Студопедия — сурет 6-сурет
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

сурет 6-сурет






Қырым геморрагиялық қызбасынтудыратын вирусты 1945 жылы Қырымда вирусолог маман Михаил Чумаков ашты. Ол ауру жұқтырған солдаттар мен ауру тараған аймақта шөп ору-жинау жұмысымен айналысқан адамдардың қанын зерттеу барысында вирусты анықтады. 1956 жылы Африканың Конго елінде ауру баланың қанының құрамынан Қырым қанды қызбасын тудыратын вирусқа өте ұқсас вирус табылды. Инфекция көзі ірі қара мал, қой, ешкі (7 сурет), қоян, кірпі, кеміргіштер. Жануарларда симптомсыз, белгісі жоқ, жеңіл түрде өтеді.

 

 


Сурет

Берілу механизмдері:

1) Негізінен трансмиссивті -иксод кенелерінің шағуы арқылы (Hyalomma

Asiaticum- 6 сурет)таралады.

Иксод кенелері вирустарды табиғатта сақтаушы және таратушы болып табылады (8 сурет). Қойларда кенелердің 150, түйелерде 500 дейін экземпляры кездеседі.

Ауру жұқтырған кенелер шаққанда, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде жұғады.

Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы - вирусты сақтайтын және вирустың көзі болып табылатын кенелердің белгілі бір түрлері. Ал, вирустың негізгі тіршілік ететін ортасы - биологиялық организм - кенелер, бүргелер және жабайы немесе үй жануарлары.

Сурет

2) Жанасу механизммен малдарды кенеге қарсы тексеру, кенелерден тазалау, науқасты тексеру немесе емдеу барысында қорғалмаған жанасу арқылы жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары арқылы да жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады.

Медицина қызметкерлері «апаттық жағдайда» (қолғаптың тесілуі), науқастың қаны медициналық манипуляция кезінде теріге немесе көз, ауызға тиген жағдайда жұқтыруы мүмкін.

Қазақстанда ауырғандардың 73,3% трансмиссивті, 23% - жанасу механизммен, 4% - медициналық көмек көрсету және күтім жасау кезінде қан арқылы жұқтырған. Қырым геморрагиялық қызбасы көктем-жаз айларында (сәуір-тамыз)жиі тіркеледі. Ауыл тұрғындары жиі ауырады, әсіресе 20-50 жастағылар. Жасырын кезеңі – 1-12 күн, орташа 1-7 күн.

Қырым геморрагиялық қызбасыныңклиникалық белгілері:

а) бастапқы кезең(1-3 күн)– жедел басталады, бастың қатты ауруы, әлсіздік, бұлшық ет, сүйек-буындардың ауруы. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, бет,мойын, кеудеаймақтары қызарады. Өлім жітім – 30%.

 

 

 


Сурет

б) геморрагиялық кезең (4-7 күн) – интоксикация белгілерінің күшейеді,

геморрагиялық бөртпелер, қанталау,мұрыннан,асқазаннан,жатырдан қан кету. Дене қызуы 2 толқынды сызық түрінде- 3-5 күні төмендейді, 1-2 күннен кейін қайта көтеріледі. Қанның құрамында анемия, тромбоцитопения.

в) жазылу кезеңі – 1-2 айға созылады (9 сурет).

Адамдардың геморрагиялық қызбалармен ауруға бейімділігі өте жоғары. Жергілікті тұрғындарға жеңіл және субклиникалық геморрагиялық қызба түрі тән. Ал, аурудың ауыр түрі жұқпа ошағында бірінші рет болған адамдарда жүреді. Қырым қанды безгегін жұқтырған науқастар аса қауіпті. Кене сілекейі арқылы адам­ға жұққан вирустар қанда өте жылдам көбейеді. Бірінші кезеңде адамның ыстығы 39-40 градустан асып, басы ауырып, денесі түршігіп, кейде қалшылдап, беті мен адамның шырышты қабыршықтары қызарады. Адамның дәрмені құрып, бұлшық еттері ауырып, буындары қақсап, жүрегі айнып, құсады. 2-4 күннен кейін кеселдің геморрагиялық кезеңі басталады. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, шырышты қабыршақтары мен терілерінің кейбір жерлері қанталап, бөртіп, қызыл дақтанып кетеді. Лейкоциттер мен тромбоциттердің саны күрт азаюына байланысты адам ағзасының ауруға тө­зімділігі жойылуы және қан тамырларының жарақаттануынан қанталау мен қан ағу белгілері байқалады. Адамның мұрнынан, тістерінің қызыл еттерінен, кене шаққан жерлерінен қан ағады. Іші өтіп, бауыры ауырады, сары аурудың белгілерін береді. Осы аққан қандағы көкала қоздырғыштар аса қауіпті. Ауырғандардың өлімі 50-70 пайызға дейін жетеді.

Диагностикасы: Эпидемиологиялық анамнез, клиникалық белгілері және зертханалық зерттеулерге негізделеді. Эпидемиологиялық анамнез жинау барысында кененің шағуы, отбасы мүшелерінің науқаспен жанасуы, қанмен жанасу мүмкіндігін ескеру қажет.

1. Вирусологиялық әдіс - науқастың қаны және ошақтан жиналған кенелер вирустарға қарсы тексеріледі (тек арнайы тәртіптегі вирусологиялық зертханаларда жасалады).

2. Серологиялық әдіс: КБР,ИФР, ПГАР, ИФА.

Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиялық таралу мезгілде (көктем-жаз айлары) қауіпті аумақтарда клиникасы ұқсас науқастарды ауру секілді бақылау керек.

Емі. Этиотропты ем ретінде рибавирин, виразол, рибометил тағайындалады.

Науқасты ерте анықтау, ауруханаға жатқызу, төсек тәртібін тағайындау, белсенді патогенетикалық ем жүргізу емдеудің тиімділігін арттырады.

Алдын алу шаралары «Қырым геморрагиялық қызбасымен күресу шараларын нығайту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы дерті бойынша елімізде эпидемиологиялық ахуал алаң тудырып отырғаны белгілі. Сондықтан да кенеге қарсы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін анықтау және оны ұйымдастыру үшін тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары кенелердің түрлік құрамын, таралуын, олардың санының маусымдық өсімін және вирустың табиғи қорын зерделеуі керек. Табиғи ошақ аумағында шөл, шөлейт және жылы климатты далалық жерлерде зоологиялық-паразитотологиялық тексеру жүргізілуі тиіс.

Алдын алу шаралар тиімді болуы үшін медициналық, ветеринарлық, шаруашылық мекемелерінің және тұрғылықты халықтың белсенді қатысуымен комплексті түрде жасалуы қажет. Ветериналық мекемелер жануарлар мен мал қораларын кенелерге қарсы өңдеу, дезинсекция жұмыстарын жүргізеді. СЭҚБ мамандары халықтан сұрау (кім, қашан, қалай кенеге қарсы өңдеу жасады) және жанаурларды кенеге қарсы тексеру арқылы мал дәрігерлерінің жұмысын қадағалайды.

 

 


Сурет

Ошақтағы шаралар. Науқастарды ерте және толық анықтау үшін амбулаторлық қабылдау, дәрігерді үйіне шақыртумен қатар үйме-үй аралап тексеру, санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Медицина қызметкерлерімен кеңес өткізу, Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша мәлімет беру (қызба, бөртпе, қан кетумен келген науқастарға аса көңіл аудару), ауруханаларды қорғаныс киім (халат, қалпақ, резеңкелі қолғап, бетперде, қорғаныс көзілдірік) дезинфекциялық препараттар, қосымша изолятор, қан және қан препараттарымен қамтамасыз ету қажет.

Емханада науқас адам анықталса медицина қызметкері қабылдауды тоқтатады, СЭҚБ-ға шұғыл хабарлама береді (№58/у үлгі бойынша), қорғаныс киім киіп (екінші халат, бетперде, резеңкелі қолғап, көзілдірік) науқасқа қажетті көмек көрсетеді, науқаспен қатынаста болған адамдардың тізімін жасайды, дезинфекция жүргізеді. Науқасты қоғамдық көлікпен тасымалдауға тыйым салынады. Науқасты ауруханаға жеткізген көлікті міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың табиғи ошақпенбайланысы,кенелердің шағу жағдайы,жұқтыру қауіпі төнгенадамдар анықталады. Қатынаста болғандар 12 күн медициналық бақылауға алынады. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалады: тұрғын бөлме 3% хлорамин, төсек жабдықтары 1% хлорамин немесе қайнату арқылы, көрпе матрастар камералық әдіспен залалсызданады. Ошақта кенелерге қарсы дезинсекция көктемде және күзде, жылына 2 рет жасалады. Мал қоралары,малдар 1-2% хлорофос,1% севин, бутокс, ивомек, стомазинмен залалсызданады. Табиғи ошақтарға үй жануарларын уақытша жолатпау керек.

 

Сурет

Ауруханадағы тәртіп. Науқас адам міндетті түрде жеке палатаға немесе арнайы бокстарға оқшауландырылады,ауруханада жұқпа таралмауы үшін бөлек пост бекітіледі, науқаспен тек шектелген қызметкерлер жұмыс жасайды. Пост бөлек медициналық құралдар күтім жасауға арналған заттармен қамтамасыз етіледі. Изоляторға кірерде медицина қызметкерлері арнайы киіммен жұмыс жасауы тиіс. Еденді 0,5-1% хлорамин ерітіндісімен сүрту, қанмен ластанған жерлерге 3% хлорамин ерітіндісі құйылады. Ыдыстар 0,5-1% хлорамин ерітіндісіне 30 минутқа салып қою немесе 2% сода ерітіндісінде қайнату арқылы залалсызданады.

Мамандар даярлау және санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Медицина қызметкерлерін даярлаудың мақсаты – Қырым геморрагиялық қызбасының негізгі белгілерін меңгеру, көмек көрсету және жеке бас гигиенасын сақтау, науқас келіп түскенде ауруханада тәртіп және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру, қырғалық таныту.

Түрлі санитарлық ағарту әдістері қолданылады: дәріс, әңгіме, қабырғалықтар, плакат, семинар, нұсқаулық, кеңес беру, санитарлық бюллетень шығару.

Әсіресе санитарлық белсенді топтарға ерекше назар аудару қажет, олардың міндеті - кенеге қарсы шараларды жүргізу, Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті науқас анықталса, СЭҚБ хабарлама беру, алғашқы көмек көрсету, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Кене энцефалиті

Вирусты (маусымдық) энцефалиттер – трансмиссивті механизммен берілетін, полиморфты клиникалық белгілерімен, орталық нервжүйесінің зақымдалуымен, салдану, парездермен сипатталатын зоонозды, табиғи ошақтық, вирусты жұқпалы ауру.

Кене, маса, шіркейлер арқылы таралатын болғандықтан,бір белгілі аймақтың табиғатында қансорғыштар көп таралған жерлерде кездеседі, эндемиялық,табиғи ошақтық аурулар болып табылады.

Маусымдық энцефалиттердің жалпы, ортақ белгілері:

а) Қоздырғыштары вирустар;

б) Орталық нерв жүйесін зақымдайды;

г) Табиғи-ошақтық,эндемиялық аурулар;

д) Трансмиссивті механизмменберіледі;

е) Мезгілдік аурулар - таратушылардың белсенділігімен байланысты.

Кене энцефалиті орманды аймақтардаШығыс және Батыс Сібірде, Орал, Белоруссия,Қытай,Корея,Польша, Монғолия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстандажиі тіркеледі. Қазақстанда эндемиялық ошақтар Батыс және Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында бар. Кене энцефалиті ауруын орыс ғалымы А.С.Пановский толық зерттеген.

Қоздырғышы - РНКлы вирустар, Flavivirusтар тобына жатады. Сыртқы ортада төзімсіз, температура 500- 600 градуста15 минут, 1000градуста 2минутта өледі. Дезинфекциялық заттардың әсерінен тез өледі. Сүтте –2 айға дейін сақталады. Инкубациялықкезеңі 1-30 күн, орташа10-14 күн.

Инфекция көзі үй жануарларынансиыр,ешкі,қойлар.Табиғи ошақтарда негізгі таратушылар – иксод кенелері.Сонымен қатар, вирус қояндарда,кірпілерде,дала тышқандарында, кеміргіштерде, құстарда,қасқырларда кездеседі (12 сурет).

Берілу механизмдері:

1. Трансмиссивті – иксод кенелерінің шағуы арқылы.

2. Аэрозольді.

Берілу жолдары: Алиментарлы жолмен – тағам өнімдері, әсіресе сүт арқылы жұғады және ауа-тамшы жолымен зертханаларда таралуы мүмкін.

Антропургиялық ошақтарда орманшылар,геологтар, аңшылар, малшылар жиі ауырады. Мезгілдік – көктем-жаз айларында жиі кездеседі, көбіне 20-40 жастағы адамдар ауырады.

Сурет

Клиникалық белгілері: жоғары температура,бас ауру,сандырақтау, түрлі салданулар,менингит белгілері. Өлім жітім - 30%.

Клиникалық формалары:

· Қызбалық формасы

· Менингиальды формасы

· Менингоэнцефалиттік формасы

· Менингоэнцефалополиомиелитическая формасы

· Полирадикулоневритикалық формасы

· Екі толқынды менингоэнцефалит формасы

Диагностикасы:

1. Клиникалық-эпидемиологиялық анамнез:лимфоцитарлы плеоцитоз,нейтрофильді лейкоцитоз;

2. Серологиялық әдіс - КБР, ТЕГАР, ИФА, РТГА, ПЦР.

3. Биохимиялық әдіс - ақуыздың жоғарлауы,қанттың төмендеуі;

4. Вирусологиялық әдіс(биологиялық әдіс) – ақ тышқандарды бас ми ішілік жұқтыру;

 

Кене энцефалиті эпидемиологиялық ошақты тексеру.

· Кене энцефалиті жайында жедел хабарлама,ветеринарлық қызмет туралы мәлімет беру;

· Инфекция көзі, берілу механизімін, берілу жолын, берілу факторларын және жұқтыру жағдайын анықтау;

· Эпидемиологиялық анамнезді толықтыру;

· Науқасты неврологиялық бөлімге госпитализациялау;

· Тұрғын үйлерде дератизация, дезинсекция, дезинфекция жүргізілмейді.Ошақта қатынаста болғандарға карантин жарияламайды.

· Науқас анықталған ошақта территорияның эпидемиологиялық қауіптілік анализін жүргізеді.

· Кенелердің санын,активтілігі мен вируспен зақымдалу пайызын анықтау.

· Кене энцефалиті вирусты тасымалдаушылары – кеміргіштер популяциясының санын анықтау;

· Мал жайылымдарды үнемі эпидемиологиялық және эпизоотологиялық тексеру;

· Жүргізілген алдын алу шараларға баға беру;

Алдын алуы. Кене энцефалитіне қарсы арнайы және арнайы емес күресу шараларынан тұратын жұмыстардан тұрады.Табиғи ошақтарда – кенелермен күресу,акарицидтер қолдану. Кенелерге қарсы шаралар жасалуы тиіс:

а) балалар лагері, сауықтыру орындары, туризм мен демалу орындарында;

б) жұмысшыларға кәсіптік түрде жұқтыруы мүмкін орындарда (бау-бақша, ауыл шаруашылық кооперативтері);

в) адамдар жұқтыруы мүмкін орман жағалауында;

г) орман ішінде демалыс орындары, саябақтарда.

Табиғи ошақта орналасқан балалар лагерін жұмысқа қабылдау алдында кенелерге қарсы тексеру және өңдеу жүргізіледі. Кенелерге қарсы шаралар міндетті түрде энтомологиялық бақылаумен қатар жасалауы тиіс. СЭҚБ кенелерге қарсы өңделетін аймақтың шекарасын, көлемін, өңдеу әдісін, кезеңін, мерзімін және өңделу сапасын қадағалайды.Қоршаған ортаны ластау қауіпсіздігімен қатар келеді,барлық аймақта орналасқан сауықтыру мекемелердің жергілікті жерлерде дезинсекциялық шаралар өткізу.Сәуірдің басында жерді өңдеуге 1 га – 30 кг инсектицид керек, содан кейін нәтижесін тексеру керек.Тұрғындар арасында санитарлық насихат жүргізу керек.Орманшылар, малшылар арасында инструктаж жүргізу керек.Бұқаралық ақпарат арқылы мәлімет беру.Сүт өршулердің алдын алу үшін қайнату керек.

Табиғи ошақта жұмыс істейтін қызметкерлер жеке сақтандыру киімдерімен қамтамасыз етілуі және арнайы киімсіз жұмысқа жіберілмеуқажет. Кенелерге қарсы комбинезондардың түсі ақшыл, жағасы, жеңі резеңкеден немесе жіппен қатты байланатын болуы тиіс. Жұмыс істеу барысында әр 2сағатта жұмысшылар өзін-өзі немесе бірін-бірі кенелерге қарсы тексеріп тұруы керек.Табылған кенелерді езуге болмайды, пинцетпен, жіппен ақырын тартып алып, керосинге салу немесе өртеу керек.Репелленттер қолдану тиімді.

Арнайы алдын алу. Кене жабысқан адамдарға - шұғыл алдын алу ретіндеиммундыглобулин егіледі.

Жоспарлы түрде инактивацияланған вакцина табиғи ошақ тұрғындарына,ошаққа жаңадан келген құрылысшы,аңшы,орманшы,малшы,геологтарға егіледі. Вакцина 1,0 мл көлемінде 3 рет, аралығы 14-30 күн және 3 айдан кейінегіледі (қараша-желтоқсан, үшінші егу наурызда),қайта егу жыл сайын 1 рет.

Эпидемиологиялық қадағалау.

Ұйымдастыру негізін құрайтын сатыларын:

· Табиғи ошақтық аймақтардағы жағдайға мониторинг жүргізу.

· Жоғары зақымдау контингенттерді анықтау.

· Тұрғындардың кенелермен жанасу интенсивтілігін анықтау.

· Тұрғындардың эпидемиологиялық сырқаттанушылықты бағалау және болжау.

· Тұрғын үйлерде, қоғамдық мекемелерде, өндірістік ғимараттарда кенелердің көбеюін алдын алу және қадағалау.

· Әр бір аймақтың қауіптілігін бағалайтын 5-10 жылдарға жүйелі эпидемиологиялық жоспар құру.

· Кенелердің санын болжау индексі.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2865. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия