Студопедия — Дәріс. Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары және басқа қауырт жұмыстары






Ірі қалалардың тұрғындарын жаппай зақымдағыш қарудан қорғау мақсатында, ерекше жарлық бойынша, оларды қала сыртындағы аймақтарға көшіру және таратып орналастыру жүзеге асырылады.

Қала сыртындағы елді мекендерге олар басқа да көшіп келген семьялармен бірге тұрып, қаладағы өздерінің жұмыс орындарында сменамен жұмысқа шығады. Мүмкін болатын апатты іс тасқыны аймағындағы адамдар да көшіріледі. Көшіру мен таратып орналастыруды жүргізу кезінде барлық транспорт түрлері (темір жол, автомобиль, су, әуе) пайданылады. Көшіруді қысқа мерзімде өткізуі тиісті жөн.

Халық эвакуациясы жұмыс орындарында, жоғары оқу орындарында территориялық принципі өткізіледі. Халық эвакуациясы тек топпен ғана ажыратылады. Халық эвакуациясына жататындар:

- барлық қала тұрғындары;

- өндірістердің, оқу орындарының саны;

- жұмыскер мен қызметкерлердің саны;

- эвакуацияға жататын халықтың саны;

- халықтың шоғырланған санитарлық жағдайы;

- темір жолдардың, көліктердің және әуе көліктерінің саны.

Халықты қорғау Республикалық Азаматтық Қорғаныс комитетінің басты міндеті – халықты қорғау шаралары.

Бейбіт өмірде мәдениетке арналған бөлмелер, жер асты жерлері, жеңіл көліктерге арналған тұрақтар, сауда және халықтың тамақтану бөлмелері болуы керек. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесінің барлық шараларының басты мақсаты – олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру.

Жаппай зақымдаушы қаруды қолдану кезінде, стихиялық апат кезінде төтенше жағдайлардың сөзсіз тууы мүмкін, бұл жағдайлар жаппай зақым ошағында медициналық жәрдем көрсету мен зақымданғандарды емдеу шараларын ұйымдастырып, жүргізуге елеулі әсер етеді. Мүндай жағдайларда денсаулық сақтау органдарына мынадай негізгі міндеттер жүргізіледі: а) зардап шеккендерді, зақымданғандарды тезірек айықтырып шығару, олардың еңбекке қайта оралуы мүмкіндік жасау, өлім – жітімді азайту, жаппай жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу; б) халықты санитарлық қолайсыз әсерін жою, азаматтық қорғаныстың әскери емес жасақтары мен мекемелердің адам құрамының денсаулығын сақтау.

Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:

- қорғаныс ғимараттарына жасыру;

- халықты таратып және көшіру, коныстандыру;

- жеке медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;

- дер кезінде хабарларды ұйымдастыру;

- азық-түлікі, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, бактериалдық құралдарымен зақымданудан қорғау;

- радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

- өрттен қорғау, санитарлық-гигеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

- адамдарды, техниканы, киім мен аяқ киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.

Ядролық, химиялық және бактериологиялық құралдардың зақымдағыш әрекетін азайтудың бірден-бір жолы медициналық жеке қорғаныс құралдарын дер кезінде және дұрыс пайдалану болып табылады. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар т.б.

Медициналық жеке қорғаныс құралдарына медициналық таңғыш пакет, жеке химиялық қорғау пакеті, жеке аптечка қобдишасы жатады (АИ-2).

 

 

12-сурет АИ-2 жеке қобдишасы.

 

Медициналық тұңғыш пакет – сулема сіңірілген не залалсыздандырылған мақта пакеттен престеліп жасалған бір немесе екі жастықшадан тұрады.

Пакетті пайдалану тәртібі:

- резина қосылған сыртқы қабықты қиып, пакетті алу;

- қағаз қабықты ашып, түйреуішті алу, сыртқы қабықтарды тастау;

- сол қолмен бинттің бір ұшынан ұстап тұрып, орамын жазу, орамды ол қолмен ұстаған күйі пакетті ашу;

- түсті жіппен жастықшаның сыртқы жағы көрсетілген, бұл жақты қолмен ұстай беруге болады.

Жеке химиялық қорғаныс пакеті – бұл тамшы – сұйық түріндегі улағыш заттармен және ауру тудыратын микробтармен зақымданған кезде терінің ашық қалған бөлігін және оған тиген киімді ішінара санитарлық өндеуге арналған. Ол аузында бұралып жабылатын қақпағы бар шыны флаконнан және төрт мақта, мата тампоннан тұрады. Флаконда барлық улағыш заттардан, газдан тазаартатын сұйқтық болады. Теріге, киімге улағыш заттар тигенде немесе түскенде пакетті дереу пайдалану керек.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру – халықты осы заман зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіп жағдайында қорғаудың негізгі әдісі.

Бұл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі – оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Өндіріс күштерін осы заманғы зақымдау құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан қорғау маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1899. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия