Студопедия — Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау






Қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда, сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезіндегі ауа, жер және онда орналасқан ғимарат, техника мүлік радиациялық зақымдануға ұшырайды.

Жердің радиоактивті зақымдануы нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады. Ол радиациялық зақымданудың көлемінен және сипатымен анықталады және шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметіне, бөлімшелердің іс-әрекетіне, халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді. Адамдардың, малдардың зақымдану қаупі радиациялық ахуалды тез анықтау мен бағалауды және құтқару жұмыстарын жүргізуде оның ықпалын ескеруді талап етеді.

Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісімен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.

Болжау зақымдау уақытын, сипатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимдері мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәліметтер береді. Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.

Болжаудың бастапқы мәліметтері: жарылыстың қуаты, түрі мен орталығының (кіндігінің) деректері, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Шаруашылық объектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды, тек ТЖ мен АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәліметтерін ғана пайдаланады. Объектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәліметтері негізінде ғана бағалайды.

Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдану аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық объектісі үшін болжаудың тек екі нұсқасы ғана ықтимал: объекті қызметкерлері сәулеленуге ұшырайды немесе ұшырамайды. Сондықтан объект аумағынан радиоактивті зақымдану жағдайы үшін радиоактивті бұлт ізінің белдігі кәсіпорын аумағының ортасы арқылы өтетін кездегі ең жағымсыз нұсқа алынады.

Болжанатын радиациялық ахуал міндетті түрде радиациялық барлаумен нықталанады. Радиациялық ахуалды бағалау болжау мәліметтерін алғаннан кейін жүргізіледі.

Радиациялық ахуалды бағалау үшін нені білу қажет? Оны бағалау үшін бастапқы мәліметтер мыналар: радиоактивті зақымдануды туғызған ядролық жарылыстың уақыты; радиация деңгейі мен оны өлшеу уақыты; радиацияны әлсірету коэффициенттерінің маңызы; сәулеленудің жол берілген дозасы; сондай-ақ қойылған міндет пен оны орындау мерзімдері.

Радиациялық ахуалды бағалау кезінде радиация деңгейін бір уақытқа келтірген жөн (әдеттігідей, ядролық жарылыстан кейінгі бір сағатқа). Бұл радиациялық ахуалды картаға (схемаға) түсіруді және бұдан әрі радиация деңгейінің төмендеуін қадағалауды жеңілдетеді.

Осындай міндетті шешу кезінде екі нұсқа кездесуі мүмкін.

Біріншісі: жарылыс уақыты белгілі.

Екінші: белгісіз.

Бірінші жағдайда: жарылыстан кейін (Р1) радиацияның деңгейін 1 сағатқа келтіру үшін радиацияның өлшенген деңгейінің көлемін қандай да бір уақытқа t (Р1) анықтамалықтар кездесетін кестеліктегі қайта есептеу коэффициентіне көбейту қажет.

Екінші жағдайда әуелі ядролық жарылыстан кейін өткен уақытты анықтау керек, оны уақытқа байланысты радиация деңгейінің төмендеу жылдамдығы бойынша табады. Бұл үшін тек бір нүктедегі радиацияның деңгейін өлшейді, алайда (Р1 және Р2) аралығымен ғана. Бұдан кейін екінші өлшеу (Р12) арасындағы қатынас бойынша кестенің көмегімен жарылыс болған сәттен бастап екінші өлшемге дейінгі уақытты анықтайды. Мысалы, бірінші өлшем 12.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 120 р/с, екінші өлшем 15.00-де жүргізілді және радиация деңгейі 42 р/с болды. Тиісінше екі өлшемнің арасындағы үзіліс 3 сағат, ал деңгейлер ара-қатынасы (42:120) 0,35 болды. Тиісті кесте бойынша жарылыстың екінші өлшемге дейін 5 сағат бұрын, яғни 10.00-де (15.00-5.00) болғандығын табамыз. Уақыттың алынған маңызын ядролық жарылыстан кейінгі бір сағаттағы радиация деңгейін есептеу үшін пайдаланады.

Объектінің АҚ штабы ақпарат алынған барлық арналарды пайдалана отыра, радиоактивті ахуалды қорытындылайды (радиациялық және химиялық бақылау тіректерінің, радиациялық және химиялық барлау буындары мен топтарының, ТЖ және АҚ жоғары тұрған органдарының мәліметтері). Қорыту нәтижелері объектінің жоспарына еңгізіледі.

Бұдан кейін сәулеленудің ықтимал дозасын анықтаған жөн. Олар адамдар зақымдалған аумақта болған кезде олардың қайта сәулеленуін болдырмау мақсатында есептеледі.

Сәулелену дозасын анықтау үшін бастапқы мәліметтер мыналар: ядролық жарылыстан кейінгі бір сағатқа келтірілген радиация деңгейі мен зақымданған аумақта болу созымдылығы. Осы міндетті шешу кезінде әлсіреу коэффициенттерін ескеру қажет (Капс) (кестені қараңыз).

Радиоактивті зақымдану жағдайында адамдардың аса қажетті іс-әрекеттерін анықтауға болады. Мұнда бір қатар міндеттер шешіледі. Адамдардың зақымдалған жерде болуының жол берілетін уақытының созымдылығын анықтау, құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін объектіге бөлімшелерді әкелу уақытын белгілеу, құтқару жұмыстарының толық көлемін орындау үшін ауысымдардың қажетті санын есептеуді жүргізу, радиоактивті зақымдану аймағынан (учаскесінен) кетуді қашан бастауға болатын уақытты табу, қатты және қауіпті зақымдану аймағынан адамдарды көшіру (әкету) уақытын нақтылау, жұмысшыларды, қызметшілерді және АҚ бөлімшілерінің жеке құрамын радиациялық қорғаудың ықтимал режимін анықтау қажет.

Ядролық энергетикалық қондырғылардағы авария жағдайында жердің радиоактивті ластануы жергілікті сипатта болады. Ол негізінен биологиялық белсенді радионуклидтерден туындайды. Жердегі сәулелену дозасының қуаты ядролық жарылыстың радиоактивті бұлтының ізіндегіден жүздеген, ал кейде мыңдаған әсе әлсіз. Сондықтан да адамдар үшін сыртқы сәулеленуден гері ішкі сәулелену әлдеқайда қауіпті.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2185. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия