шығарылған (International Railway Industry Standart). Ол теміржол кәсіпорындары үшін теміржол техникасын өндірушілер мен өнімді жеткізушілерге базалық жүйені анықтайтын халықаралық стандарт болып табылады.

ISO 14000 – бұл қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стандарттар жүйесі. Осы стандарт талаптарына сәйкестік сертификаттарының саны 111 мыңға жуық. Дженерал моторс және Форд компаниялары өз жеткізушілерінен олардың өнімдері ISO 14000 стандартының талаптарына сәйкес болуын талап ететін жариялады.

ИСО 9000 сериялы стандарттарының азық-түлік саласына бағытталуы үшін 2001 жылдың қараша айынан ИСО 15161-2001 «ИСО 9001:2000 стандартын азық-түлік өнеркәсібі мен сусындар өндірісінде пайдалану бойынша жетекші нұсқаулар» стандарты енгізілді. Өндірістің бұл саласында қазіргі уақытта «Тәуекелділіктер мен критикалық нүктелер талдауы – ХАССП (НАССР-Hazard analysis and critical control points)» салалық сапа бағдарламасы енгізіліп жатыр, ол АҚШ-та жасап шығарылған. Бұл бағдарлама сапа жүйесінің ИСО 9000 стандарттары негізінде ары қарай дамуы болып табылады. Содан кейін ХАССП талаптарына сәйкес келетін азық-түліктік кәсіпорындар сертификаттау бойынша ИСО 22000:2005 стандарты қабылданды.

2002 жылы ИСО комитеттері ИСО 19011 «Сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған орта аудиті бойынша жетекші нұсқаулар» стандартын дайындады және енгізді. Бұл стандарт сапа түсінігінің болашақтағы гуманизациясына бағытталған. Сапа мен экологиялық қауіпсіздік бірыңғай ұғымдарға айналды және осы екі критерий бойынша сертификаттау бірдей уақытта жүргізіледі.

2006 жылдың аяғына қарай ИСО 9000 сериялы стандарт талаптарына сапа жүйесінің сәйкестік сертификатын Қытайда 162 мыңға жуық, Ұлыбританияда 46 мыңға жуық, Италияда 105 мыңға жуық, Германияда 46 мыңға жуық, АҚШ-та 45 мыңға жуық, Жапонияда 80 мыңға жуық, Франция мен Оңтүстік Кореяда 25 мыңға жуық мекемелер мен фирмалар алды. 2009 жылы бүкіл әлемде барлығы 175 елге 1-млн-ға жуық сертификат берілді.

Сапа жүйесінің құжаттар құрылымы

 

Сапа менеджмент жүйесінің құжаттамасына мыналар кіреді:

1. Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар туралы өтініш;

Жоғары басшылық арқылы ресми құрылған сапа саласындағы мекеме іс-әрекетінің

жалпы ниеттері мен бағыттары. Ережеге сәйкес мақсаттар мынадай салаларға жатады:

· Жаңа техника мен технология;

· Өнімді жетілдіру немесе жаңа өнім;

· Тұтынушыларды қанағаттандыру және нарықты жаулап алу;

· Әлеуметтік мәселелер және персоналды қанағаттандыру;

· Жеткізушілер, қалдықтарды азайту, ресурстарды үнемдеу.

Жүйе тек декларация ғана болмауы керек, мақсаттар нақты, қол жетімді, тексерілген болуы керек. Барлық тізбектелген бағыттарды «Саясатқа» жатқызу қажет емес. Жоғары басшылық мүмкіндіктерді анықтауы керек, 3-4 мақсат қоюы тиіс, яғни басқа бағыттар бойынша ешқандай жұмыстар жасалмайды, тек «Саясатқа» жарияланған мақсаттар бірінші, біршама маңызды болып саналады. Жоғары басшылық міндетті «Саясатты» қолдап қана қоймай, шын мәнінде сол мақсаттарға қол жеткізуі керек.

 

2. Сапа бойынша басшылық. Барлық сапа жүйесін бүтіндей сипаттау.

Құрылым ИСО-9001 стандартының құрылымына немесе басшылық пен стандарт бөлімдерінің корреляциялық сәйкестік деңгейіне сәйкес болуы керек.

 

3. Халықаралық стандарт талап ететін құжатталған процедуралар

(құжаттандыру деңгейі, сипаттаудың тереңдігі мен толықтығы) мекеме көлемі мен әрекетінің түріне, процестердің өзара әрекеті мен күрделілігі, персоналдардың біліктілігіне тәуелді анықталады.

Құжаттарды басқару бойынша процедуралар

· сапа туралы жазбаларды басқару бойынша,

· ішкі тексерулерді жүргізу бойынша,

· сәйкес емес өнімді басқару бойынша,

· түзету әрекеттері бойынша процедуралар.

 

 

4. Мекемеге әсерлі жоспарлауды қамтамасыз ету үшін, процесттерді жүзеге

асыру және оларды басқару үшін қажетті құжаттар

· бөлімшелер туралы жағдайлар,

· қызметтік инструкциялар,

· регламенттер,

· технологиялық инструкциялар.

 

5. Сапа туралы жазбалар – бұл талап кәсіпорынның ерекшеліктерін, тәжірибені

және т.б. өте қатаң ескереді, яғни кәсіпорын жазбаларды қандай түрде жүргізу және сақтау керектігін өзі анықтайды. Кестеде ИСО-9000 стандартында талап етілетін жазбалардың барлық типтері үшін бірқатар мүмкін болатын нұсқалары келтірілген.

 

 

Сапа жүйесі мәселелерінің енгізілуі мен дамуы.

 

Сапа жүйесін енгізу кезінде объективті немесе субъективті сипаттағы мәселелер туындауы мүмкін. Олар төменде көрсетілген:

1. Кәсіпорын басшылығы ағымдық жұмыстармен, жоспарлар мен

келісімшарттарды орындаумен қолы босамайды. Сапа жүйесін жасау жұмыстармен жеке жұмыскерлер айналысады, ал олардың талаптары ескерілмейді, яғни бұл жұмыспен айналысуға уақыт жоқ, ең бастысы, жоспарды орындау керек. Мұндай мәселелерді шешу кезінде көптеген қағаздар толтырылып, сапа жүйесін дайындау жоспарлары жазылады, бірақ олар практикаға енгізілмейді. Басшылық сапа жүйесін енгізу кәсіпорын жұмыскерлерінің барлығына арналған жұмыс екенін түсінуі керек. Ол үнемі жүргізіп отыру тиіс.

 

2. Сапа жүйесін енгізуге өте үлкен сенім арту. Бұл процесс ұзақ әрі тұрақты болып

табылады. Ол бір уақытта кәсіпорынның барлық проблемаларын шеше алады. Сапа жүйесін дұрыс қолдана білу керек, оған күнделікті оқыту керек. Бұл бірден нәтиже бере салмайтын өте ұзақ жұмыс.

 

3. Жаңа енгізулерге деген негативті қатынас. Жұмыысқа кіріспестен бірден

мынадай қорытынды жасалады – бұдан ештеңе шықпайды.

 

4. Сапа жүйесін енгізуге қаржы қажеттілігі. Егер ақша болмаса, енгізетін де

ештеңе болмайды.

 

5. Персоналдың консервативті көңіл-күйі. Жақсы жұмыс істейміз, өнім

шығарамыз, оны бізден сатып алады. Оған өзгеріс енгізудің қажеті не? Барлығы бұрынғыдай қала берсін.

 

6. Ескерту немесе айыпталу қорқынышынан жұмыскерлердің өндіріс мәселелерін

шығаруға, оларды басшылыққа көрсетуге ниеттенбеуі.

Осы және басқа да мәселелер сапа жүйесін енгізу процесін айтарлықтай

тоқтатуы мүмкін. Негізгі мәселе жұмыскерлердің немқұрайдылығы мен инерттілігі болып табылады. Әдетте кез келген жаңалықтың алғашында практикаға енгізілуі қиын болады. Бірақ заманауи сапа жүйесін енгізу – бұл уақыттың талабы, заманауи өмірдің объективті сұранысы, кәсіпорынның жаңа сатыда жетілуінің негізгі шарты деп айтуға болады. Бұл мәселелерді міндетті түрде шешіп, игеру қажет.

 

Сапа жүйесін енгізу.

 

Сапа жүйесін табысты енгізудің бірінші және негізгі шарты жоғары басшылықтың үнемі қатысуы арқылы, жеке қызығушылығы арқылы ғана әсерлі сапа жүйесін құруға болатынын түсінуі болып табылады. Әсерлі сапа жүйесіне қол жеткізу үшін сапа жүйесі бойынша оқытусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бірақ жоғары басшылықтың тығыз жұмысына байланысты оқыту курсы қысқа болу керек.

Екінші маңызды шарты – өз кәсіпорынындағы қызметкерлерін сапа жүйесі бойынша дайындау. Себебі кеңесшілік фирмалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін біле алмайды. Сапа жүйесі бойынша оқытылған өз мамандары қолда бар құжаттарды талдап, қайта жасап, толықтырып, қайта қарай алады. Ал кеңесшілер барлығын қайта жасауды ұсынады. Мұндай жағдайда құжаттар жұмыс істемейді. Олардың «процесстерді идентификациялау», «сапа критерийлері», деген сияқты ұсыныстары әрине дұрыс, бірақ қатардағы орындаушылар үшін бұл үйреншікті емес, яғни, сапа жүйесін енгізу процесінде кеңесшілерді тартудың қажеті жоқ, олар тек бағыттаушы рөл атқаруы тиіс, ал жұмыстың барлығын жұмыскерлер істеуі тиіс. Егер директор өз қызметкерлерінің пікірін барлық уақытта құптамаса, онда кәсіпорын басшысы кеңесшілердің көмегін қажет етеді. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысы үшін жаңа адамның пікірі маңызды болып табылады.

Сапа жүйесін дайындауды ең алдымен, «Сапа бойынша жалпы жетекшілік» жазудан бастаған дұрыс, яғни жүйе құрылымын «жоғарыдан» бастау керек. Ол үшін «біздің кәсіпорында ИСО-9001 талаптарының әрқайсысы қалай орындалып жатыр?» деген сұраққа жауап беру керек. ИСО бойынша талап етілген әрбір бағыттағы жұмыстардың орындалуын сипаттау кезінде қолда бар құжаттарға немесе дайындалатын құжаттарға сілтеме жасау қажет, яғни сапа жүйесінің келесі деңгейінде қажетті құжаттар мен процестер анықталады.

Процедураларды дайындау. Негізіне процедураларды осы жұмыстарды атқаратын мамандар жазғаны дұрыс. Сонда процедуралар дәл, нақты болып жазылады. Адамға өзі ойлап тапқан нәрсесін орындаған оңай болады. Процедураларды дайындау мен сәйкестендіру процестері бөлімшелердегі өзара қатынас мәселелерін шығаруға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, процедуралар кім, не, қашан, қалай жасалған, орындалу қалай расталады, нәтиже қалай алынады деген сияқты сұрақтарға жауап беруі болып табылады. Сондықтан ол үшін сапа жүйесі процедураларын дайындау және шығару тәртібін, процедуралардың құрылымын анықтайтын жағдайды даярлау қажет.

Сапа жүйесін ішкі тексеру сапа жүйесін сертификаттаудың міндетті шарты болып табылады, яғни бүкіл бөлімшелер бойынша бір ішкі тексеру жүргізілуі керек. Тексеру әдістері, тексеру граффиктері, есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар (акт немесе хаттама формасы, сәйкессіздікті тіркеуге арналған формалар) құжатталған процедурада (ИСО-90018.2.2 п) анықталуы тиіс. Ішкі тексерудің әсерлі жүйесін енгізу – ИСО стандарттарының ең қиын талабы болып табылады. Мұнда басшылықтың мәселелерді тауып, оларды жоюы ерекше маңызды болады. Осыған байланысты көптеген мәселелерде басшылық кінәлі болатынын ескеру қажет.

Осы шығарылған мәселелер бойынша қызметкерлерді айыптау емес, олардың шығу себебі расында да жойылғаны аса маңызды. Жалпы айтқанда, қызметкерлердің ішкі тексеру жүргізуге қарсылығын жеңу өте қиын, ал жай ғана тексеру жүргізуге бұйрық беруден нәтиже шықпайды. Ішкі тексеру жүйесін енгізу сатысында жоғары басшылықтың қатысуы дұрыс болар еді. Ішкі тексеру жүргізу әдістерінің бірі ретінде бөлімшелерінің өзін-өзі бағалау әдісін ұсынуға болады. Бұл әдісте бөлімшелер әрбір бағыт бойынша сұрақтарға жауап береді. Комиссия берілген бөлімшенің іс-әрекетін анықтайтын есептерді, құжаттарды, жұмыстардың дұрыс орындалуының дәлелдемелерін қарайды. Осылайша комиссияның барлық қателіктерді шығару, тексеру қауіптілігі жойылады. Керісінше, бөлімше өзінің дұрыс атқарылған жұмыстарының дәлелдемелерін көрсетуге мүмкіндік туады. Бірақ сәйкессіздіктер кез келген уақытта болуы мүмкін. Әдетте мәселелер кәсіпорынның тек ішінде ғана белгілі, сондықтан ішкі тексеру жүргізу арқылы оларды жүйелі шешуге, үйреншікті мәселелердің нақты шешімін табуға болады. Сондай-ақ ішкі тексерудің мақсаты кемшіліктерді табу емес, олардың болмауын іздеу болып табылады, яғни тексеру жүргізілген бөлімше кемшіліктерді өзін-өзі бағалау кезінде өзі табады және оны жою жолдарын іздейді.

 

Сапа жүйесінің ИСО-9000 стандарттарына сәйкестікке сертификаттау кезінде мынадай мәселелер жиі кездеседі:

1. Кәсіпорын мен өнім сапасын басқару процесстер толық регламенттелмеген (немесе регламентация мүлдем жоқ);

2. Жұмыстардың орындалуының регламенттелген процедуралары жоқ (мысалы, не істеу керек деп жазылған, бірақ оны қалай жасау керек екені көрсетілмеген);

3. Сапа жөніндегі жетекшілікті дайындау кезінде осы құжаттарға қойылатын талаптар ескерілмеген (мысалы, сапа бойынша жетекшілік кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын айқындамайды немесе сапа жүйесін басқа құжаттарына сілтеме жасалмаған).

4. Сапа жүйесінің құжаттары сапаны басқаруды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз немесе сапа жүйесін құжаттары мен сапа жөніндегі жетекшілік арасындағы өзара байланыс жоқ;.

5. Сапа жүйесі құжаттарды рәсімдеу және ИСО-9000 моделін талаптарының тәжірибелік іске асыру үшін қажетті мәселелерді толық қамтымайды.

Жоғарыда көрсетілген 5 мәселенің себебі сапа жүйесін ИСО-9000 стандартының қолдану техникасын жеткілікті деңгейде игермеген мамандардың жасауы болып табылады.

Бұл мәселелер кәсіпорынға ішкі жоғарғы білікті кеңесшілерді шақыру ақылы және менеджерлер мен персоналдарға ИСО-9000 стандартын іске асыру техникасына оқытудың маңыздылығы түсіндіру арқылы шешіледі.

Сапа жүйесін оқытылған персонал жасаса да, жұмыстардың негізгі сатыларында (құжаттамаларды дайындау және енгізу, сапа жүйесіне ішкі тексеру жүргізу, сертификаттауға дайындау және т.б.) тәжірибелі кеңесшінің бақылауынан өткізу керек. Кеңесшіні таңдау кезінде оның дәл осы сала бойнынша тәжірибесін, кәсіпорындарды сертификаттауға дайындалудағы тәжірибесін, сертифика







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1106. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия