Студопедия — Лекция. Қарым-қатынастағы эмоция
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция. Қарым-қатынастағы эмоция






Басқа адамның жағымсыз эмоциясына қалай ықпал ету және өзінің эмоциясын қалай басқаруға болады? Эмоция деп айналадағы заттар мен құбылыстарға жағымды, немесе жағымсыз қатынастың сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтың жүйкеде сәулеленуінің айрықша бір түрі. Сыртқы бір дүниенің әсері адамның миында тек қана сәулеленіп қоймай, адам оған толғанып, тебіреніп, өзінің қатынасын білдіреді. Бұған адамға жағымды,не жағымсыз сезімдер туып отыврады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі, қимылдары, даусы арқылы айқын көрінеді. Эмоция үшін адам организмінің ішкі мүшелері әрекетінің әсері зор. Адам эмоциялары хайуан эмоцияларымен салыстырғанда өте бай және мазмұнды. Әрине, адамдардың эмоциялары біркелкі болмайды, өйткені олардың айналадағы нәрселерге қатынасы бірдей емес. Әрбір адамның темпераментіне, мінезіне, олардың басынан кешкен тәжірибесіне қарай сыртқы дүниенің әсеріне жауап қайтаруы түрліше болады. Адам эмоцияларының бір- бірінен айырмашылығы сезімдердің күш жағынан

әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан олардың сыртқы қимылдары, бет әжімі арқылы білініп отырады. Эмоция адамның тұрмысында үлкен орын алады. Олар адамға адамдық сипат беріп оның әрекетін жылытып, көрік беріп отырады. Эмоциялардың аз мерзімде бұрқ етіп сыртқа шығырып, аз уақыт әрекет ететін түрін – аффект дейді. Қарым-қатынас үрдісінде саналы және бейсаналы түрде адамдар өздерінің махаббатта, қорғануда, өзінің маңыздылығын сезінуде, ал кейде – басқа адамды билеуде де қанағаттануға тырысады. Ал қарым-қатынаста эмоциясыз әрекеттесуге мүлдем болмайды, міндетті түрде екінші адамға қандайда бір сезім болады. Олар жағымды, жағымсыз немесе бейтарап. Жаттығу: «Құнсыз қарым-қатынас» Жаттығу екі адам арасында ұйымдастырылады. Олар бір бірін кезекпен кезек бірнеше минут аралығында сыртқы келбеті туралы сипаттама береді. Бірақ бұл жаттығудың мақсаты бір біріне ешқандай бағалау айтылмайды. Мысалы: «көзің қандай әдемі», «ақылды көзқарас» және тб. Міне, осыдан бағалаумадың қандай атқаратын рөлі бар екенін байқадық. Әрине басқаға берілетін бағалау жағымды болса жақсы, ал кейде екінші адамға жағымсыз сипатта жасалынса оның тарапынан мінез құлқында ашу мен ыза көрінеді. Міндетті түрде екінші серіктесте эмоционалды қысым пайда болады. Қарым-қатынаста бұл эмоционалды толысқан іс-әрекет және күшті эмоция екінші адамды дұрыс қабылдауға кедергі жасайды, оның шынайы мінез-құлқын түсінуге қиындық туғызады, сонымен қатар түсініспеушілік және қақтығысқа соқтырады. Мысалы: біреу сізге себепсіз айқайлап тұр. Оның себебі сізге түсінікті болса да, ол сізге жағымсыз әсер етеді. Сондықтан екінші ашулы адамға жауап қайтарудың үш тәсілі бар екен: 1. Агрессивті реакция /ашулы/ - егер айқайлап жауап берсек. Оны одан әрі өршітеміз және өзара қатынас бұзылады. 2. Басқа жаққа кету, бұл шегіну, мұндай енжарлық көбіне өзара қатынастың салқындап, кейде мүлдеп үзілуіне әкеліп соқтырады. 3. Өзіндік ұтымды бекітілуді қолдану: ол үшін қажетті жағдайды ойластыру керек. Неден бастау ұтымды нәтиже береді? Екінші адамды одан әрі ашуландырмайтындай, керісінше қорғаныс мақсатында жоспарлау маңызды. Мысалы: осындай болғанына маған да өкінішті. Егер сізге біреу қарсы шағымданып қысым жасаса және сын айтса, яғни оның сәтсіздігіне сізді кіналаса, мұндай жағдайда сіздің мақсатыңыз – жауласуды басу және мәселенә реттеуге жанқындау. Сіздің жағыңызға өкпелеу сөздері айтылған күндеде, ақиқаттың себеін түсінуге тырысыңыз, сіздің мінез құлқыңызды қай жеріне оның көңілі толмады /өкпелі, тітіркенулі/ және алғашқы реакцияңыздан ұстану керек /ашуға ашу. Сезім мен эмоцияны басқару. Жоғары эмоционалды қысымды жағдайда өздеріңіздің эмоцияларыңызды басқаруға және қарым-қатынас серіктесіңіздің эмоционалды уайымына ықпал етуге арналған ережелер: - басқаның сезімін сыйлау. Адам өзінің сезіміне құқылы, әрине кейде басқаның сол жағдайды қабылдауын түсіну өте қиын. Көбіне адамда ашу шақыратын сол мәселе емес, ол тек түрткі болып отыр, керісінше басқа бір бұрыннан жиналған түсініксіз жайлар болуы мүмкін. /Ашуын мен алды/. - Егерде кім де кім орасан ашулы эмоционалды жағдайды басынан өткеріп жатса, онда сіз шыдамдылық көрсетіңіз. - Билік үшін жүйкелі күрестен алшақ болыңыз. Кейде адам өзіндік бағалауды көтеру мақсатында сізді пайдалануы мүмкін. Онда сіз жай ғана басқа жаққа бұрмалап, оның нақты жақсы жақтарын мадақтауға әрекет жасаңыз. - Жазалау, кек алу немесе кіналау, сонымен қатар сынау мен мысқылдаудан алшақ болыңыз. Мысалы, әсіресе әйел адамдар: «мен саған айттым ғой», «Өзің кінәлісің» деген

сөздер керісінше қарсы өкпе мен ашуды туғызады. Кек алу қажеттігі, мұнда терең өкпеден пайда болады.

№8 Лекция. Қарым-қатынастағы кедергілер

Мәдениеттің терең қабаттарындағы құндылықтар мен құнды бағыттардың қатарында жалпы қабылдаушы, стандартты әрекеттермен тәртіптерінде мәдени құндылықтарды жинақтайтын нормалар, және ол нормативтік жарлықтар мен заңдарды жіне қоғамдағы индивидтің тәртібін реттейді.

өнер,

заңдар,

салт-дәстүрлер,

ритуалдар,

ым-ишаралар,

киім стилі, тағам,

сөйлеу ритуалдары,

сәлемдесу стилі,

қоштасу

мыналарға қатысты ережелер және құндылық бағдарлар:

іс-әрекет, қарым-қатынас,

ситуативті қоршаған орта

уақыт, кеңістік, билік, даралық, бәсеке, қоғам құрылымы, ойлау

Ережелер қоршаған ортадағы жүріс-тұрыстың дәл немесе дәл еместігін көрсететін критерий, яғни өз тұрғысынан алып қарағанда өзгелермен өзараәрекеттестік барысындағы мәдени-спецификалық жарамды немесе жарамсыз жүріс-тұрыстың «фильтрі», яғни белгілі бір жағдайларда күтілетін жүріс-тұрыс эталоны болып табылады. Құндылықтардың негізгі мазмұнына бірнәрсеге деген, яғни заттарға, құбылыстарға, жағдайларға, процестерге, қоршаған ортаға деген қатынас, өзіне «жақсы» немесе «жаман» адам ретінде қарау қатынасы жатады. Шетелдік мәдениет зерттеушілерінің жұмыстарында құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әлеуметтік өмірдің өзіне қажетті нәтижелері мен оларға қол жеткізудің жолдары туралы ұғым ретінде қарастырылады. Жеке тұлға құндылықтарды қабылдаған жағдайда олар сол адамның санасында құндылық бағдарларға айналады да мәдениет өлшемінің критерийіне жатады (басқа мәдениеттермен салыстыру барысындағы оның ұқсастықтары мен айырмашылықтары). Олар адамның

қарым-қатынас жасау барысында маңызды рөл ойнайды, солардың негізінде «әлеуметтік қарым-қатынас орнайды, эмоциялар және сезімдер (аффекттер), өзараәрекеттестік дағдылары қалыптасады». Серігіңнің құндылық бағдарларының ерекшелігін білу қарымқатынастың табысты болуын қамтамасыз етеді, яғни серігіңнің жүріс-тұрысын, ұмтылыстарын және тілектерін болжауға мүмкіндік береді. Е.Холл үлгісінде белгілі бір қоршаған ортадағы сөйлеу іс-әрекеті мен қарым-қатынасқа, яғни контекстке көп мән беріледі. Ол мәдени контекстеен тысқары айтылатын ойдың еш мағынаға ие бола алмайтынын атап өткен. Сонымен қатар автор мәдениеттің детерминдеуші рөлін құндылықтар, идеялар, көріністер, тіл көмегі арқылы ойды білдіру жолдары негізінде басқалармен өзара қарым-қатынас жасау барысында адам жүріс-тұрысына әсер ететін әлеуметтік өмірдің негізі деп атап көрсеткен. Адам үйренген барлық нәрсе жүріс-тұрыста көрінеді. Жүріс-тұрыстағы айырмашылықтарды сезіне отырып, мәдениеттердің айырмашылықтарын сезінеміз. Мәдениетті игеру жүріс-тұрыстың мәдени-спецификалық айырмашылықтарында көрінетін құндылықтарды сезінуден басталады. Сондықтан ғылыми қызығушылық әртүрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімеен ұқсас болып келетін немесе бір-бірінен айрықша болып келетін мәдениаралық жүріс-тұрыс үлгілерін салыстыруды көздейді. Мәдениет кеңейген сайын олардың құндылық бағдарлары бір-біріне қарама-қарсы қойылған, ал ол қарым-қатынасты одан сайын қиындатады. Сонымен қатар, мәдениет жүріс-тұрыс үлгісі үшін тыйымдар мен рұқсаттардың деңгейлерін белгілейді, олардың негізінде мынадай аттитюдтер – құрамында ережелер, рөлдер, құндылық бағдарлар, үміттер бар жүріс-тұрыс заңдары – жатады. Жүріс-тұрыс ережелері мен ойды білдірудің дәлме-дәл жолдары бұзылатын коммуникативті жүріс-тұрыс мәдениаралық жанжал формасында пайда болатын қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады. Оның нәтижесі коммуникантты қарым-қатынасқа қатыстырмай, қарым-қатынасты блоктау болып табылады. Мәдениет компоненттері әлемді көру – «әлем бейнесін», менталитет, халықтың ментальділігін – жалпы адам қоғамына қатысты әлемді түсінудің эмоционалды түстелген жүйесін бейнелейді. Мәдениаралық процесте қарым-қатынас тиімділігі ешқандай да символдар мен артефактардағы нақты айырмашылықтар үшін емес, серіктің әлем бейнесінің айырмашылықтарының салдарынан төмендеп кетуі немесе нөлге жетуі мүмкін.

 

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 4282. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия