Студопедия — Цунами апаты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Цунами апаты






Цунами дегеніміз – зілзала эпицентрі мұхит түбінде болғанда бой көрсететін апат. Зілзала кезінде су астында тік жарылым пайда болады да, су табаны төмен кетеді.

 

2 - сурет. Мұхит астындағы жердің жылжуы нәтижесіндегі цунами толқындарының пайда болу схемасы.

 

1952 жылғы 5 қарашада Камчатка мен Курил (сүрет) аралдарының жағалауларын жайлап өткен, ал Солтүстік-Курильск қаласын, сол маңдағы көптеген елді мекендерді тып-типыл еткен цунами жайында әңгімеленеді.

Бірінен соң бірі жетіп жатқан толқындар үйлерді аударып төңкеріп, теңіз жаққа қарай ағызып кетті. Қала беттен ағып барған үй қабырғалары, шатырлар, көліктер тоғыса келіп, сол жердегі екі аралдың арасындағы бұғазды бітелі тастады. Кейін бұл теңіз жақтан көмек жеткізуге көп кедергі келтірген.

Цунамиден ең көп зардап шеккен елдер – Индонезия, Тайланд, Майлайзия, Шри-Ланка, Үндістан.

ХХ ғасырдың екінші жартысында цунами толқындарының зардабы әлемде бірнеше рет болған. Олардың ішінде өздерінің апатты цунами толқындары зардабымен ел арасында төрт жойқын зілзала есте қалды.

1952 жылғы 4 қараша. КРСО, Камчатка жағалауы. Зілзала апатынан пайда болған цунами толқындары Ресейдің қиыр шығысындағы Камчатка жағалауында орналасқан балықшылар елді мекенін (үйлер мен адамдарды қоса) шайып кетіп, кемелерді 300 метрге дейін ығыстырып тастаған.

1957 жылғы 9 наурыз, Аляска жері сілкінуінен пайда болған цунами толқындары Гавай аралдарында, Калифорния, Чили, Жапон жағалауларына жетіп, халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірді.

 

 

3 - сурет. Гавай аралдарының біріндегі цунами зардабының көрінісі.

 

Жағалаудағы кемелер, аймақтар құрылысы қирап, бүлінді. Чили мен Жапония арасы 17 000 км. Сол апатта 180 000 адам қаза тауып, 150 000 адам баспанасыз, азық-түліксіз қалды. Ал Чилидің өзінде қаза тапқандардың саны 2 000 адамға жетті. 60 000 таяу үй толық қирап, 100 000 әртүрлі зардап шекті.

 

 

4 - сурет. 1960 жылғы Жапония жағалауларындағы цунами зардаптарының бір көрінісі.

 

1964 жылғы, 27 наурыз, Аляска жері. Сілкініс әсерінен (М-8,6, 10-11 балл) жер бетінде пайда болған жарылымдардың жалпы ұзындығы 800 шақырымға жетті. Бұл сілкіністің әсерінен Жапония жағалауында ірі цунами толқындары пайда болып, халық шаруашылығына қыруар зиян келтірді.

Екі жарым жыл ішінде жер шарының барлық теңіздері мен мұхиттарына 355-тен астам цунами болыпты. Ал сол жердегі тұрғылықты халық цунамилардың қарқынын әлсірету үшін тоғандар, таспалар салады. Жағалаудағы қалың орман өсіреді.

2004 жылдың 26 желтоқсанында Азияның Оңтүстік-Шығысында Суматра аралы (Индонезия) маңында бұрын – соңды болмаған ең жойқын сілкіністердің бірі болды. Әлемдік сейсмологиялық орталықтың деректері бойынша бұл зілзала апатының негізгі параметрлері:

 

 

5 - сурет. 1933 жылы Комаиси қаласындағы апат әсерінен бұзылыстар көрінісінің бірі.

 

- болған уақыты: 7.58, жексенбі күні, 26 желтоқсан 2004 ж.;

- координаттары: φ – 3.320 N, λ – 95.850Е;

- ошақтың тереңдігі: Н – 10 км.;

- магнитудасы*: М – 9.0;

- сілкініс ошағына ең жақын орналасқан қалалар Суматра аралығындағы Банда Ачех қаласы (250 км), Индонезияның астанасы Жакарта қаласына дейін 1605 км.

Зілзала апатының ошағы Үнді және Бирма тақталарының шекарасында. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде Үнді тақтасы солтүстік-шығысқа қарай Бирма тақтасын сүңги жылына 6 см шамасында жалжып тұратыны анықталады. Сілкініс нәтижесінде осы екі тақта шекарасының 1200 шақырым ұзындық бойы қозғалысқа келгені байқалып отыр.

Бұл апаттан Шри-Ланка мен Үндістанның оңтүстік-шығыс жағалаулары, Индонезия қатты зардап шекті. Цунами Малайзия, Бангладеш мемлекеттерін, Мальдив, Сейтель, т.б. аралдарын да шарпыды. Таудай толқындар бүкіл мұхитты кесіп өтіп Африканың шығыс жағалауларына дейін жеткен.

Жер-жаһанды дүрліктіріп жатқан апаттың салдары күннен-күнге өсуде. Апат құрбандарының саны ақпарат құралдары деректері бойынша 180 мыңға жеткен. Бұл мамандар арасында белгілі мұхиттардың жер сілкінісі және оның әсерінің таралған цунами толқындарының зардабы. Мұндай жойқын жер сілкіністері ең қуатты деген жарылыстан мыңдаған есе көп. Сілкініс ошағынан бөлінген сейсмикалық энергияның шамасы 20*1017 Джоуль бұл деген қуатты шамамен 475 мегатоннаға, яғни 1946 жылғы Хиросима қаласындағы 23 000 атом бомбасына пара-пар.

Егер жер сілкіну ошағы мұхит түбіне сәйкес келсе, онда сілкініс кезінде мұхит түбінің бедері бұзылып, осы аймақтағы мұхит суының көлемі күрт өзгереді.

Бұл апаттың жан түршігерлік зардаптарының негізгі себебі, әлемнің қауіпті жерлерінде әлі де болса цунами толқындарын алдын-ала ескертетін арнайы халықаралық жүйенің жоқ болуына байланысты. Цунами толқынының таралу жылдамдығы 970 км/сағатқа тең. Бұл сейсмикалық толқын жылдамдығынан ондаған есе аз. Қазіргі автоматтандырылған сейсмологиялық станциялар жүйесі жер сілкінісі болған жерін (эпицентрін) бірнеше минут арасында анықтайды. Егер 10 минут ішінде сейсмологиялық станциялар жер сілкінісін мұхит астында болғанын, оның магнитудасын анықтаған болса, онда 1000 шақырым қашықтықта, мұхит жағалауында орналасқан елдерге цунами толқынының жетуіне 40 минуттай уақыт бар.

 

 

 

6 – сурет. Қартада дүмпу ошағы жұлдызбен көрсетілген

 

Сондықтан цунами толқындары қауіпті аймақтарда аталмыш қызмет міндетті түрде болуы қажет. Мұндай арнайы қызмет қазірде Тынық мұхит жағалауын қоныстанған 25 мемлекетте бар (Ресейдің Қиыр щығыс аймағы да кіреді). Оның орталығы АҚШ-тың Гавай аралдарында, Гонолулу қаласында орналасқан. Егер де Тынық мұхитында күшті жер сілкінісі болған жағдайда, бұл орталық барлық мүше мемлекеттерге сілкіністің орнын және күшін тез арада анықтап, цунами толқындарының болу ықтималдығын және оның қанша уақытта жағалауға жетуін хабардар етеді.

Цунами апаты өздігінен пайда боларлық апат емес. Ол жер сілкінуі нәтижесінде жерасты күштерінен су толқындарының күшейіп, жағалауларды, тіптен аралдарды, жақын орналасқан қалаларды шайып, зардабын тигізеді.

 

Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы.

Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі, кума жел болып табылады. Сондай-ақ сырғымалар, бөгеттердің, тоғандардың кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті. Ол өз кезегінде нөсердің немесе ұзақ жаңбырдың салдары болып табылады.

Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурызда, оңтүстік-шығыс және шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз-маусымда болады.

Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейнінің өзендерінде байқалады.

Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында байқалды. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен ушыға түсуде.

Апатты болатын кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайларда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі және ескерту жасайды. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар:

- судың басуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру;

- су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету;

- су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу;

- ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, қысқа бұталы ағаштар отырғызу, жүзу және құтқару құралдарын жасау;

- толқын соққыларына төзетін күрделі құрылыстарды тұрғызу.

Тұрғылықты халықты жүзуге үйрету, қайықтың болуы. Жақын орналасқан жердің топографиялық биік нүктелерімен танысу. Жақындаған зілзала туралы хабардың әдістері мен нысандарын білу. Тұрғын үйлердің жанына топырақ салынған қаптар, тосқауылды қою, шараларын жүргізу жөн.

Халыққа көшудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радио хабар торабы мен теледидар бойынша, ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, баратын бағыты, сондай-ақ күтілген көлеміне орай туындаған жергілікті жағдайға, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да кезекті мәліметтер хаьарланады.

Уақыт жергілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние-мүлкімен бірге көшіріледі. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендер бойынша жүргізіледі. Халыққа қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың тұрғын алаңдарына қоныстандыру жолымен орналастырады.

Кәсіпорындар мен мекемелерге су қаупі төнген жағдайда жұмыс режимі өзгереді немесе жұмыс тоқталады. Су басу ықтимал аймақта мына ережелерді еске ұстаған жөн:

- төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттарға көтерілуі жөн, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс;

- жұмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек;

- далада кенеттен су басқан кезде дөнеске немесе ағашқа шығып, әртүрлі жүзу құралдарын пайдаланып, дыбыс берген жөн.

Үйден шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды, құндылықты, аса қажетті заттармен, екі-үш тәуліктік азық-түлік қорын алу ұсынылады.

Егер де судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа, шатырға шығару керек. Бөлмеден шығардың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікті, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңылауларды нығыздап жабу керек.

Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамшылық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

Табиғи өрттер. Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері: ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала өрттері болып бөлінеді.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.

Деректі мәліметтер бойынша ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзылуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы ережесін сақтамаудан пайда болады.

Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, оны кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыда өрт аумағының алдындағы кедергінің ені кемінде 150-200 метр өрт қанаттарының алдында кемінде 50 метр болуы тиіс.

Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдықтық құндылық-тарды құтқара алады.

Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарын жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға тиіс, әр топқа елді-мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа да адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

Көп қабатты ғимараттарды, егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса балконды, авариялық люк пен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы құтқаруға арналған төбенің люгін пайдалануға болады немесе балконға шығып, келген құтқарушыларға белгі беріңіз. Сондай-ақ маңызды шаралардың бірі:

- құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті білуі тиіс;

- халқымыздың терең мағыналы сөзі «өрт – тілсіз жау» дегенді есте ұстаған жөн;

- ең бастысы өртті болдырмау қажет.

Сел – тау өзенінің арналарында кенеттен пайда болатын деңгейдің күрт көтерілуі мен және тау жыныстары бұзылуынан болған жоғарғы деңгейдегі заттардың көптігімен сипатталатын уақытша ағын.

Апат ұзақ нөсер, мұз бен қардың жылдам еруі, моренді, мұзды өзендердің бұзылуы, жер сілкінісі, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Арнайы тасқындарға қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан да көп жылдамдықпен қозғалады.

Сел тасқындары өзен арналарындағы үлкен кеңістердің болуынан, борпылдақ топырақ пен бөлшектелген материалдың көптігінен, ұзақ нөсерден, қар мен мұздақтың тез еруінен, биік таудағы өзендердің бұзып шағуынан пайда болады. Селдің алапат талқандағыш күші өзінің жолында кездескен барлық гидротехникалық ғимараттарды қиратып жазық пен өзен сағаларын бүлдіреді.

Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеттеріне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауды ұйымдастыру үлкен әсер етеді. Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарын, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларының өзендері болып табылады.

Сейсмоқауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте төмендегі ережені сақтау керек:

- ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерді ескертіп қауіпсіз орынға бару керек;

- өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп газ кранын жауып, жарықты өшіріп, электроприборларын ажырату қажет;

- егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн;

- халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшірілуі орынды.

Тасқынға тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындатып т.б. бағыты бойынша шығару керек.

Сел қаупі кезінде жалпы еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Апатқа тап болған адамға қолда бар құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ немесе арқан болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындай отыра тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Жағдайға байланысты апатқа елді мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына қалыптасқан жағдайды ескертіп, әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

Қазақстанда 95 мың ш/метр тау аймағы қар көшкініне ұшырайды.

Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар батыс Тянь-Шань, Алтай, Іле Аталауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында.

Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-600-пен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған тауда жауын-шашынның жиі болуы кезінде болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн.текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 м/с дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.

Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.

Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті.

Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпинисттер мен туристтер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25%-на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте, бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебедейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден тәртіпті бұзудан болады. Жалпы ержелер:

1) тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн;

2) сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет;

3) 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкіннің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі;

4) егер де жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп қауіпсіз жерге апарылады.

Опырылма – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.

Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулары мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай участкілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерге бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы үлкен Алматы өзені жатады.

Соңғы жылдары Қазақстан тауларындағы опырылмалы құбылыс өрістеген техногендік жүктемеге байланысты саяжай учаскелерінің кесінділері есебінен жандана түсті. Тау беткейлерінің табиғи геоморфологиялық тепе-теңдігін бұзып жол салып су құбырларын өткізу және басқа құрылыстарды салу кезінде тірегінің кесілуінен бұзылады, сонымен қатар өсімдік топырақ жамылғысы – бұзылып, беткей топырағы суармалы сумен ылғалданады. Опырылмалар бұрын олар байқалмаған жерлерде де пайда болады. Халықты опырылмалардан қорғайтын тиімді шараларға:

- су арнасын бұру;

- ағаш отырғызу;

- әртүрлі инженерлік құрылыстарды салу және тағы басқа жолдар опырылманың басталғандығы туралы хабарды алған бойда үй-жайдан жылдам шығып, төңіректегілерге қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз орынға жеткізілуі тиіс.

Үйден шығарда пешті су мен газ крандарын жауып, жарық пен басқа да электр приборларын ажырату қажет.

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзды, ал кейде адамдар құрбандылықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына алып келеді.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың, ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.

Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері жоғалған адам мен малды іздеу, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге, жол мен үй мен үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау, жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.

Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болса тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқыш радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақайған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жылынғыңыз келсе, далаға шығып, түтін трубасын газдың ауаға шықпайтындай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзінізді арқанмен байлаңыз. Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.

Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі құрылғылар мен заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың, электр желілерінің және олардың тіректерінің жанынан аулақ кеткен жөн.

Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдың ғимараты шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 6161. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия