Студопедия — Улы өсімдіктерді жинағанда сақталатын ережелер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Улы өсімдіктерді жинағанда сақталатын ережелер






· Улы өсімдіктерді жинауға инструкциямен толық танысқан, тек кәмелеттік жасқа жеткен жинаушылар қатыстырылады;

· Жинауға жүкті және емізулі әйелдерді қатыстыруға болмайды,

· Шикізатты жинағанда улы булардың ағзаға әсерін төмендету үшін желге арқасымен тұру қажет;

· Жұмыс барысында ауыз, көз, мұрынның шырыш қабаттарына қолды апармау қажет;

· Тамақтануға, темекі шегуге, косметиканы пайдалануға болмайды;

· Жұмыстан соң қолды, бетті сабынмен мұқият жуып, киімді тазалау немесе жуу қажет;

· Шикізатты өңдегенде респиратор немесе көп қабатты ылғалдандырылған дәке таңғыш пайдалану қажет;

· Улы өсімдіктерді дайындағанда басқа ДӨШ араластырмау қажет;

· Уланған жағдайда тез арада медициналық көмек шақыру қажет.

Фармацевт уланған жағдайда көрсетілетін негізгі алдын алу шараларды білуі керек: құсық туғызуды, ішекті жууды, түзды іш жүргізетін дәрілерді, жылы сүт, шырышты қайнатпаларды қолдануды; теріні және шырышты қабаттарды 1-2 % натрий гидрокарбонат ерітіндісімен жууды.

 

ДӨШ жинау барысында өсімдіктің қайта өсуін қамтамасыз ету ережесі

· Шөптерді тұқымдары пісуі үшін 1 м2 –ге 2-3 өсімдік қалдырып, тамырымен жұлмастан, тек қырқады немесе орады;

· Жапырақтарды әрі қарай өсуі және көбеюі үшін ескі және барлық жас жапырақтардың біраз бөлігін сақтай отырып мұқият жұлады;

· Гүлдерді мен гүл серіктерін тұқымдары пісуі үшін таңдап қалдыра отырып жинайды;

· Ағаштар мен бұталардан ДӨШ жинағанда бұтақтары мен діңгектерін сындырып алмауды қадағалайды;

· Жер асты бөліктерін жемістері толық пісіп, түскен соң жинайды, көпжылдық өсімдіктердің жас өсінділерін сақтап, толық піскен жемістерін қопсытылған жерге себеді. Жерасты бөліктерін қазып алғанда әрбір 1-2 м2 жерге жеміс беретін бір экземплярды тиіспей қалдырады;

· Осы жер телімдерінен қайта жинауды жерасты бөліктері үшін 5 жылдан кейін, шөбі үшін 2 жылдан кейін, жапырақтар, гүлдер, жемістер үшін жылда жүргізуге болады.

Өсімдіктердің әртүрлі бөліктерін кептіру режимі:

· Бүрлерді суықта баяу (ауада немесе жылытылмайтын бөлмеде) кептіреді;

· Қабықтардың құрамында өсімдіктердің басқа бөліктеріне қарағанда ылғал аз болады, әдетте кептіру үшін қабықты жұқа қабат етіп жайып күн сәулесінде кептіруді пайдаланады;

· Жапырақтарды жұқа етіп, сынғыш жапырақтарды бір бірлеп жайып кептіреді;

· Гүлдерді кептіру барысында бүтіндігін сақтау үшін араластырмай, барынша жұқа етіп жаяды;

· Шөпті жапырақтар секілді жұқа етіп жайып кептіреді, араластырып отырады;

· Шөп, жапырақтар, гүлдер үшін ауа-көлеңкеде, жылу немесе жақсы желдетілетін бөлмеде кептіруді пайдаланады;

· Құрамында ылғалдылық аз құрғақ жемістер мен тұқымдарды кептіргіште, желдетіледетін бөлмеде немесе күн астында кептіреді;

· Етті жемістерді (таңқурай,қарақат, раушан және т.б) кептіргіште немесе ошақта бастапқыда 45-500 С жоғары емес, кеін 60-700 С баратындай жылу режимін ұстап кептіреді;

· Жерасты бөліктерін кептіргіште немесе күн астында бірнеше рет аудара отырып кептіреді. Жылулық кептіргіштерде тамырлар мен тамырсабақтардың ішкі бөлігі кептіру үшін 30-400 С температурадан бастайды да әрбір шикізатқа мүмкін максималды температура аяқтайды.

ДӨШ кептірудің тиімді температурасының жалпы ережесі

· Құрамында эфир майлар бар шикізаттарды эфир майы буланып ұшып кетпеуі үшін 10-15 см қалың қабат етіп жайып, шикізаттың жылуы 30-400 С температурада кептіру қажет;

· Құрамында гликозидтер бар шикізаттарды - шикізаттың жылуы 50-600 С температурада кептіру қажет. Мұндай температурада гликозидтерді ыдырататын ферменттердің инактивациясы тез жүреді.

· Құрамында алкалоидтары бар шикізаттарды – шикізаттың жылуы 600 С температурада кептіру қажет;

· Құрамында витаминдер бар шикізаттарды - шикізаттың жылуы 70-800 С температурада кептіру қажет;

· Құрамында фенол сипатты заттары бар шикізаттарды (флавоноидтар, кумариндер, иілік заттар) - шикізаттың жылуы 30 - 600 С температурада кептіру қажет;

Тамырлар, тамырсабақтар, қабықтар, бұталар майыстырғанда сынса, жапырақтар, гүлдер ұнтаққа үгітілсе, жемістер қысып жинағанда жабыспаса кептіру аяқталды деп есептеледі.

 

 

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин

1. Кестені толтырыңдар. Дәрілік өсімдік шикізаттардың латынша-қазақша-орысша атауын жазыңдар.

ДӨШ Жинау Кептіру Алғашқы өңдеу, ұсақтау
       
       
       

 

2. Келесі сөздерге анықтама беріңдер: ДӨШ, бүрлер, қабықтар, гүлдер, жапырақтар, жемістер, тұқымдар, шөп, өркендер, тамырлар.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 3311. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия