Студопедия — Дәріс. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және тероиялық негіздері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің ұйымдастырушы және тероиялық негіздері






 

Қазақ елінің қоршаған ортаға деген көркемдік сезімін ес білгеннен бастап ата-анасынан, үлкендерден өне бойы айталған нақыл сөздермен тәрбиеленген ұрпақ, өзі де табиғатқа нұқсан келтірмей, келешек ұрпақтарды да сол тәрбие талабына қалыптастыра түскен. Қазіргі кезде қазақ елінің табиғат жағдайлары әр алуан. Табиғат пен шаруашылықтың ара қатынасының дұрыс құрылмауының салдарынан ауа мен су ластанды, тіршілік дүниесінің жекеленген маңызды түрлері жойылып кету қаупінде. Осыған байланысты жер бетінде, ҚР-да жыл өткен сайын адамдардың өмір сүру ортасының жағдайы қиындап барады. Әртүрлі апаттар жарылыстар, қатерлі аурулар көбейіп, адамдар өміріне тікелей қауіп төңдіретін жағымсыз жағдайлар жиі кездесуде. Атап айтсақ, қазіргі адам оның денсаулығы мен өміріне қауіп төңдіретін табиғи, техногенді, әлеуметтік қауіп-қатер келтіретін қоршаған ортада өмір сүруде. Күнделікті баспасөз, теледидардан т.б. адамдардың өлімі мен экономикалық зор шығынға әкеліп соқтыратын кезекті апат, қауіп-қатер әлеуметтік қақтығыстар туралы хабарлар жиі беріледі.

Сондықтан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық нысандарын авариядан, апаттардан т.б. төтенше жағдайлардан (ТЖ) қорғау және олардан туындаған жағдайды мерзімінде жою мемлекеттік саясаттың басым саласы болып табылады.

Мамандардың пікірі бойынша, осындай жағдайларға адамның душар болу себептерінің бірі - өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері пәнінен қажетті деңгейде білімінің болмауы және нақты шараларды тиімді қолданбағанға байланысты.

Адам – өз өмірінің суретшісі. Олай болса әрбір адамды табиғи тұрғыда қалыптастыру үшін талапты да талғамды іс әрекет жүргізілуі тиісті:

· қоршаған ортаның табиғи сұлулығы мен тазалығын сақтап, адамзат баласына мәңгілік рухани қажеттілігі ретінде пайдалану;

· салауатты өмір сүру;

· адамның өзін-өзі тануы;

· жоғарғы дәрежелі маман болу т.б.

Яғни әрбір адамның өмір сүру кезеңіне байланысты денсаулығына, тәрбиесіне, ғылыми тұрғыда біліміне мән беріп қалыптастыру қажет. Осы мәселелерді шешу үшін жоғары оқу орындарында өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері (ӨТҚН) – оқулық құралы есебінде өз үлесін қосады деген ойдамыз. Бұл оқулықтың мақсаты басқа да оқу пәндері секілді төмендегідей негізде: білімдік, тәрбиелік, іскерлік және ізденістік ойлауды қалыптастыру, әлеуметтік иммунитетті нығайту және әлеуметтік-техногенді ортада ойдағыдай қызмет етуге қажетті психологиялық даярлықты жүзеге асыру.

Осы жинақ – мемлекеттік тілдегі оқу құралы есебінде авторлар тобының алғашқы талпынысы. Сондықтан да біздерге оқу құралын дайындау, құрастыру, кезінде кейбір материалды орыс тілінен аударып пайдалануға тура келді: бұл еңбекке қазіргі ғылыми деңгейге сай техника, экономика, педагогика саласынан дәлелді материалдармен мазмұны тереңдетіп толықтырылды.

Яғни, бұл оқулықтың мақсаты – жалпы оқырмандарға, студенттерге өмір тіршілік қауіпсіздігінің негізі (ӨТҚН) саласында білім беру, үйрету, оның нақты ережелері және нормаларымен таныстыру, сонымен бірге адам өміріне, жалпы тіршілікке қауіп-қатер болғанда, одан қорғанудың ең қарапайым жолдары мен әдістерін үйрету болып табылады.

Жоғардағы көрсетілген ойлармен бірге негізгі теориялық тұрғыдағы міндеттер ескеріледі:

- қауіп-қатерді, оның болып жатқан жерін, себебін, зиянын, шамасын т.б. тани білу;

- алдын алу жолдарын ескеру;

- қауп-қатер болғанда, яғни төтенше жағдай болғанда біліктілік, адагершілік іс-әрекет қолдана білу.

Табиғат аясында болатын қауіпті жағдай адам боласын айналып өтпеген, сондықтан одан сақтану келешекте жас ұрпақтың үлесінде болуы тиіс.

Өмір сүру – бұл күнделікті тіршілік және демалу сияқты адамның өмір сүру тәсілі. Өмір сүру қауіпсіздігінің; негізгі мақсаты - ғылым жағынан, адамның жағымсыз әсерден қорғануы антропагендік және қарапайым пайда болуы, өмірдің жақсы болуына ұмтылу.

Ұмтылудың негізгі мақсаты ғылымды толық меңгерумен қатар оған қабілетті болу қажет. Бағытты физикалық техносфераға азайту, химиялық, биологиялық және басқа жағымсыз әсерден пайда болуы. Бұның мағынасы ғылымның жиынтығы, ғылымға кіретін өмір сүру қауіпсіздігі және де барлық облыстардағы ғылымның ортасы, өмір сүру қауіпсіздігі – экология техносферасы.

Өмір сүру қауіпсіздігі – адамның қолайлы және қауіпсіз ғылыммен, техносферамен байланысы. Өмір ағынында адам және оның қоршаған ортамен байланысы “қалыптасқан жүйені” қалыптастырады.

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны, өрт сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Қоршаған орта – адамды қоршаған орта, дәл осы кездегі тұрақталған факторлар (физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік, т.б.) тура және жанама, жылдам және оқшауланған, адам өміріндегі құбылыстарды оның денсаулығына және ұрпақтарының қауіпсіздігі.

Осы жүйе арқылы әрекет жасауда адам үздіксіз қабылдайтын екі әрекет бар:

- өзіне керекті заттарды қамтамасыз етеді, олар: тағам, ауа, су, т.б.

- қоршаған ортадағы құрылған және қолданылған қауіпсіздік әсері, сол сияқты әрекеттер.

Ол жағымсыз әсерлер қоршаған ортаға байланысты өмірде кездеседі. Өмір сүруіне байланысты 2 түрі бар: 1) табиғи; 2) техногендік.

І. Негативті ықпалдың әсер көздері стихиялық әсерлер мысалы, климаттағы биосфералық ауытқулар, жер сілкінісі, жұқпалы аурулар. Күнделікті адам өмірінің қауіпсіздігі үшін күрес өз ағымын табады. Бірақ өкінішке орай, нағыз негативті әсерлердің қоршаған ортаға, тағамға, өсімдіктерге, үй тұрмысына, адамның өз өміріне тигізетін зиянды әсерлері көп. Көп жылдар бойы қоршаған орта өзгеріп келеді, бірақ аз мөлшерде түрі мен сапасы өзгеріп отырады. Бұл ұзақ уақытқа дейін созылды.

ХХ ғасыр жер бетіндегі биосфера қабатының ластануы болды. Олар:

- Жер бетіндегі урбанизияның қатты өсуіне әкеліп соқтырды;

- Энергетикалық ресурстардың аз уақыт аралығында өсуі дамыды;

- Ауылшаруашылық пен өндірістік өнімдердің шығарылуы жедел дамыды;

- Транспорттың қолданылуы өсті;

- Әскери мақсатта қолданыстың өсуі артты.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1431. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия