Студопедия — Дәріс сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау






 

«ДІНТАНУ»пәні бойынша ОСӨЖ,дәріс

және семинарлық сабақтарына арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУлар

МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ

клекционным и семинарским занятиям, СРСПпо

дисциплине «РЕЛИГИОВЕДЕНИЕ»

 

Караганда 2015

ББR 63.3(5каз)

УДК

 

Сулейменова М.Ж.,Тлеугабылова К.С.,Шаймуханова С.Д.,Касимова С.С. Методические указания к лекционным, семинарским занятиям, СРСП по дисциплине «Религиоведение». Караганда: Изд-во КарГТУ, 2015,___с.

 

Методические указания составлены в соответствии с требованиями Типовой программы и учебного плана по дисциплине «Религиоведение» и включают все необходимые сведения по выполнению различных видов занятий курса (лекционные,семинарские занятия,СРСП).

Методические указания предназначены для преподавателей и студентов всех специальностей дневной формы обучения.

 

Рецензент – к.ф.н. ст. преподаватель Нугман Б.Г.

к.п.н. ст. преподаватель Огольцова Е.Г.

 

 

Утверждено Редакционно-издательским советом университета

 

 

@ Карагандинский государственный технический университет, 2015

Пәннің тақырыптық жоспары

Бөлімнің (тақырыптың) атауы Пәннің еңбек сыйымдылығы, cағ.
Дәріс   семинар СОӨЖ СӨЖ
1. Дінтану ғылыми білімдер жүйесінде   а) Дінтану пәні, оның философиялық ғылымдар жүйесіндегі орны b) Діннің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі анықтамасы c) Діннің элементтері, құрылымы және қызметтері          
2. Діннің адамзат мәдениетіндегі орны   а) Діннің рухани мәдениеттегі орны b) Діни мәдениеттің ерекшеліктері с) Діннің рухани өмірдің басқа салаларымен өзара байланысы d) Рухани мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы діннің рөлі, олардың рухани мәдениеттің тарихи формаларына қатынасы          
3. Дін: тарихи формалары және қазіргі заман   а) Діннің пайда болуы мен өмір сүруінің себептері мен мәселелері: түсіндірме тәсілдері мен ыңғайлары b) Діннің тарихи типтері мен формалары c) Постиндустриалды әлемдегі діннің даму үрдісі d) Қазіргі өркениет жағдайында жаңа пұтқа табынушылықтың феномені          
4. Әлемдік діндер: пайда болуы, дін оқуы, салыстырмалы талдау   а) Буддизм: діни ілім және ғибадат ету негіздері b) Христиандық: тарихы және қазіргі заман c) Қазіргі дүниедегі және Қазақстандағы Ислам дінінің орны мен мәні          
5. Қасиетті жазбалар мәдени ескерткіштер ретінде   а) Қасиетті канон түсінігі. Ежелгі шығыс мәдениеттеріндегі канондалу үрдісі (Веда, Авеста, Трипитака және т.б.) b) Иудей-христиандық өркениеттің алғашқы кітабы және еуропалық мәдениет метатексті c) Құран мәтіндерінің құрылуы және «канондалуы» d) Қасиетті кітаптарға салыстырмалы талдау        
6. Қазіргі заманғы дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптар   а) Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғибадат етудің (ғұрыптардың) қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-тарихи және мәдени-әлеуметтік шарттары b) «Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптардың» ерекшеліктері мен сипаты c) «Дәстүрлі емес діни қозғалыстар мен ғұрыптардың» типтері және оларды классификациялау мәселелері          
7. Қазіргі кездегі діншілдіктің ерекшеліктері   а) Қазіргі мәдени жағдайдағы діншілдіктің сипаты b) Секуляризация және сакрализация c) Қазіргі діндегі жаңғыру және фундаментальдық тенденциялар          
8. Дін, мемлекет, саясат   а) Қазақстан Республикасының дін туралы Заңы b) Діни сенім бостандығы туралы түсінік c) Толеранттықтың қазақстандық үлгісі          
БАРЛЫҒЫ:        
Дәріс сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

«Дінтану» пәнінен дәріс сабақтары аталған курстың негіздерін оқып үйрену мен мазмұндауға және дінтанудың пәні мен құрылымын айқындау, дінтанудың негізгі теорияларын, діннің адамзат мәдениетіндегі орнын, дін мәселелері мен пайда болу себептерін, мәнін анықтауға бағытталған.

Дәріс материалдары әлемдік діндерді анықтауда, бұрыннан бар діндерді, дін оқуы және діни ғұрыпқа салыстырмалы талдау жасауға септігін тигізу қажет. Қазіргі діндарлықтың ерекшеліктеріне түсіндірме беру және дін мен мемлекеттің, саясаттың байланысын көрсету.

 

1 тақырып. Дінтану ғылыми білімдер жүйесінде (2 сағат)

Дәріс жоспары:

1. Дінтану пәні, оның философиялық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.

2. Діннің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі анықтамасы.

3. Діннің элементы, құрылымы және қызметтері.

 

Дін – тамыры қоғамдық тарихтың тереңінен бастау алатын күрделі әлеуметтік және рухани құбылыс. Діннің әлеуметтік табиғаты мен сипаты бірімен-бірі тығыз байланысқан бөліктерден тұратын жүйе ретіндегі қоғам дамуымен байланысты.

Дінтанудың пәніне діннің пайда болуы, дамуы және қызмет етуінің заңдылықтары, оның көпқырлы феномені, қоғам тарихындағы көрінуі, мәдениеттің басқа салаларымен өзара байланысы және өзара ықпалдастығы жатады.

Екі жағдайға негізделген философиялық мазмұн дінтанудағы ең маңызды болып табылады. Біріншіден, объектінің анағұрлым әмбебап ұғымдары мен теорияларын жасау негізгі болып табылады, екіншіден, дінді зерттеу адам, дүние, қоғам туралы философиялық-дүниетанымдық мәселелерге соқпай кетпейді. Осы сұрақтарды қарастырғанда дінтану пәні философиялық ойлардың мұрасына, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың тарихына, әсіресе қазіргі кездегі ғылыми-техникалық революцияның жетістіктеріне, діннің ғылыми анықтамасына сүйенеді. Сананың сәйкес түрлері рухани өмірдің барлық салаларында жүйелендіруші қызмет атқарады; тек сананың белгілі бір түрі ғана әр саланың сәйкес шекарасын белгілейді. Айтылғандардың барлығы дінге де қатысты. Діни сананың мазмұнына сәйкес белгілі бір іс-әрекет түрі қарастырылады, қарым-қатынастар орнығады, институттар мен ұйымдар қалыптасады. Сенім, сезінушілік және басқалары діннің элементтеріне жасады.

Діннің құрылымына діни қызмет те жатады. Діни қызметтің екі негізгі түрі бар: ғибадаттан тыс және ғибадат ету. Ғибадаттан тыс түрі рухани және тәжірибелік салада жүзеге асырылады. Ғибадаттан тыс рухани қызметті құрайтындар: діни идеяларды жасау, теологтардың діни қағидаларын жүйелеу және түсіндіру, құдай сөздері шығармаларын құрастыру т.б.

Тәжірибелік ғибадаттан тыс қызмет етуді құрайтындар: діни ғибадат етудің құралдарын табу, құдай сөздері пәндерін оқыту, діни ұйымдарды басқару қызметі, баспасөз, радио, телевидение және ғибадат ету элементтері арқылы діни көзқарастарды насихаттау.

Діннің рөлі, оның қоғам мен жеке адамға ықпал ету дәрежесі оның атқаратын қызметтері арқылы қамтамасыз етіледі және оның бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде маңызды болып табылатындары: 1) көзқарастық қызмет табиғи әлеуметтік құбылыстарды қатаң белгілі бір позиция тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін сенімдерді қалыптастыруды мақсат етіп қояды. Одан басқа: дін көзқарастық қызмет арқылы құндылықтар мен нормалар жүйесін қалыптастырады; 2) коммуникативтік қызмет діншілдер қоғамдастығына қауымдастық пен ғибадат етудің арасындағы байланысты үзбеуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынас оларға ақпараттармен алмасуға және өзгермелі жағдайға ықпал етуге септігін тигізеді; 3) тәрбиелік қызметтің; екі жағы бар: а) дін өзінің бір діндегі адамдарына жалпыадамзаттық құндылықтар мен нормаларды тарататын жағымды жағы; б) дін атеистер мен өзгеше ойды ұстанушыларға қарсы фанатизмге, дұшпандыққа тәрбиелейтін жағымсыз жағы.

Осылайша, діннің әлеуметтік қызметтері өзінің әралуандығымен өзгешеленеді және бір-бірімен диалектикалық бірлікте жүзеге асырылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Айтбаев О. Дінтану негіздері: Оқулық. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. – 201 б.

2. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы. Құраст. Ж. Алтаев, Т. Ғабитов, А. Қасабеков және т.б. – Алматы, 1998, 526 б.

3. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 12 томдық. Бас ред. М.Қаратаев. -Алматы, 1991. 579 б.

4. Викторов В.Ю. Религиоведение.- М.:ЮРАЙТ-ИЗДАТ,2011.-492с.

5. Рожковский В.,Устименок Д.,Религиоведение:хрестоматия.-РнД.:Феникс,2009.- 320с.

6.Забияко А, Красников А, Элбакян Е. Энциклопедия религий. - М.: Академический проект; Гаудеамус, 2008. - 1520с.

7.Мануйлова Д.Е. Социальные функции религии.- М., 1975.

8.Панкин С. Основы религиоведения:учебное пособие.-М.:Золотое Сечение,2011.-536с.

9.Токарев С.А. Религия в истории народов мира. - М.: Издательство политической литературы, 1976. - 576с.

10. Элбакян Е.С. Религиоведение: словарь – М.: Академический проект, 2007.– 640с.

11. Яблоков И.Н. Религиоведение. М., 1998.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3461. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия