Студопедия — Студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Студенттердің өздік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау






Студенттердің өздік жұмысы оқу үдерісінің сапасын интегральды бағалаудың маңызды факторы, ол алған білімдері мен іскерліктерінің беріктігіне әсер ететін, студенттердің өздігінен білім алуына, озін өзі дамытуға қабілетін жасауға мүмкіндік беретін, өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде шығармашылық білім алу қажеттіліктерін жасайды.

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәні бойынша студенттердің өздік жұмыстарының мақсаты:

- интеллектуальды ынтасын ояту;

- танымдық қызметтің барлық түрлеріндегі шығармашылық ойлауды дамыту.

СӨЖ міндеттері:

· Үй тапсырмасын, курстық жұмыстар мен дипломдық жобаларды орындау барысында және тәжірибелік, лабораториялық жұмыстарға, коллоквиум мен семинарларға, емтихандарға, ағымдық бақылаулар және қорытынды бағалауларға дайындық барысында оқыту материалдарын тереңдету және орнықтыру.

· Ғылыми және техникалық әдебиеттермен, есептеуіш техникаларымен жұмыс істеу дағдыларын, эксперименттер жүргізу, ақпараттарды өз бетінше іздеу, ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық қабілеттіліктерін иемдену.

· Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ақпараттарды үнемі іздеуге, меңгеруге, яғни оқытудың үздіксіздігіне және жүйелілігіне, жұмыс уақытын жоспарлай және ұйымдастыра білуге, шыдамды табандылық пен мақсаткершілікке тәрбиелеу.

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігнің негіздері» пәнінің бағдарламалық сұрақтарын меңгеру студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарынан құралады. Осыған байланысты өздік жұмыстарды ұйымдастыруда негізгі үш құрамдас бөлігін анықтайды, бұл:

1. Үй тапсырмасы немесе аудиториядан тыс жұмыс, онда басты роль студентке бағытталады. (Бұл лекциялық, тәжірибелік, лабораториялық сабақтарға дайындығы, рефераттар мен баяндамаларды жазу, тұсау кесерлерге дайындық, еспиер мен жатығуларды орындау болуы мүмкін.)

2. Аудиториялық сабақтардағы белсенді жұмыстар, онда негізгі роль оқытушыға да, студентке де бағытталады. Бұл сабаққа үйдегі дайындығы мен сабақ уақытындағы жұмыстарының (тренинг, диспут, іскерлік ойындар, тұсау кесерлер, логикалық есептер т.б.,) жинақталуы.

3. Нәтижелі сабақты өткізу мүмкін емес Сабақтың мақсаттық нұсқамасы оқытушы арқылы жасалады, ол бекітілген түрде рәсімделіп, міндетті түрде студентке жеткізіледі.

Қандай да бір сұрақты өз бетінше зерттеу үдерісін екі бөлікке бөлетін болсақ, онда әрқашан бірінші өздік жұмысты орындаудың репродуктивті бөлімінде оқу материалын меңгерудің білім, түсіну, оны пайдалану сияқты деңгейіне сәйкес келуі керек. Келесі кезеңінде өнімді деңгейде СӨЖ-ді жүргізуде тапсырмаларды талдау, жинақтау, бағалау сияқты деңгей категорияларына сәйкес келуі керек.

Студенттің өздік жұмысы ең алдымен ақпараттармен жұмыс істеуді қамтиды. Оған студенттің өзіндік жұмыс деңгейіне сәйкес және оқыту әдістеріне сәйкес мыналар кіреді: жаңғырту, жаңартушылық-вариациялық, жартылай ізденушілік, эвристикалық және шығармашылық.

СӨЖ түрлері мен әдістері:

1. Жаңғыртушы СӨЖ – көрген және естіген ақпараттарды есте сақтау мен бекіту үшін жаңғырту. Жаңғыртушы жаттығулар оқытушының пайымдауы сызбасы негізінде жасалып, қысқа мерзім ішінде негізгі оқу материалын меңгеруге мүмкіндік береді.

2. Жаңғыртушылық-вариативтік ( немесе өз бетімен жаттықтыратын ) – формулалар нұсқаларымен, логикалық шешімдермен, дәлелдемелермен, жалпыламалармен т.б. байланысты тапсырмаларды орындау. Жаңғыртушылық-вариативтік тапсырмаларда оқытушы студенттердің алдына мәселені қояды, ал студенттер ұсынылған нұсқаларды таңдай отырып, оны өздері шешеді,

3. Жартылай ізденушілік, эвристикалық ( күрделілігі жоғарылатылған өздік жұмыстар). Эвристикалық әдістер зерттеу әдістері сияқты студенттердің жеткіліксіз білім мөлшерін өз бетінше іздеуді қамтиды. Шығармашылық еңбектің дағдылары мен қабілеттіліктерін талап ететін мәселенің жеке бөліктерін өз бетінше шешу мысалы екі немесе одан да көп көзқарастарды салыстыру, баяндама тезистерін құрастыру, семинарлар жоспарларын дайындау және қысқаша библиографиялық нұсқау қосымшасын дайындау т.б.

4. Зерттеушілік, шығармашылық жұмыстар – рефераттар, баяндамалар, ғылыми хабарламалар, ойлар мен тәжірибелерді суреттеу, эссе, глоссарий, іс-шараларды (диспут, дөңгелек-столдар) жүргізуге әдістемелік ұсыныстар дайындау, жеке және топтық жобалар бойынша тұсау кесерлерді дайындау, курстық, дипломдық, және келісімдік жұмыстар т.б.

5. Тақырып бойынша шолу дайындау – бұл ұсынылған тақырып бойынша қысқаша жазбаша 1-2 беттен тұратын қосымша материалдар мен Интернеттің ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы әдеби шолу жазу.

6. Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдер мен түсініктерді қысқаша түсіндіру, шетел тіліне аудару да мүмкін, берілген тақырып бойынша орындалады.ъ

7. Семинарлық сабақтар – студенттердің оз бетінше дайындығының классикалық түрі ретінде өз кезегінде әртүрлі формалардан тұруы мүмкін. Ал оқытушы оны жүргізудің авторлық әдістемесін жасайды.

8. Реферат – СӨЖ-діңбіршама кең таралған түр. Ол белгілі бір тақырыптың міндетті түрде әдебиетерге шолу жасалған немесе ғылыми жұмысты, кітапты мазмұндау. Біршама қызықты және шығармашылықты жұмыс, рефератты опоненттеу. Оның нәтижесінде дискуссия жүргізудің, көпшілік алдында сөз сойлеуді талдау дағдылары қалыптасады.

9. Коллоквиум – нақты зерттелетін пәннің әртүрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін, білімін әңгімелесу түрінде анықтауға мүмкіндік береді.

10. Өз бетінше зерттеуге арналған сұрақтардың – жауаптары жинақталған материалды талдау және оның трактовкасына негізделуі болуы керек.

11. Эссе әдетте жоғары курс студенттеріне ұсынылады, бұл өз ойларын пікірлерін өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге, әртүрлі жанрларда – критика, публицистикаларға негіздеу.

12. Мақсаттарды тізу – ол үшін студенттерге бір мәселені таңдау, деңгейлер бойынша мақсаттарды анықтау, барлық тапсырмаларды барлық деңгейлер мен болашағы бар жоспарларға анықтау; орынды анықтау, мысалы кәсіпорынның осы мақсатқа жетудегі ұйымдастырушылық құрылымы, тапсырмаларды бақылау формасы мен жұмыс сапасы өлшемін таңдау.

13. Тұсау кесер (Презентация) - өз презентациясына кез-келген тақырыпты таңдап алуына және презентацияда қарастырылатын қандай-да бір аспектісін түсінуін немесе түсінбеуін көрсетуіне болады. Презентация тақырыптың қаншалықты ашылу критериі арқылы, сондай ақ студенттің қарастырылып отырған мәселеге қаншалықты кәсіби қарастырғандығына байланысты бағаланады.

14. Нақты оқыту ситуациялары – студенттерге көптеген қарапайым және күрделі ситуациялар ұсынылады. Ол ситуацияларға өз мәселесін көру, сұрақтарға жэауап бере алу, біршама дайындалған студенттер өз кейстерін жаза алады.

15. Іскерлік ойындар студенттердің болашақтағы кәсіби іс-әрекетіне қажетті дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кейбір ойындар бойынша үй дайындығы немесе кітапханада отырып дайындалу қажет болады.

16. Топтық жоба – топта 3-5 адам болуы керек, әрбір топ өз жобасын жасауы керек.

17. Жеке жоба – ны біршама дайындалған студенттер өз қалауы бойынша орындалады. Жұмыс тақырыптың зерттеушілік сипатымен ерекшелуі керек. Жобаның нәтижелері студенттік конференцияда жинақталуы керек.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 1110. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия