Студопедия — Лекция. Қарым-қатынасты диагностикалау және құралдары. Әдістері. Жолдары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция. Қарым-қатынасты диагностикалау және құралдары. Әдістері. Жолдары.






 

Профессор Қ.Жарықбаев: «қарым-қатынас – адам іс-әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды» деген анықтама береді 43. 400-б.. Ғалым тұжырымын басшылыққа алып, мәселені талдаудың түйіні ретінде айтарымыз: қарым-қатынас үдерісі адам өмірінде болып жатқан түрлі ақпарат алмасулар, әлеуметтік, мәдени және рухани құндылықтармен алмасу, адам санасы мен мінез-құлқына өзара әсер ету, өзара әрекеттесу тәсілдері және т.б. маңызды қызметтерді атқарады. Осы ретте ғалым Қ.Жарықбаевтың «өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана

шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым» деген пікірі жоғарыда айтылғандарды қорытындылауға өте орынды. 43. 68-б.. Қарым-қатынас қызметтерінің сан алуандығын қарастыра отырып, қайсыбірін дұрыс не бұрыс деп айтуға болмас, себебі олар бір-бірін жоққа шығармайды. Дегенмен, жалпы қарым-қатынас үдерісі көп өлшемді және полиқызметті процесс тұрғысында зерттелуі тиіс. Кез келген психологиялық экспериментті жүргізуде нәтиженің тиімді болуы – қажетті экспериментальды әдістемелерді дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Осы тұста бірқатар психолог-зерттеушілер, «зерттеу әдістемесі – бұл әдісті жүзеге асыру құралы, операциялар мен тәсілдердің (олардың жүйелілігі мен өзара байланыстылығы) біртұтастығы, сонымен қатар ақпаратты талдау және өңдеудің қалыпқа келтірілген ережелері» 137. 297-б. деген анықтама береді. Демек, зерттеу нәтижесінің нақты болуы экспериментаьды әдістемелердің бір-бірін өзара толықтырушы ретінде жүзеге асырылуына байланысты. Топтың ұйымшылдығы – оның мүшелерінің біртұтастығын көрсететін ең маңызды өлшем болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың бастапқы кезеңінде курс тыңдаушыларының полиэтностық құрамына қарай психология ғылымының даму тенденциясына сәйкес топтың ұйымшылдығын көптеген әдістемелердің (социометриялық, референтометриялық және т.б.) көмегімен анықтауға болады. Сонымен қатар, топтың ұйымшылдық индексін анықтауда Сишор әдістемесін 137. 249-б. пайдалана отырып, анықталады. Әдістеме сұрақтарының жалпы нәтиже көрсеткіштеріне (жоғарғысы-19; минималды-5) қарай: - «жоғары» (19-15 ұпай); - «орташа» (14-10 ұпай); - «төмен» (9-5 ұпай) деңгейлерге бөлінді. Тыңдаушыларға арнайы нұсқау беріледі. Жауаптар жақша ішінде берілген ұпайлармен есептеледі. Бірақ жауап алу барысында ұпай сандарын көрсетудің қажеті жоқ. Максималды ұпай-19, ал минималды-5. Психология ғылымдарының докторы, профессор Джакупов С.М. «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» атты еңбегінде 140. 250-б. моноэтникалық және полиэтникалық оқу топтарындағы бірлескен таным әрекетінің нәтижелері әр түрлі болатындығына тоқталады. Біздің ойымызша, көп жағдайда бұл нәтижелер ұлттық мәдениет көрсеткіштеріне тікелей байланысты. Сонымен қатар, ғалым Т.Сәрсенбаев ұлтаралық қатынас мәдениеті ең алдымен көпэтносты, не моноұлттық болып келетін қатынас ортасына тығыз байланысты болады дейді. Осы айтылған пікірлерге байланысты курс тыңдаушыларының мәдени және құндылық бағдарларын анықтау мақсатында Дж.Таусендтің „мәдени-құндылық бағдарын“ анықтау тесті 141. 251-б.  жүргізілді. Тест құрылымы жағынан өте қарапайым және пайдалануға қолайлы. Тест 5 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа үш нұсқалы жауап берілген. Тест нәтижесі төмендегі кілт бойынша есептеледі:

Сұрақ № ДМ ҚМ ДДМ 1 a b c 2 a b c 3 a b c 4 a b c 5 a b c

Тест нәтижесін өңдеуде респондент жауаптарының мәдениет типтеріне қарай орташа пайыздық көрсеткішін шығару қажет. Алынған нәтиже бойынша топ мүшелерінің қай мәдениет типіне жатқызу керектігін анықтауға болады. Тест интерпретациясы төмендегідей үш деңгейді анықтауға мүмкіндік береді:

Бірінші тип – дәстүрлі мәдениет (ДМ) – адамдардың тарихқа, мәдени-тарихи мұраларға, салт-дәстүрге, ұлттық мәдениетке деген жоғары қызығушылық деңгейімен сипатталады. Мәдениеттің осы типіне жататын адамдар табиғатттың тылсым күштеріне, құбылыстарына өызығады, дегенмен оларды шешуге ұмтылыстары жоқ деп айтуға болады. Отбасын, діни наным-сенімдерін жоғары қояды. Мұндай мәдениет типінде адамдардың ішкі жан дүниесінің бостандығына жол берілмейді, өйткені адамдар теріс қылыққа бармау үшін, оғат қылық жасамауы үшін өз қоғамдастарының қатаң бақылауында болуы тиіс деп санайды. Шешімді қауым болып табады, ал шешімнің нәтижесі аға ұрпаққа байланысты болады. Екінші тип – қазіргі мәдениет (ҚМ) – заман ағымына қарай өзгеріске ұшырауға бейім. Табиғатпен үйлесімде өмір сүруге, табиғат заңдылықтарын сақтауға тырысады. Бұл мәдениет типінде басты фактор – адам және оның құқтары, тұлға ретінде дамуы, өмірлік орнын табуы. Адамдар арасындағы өзара қатынастар әлеуметтік жүйедегі ролі мен статусына байланысты қалыптасады. Достық қатынастар өте баяу дамығанымен, уақыт өткен сайын терең мағынаға ие болады. Мұндай қоғамда адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін адамгершілік, этикалық нормалар мен ережелер арқылы реттеп отырады. Тұлғааралық қатынаста өздерін ұстай біледі, ролдік және әлеуметтік қашықтық сақтауға тырысады. Қандай да жеке шешімдерді қабылдау барысында топтардың, отбасының, еңбек ұжымы мүшелерінің қызығушылығы, жоспары, қажеттіліктері, келісімдері ескеріледі. Өз жұмыс нәтижесіне материалдық емес, моралдық марапат (атақ-даңқ, мойындау, табысқа жету) алуға тырысады. Үшінші тип – динамикалық дамушы мәдениет (ДДМ) – адамдардың болашаққа көзқарастарын, нәтижеге жылдам жетуді көрсетеді. Өз жоспарларын қысқа және тез шешімге жетуге болатындай етіп жоспарлауға тырысады. Бұл типтегі адамдар үшін «уақыт, ол - ақша». Табиғатқа «жұмбақ», тылсым дүние ретінде қарамайды, керісінше табиғат адамға бағынуы қажет деп есептейді. Еркіндікті жоғары қояды, тәуелсіздікті, жеке даралықты, дербестікті маңызды деп түсінеді. Жұмыс нәтижесін материалдық тұрғыда бағалау қажет деп есептейді. Көбіне өзін саналы түрде табысқа жету жолында, материалдық құндылықтардың жолында құрбандыққа шалуға дайын. Американдық әлеуметтік психологияда интеракционистік бағдар шеңберінде референтті топтарды зерттеу 1940 жылдардан басталған. Референтті топтар мәселелерін талқылауда алғашқылар ретінде Т.Хаймен, Т.Ньюком, М.Шериф, Р.Мертон, Т.Келли, Т.Шибутани жіне т.б. зерттеушілерді атауға болады. Олардың жұмыстарының нәтижесі бойынша референтті топ теориясы белгілі деңгейде танымал болды 142. 71-б.. Қарым-қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік пихологиялық факторларды (бұйығылық, ұялшақтық, сенімсіздік) меңгеру. Олай болса, тыңдаушылардың тіл табысқыштық деңгейлерін дамытудың маңызы зор болып табылады. Зерттеу жұмысымызда В.Ф.Ряховскийдің «Тіл табысқыштық деңгейін бағалау» тестін 137. 290-291 б. алуымыздың басты мақсаты – полиэтностық және моноэтностық топтардағы тыңдаушылардың өзара тіл табысқыштық деңгейлері қандай деңгейде екендігін анықтау. Тест 16 сұрақтан тұрады және оның нәтижесін тест классификаторы арқылы көруге болады. Тест екі тұрғыда қолданылды: 1) топ мүшелерінің тіл табысқыштық деңгейлерін бағалау; 2) топтардағы этностардың тіл табысқыштық деңгейлерін бағалау. Тыңдаушыларға алдын-ала келесі нұсқау берілді: Тест адамның қарым-қатынас құзыреттілігін анықтауға көмектеседі. Берілген сұрақтарға «иә», «кейде» немесе «жоқ» деп жауап қайтару қажет. Нәтижені бағалау төмендегідей жүргізіледі: -«иә» - 2 ұпай; -«кейде» - 1 ұпай; -«жоқ» - 0 ұпай. Тест классификаторы 7 деңгейден тұрады:

30-31 ұпай – коммуникативтілігі өте төмен. Топтық жұмысқа мүлде қатыса алмайды. Бұл тек өзіне ғана емес, өзгелерге де зиянын тигізетіні бар. 25-29 ұпай – тұйық, жалғыздықты ұнататын адам. Жаңа ортаға ауысу деген сияқты пікірлерден бойын қорқыныш билейді. Дегенмен, өзіне көңілі толмайды. 19-24 ұпай – қарым-қатынасқа барынша ашық, бөтен ортада өзін еркін сезіне алады. Дегенмен, топтағы басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуде өзін абайлап ұстауға тырысады. Пікірталаста өзінен-өзі маңғаздық танытып жататын сәттері кейде болып тұрады. 14-18 ұпай – коммуникативтілік құзыреттілігі жеткілікті. Басқа адамдармен қарымқатынаста қызығушылық таныта біледі, тіл табыса алады. Жаңа адамдармен таныстыққа қуанады, дегенмен шулы ортаны және тым көп сөйлейтін адамдарды онша ұнатпайды. 9-13 ұпай – мұндай адамдар өте коммуникативті. Кейде тіпті шектен де шығып кететін кездері болады. Қызыққыш, көп сөйлейді; түрлі сұрақтарға оған тіпті қатысты болмаса да жауап қайтарып отырады. Өзін көпшілік назарының ортасында болғанды ұнатады. Тез ашуланып, тез қайтады. Бірақ шыдамды болуды естен шығармағаны абзал. 4-8 ұпай – кез-келген істе, кез-келген сұраққа жауабы дайын тұрады. Пікірталастарға аса белсенділікпен қатысады. Шешімін білмейтін істермен де шұғылдана беруге мақұл. Жұмысты аяғына дейін жеткізуге еркі жетпейді. Осыған байланысты басшылары тарапынан көп жағдайда сенімсіздік танытатын жағдайлар болып тұрады. 3-одан төмен ұпай – өзіне қатысты болмаса да басқалардың әрекетіне араласқанды ұнататын адамдар. Құзыретіне жатпайтын мәселелердің шешімін табуға ұмтыла береді. Ашуланып, ренжіп, көп жағдайда шектен шығып жатады. Мұндай адамдармен қарымқатынасқа түсу басқаларға оңай еместігін естен шығармаған жөн. Бірлестікке объективті қажеттілік және қарым-қатынасқа субъективті қажеттілік адамдардың ерекше ұйымдарының құрылуына алып келеді, олар топтар деп аталады. «Топ» ұғымының өте көп қолданылуына қарай, оған нақты бір анықтама беруге мүмкін емес. Адамның бүкіл өмірі қандай да шартты немесе нақты топтарда өтеді 143. 103-б.. Тұлғаның өзін-өзі таныту процесі мен оның этномәдени сәйкестілігі арасындағы байланысты қарастыру тұлға дамуының жекедара және әлеуметтік шартталу мәселесін талдауға алып келеді. Өзіндік бағалау және қарым-қатынас процесі өзара тікелей байланысты, ажырамас процестер болып табылады. Осы тұрғыда, зерттеу жұмысымыздың келесі бөлімінде біліктілікті арттыру курстарына қатысушы тыңдаушылардың өзіндік бағалау деңгейлерін анықтауды жөн көрдік. Осы мақсатта М.Снайдердің «қарымқатынаста өзін-өзі бақылауын анықтау» тестін 137. 292-293 б. қолдандық. Тест құрылымы жағынан өте қарапайым және өңдеуге өте қолайлы. Нәтижесін өңдеу төмендегідей: 1, 5 және 7 сұрақтарға «Б» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан, ал қалған 2, 3, 4, 6, 8, 9, 10 сұрақтарға «Д» жауабы сәйкес келсе 1 ұпайдан беріледі. Алынған нәтиже көрсеткіштерінің ортақ қосындысы есептелінуі қажет. Тест алдында қатысушыларға келесі нұсқау берілуі қажет: төменде берілген 10 сөйлеммен жақсылып танысып, жауап беріңіз. Әр сұрақты «дұрыс» немесе «бұрыс» деп белгілеп шығыңыз. Дұрыс деп тапсаңыз «Д» әріпін, ал керісінше болса, «Б» әріпін әр сұраққа қойыңыз. Тест классификаторы бойынша келесі үш деңгей анықталады: 0 – 3 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі төмен. Мінез-құлқы бірқалыпты және жағдайға қарай өзін өзгертуге тырыспайды. Қарым-қатынаста шынайы ұстайды. Мұндай адамдардың тікбақайлығына қарай көп адамдар ұната бермейді. 4 – 6 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі орташа. Шынайы болуға тырысқанмен, эмоциясын игере алмайды. Айналасындағы адамдармен санаса біледі. 7 – 10 ұпай – коммуникативтік бақылау деңгейі жоғары. Кез-келген ролге оңай кіріп, жағдайдың өзгеруіне қарай бейімділіп отырады. Кез-келген ортада өзін жақсы сезінеді және ортаның өзі туралы ой-пікірін алдын-ала білуге мүмкіндігі жетеді.

Көптеген зерттеушілер құзырлы қарым-қатынас - субъектілердің танымдық ісәрекеттерін дамытуда, айналасындағы адамдармен тиімді қатынас жасауда, өмірде өз орнын табуда оң ықпалын білдіреді. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі педагогтың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту мақсатын қояды. Құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Яғни, педагогтың коммуникативтік құзырлылығы – білім жүйесінің және басқа да субъектілермен еркін, үйлесімді, белсенді қарым-қатынасқа түсе алуы. Осы жағдайға байланысты тыңдаушыларға «коммуникативтік іскерлікті бағалау тесті» 137.293-294 б. жүргізілді. Тесттің екі нұсқасы бар. Зерттеу жұмысымызда біз тесттің алғашқы нұсқасын пайдалануды ұйғардық. Тесттің осы нұсқасында барлығы 25 сұрақ берілген. Тыңдаушыларға алдын-ала дайындалған жауап бланкілері таратылып беріледі және келесі мазмұнда нұсқау берілуі тиіс: «өз көңіліңіз толмайтын және кез-келген адаммен қарым-қатынасқа түскен жағдайда ашуландыратын жағдайлардың тұсына белгі қойып шығыңыз». Тест нәтижесін өңдеуде адамды мазасыздандыратын және реніш туғызатын жағдайлар бойынша пайыздық көрсеткіш шығарылады. Нәтижесін өңдеу барысында белгі қойылған жағдайлардың пайыздық көрсеткішін шығару қажет. Тест төмендегі классификаторлар бойынша төрт деңгейде бағаланады: 70 – 100 % - коомуникативтілік іскерлігі төмен. Өзгелерді тыңдауға және өзіңізді ұстай білуді үйрену қажет. 40 – 69 % - қандай да кемшіліктер кездеседі. Айтылған сындарды найзаның ұшымен қабылдайды. Жақсы әңгімелесуші болу үшін әлі де біраз іскерліктерді меңгеру қажет. Асығыс шешім қабылдауға бейім. 10 – 39 % - жақсы әңгімелесуші болғанмен, кейде өзгелерді тыңдауға шыдамы жетпейді. Ойды аяғына дейін, толық тыңдауға дағдылану қажет. 0 – 9 % - өте жақсы серіктес бола алады. Өзгелерді тыңдай біледі. Мұндай адамдардың қарым-қатынас стиліне өзгелер үнемі қызығушылықпен қарайды. Зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңінде А.М.Кузнецованың «вербальды емес коммуникацияны бағалаудың эксперттік» әдістемесін 137. 295-297 б. пайдалануда алдымызға мынадай мақсаттар қойдық: 1. әр этнос өкіліне тән вербалсіз коммуникация сигналдары туралы жалпы түсінік деңгейлерін анықтау; 2. этнос өкілдерінің көзқарастарының үйлесімділігін, басқа адамдардың вербальды емес әрекетін танудағы сезімталдықтарын анықтау; Әдістеме 20 сұрақтан тұрады және әр сұраққа төрт вариантты жауап берілген. Тыңдаушылар әр сұрақта бір ғана жауап вариантын таңдауы тиіс. Сәйкесінше, әр вариантқа 1-ден 4-ке дейін ұпай беріледі. Әдістеме нәтижесін өңдеуде келесі өлшемдер бойынша нәтиже көрсеткіштері алынады: 1. Көзқарастың жан-жақтылығы мен үйлесімділігінің көрсеткіштері – 1, 5, 8, 12, 15, 17 сұрақтар. Жалпы ұпай саны +9 –дан -9 –ға дейін болуы мүмкін. 2. Басқа адамның вербальды емес әрекетіне деген сензитивтілік пен сезімталдық көрсеткіштері – 2, 4, 7, 11, 14, 18, 20 сұрақтар. Жалпы ұпай саны 28 –ден 7 –ге дейін болуы мүмкін. 3. Қарым-қатынас жағдайына байланысты өз вербалсіз әрекетін басқара алу көрсеткіштері – 3, 6, 9, 10, 13, 16, 19 сұрақтар. Жалпы ұпай саны 23 –тен 2-ге дейін болуы мүмкін. Әр берілген өлшемдер бойынша респиенттің жеке-жеке нәтижелері есептеліп, 5, 8, 12, 19 сұрақтардың ұпайлары өз өлшемдерінің жалпы көрсеткіштерінен алынып тасталынады.

Әдістеме нәтижесі әр респиентті үш тұрғыдан және перцептивті-коммуникативтік даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Соңғы жағдайда жалпы ұпай саны 0 –ден 60 – қа дейін болуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттелушінің вербалсіз коммуникациясы құрылымының сапалық талдауын жасауға болады. Тыңдаушыларға берілуі тиіс нұсқау: «Сізбен қарым-қатынасқа түскен адамның ісәрекетіне сәйкес әр сұраққа жауап бланкіндегі берілген 4 нұсқасының біреуін таңдаңыз». Тесттің бірнеше өлшемдерді қамтуына байланысты, өңдеуде өте мұқият болуды және біршама уақытты қажет етеді. Тесттің жауап бланкі қосымшада көрсетілген формада алдын ала дайындалады /қосымша №/. Сонымен тәжірибелік диагностика жүргізуге алынған жоғарыдағы әдістемелерді іріктеуде әдістемелер бірқатар өлшемдер бойынша таңдалды. Олар: - әдіснамалық ұстанымдарға сәйкестілігі; - әдістемелердің нақтылығы; - түсініктілігі; - қарапайымдылығы; - өңдеуге ыңғайлығы - әдістемелердің өзара бірін-бірі толықтырушылық функциясы және т.б. Яғни, осы анықталған өлшемдерге байланысты әдістемелер бойынша алынған нәтижелердің шынайы және нақты болуына айтулы септігін тигізді деуге болады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3417. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия