Студопедия — Мір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша глоссарий
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша глоссарий






1. Төтенше жағдай - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметін, қаражатпен жаюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

2. Соққы толқын – ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен таралады.

3. Жарықты сәуле бөлу - ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады.

4. Асептика - жараны микробтардың зақымдауынан қорғау әдісі.

5. Антисептика - жараға түскен бактериалды микроорга-низмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп, антибиотиктерді химиялық және биологиялық қатарды қолдану жолымен жою.

6. Реанимация - тірілу түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе топтан қалған адам организмнің жұмысын қалпына келтіруді айтады.

7. Оба (чума) – түйеде кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақ бөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа немесе қан арқылы адамға да беріледі.

8. Радиометрлер – адамдардың, техниканың, судың, азық-түліктің және дүние мүліктерінің радиоактивті заттармен залалдануын бақылайды.

9. Төтенше жағдай – белгіді бір аймақта немесе бір мекемелерде болатын оқыс жағдай.

10. Өмір тіршілік қауіпсіздігі – адам өміріне төнетін жалпы қауіп қатерлерді зерттейтін, қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

11. Адам іс-әрекетінің қауіпсіздігі – адамның іс тіршілігі мен қауіп қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шенбер.

12. Таксаномия - құбылыстарды жіктеумен немесе жүйелеумен айналысатын ғылым.

13. Смог - үлкен қалаларда өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы.

14. Қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар.

15. Мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар.

16. Канцерогендер - қауіпті ісіктер тудыратын заттар.

17. Экстермалдық жағдай – адам өміріне немесе денсаулығына дүние мүлкіне тікелей қатер тудыруда өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдай.

 

18. Тент – баспана тұрғызуға пайдаланатын әмбебап заттардың бірі.

19. Ерекше қатерлі аймақтар – кейбір техникалық, экологиялық себептермен адам өміріне қауіпті экстремалды жағдай туындауы мүмкін жерлер.

20. Қарулы қарақшы – ол қатерлі, рақымсыз жау.

21. Зілзала - кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын материалдық құндылықтарды шығынға ұшырататын адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

22. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқау түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы.

23. Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.

24. Қар көшкі ні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.

25. Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы.

26. Дауыл – жойқын күші бар және 30м/с жылдамдықпен соғатын жел.

27. Қар басу – табиғаттың тосын күштері көрінісінің бірі.

28. Шаңдық дауыл – бұл күшті жел салдарынан шанның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1мм аз басқа бөліктердің ауаға көтерілуі.

29. Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы.

30. Техногенді төтенше жағдай – адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қираулар.

31. Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат.

32. Иприт – теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі.

33. Синиль – тез буланып кететін түссіз зат және противогаз, баспаналар пайдалану.

34. Дозиметрия – радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерін зерттейтін құрал.

35. Ядролық қару – жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға жасалған қару.

36. Өткір радиация – гамма сәуленің және нейтрондар ағымы.

37. Химиялық қару – жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару.

38. Бактериологиялық қару – терлеткі микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.

39. Панаханалар – жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана.

40. Дезактивация – радиоактивті (РЗ) заттармен ластанған нәрселерді тазалау.

41. Дегазация – ластанған денелерден улы заттарды жою.

42. Дезинфекция – ауру жұқтыратын немесе ауру тасымалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады.

43. Столбняк – жараға микроб түскеннен пайда болған ауру.

44. Тілме (рожа) – жараның асқынып, микробтың қанға өтіп кетуі.

45. Артерия – жүректен денеге қарай қан жүретін тамырлар.

46. Коллапс - өмір үшін қауіпті, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсумен сипатталады.

47. Реанимация – латын сөзі тірілу түсінігін білдіреді, яғни жұмыс істеу қабілеті бұзылған немесе тоқтап қалған адам организміне жұмысын қалпына келтіру.

48. Эпидемия – белгілі бір елде немесе елді-мекенде жұқпалы аурулардың әдеттегі деңгейден едәуір көтеріліп, жаппай ауруға ұшырауы.

49. Иммунитет – адам организміне енген бөтен белок, клеткаларды жоюға немесе шығарып жіберуге бағытталған организмнің қорғаныш шараларының жиынтығы.

50. Мерез - өте ауыр, адам организмнің кез-келген органын бұзатын, тұқым қуалау арқылы берілетін созылмалы ауру.

51. Авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

52. Қорқыныш - өмірге немесе деңсаулыққа қауіп төңдіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы.

53. Гипертониялық ауру - негізгі белгісі күретамыр жоғарғы қысымы болып табылатын ауру түрі.

54. Рикетсиялар – бактериялар мен вирустардың арасындағы жағдайда тұраған микроорганизмдер.

55. Радионуклит – атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы.

56. Салауат өмір салты – әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысының жеке жүйесі.

57. Апат – халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімі мен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

58. Табиғаттағы тосын жағдай – адамның қоршаған ортамен қарым- қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.

59. Аштық; - азық - түлік қоры болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда организмнің күйігі.

60. Аклиматизация - климаттық географиялық жана жағдайға (таулы жерге, ыстық және суық ауарайы жағдайына) адам ағзасының қалыптасу процесі.

61. Калий перманганатын - суда ерітіп, жараны жуып, тамақты шаю үшін пайдаланады.

62. Электромагниттік импульс – ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағынымен он иондардың түзілу нәтижесінде пайда болаған электрлі және магнитті сәулелер.

63. Туляремия – адамды ұзақ уақыт бойы қатардан шығаратын қатерлі жұқпалы ауру.

64. Радиациялық авария – радиоактивті заттардың ядролық - энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтерінкі радиациялық қауіп.

65. Өрттің алдын алу - өрттің болатындығын ескертуге, одан келетін шығынды болдырмау жағдайларын жасауға және оларды толық сөндіруге бағытталған шаралар жиынтығы.

66. Аммиак – түссіз газ, ауа ылғалдылығымен қосылған кезде мүсәтір спиртін құрайды, оттегімен қосылған кезде жарылады.

67. Тыныс органдарын қорғау үшін – сүзгіштік және өндірістік газқағар пайдаланады.

68. Бактериялық құралдармен зақымдалған жағдайда – алғашқы көмек көрсету кезінде АИ – 2дегі №1 бактериядан қорғайтын құралды пайдаланған жөн.

69. ДП – 5В доза қуатын өлшегіші (рентгенометр) – гамма сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдалу және гамма радиация деңгейін өлшеуге арналған прибор.

70. Реакклиматизация - өзге климаттық географиялық ортада уақытша болғаннан кейін бұрынғы үйреніскен жағдайға қайтадан бейімделу.

71. Көз зақымданғанда - оған шаң, құм, тас түскенде алғашқы мынадай жәрдем көрсетіледі: өзге затты таза бет орамалымен немесе бинттің бұрышымен алып тастауы керек.

72. Адсорбция – адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіңдегі газбен буды жұту.

73. Хемосрбция – УЗ, Қ ӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттармен ықпалдасу есебінен жұтылуы.

74. Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгерісі.

75. Туляремия – адамды ұзақ уақыт бойы қатардан шығаратын қатерлі жұқпалы ауру.

76. Инфекциялық аурулар - басқа аурулардан ерекшелігі оларды белгілі бір тірі қоздырғыштар таратады. Ауруға шалдыққан организмдерден сау организмдерге жұғады және індетке бейім келеді.

77. Оқшаулауғыш газқағарларға - ИП-46 ИП-4М ИП-4МК ИП-5 жатады.

78. Шахталық құдықтарды қорғау үшін – тығыз жабылатын қақпағы, қымтағыш тығыны бар биік трубалар орналастырылады.

79. КӘЕУЗ (күшті әсер ететін улы зат) – шаруашылық мақсатында қолданылатын және адамдар мен жануарларды зақымдайтын қабілетке ие химиялық зат.

80. Радиациялық апат – радиоактивтік өнімдерді және аймақтық радиациялық қауіпті обьектілерін қалыпты пайдалану үшін жобада қарастырылған ион сәулелерінің шығуымен байланысты апат.

81. Өрт сөндіргіштер - өрттің пайда болуы сатысында оны сөндіруге арналған техникалық құрылғы.

82. Кох таяқшасы - 1882 жылы неміс микро биологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микробтың туберкулезге шалдықтыратынын дәлелденген.

83. Бұзылған мекемелердің бөліктері - құрылғылардың меха-никасыз зақымдануы және істен шыққан еңбек құралдары.

84. Құрылғыларға аласа су - кіргенде құрал жабдықтар істен шығып, электрожабдықтар тұйықтанып ток соғады.

85. Техналогиялық қондырғының бұзылуын - анықтайтын параметрлерге жататындар: тереңдік, су ағынының жылдамдығы және су басудың ұзақтығы.

86. Толқынның арнадан шығуына - судың арнадан шығып кетуі және кедергілер әсер етеді.

87. Тұрмыстық ғимараттарының талқандалуы, орналасу және жоспарлануына байланысты және судың ағу бағытына, жылдамдығына байланысты.

88. Талқандалу кезіндегі шығын белгілі бір бөлшектің талқандалу дәрежесіне қарай көбейтіндісін айтады. Талқандалудың жоғарғы деңгейінде 62,5%; талқандалудың орташа деңгейінде 27,5% талқандалудың төменгі деңгейі 10%.

92. Өндірістік қорлардың; - сақтандыру шаралары мыналар:

-кешендік–локалді.

93. Кешендік түрінде - су тасқынынан мекемелерді ғана қорғамайды, сонымен қатар бүкіл қоршаған территорияны инженерлік қорғауға алады.

94. Локалді шараларға жататындар: мекемелерге кірпіштен қорғаныш жасау: темір қорғандар тұрғызу керек.

95. Өндірістік қорларды қорғау шаралары - мекемелерді қорғап қалу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстар.

96. Мекемелерді су тасуынан қорғаудағы - негізгі мақсат техникалық жабдықтардың істен шықпауын қамтамасыз етіп олардың талқандалуына төтеп беру.

97. Құрылғыларды сақтандырудағы - негізгі кезеңдер арнайы сақтандырғыш қондырғыларды орнату.

98. Электро-қондырғылардың, транспарматорлардың, элек-троаппаратуралардың істен шыққан бөлшектерін дер кезінде айырбастау: аталған қондырғыларды тез арада ток жүйесінен айыру: электро жүйеге байланысты әртүрлі бөлшектердің дайын тұруы: және электрожабдықтарды су кірген кезде кептіртіп арнайы шкиф электрошкиф болуы.

99. Геология табиғи көріністерден - болған жұт бөлінеді – жерсілкінісі, жанартаудың атқылауы, жер бетінің талқандалуымен сипатталады.

100. Жер сілкінісі - жер асты дүмпулерінің әсерінен жер бетінің шайқалуы, ол қауіпті геологияның салдарынан болады.

101. Жер сілкінісінің ерекшелігі: халық шаруашылығына және адам өміріне келетін зиян тез ондаған секундтар ішінде өтеді.

102. Жер сілкінісінде негізінен: тұрғын үйлер, бекеттер және басқалар жер бетінің шайқалуына байланысты қирайды.

103. Жер сілкінісінен: адамдар аз жарақат алып, өлімге аз ұшырауы үшін алдын ала ескертулер, ойланып атқарған әрекеттер және жер сілкінуіне қатысты біршама дұрыс іс-шараларды атқару керек.

104. Қауіп (негативтік әсер мен негативтік фактор) – бұл «адам қоршаған орта мен төтенше жағдай» негативті жүйесі.

105. Қауіпті фактор – негативті фактор, ауыр әсерінен адамға травма әкеледі немесе денсаулыққа жағымсыз әсерін тигізеді. (мысалы: ұшынып қалу).

106. Жағымсыз фактор – негативті фактор әсерінен адам ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады.

107. Жарылыс – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы;

108. Төтенше жағдай (Т.Ж.) – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық техникалық және адам күшін үшін талап ететін жағдай.

109. Тіршілік әрекет – бұл күнделікті әрекет пен демалыс, адамның өмір сүруі.

110. Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

111. Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

112. Бета – бөлшегі –бұл электрон.

113. Альфа – бөлшегі – гелийдің алты, ондық ядросы.

114. Обсервация – жұқпалы аурулар таралуының алдын-алуға және оларды жоюға бағытталған шектелген шаралардың жиынтығы.

115. Күйік – жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылғаның кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінің терінің зақымдануы.

116. Жай түрлері бірклеткалы организмдер, қабығы, прото-плазмасы мен ядросы (безгекті қоздырушы, амеба) бар.

117. Бактериялар – жібек құртын, бацилланы (таяқша тәріздес) үтір немесе жақша түріндегі вибрионды біріктіретін микробтар тобы. Бактериялар түйнемені, қан тышқақты, обаны, тырысқақты туғызады.

118. Вирустар – кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейтін ұсақ микроорганизмдер. Олар шешекті, тұмауды, сары безгекті тудырады.

119. Карантин – эпидемиялық ошақтан жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату үшін жүргізілетін шаралар. Ол жерден кетуге, онда рұқсатсыз кіруге тыйым салынады, аурырған адамдарды және олармен байланыста болған адамдарды анықтап бөлектейді, бөлек ұстау мерзімі 40 күнге созылады.

120. Тырысқақ (холера ) тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су – электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсіреудің дамуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталады. Карантиндік жұқпалыларға жатады. Қоздырғышы – тырысқақ вибрионы.

121. Түйнеме – аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі.

122. Бруцеллез – үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру. Ауру адамдарға үй жануарларынан, оларды күтім кезінде және осы аурумен ауырған малдың етін жегеннен жұғады.

123. Қышыма – саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп адамды тынышсыздандырып қышытады. Қатыр кенесі деп аталатын микробтардан жұғады. Лас киіммен жүргеннен, ұзақ жуынбағаннан пайда болуы мүмкін.

124. Педикулез (биттеу) – адамның биттен зақымдануы. Биттер – қан сорғыш жәндіктер, адамның паразиты және ұсақ қоректілер, олардың бүкіл өмірі адамда өтеді. Биттің 150 түрі белгілі. Адамда киім-кешек, бас және шат биті болады.

125. Вирустық гепатит – жалпы уландыратын және негізінен бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру. “Вирустық” гепатит термині екі негізгі нозологиялық жеке түрі – А-вирустық гепатитін (жұқпалы гепатит) және В- вирустық гепатитін (сары су гепатиті) біріктіреді. А – вирусы ішек жұқпалысы, дәрет шығару жолдары арқылы сырқат адамнан сау адамға өтеді. В вирусы аурулардан сау адамдарға қан құю кезінде, жұқпалы ауру тараған кезде және жеткіліксіз зарарсыздандырылған ине мен аспаптарды пайдаланған хирургиялық емдеу кезінде беріледі.

126. Тұмау – тұмау вирусының әртүрінен пайда болатын респираторлық ауру.

127. Туберкулез (құрт ауруы) – созылмалы жұқпалы ауру. Оларда ұсақ бұдырмақтар, латынша туберкулдер пайда болады, аурудың туберкулез атауы осыдан шыққан. Адамда, жан-жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауық) болатын жұқпалы ауру. Зақымдалған адам мүшесіне (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешектер пайда болады. Туберкулез екі жолмен жұғады:

1. ауа арқылы (аэрогенный путь)

2. тамақ арқылы (алиментарный путь

128. Мерез (сифилис) - өте ауыр, адам организмінің кез келген органын бұзатын, тұқым қуалау арқылы берілетін созылмалы ауру.

129. Соз (гонорея) - аурудың кең тараған жыныс ауруларының түрі.

130. СПИД ВИЧ инфекциясы – бұл адам ағзасында пайда болатын иммунитеті жетіспеуі деп айтады немесе иммунитет жетіспеу синдромы.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2121. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия