Студопедия — Дәрілік өсімдік шикізатындағы илік заттардың мөлшерін анықтау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрілік өсімдік шикізатындағы илік заттардың мөлшерін анықтау






Тесік диаметрі 3мм електен өткізілген 2г (дәл өлшемде) ұсақталған шикізатты сыйымдылығы 500 мл коникалық колбаға салып, оған 250 мл қыздырылған су құяды және кері тоңазытқышпен жабық спиральді электр пешінде араластыра отырып 30 минут қайнатады. Сұйықты бөлме температурасына дейін салқындатады және 100 мл сұйықты мақта арқылы сыйымдылығы 200-250мл коникалық колбаға шикізат бөлшектері колбаға түспейтіндей етіп сүзеді. Одан әрі 25мл алынған затты басқа, сыйымдылығы 750 мл коникалық колбаға құйып алып 500 мл су 25 мл индигосульфоқышқылының ерітіндісін қосады және калий перманганаты (0,02моль/г) ерітіндісімен араластыра отырып алтын-сары түске боялғанша титрлейді. Сонымен қатар бақылау тәжірибесін де жүргізеді.

1мл калий перманганатының (0,02моль/г) ерітіндісі 0,004157г илік затқа сәйкес (тианинге аударғанда).

Илік заттардың мөлшерін абсалютті құрғақ затқа аударғанда пайызбен (Х) мынадай формуламен есептейді:

 

Х=

 

V- шикізаттан бөлініп алынған затты титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің (0,02моль/г) көлемі, миллилитрмен; V1- бақылау тәжірибесіндегі титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің (0,02моль/г) көлемі, миллилитрмен; 0,004157- 1 мл калий перманганаты ерітіндісіне (0,02моль/г) сәйкес илік заттардың мөлшері (танинге аударғанда) граммен; m- шикізат массасы, граммен; w- шикізатты құрғатқанда жоғалтқан массасы, пайызбен; 250- бөлініп алынған заттың жалпы көлемі, миллилитрмен; 25- титрлеу үшін бөлініп алынған заттың көлемі.

11.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:

1ТАПСЫРМА. Жазбаша түрде альбомға келесі ситуациялық есептерді орындаңдар.

Есеп

Таран тұқымдасы, тангут рауғашы өсімдігінің морфологиялық белгілерін сипаттаңыз.

Есеп

Сана жапырақтарынан микропрепарат дайындаудың әдісін құрыңыз.

Есеп

Ұлпалардың орналасуын белгілей отырып тамыр мен қабықтың екіншілік құрылысының сызбасын сызыңыз.

Есеп

Кестеге сабақ нысандары- өсімдіктерден дайындалатын шикізаттың барлық түрлері үшін мәліметтер енгізіңдер

 

Дәрілік өсімдік шикізаты Өндірілетін өсімдік, тұқымдасы Ареалы, тіршілік мекені (мәдени өсімдіктер үшін - өндірілу аймағы) Дайындау мерзімі
       

 

Есеп

Шикізаттың мүмкін қоспаларын сипаттау кестесін толтырыңдар: қара жеміс қабығы, ішдәрі қара жемісінің жемістері, рауғаш тамырлары, атқұлақ тамырлары:

Дәрілік өсімдік шикізаты Өндіретін өсімдік Мүмкін қоспа Қоспаның ерекше белгісі
Қара жеміс қабығы      
Ішдәрі қара жемісінің жемістері      
Рауғаш тамырлары      
Атқұлақ тамырлары      

 

Есеп

Нұсқаудың әрбір этапын негізге ала отырып, «қара жеміс қабығы» шикізатын кептіру және дайындау бойынша «Нұсқау» құрастырыңдар және жазыңдар.

Есеп

Кестеге сабақ нысандары- өсімдіктерден дайындалатын шикізаттың барлық түрлері үшін мәліметтер енгізіңдер

 

  Тұрғындарға рецептсіз дәрі босататын, үй жағдайында тұнба мен қайнатпа дайындайтын дәріхана Препараттар өндіретін фармацевтикалық өнеркәсіп
ДӨШ Әсері ДӨШ Препарат атауы, дәрілік формасы Әсері  
           
               

Есеп

Нұсқаудың әрбір жағдайын негізге ала отырып, сана жапырақтарын қоймада және дәріханада сақтау бойынша «Нұсқау» құрастырыңдар және жазыңдар.

Есеп

Кестені толтырыңдар

 

Қосылыс Құрылымдық формуласы Жіктелуі бойынша тобы Қандай дәрілік өсімдікте болады?
Франгулаэмодин      
Алоэ-эмодин      
Хризофанол      
Реин      
Руберитрин қышқылы      
Сеннозид А      
Гиперицин      

 

2 ТАПСЫРМА. Альбомда жазбаша түрде мына тапсырмаларды орындаңыздар:

 

Есеп

Жұмыстың әр этапын теориялық негіздей отырып «емен қабығы» шикізатын дайындау және кептіру бойынша «нұсқау» құрастырып жазыңыздар.

 

Есеп

Нұсқаудың әр ережесін теориялық негіздей отырып, қазтабан тамырларын қоймада және дәріханада сақтау бойынша «нұсқау» құрастырып жазыңыздар.

 

Есеп

Сабақ нысандары – шикізаттың барлық түрлері үшін мәліметтерді кестеге енгізіңіздер:

 

Дәрілік өсімдік шикізаты Өндірілетін өсімдік, тұқымдасы Ареалы, тіршілік мекені (мәдени өсімдіктер үшін - өндірілу аймағы) Дайындау мерзімі
       

 

Есеп

Сабақ нысандары – шикізатың барлық түрлері үшін мәліметтерді кестеге енгізіңіздер:

  Тұрғындарға рецептсіз дәрі босататын, үй жағдайында тұнба мен қайнатпа дайындайтын дәріхана Препараттар өндіретін фармацевтикалық өнеркәсіп
ДӨШ Әсері ДӨШ Препарат атауы, дәрілік формасы Әсері  
         
                       

Есеп

Пирагаллолдың, пирокатекхиннің, галл қышқылдың, дигалл қышқылдың, тригалл қышқылдың, қытай танинінің, эллаго қышқылдың, катехиннің формулаларын жазыңыздыр.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

Дәрілік өсімдік шикізаттарын химиялық талдау. Алкалоидтарды химиялық талдау.

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

Н 37-39 б Қ 432 -456 б

 

5-ші сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттарын химиялық талдау. Алкалоидтарды химиялық талдау.

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: с туденттердің ДӨШ-ғы ББЗ заттардың сапасы мен санын анықтау бойынша білімін қалыптастыру.
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: шикізаттар кестелер,реактивтер, химиялық ыдыстар

б) оқыту орны: 513 бөлме.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

19. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011

20. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003

21. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с

Қосымш (Қ)

21. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998

22. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009

23. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с

8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсатымен, міндетімен таныстыру.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин

1. Биологиялық белсенді заттар тобы ретінде «Алкалоидтар» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Алкалоидтардың физика-химиялық қасиеттерін атаңыз.

3. Сабақ нысандары– шикізаттардың сыртқы түрінің ерекшеліктері, олардың ареалдары, өсетін жерлері, егетін аудандары.

4. Құрамында алкалоидтар бар шикізаттарды дайындау, кептіру.

5. Сабақ нысандары– шикізаттардың химиялық құрамын атаңыз.

6. Алкалоидтарға жүргізілетін сапалық реакцияларды атаңыз.

7. Алкалоидтарға жүргізілетін сандық талдау түрлерін атаңыз.

8. Шикізатты сақтау ережесін атаңыз.

9. Оқылатын шикізаттар түрлерінің қандай фармакологиялық топтарға жататындығын, оны қолдану жолдары мен препараттарын атаңыз.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – ұқсас) — құрамында азот атомы бар табиғи текті, улы және емдік қасиеттері бар органикалық негіздер.

Академик А.П.Орехов алкалоидтарды «өсімдіктер организмінде (жануарларда) дайын түрінде кезедесетін негіздік қасиеті бар, күшті фармакологиялық қасиеттері бар азот қосылыстарының ерекше топтары» деп анықтама берді.

Алкалоидтар әсер ету спектрі өте кең және медицинада антигипертензивтік, қан қысымын жоғарлататын, ОЖЖ қоздыратын, ауруды басатын, қақырық түсіретін, өт айдайтын, антихолинергиялық, ісікке қарсы құрал ретінде кеңінен қолданылатын құралдар.

Алкалоидтардлы жіктелуін академик А.П.Ореховтың ұсынуы бойынша көміртек-азот циклі немесе алкалоид молекуласындағы азоттың орналасуына қарай жіктейді.

Өсімдіктердің 10 % алкалоидтар бар. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ға дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (хин ағашы қабығында, лобель тамырдәрісінің тамырында, чилибуха тұқымында) немесе барлық жерінде (мысалы, кәдімгі итжидек жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Өсімдіктерде әдетте бірнеше алкалоидтар кездеседі (қызғылт катарантус жапырақтарында 70-ке жуық, опиумда 22 алкалоид, хин ағашы қабығында – 24, табак жапырағында – 10 қосылыс бөлініп алынған), бірақ көбіне 1-3 аралығында. Бір өсімдіктің әртүрлі органдарында әртүрі топтағы және әртүрлі фармакологиялық әсері бар алкалоидтар болуы мүмкін. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай. [1]

Алкалоид молекуласында С, Н, N, О атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Құрамында О жоқ алкалоидтар көбіне ұшқыш майлы сұйықтық, О барлары кристалды заттар. Алкалоидтардың көпшілігі иіссіз, ащы дәмді, балқу немесе қайнау температурасы белгілі оптикалық белсенді заттар. Олардың көпшілік бөлігі кеңістік поляризациясы сол жаққа бұрайтын, болып келеді. Сол жаққа бұрайтындар оң жаққа бұрайтындардан фармакологиялық белсенді, хининнен басқасы. Сол жаққа бұрайтын хинин малярияға қарсы, оң жаққа бұрайтындар изомер-хинидин антиаритмиялық белсенді.

Алкалоидтар физикалық қасиеттері жағынан көбіне түссіз немесе боялған болып келеді (мысалы, берберин, гидрастин, холестерин - сары, сангвинарин –оранж түсті), ащы дәмді кристалл заттар, суда мүлдем ерімейді, бірақ органикалық ерітткіштерде – хлороформда, диэтил эфирінде және бензолда ериді.

Алккалоидтардың бір қатары УК-сәулесінде өзіне тән сәулелендіруге ие. Алкалоидтардың негіздік қасиеті әртүрлі дәрежеде. Табиғата құрылысы жағынан алкалоидтардың үшінші, аздап екінші, сонымен қатар төртінші аминдік негіздер түрінде кездеседі.

Алкалоид тұздары, керісінше суда жақсы еріп, органикалық еріткіштерде ерімейді. Суда нашар еритін алкалоидтар да белгілі (хинин сульфаты), органикалық еріткіштерде еритін (скополамин гидробромиді – хлороформда жақсы ериді).

Негіздік алкалоидтар көбіне органикалық еріткіштерде жақсы ериді, суда нашар ериді немесе тіпті ерімейді. Бірақ органикалық еріткіштерде де суда еритіндеріде кездеседі (мысалы, цитизин, метилцитизин, кофеин және тағы басқалар).

Алкалоидтар көбіне өсімдіктерде органикалық қышқылдардың (қымыздық, алма, лимон, шарап және басқа) тұздары және жасуша сөлінде еріген түрінде кездеседі. Кейбір өсімдіктерде алкалоидтар белгілі бір тұқымдастарға немесе белгілі бір өсімдіктерге тән арнайы органикалық қышқылдармен (хин қышқылы) байланысқан түрінде кездеседі. Кейде алкалоидтар бейорганикалық қышқылдармен байланысады: күкірт, фосфор қышқылы (апиын көкнәр).

Кейбір алкалоидтар құрылысында күрделі - эфир топтары бар (тропан алкалоидтары). Күшті қышқылдардың әсерінен олар гидролизденеді. Бұл жағдайда алкалоидтарды өсімдіктерден бөліп шыығару кезінде ескеру керек және талдау барысында тек әлсіз сілтілерді қолдану керек: аммиак, барий гидрокисі немесе кальций гидрокисі. Молекуласында фенол тобы бар алкалоидтар (морфин, қастауыш алкалоидтары), күшті сілтілердің әсерінен суда жақсы еритін және органикалық еріткіштерде ерімейтін феноляттар түзеді, мұны да талдауда және бөліп шығаруда ескеру қажет.

Өсімдіктерде алкалоидтардың бар екендігін анықтау үшін тұнбаға түсіру реакцияларын қолданады. Сонымен қатар алкалоидтардың басқа да қасиеттерін ескеру қажет: алкалоидтар негіздерінің спиртті ерітінділерінің сілтілік реакциясы, қышқылдарда еруі, сілтілермен әрекеттестіргенде тұнбаға түсуі. Алкалоидтардың белгілі бір тобын анықтау үшін, сонымен қатар бөлек топтарын идентификациялау үшін арнайы (түсті) реакциялар жүргізеді, хроматографиялық, люминесценциялық және спектроскопиялық талдауларды қолданады.

Алкалоидтарға жалпы (тұнбаға түсіру) реакциялар.

Алкалоидтарды табуда жалпы әдістер, топтық реакциялар деп аталатын, алкалоидтар тобының қасиеттеріне байланысты және алкалоидтарға тән арнайы реакциялар табылады. Топтық реакциялар алкалоидтардың негіздер ретінде суда нашар еритін тұнба немесе комплексті тұздар түзе жүреді. Көбінесе алкалоидтарды тұнбаға түсіру үшін калий йодиді (Вагнер реактиві), калий йодидіндегі сынап ерітіндісі (Майер реактиві). калий иодидіндегі висмут йодиді (Драгендорф реактиві), танин ерітіндісі, пикрин қышқылы және т.б. Тұнбаға түсіру реакциялары алкалоидтардың жеке өсімдіктерде бар екендігін анықтауда қолданылмайды.

Реакцияларды жүргізу үшін алкалоидтарды өсімдік шикізаттарынан 1-2 % хлорлы сутек немесе күкірт қышқылымен әрекеттестіріп, тұз түрінде бөліп шығарады. «Тұндыру» реактивтері арқылы басқа да негіз сипаттағы заттарды тұнбаға түсіруге болады, сондықтан сенімді болу үшін сығындыны тазартып реакция жүргізу қажет. Ол үшін ұсақталған шикізатқа аммиак ерітіндісін қосады және алкалоидтарды хлороформмен негіз түрінде бөліп шығарады. Хлороформды сығындыға 1 % хлорлы сутек қышқылын қосады да тұз түрінде бөліп шығарып, тазартылған сығындыларға реакциялар жүргізеді.

Реакцияларды көбіне төмендегі реактивтермен жүргізеді.

  1. Пикрин қышқылы акопитин, кофеин, теобромин, кониин және морфин пинкратынан басқа (тұнбаға түсетін) кристалдық құрылысы болатын және белгілі балқу температурасы бар барлық алкалоидтармен тұнбаға түседі.
  2. Калий йодидіндегі йод ерітіндісінің; (Вагнер немесе Бушард реактиві) алкалоид тұздарының сулы ерітіндісімен гидроиодидтердің қызғылт тұнбасын береді.
  3. Калий йодидіндегі висмут йодиді ерітіндісі BiJ3/KJ немесе КBiJ4 (Драгендорф реактиві) алкалоидтардың күкірт қышқылы және тұз қышқылды ерітінділерімен аморфты, ал никотинмен, анабазинмен, кониинмен, ареколинмен, пахикарпинмен, эфидринмен – сарғыш қызыл және кірпіш тәріздес – қызғылт түсті кристалды тұнба түзеді.
  4. Калий йодидіндегі кадмий йодиді ерітіндісі CdJ2/KJ немесе КCdJ4 (Марме реактиві) алколоидтармен ереже бойынша реактивтің қалдығында еритін ақ немесе сарғыш тұнба түзеді, кейбір алколоидтар (атропин) салыстырмалы концентрациялы ерітіндіде ғана тұндырылады, ал кофеин тұнбаға түспейді.
  5. Калий йодидіндегі сынап (ртуть) йодиді ерітіндісі HgJ2/KJ немесе K2HgJ4 (Майер реактиві) әлсіз қышқылды немесе бейтарапты ерітіндіде жалпы формула түрдегі (АJК – НJ - HgJ2)n ақ немесе сарғыш тұнба түзеді. Колхицин және кофеинмен тұнба түзбейді.
  6. Фосфор-молибден қышқылы H3PO4-12MoO3-2H2O (Зонненштеин реактиві) алкалоидтарға аса сезімтал реактивтердің бірі болып табылады. Ол аморфты немесе кристалды ашық-сары және қызғылт тұнба түзеді, оның ішінде күйдіргіш және көмір қышқылды сілтілер алкалоидтардың негізін береді.
  7. Фосфор-вольфрам қышқылы H3PO4-12 WO3-2H2O (Шейблер реактиві) барлық алкалоидтармен ақ аморфты тұнба түзеді. Тұнбалар бос алкалоидтарды бөле отырып, барий тотығы гидратымен немесе кальций тотығы гидратымен ыдырайды.
  8. Крем-вольфрам қышқылының 1 % сулы ерітіндісі (Бертран реактиві) алкалоидтармен ақ тұнбаға түседі. Бұл реакцияны көбіне алкалоидтардың толық бөліп шығарылғанын бағалау үшін қолданады.
  9. Платинахлорлысутек қышқылы Н2РtCl6 көптеген алкалоидтармен аморфты, ал кейбіреулерімен (героин) – кристалды тұнбалар түзеді.






Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2685. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия