Студопедия — Жапырақтардан микропрепарттар дайындау техникасы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жапырақтардан микропрепарттар дайындау техникасы.






Бүтін, кесілген, ұнтақталған шикізатар. Жұқа жапырақтардан препаратты бетінен, қалың және етті жапырақтардан көлденең кесіндісінен дайындайды.

Жапырақтың бетінен микропрепарат дайындау үшін ұсақ жапырақтардың бүтін, ірі жапырақтардың ең негізгі диагностикалық элементтерін (жапырақ шеті, жүйкесі, ұшы, негізі) анықтайтын бөліктерін ескере отырып алады.

Кесілген жапырақтарды анаықтауда жапырақтардың бірнеше бөліктерін таңдайды – ірі жүйкесімен және шетімен.

Жапырақтың бетінен дайындалған микропрепараттардан келесі диагностикалық белгілеріне көңіл аударады: эпидермистің құрылысына, устица түріне, трихома сипатына (түктер, бездер), кристалдардың бар-жоқтығы мен пішіні, механикалық ұлпалар, әртүрлі ұяшықтар мен сүт жолдары, секреторлық каналдар және т.б.

Жапырақтардың эпидермисі изодиаметрлік немесе ұзартылған тік немесе ирелеңдеген бүйірлік қабырғаларымен, жұқа немесе қалың қабықтарымен сипатталады, көбіне тәспі тәрізді қалыңдаған бүйірлік (антиклиналды) деп аталатын қабырғалар кездеседі.

Эпидермистің устицалық жасушасының жанында орналасқан және санмен белгіленетін устица түрімен сипатталады.

Қосжарнақты өсімдіктерде төрт негізгі устица кешенінің түрі ерекшеленеді:

· аномоцитті (немесе ранункулоидты)

· анизоцитті (немесе круцифероидты)

· парацитті (немесе рубиацеоидты) -

· диацитті немесе (кариофиллоидты) –

Даражарнақты өсімдіктерде бес негізгі устица кешенінің түрі ерекшеленеді:

· аперигенді

· биперигенді

· тетраперигенді

· гексаперигенді

· мультиперигенді

Кейбір өсімдіктердің жапырақтарына гидатод үстінде жапырақтың үстінде немесе түсшелерінде орналасқан сулы устица тән.

Эпидермисте құрамында цистолиттер бар секреторлық жасушалар немесе жасушаларкездесуі мүмкін.

Түк басқан эпидермиялық жасушаларда розеткалар болуы мүмкін, оларда диагностикалық белгілер болып келеді. Сонымен қатар жапырақтың бетін жауып тұратын кутикула қабатының сипатына көңіл аударады. Әдетте кутикулалар түзу жұқа қабат, кейде қалың немесе қалыңдаған қатпар түрінде жатады.

Құрылысының алуан түрлілігіне байланысты трихомалардың диагностикалық белгілері негізгі мағынаға ие. Трихоманың кең таралған түрлеріне түктер жатады. Олар бірнеше бөлінеді: бір-, көпжасушалы, жай және басты (безді). Жай түктер бірқатарлы, екіқатарлы, көпқатарлы, шоқты, тармақталмаған немесе тармақталған (жұлдызды, тармақты, Т-секлді) жұқа және қалың қабырғаларымен. Оладың беті түк басқан кутикуланың сипатына байланысты тегіс, көлденеңқатпарлы немесе сүйелді болып келуі мүмкін. Басты түктер одан да алаун түрлі, олар құрылысы бойынша ерекшеленеді: аяқтарының санымен (бір-, екі-, көп жасушалы), басының құрылысы мен пішіні бойынша (шар, овал тәрізді немесе басқа, бір-, екі-, көп жасушалы). Түктер өлшемі бойынша да әртүрлі. Кейбір өсімдіктердің түктері қарусыз көзбен көруге болатындай ірі, кейбіреулерінде өте ұсақ, оларды тек лупа немесе мироскоп көмегімен көруге болады.

Эпидермиялық құрылымның басқа түрі – бездер. Сонымен қатар эфир майларымен, шырыштармен, смолалармен және басқа гидрофобты заттармен ұяшықтар диагностикалық мәнге ие:

· схизогенді және схизолизигенді ұяшықтар;

· сүт жолдары, секреторлық каналдар, арнайы жасушалар, кальции оксалатының кристалдары, кейде минералды заттардың шөгінділері.

Көлденең кесінді дайындау үшін жапырақтардың негізгі жүйкесі бар кесегін; ұсақ жапықтардың бүтінін таңдайды. Препараттарды негізгі жүйкесінің және мезофилл бөлігі көрінетіндей етіп дайындайды. Негізгі жүйкенің пішініне, санына, жүйкедегі өткізгіш шоқтардың орналасуы мен пішініне көңіл аударады.

Өткізгіш шоқтарда флоэма мен ксилеманың орналасуын, механикалық ұлпалардың бар-жоқтығын, кристалдарды белгілейді.

Мезофилдің құрылысының ерекшеліктерін белгілейді – дорсовентралды немесе изолатералды; аэренхиманың бар-жоқтығы, оксалат кальции кристалдары, ұяшықтар, секреторлық каналдар мен жасушала, сүт жолдары. жапырақтардың бетінде қалың немесе қатпарлы кутикулалар, түктер, бездер жақсы көрінеді.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин

Сабақтың нысандары: «Жапырақтар» ДӨШ бүтін үлгісі.

Тапсырма. Шикізатқа микроскопиялық талдау жүргізіңдер.

1. Жапырақтың бетінен микропрепарат дайындаңдар:

· Жапырақтың бірнеше кесегін немесе жапырақшаларын 2,5 % күйдіргіш натрий ерітіндісінде қайнату арқылы түссіздендіріңдер

· Түссізденген жапырақтардың кесектерін дистилденген суда жуыңдар.

· Хлоралгидрат немесе глицерин тамызылған заттық шыны үстіне қойып, екі бөлікке бөліңдер және оның біреуін аударып, жапқыш шынымен жабыңдар.

· Ауаның көпіршіктерін кетіру және қосымша түссіздендіру үшін тағы да қыздырыңдар

2. Жапырақ микропрепаратын үстіңгі бетінен кіші және үлкен ұлғайтқыш арқылы микроскоп астында оқыңдар. Жапырақтың астыңғы және үстіңгі беттерінің құрылысының суретін салыңдар, негізгі диагностикалық белгілерін белгілеңдер.

3. Ұлпа бойынша белгілерін кестеге толтырыңдар

Ұлпа Диагностикалық белгілерінің сипаттамасы
  Эпидермис Жасуша формасы  
Устица түрі  
Кутикуланың бар-жоқтығы  
Трихомалар  
  Мезофилл Құрылысы  
Секреторлық құрылысы  
Кристалдар  

 

4. Н.Қ. «Микороскопия» бөлімі бойынша өздеріңіздің сипаттамаларыңызды салыстырыңдар

5. Н.Қ. «Микороскопия» бөлімі бойынша талдаған ДӨШ сәйкестігі туралы қорытынды жасаңдар

 

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

Шикізат ретінде «Жапырақтар» анықтама беріңіз

Жапырақтардың диагностикалық белгілері

Жапырақтардың диагностикалық белгілерінің сипаттамасы

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін бағалау, баға қою

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н. 37-39 б.

Қ. 432-456 б.

 

15-ші сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттарын микроскопиялық талдау. Дәрілік өсімдік шикізаттары: гүлдерді, жемістерді, тұқымдарды микроскоптау техникасы:

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: с туденттердің дәрілік өсімдік шикізаттарының өзі екендігі мен сапасын анықтау туралы білімін қалыптастыру.
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Шикізаттар кестелер, микроскоптар,

реактивтер

б) оқыту орны: 512 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

2. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

3. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымша әдебиеттер:

4.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998

5.Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

Ботаника курсынан қайталау

1. Гүлдердің, жемістердің, тұқымдардың анатомиялық құрылысы

2. Гүл шоғырларының түрлері

3. Гүлдер қандай бөліктерден тұрады?

4. Құрғақ және шырынды жемістердің құрылысы

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин

Гүлдер. Бүтін және кесілген шикізаттар. Гүлдердің микропрепараттарын гүлшоғырының жеке бөліктерінен немесе гүлдің бөліктерінен дайындайды, оларды бетінен қарайды. Эпидермистің құрылысына, түктері мен бездерінің бар-жоғына, құрылысына, кристалдарға, механикалық элементтеріне, тозаңдық дәндерінің пішіні мен өлшеміне көңіл аударады.

Жемістер. Бүтін шикізаттар. Өзі екендігін анықтау үшін көлденең кесіндісін дайындайды. Жеміс серігі диагностикалық мәнге ие. Жеміс серігінде үш қабатты анықтайды: сыртқы –экзокарпты (эпидермис), ортаңғы – мезокарпий, ішкі – эндокарпий. Эпидермис жасушасының құрылысы мен пішініне, түктерінің құрылысының ерекшеліктеріне көңіл аударады; мезокарпийде механикалық элементтердің бар-жоғы, олардың пішіні, орналасуы, эфирлі каналдардың орналасуы мен саны, өткізгіш шоқтары, кристалдардың бар-жоғы, паренхима жасушасының пішіні және т.б. негізгі диагностикалық мәнге ие. Кейбір жемістердің эндокарпиі тұқымдық қабықпен бірігіп өседі, кейде эндокарпий тәспі тәрізді қалыңдықтағы жасуша түрінде механикалық ұлпамен көрінеді.

Кесілген және ұнтақталған шикізаттар. Эндокарпий мен экзокарпий жасушалары, сонымен қатар тұқымдық қабықтар, мезокарпийдегі механикалық элементтер, кристалдар, эндоспермнің құрылысының ерекшеліктері, қорлық тағамдық заттар диагностикалық мәнге ие.

Ұнтақ;. Кесілген және ұнтақталған шикізаттардағы элементтер диагностикалық мәнге ие.

Тұқымдар. Бүтін шикізаттар. Өзі екендігін анықтау үшін көлденең кесіндісін дайындайды. Тұқымның жалпы құрылысына, сипатына және тұқымдық қабықтың құрылысына, эндоспермдегі қор заттарыныцң пішіні мен өлшеміне, дәнжарнағындағы ұрықтың құрылысы мен пішініне, корешокқа, сабақшаға, бүршікшеге көңіл аударадыү

Бірнеше қабатты өзіне тән құрылысты тұқым қабығының қабығының диагностикалық мәне бар. Қабықтың механикалық қабаты созылған элементтерден (талшық түрі) немесе изодиаметрлік жасушадан тұрады. Кейбір тұқымдардың қабығының эпидермалдық жасушаларында шырыштар, кейбіреулерінде пигменттік қабаттар тән. Эндосперм жасушасының пішіні, қор заттары, кристалдар да диагностикалық мәнге ие.

Ұнтақ;. Тұқымдық қабықтың жеке қабаттарының, әсіресе механикалық және пигменттік құрылыстарының диагностикалық мәні бар. Микропрепаратта тұқым қабығының қабаттары пласт түрінде жатады, кейде тасты жасушалар кездеседі. Кейде ұнтақтарда тұқым қабықтарының екі немесе үш қабаттары бірігіп кезедседі, бұл да белгілері болып есептеледі. Эндосперм мен ұрық жасушаларының құрамындағы заттар (майлы майлар, шырыштар, кристалдар) да диагностикалық мәнге ие.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2882. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия