Студопедия — Жаңа сабақты түсіндіру : 25 мин
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жаңа сабақты түсіндіру : 25 мин






1. www.minfin.ru – Министерство финансов РФ

2. www.nalog.ru – Федеральная налоговая служба РФ

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Фармакогнозия және химия кафедрасы

 

 

Мамандығы: 0306000 «Фармация»

Пәні: Фармакогнозия

Курсы: 2 ФЖҚ;

 

 

Тәжірибелік сабақтарға

Арналған әдістемелік өңдеулер

 

 

Шымкент 2014-2015 оқу жылы

 

 

Курс

Семестр

1-ші сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатын дайындау үдерісінің негіздері. Жинау, кептіру, алғашқы өңдеу, ұсақтау, орамдау, таңбалау, сақтау, тасымалдау.

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: дәрілік өсімдік шикізатын дайындау үдерісінің негіздері туралы біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: шикізаттар, гербарийлер, кестелер, плакаттар,

б) оқыту орны: 513 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

2. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

3. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымш (Қ)

  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998
  2. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009
  3. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

1. Фармакогнозия, оның міндеттері және медицина мен фармациядағы маңызы.

2. Дәрілік кәсіптің және фармакогнозияның даму тарихы. Дәрілік өсімдік шикізаттарының базасы

3. Фармакогнозиядағы негізгі түсініктер: дәрілік өсімдіктер, дәрілік өсімдік шикізаттары, жануарлардан алынатын шикізаттар, биологиялық белсенді заттар, өсімдіктерден алғаш өндірілген өнімдер.

Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин

Дәрілік өсімдік шикізаттары ( ДӨШ) – бұл медицинада қолдануға рұқсат етілген, химиялық өңдеуден өтпеген бүтін дәрілік өсімдіктер немесе оның бөліктері. ДӨШ ретінде кептірілген кейде жас балғын түрінде дәрілік зат ретінде немесе фитопрепараттар алу үшін, сонымен қатар дәрілік белсенді заттарды бөліп алу үшін пайдаланады. ДӨШ 9 морфологиялық түрлерге бөледі: бүрлер, қабықтар, гүлдер, жапырақтар, жемістер, тұқымдар, шөп, өркендер, тамырлар.

ДӨШ дайындау – бұл кезекті этаптардан тұратын үрдіс: жинау, алғашқы өңдеу, кептіру, стандартты жағдайға келтіру, орамдау, сақтау. Барлық этаптар шикізаттарда ББЗ сапасы және нормативті құжаттардың талаптары сақталатындай етіліп жүргізілуі тиіс.

Дәрілік өсімдік шикізаттарын ондағы фармакологиялық белсенді заттардың ең көп мөлшері жиналған вегетация кезеңінде жинайды. Өсімдіктерді онтогенезде зерттеу негізінде олардың жинауға қолайлы кезеңдері анықталады. Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және ауа райына байланысты. Жиі жағдайда шикізатты жинауды күннің белгілі бір мезгіліне белгілейді. Өсімдіктің әр түріне шикізат жинау ережелері бекітілген.

ДӨ жер үсті бөліктерін шық кепкеннен кейін таңертеңгілік сағат 8-9 және шық түсенге дейін сағат 5-ке дейін жинаған дұрыс.

ДӨ жер асты бөліктерін күннің барлық уақытында және ауа райына қарамастан жинауға болады.

Шөбі. Шөпті гүлдеп бастағанда, бүршіктенгенде, толық гүлдегенде немесе гүлдеу біткен соң, жемістері түскеге дейін немесе пісу барысында пышақпен, қайшымен, орақпен, машинамен әдетте 15-40 см етіп жинайды. Шөпті жинап немесе орып болған соң ондағы қоспаларды тазартады. Қажет болғанда өсімдіктің төменгі ағаштанып кеткен бөліктерін шауып бөліп тастайды. Біржылдық өсімдіктердің тамырлары топырақ бетіне жақын орналасады, оларды тамырымен жұлып алады. Жапырақтарын шіріген бөліктерінен тазалап отырады.

Жапырақтары. Шикізаттың түріне байланысты жапырақтарды толық формаға келгенде, әдеттегүлдей фазасында қолмен, сағақты және сағақсыз немесе оның бөліктерін теріп жинайды. Кейбір ұсақ жапырақтарды бұташығымен немесе бүтін шөбімен бірге жинайда да, кептіріп болғаннан кейін жапырақтарын жұлып тереді (аюқұлақ). Егер шикізаты тамыржапырақтары болатын болса (мысалы, меңдуана жапырақтарында), оларды тамырларына зиян келтірмей кесіп жинайды. Ірі шөптесін өсімдіктерде (мысалы, итжидекте) қос жапырақтардың ірі жақсы дамығандарын жинайды. Бұл кезде өсімдіктің жоғары ұшын кесіп, шөбі ретінде пайдаланады (галенді препараттар өндірісі үшін).

Гүлдері. Гүлдерді толық гүлдегенде немесе гүлдеу барысында жинайды. Гүлді шикізаттарды жинау техникасы гүлдердің өлшеміне, орналасуына (жеке гүлдері немесе гүл шоғыры), гүл шоғырының типіне және т.б. байланысты. Сиыр құйрықтың гүл тәжін оларды гүлінен қолмен жұлып алады, ырғайдың гүлдерін – қалқанша гүл шоғырын кесіп жинаған дұрыс. Дәрілік түймедақтың гүл себеттерін арнайы тарақпен теріп жинайды. Ағаш өсімдіктердің гүлдерін (жөке ағашы) сатыны пайдаланып, гүлдеп тұрған жоғары ұшын қайшымен кесіп жинайды. Дермене жусанның гүл қауыздарын машинамен орып алып, кейіннен оларды бастырып жинайды.

Жемістері мен тұқымдары. Жемістерді құрғақ немесе етті сипатына қарай әр түрлі әдістермен жинайды. Етті жемістерді толық пісіп жетілген фазада таңертең ерте немесе кешке, құрғақ же,містерді жерге түсіп қалмауы үшін 60-70 пайыз пісіп жетілгенде жинайды. Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістері мен тұқымдарын шөбінің жер үсті бөліктерін орақпен орып жинайды. Жиделерін жеміс аяқтарымен немесе оларсыз қолмен теріп жинайды. Шырғанақ жемістері мен аршаның жемістерін күзде алғашқы суықтан кейін бұталарды сілкіп жинайды. Ағаш өсімдіктердің сөлді жемістерінің (шетен, мойыл) жеміс серігін сатыны пайдаланып жинайды.

Шатыршагүлділердің жемістерін (феникулум, анис, зіре, кориандр) арнайы комбайндарды пайдаланып жинайды.

ДӨ жер асты бөліктері: тамырлары, тамырсабақтары, тамыр түйнектері. Жер асты бөліктерін күзде сола бастағанда немесе ерте көктемде вегетацияға дейін күрекпен, кетпен шоттар мен айырмен қазып жинайды. Топырақ ерекшелігіне, жиналатын өсімдіктің өсу жағдайына байланысты құралды таңдап отырады. Мысалы, иірдің тамырсабақтарын топырақтан тек айырдың көмегімен, ал зиягүлдің тамырсабақтарын таудың тасты топырағынан тек сүйменмен және мықты шоттың күшімен ғана босатып жинай алады. Кейбір тамырларды жұлу үшін жинаушылар тек қатты құрыштан жасалынған күректерді пайдаланады.

Амударья өзенінің жағасындағы жайылмалардағы мия тамырларын тракторлардың терең қазатын соқаларын пайдаланып жинайды. Ол үшін алдымен жер үсті бөліктерін орып алады.

Қабығы. Ағаштарда сөл жүру кезеңінде қабығы өзектен оңай ажыратылатын кезде жинайды. Бақша пышағымен діңгек пен бұталардың қабығына 20-25 см арақашықтықта сақина тәрізді көлденең кесінділер жүргізеді және үстіңгі кесіндіден төмен қарай 2-3 тік кесінділер жасайды. Осылай біраз уақытқа солдыру үшін қалдырады да, содан кейін қабығын сыдырады.

Бүрлері. Бүрлерді қыстың аяғында немесе ерте көктемде енді ісіне бастағанда демек тыныштық фазасында түрлі әдістермен жинайды: қарағай бүрлерін бірден қабық астынан кесіп алады; қайың бүрлерін сыпырғы дайындау кезінде бұталарынан жұлып жинайды; терек бүрлерін бүршіктерін жоғарыдан төмен қарай басып, бұталарынан жәймен жұлып жинайды.

Шикізатты алғашқы өңдеуден өткізіп болғаннан кейін кептіруге жібереді. Жинаушылар бұл жұмысты өз күштерімен жасауға тырысады немесе тез арада шикізатты орталықтанған кептіру орындарына жібереді.

Дәрілік өсімдік шикізаттарын кептіру дегеніміз оларды сорғытып құрғату арқылы консервілейтін спецификалық әдіс. Шикізаттың әр түріне немесе шикізат тобына тәжірибе түрінде анықталған кептірудің қолайлы жағдайы бар. Сонымен шикізаттың морфологиялық, анатомиялық құрылысына, оның химиялық құрамына әсер етуші заттардың тұрақтылық деңгейіне қарай кептіру әдісінің белгілі бір түрін таңдайды. Дәрілік өсімдік шикізатын ашық күн астында кептіру қарапайым, қолайлы, әрі тиімді әдіс.

Ашық аспан астында кептіруді көбінесе тамырларға, тамырсабақтар мен қабықтарға қолдану олардың сапасына онша әсер ете қоймайтындай етіп жүргізеді. Ашық аспан астында кептіру көптеген дәрілік өсімдіктерде кептіруге қолданылатын әдіс. Оны шатыр астында, арнайы шатырлы бөлмелерде өткізеді. Бұндай жағдайда кептіру үшін желдетілген шатыр астында күн сәулесі арқылы әбден қыздыру керек.

Жылу арқылы кептіру күннің кез келген уақытында әрі жылдың кез келген мезгілінде пайдаланылатын әдіс. Стационарлық кептіргіштер арнайы ірі кептіру орталықтарында, жабық бөлмелерде орналасқан, әрі екі бөлімнен тұрады – кептіру камерасы және жеке котелдық қондырғыдан. Кептіру камерасы кептіргіш төсеніштері мен рамалардан, жылыту түтіктері жүйесінен және жылуды ішке және сыртқа тартып тұратын желдеткіштен (күшпен және табиғи жолмен) тұрады. Түтіктерден ыстық су, бу жылжып отырады. Осыған байланысты бу қазандықтарында төмен қысымда жұмыс жасайтын су және бу қазандары немесе пештер қондырылады.

Жылжымалы кептіргіштердің құрылысы әр түрлі болады. Сөлді жиделерді (қара жиде, таңқурай) кептіруге жиде-жеміс кептіргіштерін қолдану дұрыс. Жеке шикізаттар мен әр түрлі шикізат атаулары үшін жылу температурасының көрсеткіші әр түрлі болуы керек. Ол көрсеткіштерді тәжірибе жасау арқылы анықтайды. Дәрілік өсімдік шикізатын шикізат түріне қарай 10-14% қалдықтағы ылғалдылықта құрғақ етіп кептіреді; көмірсуларға бай жиделер үшін ылғалдылық қалдығы жоғары болуы мүмкін; қара жиде үшін 17%; арша жемістері үшін 20%-ды құрайды.







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 5037. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия